XI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 57

«Сендерді тектеріңді тануларың үшін жараттым» деген Раббымыз. Адамзаттың тегін «Ман»-деп атап және бұл адамзаттың тәнінің жетілуіне қалыптасуына байланысты болып  үш түрлі қасиеттіліктен тұрады. 1.Шеберлік жеті белгімен жалғанумен байланысты. 2.Көріпкелдік 4 түрлі рухани қуаттарды меңгерумен байланысты. 3. Ана тілі, діл үнімен, сөз байлағын меңгерумен байланысты қасиеттілік болмақ. Сонымен барлық нәрсенің жұбы, пары болу шартты болса «Ман» деген тектің де үш түрлі қасиеттілік, тектілік болмысы болып; «Адам», «Иман»,  «Мұсылман», болып тегімізді табамыз. Сондықтан да имансыз мұсылман болу мүмкін емес. Және имандық қуаттарды меңгеру арқылы иман бақшасын — рухани егінді өсіру арқылы ғана біз иман келтіріп мүмін аталмақпыз. Ислам дінін ұстанған ғана мұсылман болып қалған діндегілерді мұсылман емес деген ұғымның өзі имансыздық болып саналады. Имансыз ислам дінін меңгере алмайтымыз сияқты, имансыз ешқандайда да дін сенімі, жаратушыға құлшылықтың дұрыс болмайтыны да хақ. Енді біздер жанды, ақылды жаратылыс иелерінің ішінде ең құдіретті түп негізді жан иесі болып табыламыз да және жанды көбейтуге өсіруге иман атты қасиеттілікті меңгере алатын болғандықтан, жаратушымыздың  жер бетінің орынбасары, жер әлемінің барлық себептерінің меңгерушісі, іс басқарушысы құдіретті қолына айналу үшін Адам атамыздан бастап жалғасты келе жатқан таза ақылдан «Рұқтан» аяттар, әмірлерін аламыз да, жаратылыстың барлық себептерін, күштерін меңгеріп біздерге дейінгі өткен Алла достарының, пайғамбарлардың, әулиелердің кісілік кітаптарына жалғану арқылы иман қуатын жетілдірумен, жан бақшасын егінін өсіре аламыз. Қазақ даналығында адамзаттың үш байлығын; «Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық» деп белгілеген. Сонымен біздің жаратушыдан жанмен, рұқымызбен бірге алған иманымызға, аруақтық  ақылымызға байланысты ден саулық бірінші байлық болып, имандылықтың жартысы болған Ақ жаулық негізгі байлық және бұл екі байлықты дәрежелеп өсіруші құдай нұры- Он саулық байлығы болмақ. Бірінші байлық- денсаулықтың сырын; тілімізге, діл-дінімізге, наным сенімімізге байланысты қалыптасқан дәстүріміздің көрінісін ақылдылық тұрғысында денсаулықпен, естілікпен, жетелікпен байланысты бағалай аламыз. Ал, екінші байлық иман қуатының ұлттық бақшасының, ой тазалығының бейнесін; Ақ жаулықпен — әйелдеріміздің өмір сүру әдебімен, қылығымен, ақылдылығымен, яғни сананың төменгі қуатымен бағалай аламыз. Ал он саулық байлықты меңгеру арқылы ғана саналықтың жоғары дәрежесі ұлтымыздың сөз байлығын меңгерумен, сөз түсіну қабілетіне және ар білімінің жетістік дәрежесімен байланысты бағалай аламыз.

Енді дін, ілім тұрғысында; Мұсылмандық қасиеттілікті меңгеруді, ақылдық қуаттарды, жетелікті меңгерумен, яғни бір ақылды меңгерумен байланысты көрінісін беретінін білген жөн. Мұның иманның алғашқы 60 бұтақты дәрежесін меңгерумен де байланысты екені сөзсіз. Мұсылман сөзінің шығу тегіне үңілсек;  «Мұсыл» 9 санымен, тәубемен, жанның түрлігімен, сеніммен байланысты, тазартушы, сақтаушы, ұстанушы кісі деген ұғым болса, «Ман» -үш тектің негізі болып саналады. Сонымен Мұсылман атауында сенім мен иманның бірлігінің жүйесі болып саналады. Кімде-кім иманы арқылы жаратушыға деген сенімін құлшылығын қалыптастырса, онда ол мұсылман болып аталады. Абай атамызға жүгінсек; кәміл мұсылман болу үшін иманның жеті шартын толық меңгеру керек. Ал иманның жеті шарты дегеніміз; 1.Алла тағаланың бар екеніне, біреу екеніне иман арқылы түсініп сену.2.Періштелерге олардың сипаттарын иман арқылы ақылмен түсініп сену. 3.Дін кітаптарының бәріне де ақыл тұрғысында иман арқылы түсініп сену. 4. Пайғамбарлардың бәрі олардың қалдырған ғибратты үлгі істеріне, қалдырған өсиеттеріне иман арқылы ақылмен сену.5.Ақиреттің күніне, оның болмысы көместік, ғайыптық сипаттарын, хикметті белгілерін анықтап ақылмен қабылдап сену. 6. Жақсылық пен жамандықтың пайда болу себептерін Алла тағала тарапынан және оның себепшілерін де білім меңгеру арқылы сену. 7. Өлгеннен кейінгі ақиреттік, тылсым (барзақ әлемі) өмірінің ерекшелігін, ол өмірдің жер бетіндегі адамзаттың тағдырына тигізетін әсерін, пайда зиян шарттарын ақылмен түсіну арқылы сену.  Абай атамыз  иман келтіру деген ұғымының адамзаттың меңгерген ақылына ұлттық дәстүрімен байланысты қалыптасқан жетелігіне байланысты ғана дін сенімнің қалыптасатынын ескерткен. Иманның тазалық қуатына, бір ақыл- жетенің жағдайына байланысты екі түрлі сенімнің пайда болуын да ескертеді;  «Иман деген Алла тағаланың серіксіз, ғайыпсыз (көрінетін, көмес) бірлігіне, барлығына (көркем есімдерінің сипатына) пайғамбарымыз арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойысұнып иланбақ. Енді бұл иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы жетіп дәлелдерін түсінуге шамасы жетіп және ақылы бұл дәлелдер (белгілерді) анықтап меңгеруге жараса (амалын орындауға), мұны якини (шынайы, айқын)  иман десе керек. Екіншісі-кітаптан оқу біліммен яки молдалардан естіп білгенімен иман келтіріп (иланып), сол иман келтірген (иланған) нәрсесіне (біліміне) соншалық берік болуымен көрінбек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болуы да керек. Бұл иманды иман такледи (сенім арқылы табынумен байланысыты) дейміз.

   Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек (шайтаннан тазарған, қайратпен жалғанған), айнымас көңіл (жүрек көзі), босанбас буын (ақыл қуаттары) керек екен. Якини (шынайы, айқын) иманы бар деуге ғылымы жоқ (ғылымсыз шынайылық иман жоқ) , такледи иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрине білмек керек, жоғарғыдағы жазылған екі түрлі иманнан басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесең,  мұндайлар Құдай тағаланың кешіруіне немесе пайғамбарымыздың шапағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.» (13-ші сөз) Сонымен пайғамбарымыз ескерткен 60 бұтақты имандылықты біздер кітаптан оқып, ақылымыздың жеткен жеріне дейін өз ұлтымыздың арасынан шыққан білімді, ілімді иманды аталған қауымның соңына еріп, бұл сенімімізді берік сақтаумен ғана «такледи» имандылықты меңгереміз. Бұл жолдың бір ақылы жетілмеген, толық естілігі қалыптаспаған жастар мен білім, ілімділік жолында ізденуге уақыты, қабілеті, мүмкіндігі жоқ бұқара қауымның таңдайтын жолы деп түсінген жөн. Сонымен бірге 40-қа келіп ақылы толмаған қандайда бір мейлі дін ғалымы имам болып аталсын, якни имандылықты меңгеруі де ғылымға, дін иман шартынан да қайшы деп білген жөн. Ал екінші жолды жасы үлкендікке жеткен, түрлі кәсіптерді меңгеріп, от басын құрып, бала тәрбиелеп  бір ақылын тауып, жетелігін қалыптастыра білген, әрбір құдайдан түскен белгілерін, хикметтерін өз бетімен ажыратып, аян, уахи арқылы көрсеткен дәлелдерін ұғынуға шамасы жететін білімде, ілімде талантты, ізгілікті кісілікке жеткен  есті адамдардың жолы екені де хақ.

Сондықтан да мұсылмандықтың, иманның негізгі тегі «Ман» қуаттарының жаратылыстың барлық нәрселерінде болып, яғни тау, тас, табиғат, өсімдіктер, жәндіктер әлемі, жан–жануарлармен Алла тағалының барлық мүлкінен белгілерін танып, олардан өзімізге пайдалы қуаттарды алып меңгере білумен біздер Иман деген қуатты ақылымыз арқылы өзіміз өндіреміз және мұны сенім құлшылығымыз арқылы «Он саулық» нұрмен 10 еселеп көбейтіп алып отырамыз.  «Жақсылық істеріңді он есе көбейтемін» деген Раббымыз. Және бұл сырды құранда Мал мен егін өсіру деп атаған. Егін иманның жемісі болса, Мал-ақша, қуат, күш болып саналады.  Сондықтан  аятта; «Малдарыңды қоралаған кезде зауық бар» деп астарлы ескерткен. Сонымен мал қуаттарымызды өсіріп, оған иманның егінінен азық беріп, көкте жарық жұлдыз түрінде иман қуаттарын, жаннат орындарын сарайларын салу, жұлдызын жағу адамзаттың құлшылығы Алла тағалаға деген Махаббатының нәтижесі болып саналады. Аспандағы барлық көрінетін, көрінбейтін жұлдыздар адамзаттың имандылықты меңгерумен, иман бақшасын өсірудің жемісі деп білген жөн.  Біздердің арсыз, ұятсыз қауым өкілдерін «Жұлдыз»-Иманды деп атауымыздың өзі Алла тағаланың құдіретін, хикметін мазаққа алу болып көрінісін береді. Бұл дәлелдерді құран арқылы алда талқылаймыз.  Сонымен біздің сеніміміз иманға тәуелді болып, біз сенімді сырттан, өзге елдің білімнен алуымызға болмайды және мұндай жағдайда иманның көктен келуінің, жанның өсіп жетілмейтіні де хақ. Себебі әр ұлттың, үмметтің ата-бабадан мирас қалдарған имандық қазынасы жұлдыздары болатыны да хақ.  Ал мұндай жағдайда біздердің ұлттық, үммметтік иман бақшамыздан, бір ақылымыздан қуатымен расталмаған жағдайда адасушылықты, кезбелік, қаңғыбастық дін ұстанымын туындатады. Енді біздердің қазіргі таңдағы масаһтық сенім құлшылығына негізделген шариғатты жол деп түсінген имандылығымызды Абай атамыз; «Якини (шынайы, айқын) иманы бар деуге ғылымы жоқ (ғылымсыз шынайылық иман жоқ) , такледи иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрине білмек керек, жоғарғыдағы жазылған екі түрлі иманнан басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай тағала кеңшілігімен кешеді  дағы демесең,  мұндайлар Құдай тағаланың кешіруіне немесе пайғамбарымыздың шапағатына да сыймайды, мүмкін де емес….»  деп ескертеді. Олай болса біздердің «Иман келтірдім» деп, масһабтың бізді барлық иман себептерімен жалғап, ұлттық тұрғыдағы малдық қуаттарымызды өсіріп өркендетуге, рухани егінімізді өсіріп көкте қазына жинауға мүмікіндік тудырып, құдайдың қалауындағы бақытты ел тұрғындарына айналдыра ала ма? Жәнек белгілі бір дін сенімі арқлы ғана шектелген сауаптық амалдармен шексіздікке жалғанып, бес парыз намаз оқу арқылы мешіттен шықпай отырып барлық жаратылыстың себебіне жалғанып,  «Ман» қуаттарын меңгере аламыз деген ақымақтық, надандық ғана болып шығады.

Абай атамызға жүгінсек; «Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім— деген иланып, нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшінде Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекешеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы сана, Ар- аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр. Сондықтан біз өз бойымыздағы ( жарық болып жетілдіріп, қалыптастырып)  осы сегіз сипатын ұлық болған Алла тағаланың сегіз сипатына ертуге (байланыстыруға) жалғауға талаптанудан шығады.» деп түсіндереді. Қандайда бір насихаттың түп негізі болып ол құран, інжіл, тәурат, зәбур немесе пайғамбарларға түсірілген иман, кітап, жан ғылымынан өсиет, нақылдармен расталуы керек. Онсыз біздердің жүрегімізбен мейлі қандай ғұлама айтқанымен иман қуаты болып қабылданбайды. Қазақтың имандылықтың негізгі шарты; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген. Ал Ар деген қуаттың, бойдың денелік жарығы болып, сананың жетілуімен байланысты қалыптасатын Алла тағаланың сегіз сипатының барлық қарсылықтарды жеңіп, белгісін алумен қалыптасқан толық «Дене», денсаулық жарық екенін әрине көбіміз біле бермейміз. Алла тағаланың сегіз сипатын «Рабб, Раббымыз» деп атайтынын, бұл Алланың құдыретті қолы болып, жер әлемнің барлық жараталыс себептерінің ғаршысы, иесі екенін де білген жөн. Бұл сырдың адамзатқа сынақ болып, масһабтың дін құлшылығы мен тәпсір ұғымынан да шығып қалып, сондықтан Ар деген құдіретті ұғымының барлық періштелік, қозғалыс себептері болған; Уақтармен бірлігін, Аллан өзіндік қуаттарын Алладан басқа, яғни қарсылық, жамандық, шайтандық  деген түсінікпен ауысып кеткеннен жан ғылымының, ақирет білімінің жоғалуына, сенімнің иманнан жоғары тұруына немесе мүлде иман бақшасының заманға сай өркениетінің жойылуына әкеліп соқтырғаны да хақ.  Құран аятында; «Мұхаммед бір кезде саған: «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және құрандағы адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырды.» (17-60) Сонымен барлық киенің, қасиеттің, қозғаушы күштің негізі Раббымыз болған, барлық жаратылыстың, өмірдің, тіршіліктің, жаратаушы иеміздің білімінің негізі — оттың тегі болмақ. Оттан кейін жаннаттағы біздің меңгеруге тиісті болған өмір ағашы жындар жаратылып, ал жыннан Ібілістің, ібілістен судан пайда болған үн сезіммен бейнелену арқылы шайтанның пайда болғанын біздердің көбіміз білмейміз. Екінші жараталыстың тегі оттан пайда болған су,  яғни «топыр-ақ» болып, ал судан адамзаттың негізі жаратылған. Адам атамыздың  рухани болмысы жаратылыстың екінші дәрежелі негізі судан кейін пайда болған топыр-ақ тан пайда болғандықтан,  ал оттан пайда болған жыннан тікелей жаралған ібілістің адамзатқа қызмет қылуға бас тартуының да себебі осындай хикметтен шығады. Сонымен судан сезіміміз пайда болып, оның ағаш арқылы отпен араласып сана қуатының жарығы пайда болса, және от пен судың арасын жалғаушы жын ағаш тегіміз, малдық қуаттық негізімізді де меңгеру арқылы бір қуатқа жүйелеу арқылы Алла тағаланың сегіз сипатынан, яғни от пен судың барлық қасиетінен және ібіліспен де байланысты ортақ баураушы Ар атты өрісімізді, ар сауытымызды қалыптастыруымыз барлық құлшылығымыздың нәтижесі болу шарт.

Сонымен Раббымыздың ғаршылық сипатымен біздің оған ұқсас болып қалыптасқан Ар сауытымыздың айырмашылығы да болу шарт. Абай атамыз; ««Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. …» деп түсіндірген. Демек біздердегі Ар қуатымызда Алла тағаланың сегіз сипатынан толық белгі болғанмен, онда құдіреті ғылым сипаты болмайды. Ар сауытымыз біздің иманның қуатынан нәр алған сеніміміздің, яғни зейнеттік бой жарық  киіміміздің, денеміздің сарайын қалыптастырады. Ал құдірет пен ғылымсыз дін тұрғысында сенімділік құлшылығын қанша жетілдіріп орындағанмен, біздердің  ішкі дүниеміз нұрланып ақылымыз да өсіп жетілмейді, санамыз негізгі иман бақшасынан жан өнімі пайда болмайды да. Сондықтан да біздердің ішкі дүниеміз періштелік қуаттардың бірлігі, жанымыз ғылым мен құдіреттің кітабы, парасаттылықтың бейнесі болып, Алла тағаланың жолына жалғанумен, үкім аяттарын заманға тағдырға лайықты жобасын алып меңгеріп отыруға және бұл әрбір пенденің құдаймен арадағы құпия сыр кітабы болып аталады.  Сана мен Ар сауытының нәтижесінен жан мен рұқтың арасын жалғап тұрушы тектің «Меннің» жетілуімен , Алла тағаланың ғылымы мен құдіреттік сипатының бейнесі парасаттылық қуаттың өсіп жетілуіне жағдай жасайтынын да білген жөн. Біздердің иманымыз арқылы сенімді меңгеріп, сеніміміздің күзетіп бақылауы арқылы иман бақшасын өсіріп, рухани егіннің өнімімен малымызды қуаттандырып көбейтумен ғана жанымызды көбейтуге және оған Алла тағаланың ғылымы мен құдіретінен хикметті аян, уахиларымен белгісін парасаттылық кітабын алумен, тағдырымызды болашаққа бейімдеп жазу арқылы әрбір пенде жеке-жеке тура жолға түсіп, Алланың сүйікті құлы, досына айнала алады. Бірақ жоғарыдағы аяттағы; «…Саған Миғражда біз көрсеткенді және құрандағы адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырды…» деген Раббымыздың ескертуінен жалпы ислам ғалымдарының адасуымен діннің топтарға бөлініп, дін сенімділік құлшылығымыз иманды жетілдіруге, саналықты қалыптастыруға емес, керісінше иманның белгілі бір қағидаларын жеке-жеке ұстанып, сол арқылы тура жолға түсеміз деген сенімнің түрлі амалдар мен әрекетінінен масһабтар, тарихаттар, сопылық ұстанымдар және діни экстремистік топтардың пайда болуына, құр елес қуған, намаз оқу арқылы өзінде жоқ текті меңгермек болған қиялдық дін білімінің пайда болуына соқтырғаны да хақ. Сондай белгілі намаздармен бір иман қуатын сақтаумен ғана шектеліп, сенім арқылы ғылым мен құдіретті меңгермек болып өздері де адасып, соңына ерген жалпы халықты да адастырушы топтың негізі Ханафилік орта үмметік дін ұстанымы болмақ.

Мұхаммад пайғамбарымызға жан ғылымынан кітап берілгені және мұның орта топтық, жоғарғы дәрежелі, дін өркениетін қалыптастырып  ілгерлеуші үмметтердің және керісінше  бұл кітапты алмай тікелей құранға жүгіну арқылы адасатын дін топтарының болатынын да ашық аятпен ескертіп білдірген. Аятта;«Мұхаммед сондай біз саған уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны (інжілді, Киелі рухты, Ғиса пайғамбар үлгісін) растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31) Сосын ол Кітапты (иман арқылы Киелі рухтан хабар кітабын) құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардын әлде кім өзіне кесірін тигізді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет.» (35-32) Пайғамбарымыздың көргендігімен Алла тағаладан бұйрықпен бұл кітапты орта топта ғана арап елдері мен парсы елдерінің меңгеріп ғылымда, жақсылықта ілгерлеуші бола алмайтыны, себебі інжілдік, тәуратnық, зәбурлік имандылық негіздерін меңгеруден бас тартатынын алдын ала білуімен, жаннаттан (жұлдыздан) түскен құрма арқылы Арыстан бабамыздың Ясауи бабамызға әкеліп берген, «..құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық …» деген мұра-аманаты және мың түрлі зікірдің, Алла тағаланың хикметерін, сипаттарын  еске алу, иманды жетілдіру амалының түркілік дәстүрімен Ар білімі болып қалыптасуын осы аят ашық растап тұрғаны да хақ. Бірақ түркі халқының арасынан да бұл мирастың соңына түсіп алып түрлі тарихаттар құрумен орта топтық намаз оқумен сеніммен ғана шектеліп, ал уахи, аянға жүгінетін Құдай ісін ұмытып, шариғатты жол қылып адасатындардың болуын да; «…Және олардан әлде кім өзіне кесірін тигізді де кейі ортада болады…» деген үкімге сәйкес, «Орта топтық Ханафилік» ағымның қазіргі жағдайын да хақиқатқа шығарып тұрғаны хақ.  Біздер бағзы заманда үгіт тұрғысында құранның аяттарының тәпсірінен, сол кездегі қалыптасқан имандық қуатын шамасын меңгеруге арналған дін құлшылығынан асып кете алмаймыз. Және әр заманға уақыттың қозғалысына, жаратылыстың түрленуіне, заман білімінің өзгерісіне қарай иман қуаты да өсіп жетіліп отыруында, оның құлшылық амалдарының жаңадан сапасының пайда болуы да сөзсіз. Және әрбір үмметтің сөз байлығының жетілуімен, үндік даму заңдылығымен құран аяттарының да жүз жыл сайын атаулық ұғымдары да өзгеріп отыруға тиісті заңдылығы да бар.

Олай болса, мұндай өтпелі дәуірлік кезеңдермен байланысты ғылыми тұрғыда Алла тағаланың ұлықсатымен аударылған құран арқылы біз тылсымдық құпия кітаптарға, уахи шындыққа жалғануымыз керек. Яғни Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып кітап алуымыз арқылы ғана біздер заманға сай иманның бақшасын жетілдіріп өсіруге, жанымыздың өркениетін қалыптастыруға жоба аламыз.    Сондықтан аятта;  «Мұхаммед саған осылайша әмірімізден «Рұқ» уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың.»(42-53) Сонымен Құранның иманың нұры, кітабы болып  пайғамбарымыздың өзіне берілген жан ғылымының кітабымен жалғанғанда ғана аят,  уақи болып оқылып иманымызды жетілдіруге «Он саулық» байлықты меңгеруге мүмкіндік аламыз.  Рұқ дегеніміз біздердің тіршілігімізбен байланысты бейнеленген таза ақылдан қуат болып, рұқтан ғана Кітап алып, ал кітаппен берілген білімді меңгеру, амалға айналдыру арқылы иманымызды өсіріп, иман бақшасын өсіру арқылы ғана тура жолға жалғануға, Аллан тағаланың ғылымнан, құдіретінен құпия білім алып, санамызды жетілдірумен, Ар сауытын қалыптастырумен құдайлық парасаттылық хикметті  қуаттарға жалғану арқылы жанымызды жетілдіре аламыз, жаннатық тұрғыда көбейтеміз де. Масһаб дін ғалымдарының рұқ пен жанды бір деп түсіндірудің өзі иман туралы білімді жоғалтып алумен байланысты екені сөзсіз. Ал иман туралы білімнің жоғалуымен иман мен сенімнің бір аталып, шариғаттың бекіген дін істерін жол-шексіздік қылып, құранды мүлде теріске алуға себеп болғаны хақ. Біздер құранды қанша оқып меңгердік дегенімізбен, оның кітап нұрын аян, уахимен көріп және сенімділік намазымыз, құлшылығымыз арқылы  Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына, кітабына жалғанып уақи, батасын алмай тура жолға түсуміз мүмкін емес. Және пайғамбарымыз, «Қырық күн иманнан хабар келмесе, имандарыңды тексеріңдер, қашып кетпесін» деген өсиет қалдырған екен. Қазіргі таңда қырық күн түгіл, жылына бірде бір аян, уақи алмайтын имамдар, дін ғалымдарын иманды тура жолда деп айтуымыздың өзі Алла тағалаға, құранға ортақ қосу болып саналауы да хақ. Иман қуаттарының  негізгі тармағы; 130 белгісі болса, мұны меңгерудің де соншама амалдары болып, әрбір иманды аталған пенденің өзінің қызметі, кәсібі, қоғамдағы орнына қарай салыстырмалы түрде имандылық жағдайы болуы да шарт. Қазақ еліндегі жоғарғы дін басшыларының, ғалымдардың, діншілердің, зиялы атты қауымның, ел билеушілердің өз қызметімен, дәрежесімен салыстырғанда сенімдері мықты болғанмен, ал оған сәйкес келетін имандары жоқ деп айтуға әбден болады. Имансыз сана қалыптасуы мүмкін болмаса, имансыздықтың өзі жетесіздік, сөз ұғымын қабылдай алмайтын мәңгүрттікпен, надандықпен бейнесін береді.  Олай болса дәлелдеп көрейік…  (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихатын, кітаптарын және құран телогиясы мен Ясауи діни жолымен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мыны сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *