XVI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 65

   Қазір кез келген жас та кәрі де «Иман келтірдім» деп дәрет киімін дұрыстап, шариғатқа лайық амал қылып намаз оқыса болғаны иманды деп атай бастаймыз. Бірақ аятта; «Оған  (Раббысының шындығына) иман келтірдік» дейді, олар; бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалайша келеді?» (34-52) Шындыққа яғни Алла тағаланың бізге әшкере жария қылған хикметтеріне, белгілеріне, қуаттарына т.б. сансыз біз білмейтін себепші нәрселеріне  иман келтіру, яғни оның сырын, білімін меңгеруден бас тартпау деп түсінген жөн. Және бұл қуаттардың нәсілдік, тектік, өнер қаракеттік болып адам баласының қолымен байланысты екенін де аятта ашық ескертіп тұр. Қазақ дәстүрінде «Аруақ қолда» деген бір ғана сөзбен бұл аятты меңгеруді түсіндірген.  Және; «Не ексең соны орасың» деп иманның өнім беретінін, ал «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп сенімнің адам баласының қылығымен, өскен ортасымен, қоғаммен, алған білімімен байланысты екенін өзара жұғысты да болатынын білдіреді. Аятта; «Бәдеуилер; «Иман келтірдік» деді. Мұхаммед оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемімейді. Шүбәсіз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» де» (49-14)  Қазіргі масһаб дін ұстанымдағы  «иман келтірдік» деп бес парызбен және Аллаға, пайғамбарға тәпсір білім жүйесімен бағынудан тек қана сенімділіктің қалыптасуы және мұсылмандықты меңгеру ғана болып саналады. Иман жүрекке жарық жұлдыз болып ену үшін қан тазалығын қалыптастыру керек.  Ал ол үшін қандағы 11-жұлдызды жарыққа айналдыру, яғни жер ана рұқымен жалғап 4 ақылды түгелдеумен бір ақылға жүйелеумен алғашқы сатысы ғана пайда болады. Бұл қасиеттілікті меңгеру үшін де жаратылыспен жалғануға және жануарлық, құстық, адамдық ақпараттық кезеңнен өтуі керек, ол үшін де адам баласының  жасы 40-қа толуы керек. Сондықтан мұндай жағдайдағы тілмен «Иман келтірдім» деген «Сендім», «Бой ұсынамын», Алла тағаланың бар үкіміне бағынып елшісінің соңынан еруге, сүнеттерін орындауға ден қоямын деген уәде болып табылады. Сондықтан аятта;«Адамдар: «Сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?(2) Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондақ-ақ Алла әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.» (29-3) Бұл аяттан біз сеніміміздің сыналып, қашан иманның қуаттарын толық меңгеріп таза қатесіз сөйлеумен, құдайдан шындықтарын алып, хикметіне бой ұсынып, намазадарын орындаумен ғана шыншыл болып иман қуаттарын меңгере алады екенбіз.

   Иман қуаты деген қалтаңдағы ақша сияқты жұмсауға, таусылуға және толықтырып тұруға тән құбылыс болмақ. Адам ішінде елшісі «Мен» қуаты шам болса оған келетін жарықтық қуаттың иман екенін де білген жөн. Иман үнемі келіп тұрмас, шам да жанып жан-жағын көркейте алмайды. Егер біздің өмірімізде, тағдырымызда қиындықтар, аурулар түрлі тіршіліктік сынақтарымыз болса, онда біздің иманымыз жетімді, толымды емес, біздің құлшылығымыз, ғибадатымыз сенімділіктің тұрғысында ғана деп түсіну керек. Сондықтан да аятта; «Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.» (64-11) Жеке адам баласы болсын немесе бір тұтастай қоғам, мемлекет болсын қайғы-қасірет, апаттар, аурулар, бүліктер болса онда бұл Алланың бұйрығынан және ол сол жердің тұрғындарының имансыздыққа түсіп, жүректердің бүлініп, қанның бұзылғандығына ашық белгі болатыны да хақ. Қазіргі ислам елдерінде де жалпы әлемде, қазақ елінде де болып жатқан келеңсіз жағдайлар осындай иман қуатының жоғалуынан деп түсінген жөн. Сондықтанда сеніммен ғана қаруланып, мұсылмандықты ұстанып, намаз оқып, зекет беріп, ораза ұстанғаннан иманы толып кемелденіп жүрегі тазарып кетеді деген масһабшылдық ұғымның өзі надандық болып саналды.

  Сонымен; «Иман келтірдім» деген ұғым тек қана сенімді білдірмейді және мұндай куәлік берген адам баласының Алланың құдіретін, ғылымын, қадырын терең зерттеп білуге мойынсұнып, қандайда бір көрсеткен білдірген деректерінен, белгілерінен бас тартпайтынын да білдірді. Имандылық деген дін парыздарын орындап, мұсылман немесе мүмін аталумен өлшенбейді. Әрбір мүмін болған адам баласының кәсібі, білімі, қызметі, жынысына, ұлтының ерекшелігіне сай ата-бабадан қалған мирас қасиеттерді меңгерумен бірге оны заманға сай жетілдіре білумен ғана өлшенеді. Имандылықтың басты белгісі ақылмен, естілікпен ғана өлшеніп, ондай адам баласы сөз астарын түсінуге, ой мен тілдің арасын бөлмей сөйлеу шешендік өнерін және астарлы көркем сөзді меңгеруге қабілетті болуы да шарт. Имандылықтың бұл белгісі танымдық ақылмен байланысты болып қазақта мұны жете деп түсіндірген. Абай атамыз 38-ші сөзінде; «Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім — деген иланып, нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшінде Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек алушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсатып бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді.Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр…»

Сонымен жетелілерге арналған алдыңғы тарауларда Алланың біздерге мәлім қылған үш сипатын баян қылдық. Алла тағала мен Рабб, яғни құдайлық  сипаттарының біздер арасын ажырата алмаймыз. Алла тағала сипатында Раббылық, ал Раббылық нұрында Алла тағалалық ғылым құдіреті бар. Ал тәңірлік сипатта жалпы жаратылыс егелерін түгел қамтығандықтан  мұнда қарсылық қуаттар да, яғни біздер үшін Алладан «басқа» деп аталатын қарсылық күш, қозғалыс, жаратылыс егелері де болатындықтан біз бұл сипаттардың бәрінде Алла деп түсінгенмен, мұндай бізге ашық дәлелдік қадырын, растығын, барлығын; Бір деген ұғымымен түсінуіміз керек. Сондықтан Бір Алла, Раббымыз Алла, Жар, Құдай, Алла тағала деп құлшылығымызды «Өзіндік» жарықтық сипатына ғана арнаймыз.  Абай атамыз; «Біз Алла тағаланы өзінің бізге білдіргені арқылы ғана сипаттарын ұғынамыз. Ал түгел біліп ала алмаймыз. Мұндай заты қасиетті түгіл, көрсеткен (аянмен) хикметінен де ешбір даналар ақылмен толық анықтай алмайды. Себебі біздің ақылымыз өлшеулі, ал Алла тағала өлшеусіз (шартсыз, шексіз). Сондықтан біздің ақылымыздың шамасына қарай өлшеу үшін «Бір», «Бар» деген ұғымдарды пайдаланамыз. Алла тағаланың «Бір» және «Барлығы» біздің ақылымызға Алла тағаланың ұлық сипаттарын тұрақтату үшін ғана керек. Алла тағалаға «Бір» деген лайықты өлшем бола алмайды. «БІР» дегеніміз мекен (денелер орында, ал орындар мекенде болмақ) болып, сол мекеннің ішінде сипаттарының болуы, өмір сүру мүмкіндігінің болмысын ғана белгілейді. Ал бұл мекен «БІР» әлемнің ішінде, ал әлем Алла тағаланың ішінде мекендейді…» Иманды адам баласы әрбір сөздің өз орны, сандық мәні, қуаты барын ескереді, көркем сөзге құштар болып, сөз ұғымдар жүйесінің тәртібін бұзудан қорқады. Өкінішке қарай қазақ дін ғалымдарының, зиялы қауым өкілдерінің тажалдық білімнің ықпалына түсіп, жаратушымыздың бізге тануға, ұқсауға жария қылған сипатын «Аллаһ-шүкір» ұғымымен алмастырып, халықтың иманын жоғалтуға ғана себепші болап жатқаны да хақ. Бірақ бұл қасіретті де аз ғана жетелі қауым өкілдері ғана түсіне алады. Ал жетесіздер үшін бәрі-бір; «Аллаһым,салахсаламға  ықтипат қылып, кәпәрат жасап, тәуесілге келгендіктен, ақидасын жақсы меңгердім»  деген сияқты жабайылық тіл мен үннің арасын ажыратып сөз қуатын жоғалтуға бағытталған имансыздық керісінше ел биліктің заңымен қорғалып, иманды терістейтін кітаптар шығаруға көп қаражат жұмсап халықтың «Сауатын» аштық деп мастыққа бұйырып, ақыл-ойын қақпанға салумен ғана көрінісін тауып жатқаны да хақ.

      Енді жаратушымыздың  Алла тағала сипатын жеке қарастырсақ; Сегіз сипатты, жеті қанатты періште деп түсінген дұрыс. Және Алла тағаланың сегіз сипаттан тұратынын Абай атамыздың 38-ші қара сөзінің насихатынан жоғарыда мысал беріп кеттік.  Олай болса Алла тағалада негізгі 8 түрдің де болуымен жаратылыстың барлық қозғалысын, уақыттың түрленудің шексіздігін және Алланың барлық хикметті белгілерін растыққа, барлыққа, бірлікке біздің ақылымызбен қабылдануға лайық дерек көздеріне, белгілерге, хикметті істерге бейнелеуші болып табылады. Сонымен біздердің ақылмен қабылдауымызда жаратушы Алла бар. Бірақ дінді тек мешіттер арқылы орындалатын құлшылық және оны тек масһаб білімімен ғана орындау дұрыс деп түсінгендіктен,  ол білімнің негізі болған бағзы замандағы надандық дәуірдегі сенім негіздерін алып аламыз да жаратылысты, ақирет өмірінің ішкі сырын түсінуден де бас тартамыз. Мұндай жағдайда иман жоғалып, тобырлық ақылға негізделген оңай басқарылатын кез келген діни топтардың қалыптасуына өз беттерінше ізденіп «экстремистік» пиғылдың қалыптасуына масһаб білімі де жол ашады. Мұндай жағдайда иманды өсірмеуге, яғни Алланың хикметті белгілерін, заманға қарай түсіріп жатқан шындық деректерін мойындаудан бас тарту үшін масһабтық, мұсылмандық  сенім негізінен алып тастап, дінді керісінше түрлі ой жорыған пәтуалармен  түрлендіріп залым дін ғалымдарының  ішкі мақсатына тажалдық білімге ыңғайлауына жолды да ашық қойғанбыз. Сондықтан; « бұрын ата-бабаларымыз көк тәңіріне табынған, біз де солай табынуымыз керек » деп түсінетіндеріміз де жеткілікті арамызда. Ал шын мәнінде көк тәңірісі-Раббымыз, құдайымыз және оның қызметшілері «Біздер», яғни ақыл-парасаттылыққа жете білген Алланың сүйікті құлдары-періштелер екенін түсіне алмаймыз. Алланың өзін тану үшін жаратқан бізге әшкере қылған сипаттарын тани алмағандықтан «Маған» «Өзіме» құлшылық қылыңдар деген сөзді дін ғалымдарының өзі түсіне алмай Аллаһ (Шүкір) деген ұғымды тықпалап, өздерінің де иманын жоғалтуға, халықтың да иманына кедергі салуға жанталасып шайтанның жамағаты екендерін дәлелдеп бағуда. Егерде «Илләһ» болса, «Тәңір» ұғымын, ал «Аллаһ»  болса, тәңірдің сипаттарын шүкірлік егелерін яғни киелерді меңзеп тұрғаны да хақ. Мұндай жаратушы сипаттарының ішкі сырын қазіргі замандық білімге сай әрбір дінші, ғалым, зиялы білуі міндетті. Онсыз ақыл өсіп жете дамымайды да. Біздер «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп куәлік береміз де, бірақ тікелей тәңірге деп сөз тұрғысында құлшылығымызды арнамаймыз. Ал мұндай жағдайда қара күштер, ібіліс әскерлері, тозақтық қуаттар да тәңірлік сипатта болатынын,  сондықтан бізге «Бір Тәңірі» деп қана жалбарынуға тура келеді. Біздің тіршілігімізде Алла тағаланы және Раббымыздың да тәңірлік сипатта бейнелейтіні, ал ондай тәңірлік бейнелерді аятта; «Тозақтықтар мен ұжмақтықтар тең емес. Ұжмақтықтар; олар, қолы жеткендер. (20) Мұхаммед егер осы Құранды (құдіретті қолдарды, аруақтарды) бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандықтан үрейленіп, быт-шыт болғанын көрер едің. Бұл мысалды адам баласы түсінсін деп келтіреміз.» (59-21) Егер саналы адам баласы болса ата жолының 21-жұлдызды тудағы белгі мен бұл аяттың сәйкес келуін байқар еді. Ұжамақтық өмір жаннат пен екі аралықты араптардың ұғымында «Барзақ өмірі» деп аталып, ұжмақтық, тәңірлік қолдардың Раббымыздың басқарылуында тұрған қуаттарды білдіреді. Сондықтан да бұл қолдардың, аруақтардың адамзаттың өнімі екенін аятта; «Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші (жол ашу, ем шипа беру, жақсылыққа жетелеуші) қорғаушы (көздер) тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарыннан пәк. (23) Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана.» (59-24) Бұл жерде тек аруақтық қолдар ғана емес, адамзаттың барлық рухани өнімі қуаттардың негізі біртұтас ОЛ болып және; «Аттардың ең көркемі Оған тән.» болып адамзаттың Алланың сүйген құлына, досына, періштесіне айналуымен, аттарының да 99 сипатпен жалғанумен белгілі көркем есімдерді меңгеруін білдіреді. Осы аяттың сыры Будда дінінің маңыздылығын құлшылығын ашып көрсетеді. Неге Будда мүсінінде көп қолдардың барын; «Мұхаммед егер осы Құранды ( құдіретті қолдарды, аруақтарды) бір тауға түсірсек еді, ..» деген аятпен баяндап өткен. Буддалық философияда кездесетін «АТМАН» ұғымы да; «Аттардың ең көркемі Оған тән деген үкіммен сәйкес келеді.

      Құранды терең зерттеп түсінген сайын бүкіл әлемнің; «Будда, Брахма, Атман, Кришна, Иисус» деп табынғандарының бәрі негізінде «Біздер» аталып мұны исламда Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен сүннеттері арқылы тектілікті жетілдіруді, иман қуатын меңгерудің жарқын үлгісін қалыптастырған намазын кейінгі дін ғалымдарының мүлде теріске алғанын аңғаруға болады. Аятта; «Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе; Жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынбағандай-ақ кете береді. Солайша шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді.» (10-12) Құранның барлық насихаты да намаздар жүйесі де Раббымызға жалбарынуға және қандайда бір қиындықтан, қыспақтан арылуға, ұжмақтық, жаннаттық жұлдыз орындарынан яғни  ақыл-парасаттан иман қуатын алуға негізделген. Мейлі қандай жағдайда болсын, біздер қиындыққа түскенде немесе артық нығметпен, жақсылықпен жүктелгенде де өмірлік қуаттарды; Біздерден, жұлдыздардан, көркем есім егелерінен ғана аламыз. Ал олар Раббымыздың нұрымен тұрақты жалғанып тұрғаны да хақ. Раббымыз барлық жаратылысты «Біздер»-аспан мүліктері арқылы жаратып немесе өлім беріп, ал «Өзі» барлық іске де әрекетке де тікелей араласа алады.

    Аятта; «Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.(18) Алла тағала жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі.(19) Сондай Алладан басқа жалбарынғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар.(20) Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді. (21) Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақиретке нанбаушылардың жүректері қарсы. Сондықтан олар менменсушілер.» (16-22) Бұл жерде тұтастық, бірлік «БІР» ұғымының сырын астарлы ескерткен. Алладан басқа және Алланың Өзі деген ұғымдар; «Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді.»  Бұл тозақтық тіршілік егелерінің мейлі ақиреттік немесе жер бетінде тірі аталғанмен «бес күн жалған» деген ұғымға сәйкес, біздердің көбіміз рухани өлілерге жатамыз.  Егер тірі болсақ онда Раббымызға жолығуға құлшылық қылып, хабар алып, көбіміз бұл хикметке жолыққан да болар едік және жаратушымыздың орынбасары болып белгілі қуаттарды да жарата алар едік.. Сонымен дін ғалымдары адам баласы жарата алмайды, яғни өлі тірі емес мақұлық деп түсіндіреді. Ал шынында біздер ақылды жаратуға, текті меңгеру арқылы иман қуаттарынан зейнет алып, рухани егін өсіруге, яғни бағбан болып жаратушылық қасиетті меңгеруге тиістіміз. Аятта; ««Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы; Әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді.. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) (9;11) Алла жолында құрбан шалып жеті ата аруағын көтеру арқылы осындай дәрежедегі «жұлдызшаларды-дәнді»  рухани егінімізді өсіретін болсақ, бұл егіннің адамзаттың неке арқылы пайда болатын жандық өнім болатынын; «Өйткені әйелдерің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер. Алдын ала өздерің үшін қамданыңдар. Сондай-ақ Алладан қорқыңдар да негізінен Аллаға қауышатындарыңды біліңдер. Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. Алла тағала әр нәрсені білуші.»(2-223) (7;9) Сондықтан да бізге осындай қабілетті берген және бұл қуаттардың Иесі Раббымызға құлшылығымызды, шүкірлігімізді арнау арқылы ғана бұл қасиеттілікті, тектілікті меңгере аламыз. Әрине біздер өзімізді өзіміз белгілі бір тектілікті меңгеруге адамзат болып жаратыла алмаймыз. Бізді бірақ белгілі бір осындай әлемде өзге мақұлықтарға бермеген қасиетпен өзінің орынбасары болуға, рухани қуаттарды жаратуға, өзіміздің болашақ нәсілдік  (жұлдызша) дәндерімізді көбейтуге нығметін беріп қойған.

Бірақ біздер мұндай дәрежеге жету үшін күнәсіз рухани тірі болуымыз керек. Біздердің жер бетінде өмір сүруге алған жануарлық сипатымыз, ішіп-жеп өмір сүруміз, отбасын құрып бала өсіргенмен де күнәміздің шамасына қарай рухани тұрғыда өлі болып саналамыз. Ал біздің ағзамызда күнәлі болмысымыз болса, онда біздер жындар, шайтандар тобыннан болып, рұқтан өнім өсіріп, иман қуаттарына жалғана алмаймыз. Сонымен біздің тағдырымыз жақсы жаман рухани болмысымыз маңдайымызда жазулы болмақ. Маңдайлық тағдырлық жазуды рухани ақталу арқылы тазарта да аламыз, керісінше мүлде жауып маңдайымыз ашылмай тозақтық та боламыз. Құранда; «Алла тағала барлық жандықтарды маңдайынан ұстаған» деген аяты бар. Олай болса Алла тағаланың құдіретті қолы біздің маңдайымыздағы жазу. Енді ол жазудың негізін аятта; ««Шүбәсіз Алла, ер, әйелді жұп жаратқан. (45) Тамызылған бір тамшы «мәни» суынан. (46) Шәксіз екінші жазу да Оған тән. (47) Сөз жоқ, байытқанда өркендеткен де Ол.(48) Расында Ол, «Шығара» жұлдызының Раббы.» (53-49) Индиялықтардың  және Кришна дінін ұстанушалардың маңдайына қызыл, ақ, қара белгі таңба салуы осы тәңірлік ғайып қуатпен; «Шығара» жұлдызымен жалғануды білдірді. Кришналықтар мұны «Қара» деп түсінсе, көпшілік индиялықтар қызыл немесе ақ түспен байланыстырады. Құранда тағдыр жазуын «Қалам» деп атап, адамзаттың тағдырының маңдай арасы 6-шы күн (чакрамен) байланыстылығын ескерткен; «Мұхаммед әрбір көп ант ішкен ынжықтарға бой ұсынба; (10) Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да, (11) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да, (12) Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (13) Бұлар малды, балалы болса да. (14) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: «Бұрынғылардың ертегісі» деді. (15) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз.» (68-16) Әрбір адам баласының аз көп тағдырында осы аяттағы келтірілген өсек, өзгені босқа айыптау, ынжықтық, жақсылықтарға тыйым салып, кедей болып қалумен қорқыту, Раббымыздың заманға қарай өлілерді тірілту арқылы оқылған аяттарын, ата жолын, жан ғылымын, аруақтық білімін ертегіге айналдыру сияқты қазақтың бүгінгі таңында әлі кезге зиялы қауым, ел биліктің,  дін ғалымдардың да, имамдардың да ТЕКТІ меңгеруге ИМАНҒА қарсы соғысы жүріп жатқаны хақ.

Әрине бұл қазақ халқының Кришналық та, Буддалық та, бүкіл тәурат, зәбур діндерін басын қосушы інжілдік дін құндылықтарының құлшылығын меңгерумен 6-шы  және 7-ші саналық күнді (чакра) және Ар сауытын меңгеру амалдарын заң жүзінде тыйым салып, тартып алып және әлі кезге дейін қудалап жатқаны да хақ. Демек біздің ел билігіміз, зиялы қауым және дін масһабымыз құранға, кітабына, ақыл-парасаттылыққа яғни Раббымызға ашық соғыс жариялағандар мұрындарына  дақ салынғандар. Негізінде «Қара Кришна» дініндегілер осындай тағдырға сын қара дақты тазартуды және тағдырды қайта жазумен байланысты өздерінің философиясын және дін құлшылық намаздарын дәріптейді.  «Шығара» -тәңірлік ғайып қуаттар болып, бұл қуаттардың меңгеру ісі ислам шариғатынан тыс; Құдай ісі деп аталып әрбір пендесіне аянмен, уахимен көрсетілу арқылы ғана нәтижелі болмақ. Бірақ аян, уахиға, біздерге жалғануға да имандылықтың өзге талай сырларын меңгеруіміз де керек.  Сонымен сопылық тақуалық негізде 3 рет қайталанатын 11-санды таспихтың негізін «Яссы, Мұхаммед, Інжіл» деп атау керек. Ал бұл құлшылық істерінің Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен рухани өлім арқылы ақталудан өтіп, дарындылықтарды меңгерумен тікелей байланысты екенін және негізі Түркістаннан басталып Мұхаммед пайғамбарымызға құпия берілген жан ғылымымен де байланысты болғандықтан ислам діншілері де мойынсұнып бұл амалдарды орындамаса түк те иманды бола алмайтынын да білген жөн….(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *