XII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 68

Жаратылыста қандайда бір мейлі жанды, жансыз және оның қасиеттерінің сырын айқындайтын сөз атаулары, аттары болып және жұбы, пары болуы шартты үкім. Тек қана Алланың ерекше біздерге білдірген растығы, барлығы, өзі сияқты сипаттары жалғыз болып саналады. Біздер жоғарыда иман мен сенімнің ортақ 9 санды тәубе және қозғалыстар негізінде тұрақтап 18 ғаламдық сипатпен жалғанатынын ескерттік. Олай болса «тәубе-бас ию» сенім мен иманның біртұтас бірлігін қалыптастыру болып та саналады. Біздер сенімді, неге, кімге қалай сенуімізді біліміміз арқылы анықтап, ақылмен қабылдай аламыз және ақылға жүгінбей-ақ, білім арқылы кез келген сенімділік бағытын таңдай аламыз да. Сенім біздің біліммен, өмірлік тәжірибемізден және мұны бағалауға, қабылдауға арналған дін ниетімізден, ақылдылығымыздың шамасынан  туындайды. Қазақ даналығында; «Сынықтан басқаның бәрі жұғады», «Әдебі жаман ауылға әйеліңді апарма», «Соқыр көргенінен жазбайды» , «Жолдасың соқыр болса бір көзіңді қысып жүр» деген сияқты көптеген нақылдар мен сенімнің белгілі бір халықтың салтына, ұстанған әдет, әдебіне, меңгерген біліміне тәуелді екенін ескерткен.  Ал имандылық қуаттың адамзаттың тегіне, ділдік сапасына ата-бабадан келе жатқан дәстүрінің сақталуына, шежіре тарихына да байланысты болып, ал оның адамзаттың болмысындағы өлшемі көмес тек қана санмен ғана дәлелденуге тәуелді болып, ақылмен сөз ғылымын меңгерумен де көрінісін беретіні сөзсіз.  Ал түрлі әрекеттерге байланысты иман қуттарының бейнесі болған дарындылықтар, құдайдан берілетін хикметті дәлелдер мен  қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан, адамдар өздерінің қандай қасиеттерге ие екенін, яғни имандылық шамасын ешқандайда біліммен, сеніммен, ақылмен ұғына алмайды. Көп жағдайда адам баласының иман қуатының жағдайына оның сенімділігі, белгілі бір ұстанымы, құлшылығы тәуелді болып келеді. Біздер иман арқылы белгілі бір сенімділікті меңгеруге және сол құлшылығымыз, әрекетіміз, біліміміз арқылы иманымызды қорғап, көбейтіп жетілдіре де аламыз.  Адам баласы қандайда бір иманды болып саналғанмен, иман жоғалуға, таусылуға тән қасиеттілік болғандықтан, оны сақтап ұстап тұруға, толықтырып дамытуға сенімнің қуаты, құлшылығы міндетті болмақ. Сол сияқты иманның біздердің адамдық болмысымызды сақтауға, жетілдіруге байланысты сан алуан сапасы, түрі, бейнесі, қуаттылығы болып және оның ақыл-ойдың сапасына да міндетті тәуелді болып, жинаған ақылымызға байланысты ғана біз белгілі бір сенімділік жолын, әрекетін, құлшылығын қабылдап, иманымызды өсіріп өркендете аламыз немесе керісінше сенім арқылы да оны мүлде жоюға, адасуға, иманға қарсылық зұлымдыққа түсуге де өзіміз таңдаған сенімділіктің, біліміміздің жағдайына тәуелді екенін білген жөн. Иман туралы қазақ даналығында; «Не ексең соны орасың», «Таздан жарғақбас, кедейден мал бақпас, аладан құла туады», «Жаманнан жақсы туар адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір үзім нанға алғысыз» деп бұл қасиеттің тағдырмен бірге жасырын болатыны, оны адам баласы өздігінен болжап, меңгере алмайтынын және ананың, әйелдер қанының сапасына, санамен байланысты қалыптасатын ділдік жағдайға, жандарының еріктілігіне, қуаттылығына тәуелді екенін астарлы ескерткен.

Сонымен енді дін тұрғысында  иман қуатын жетілдіруді елшілік істермен, яғни мұсылмандық қасиеттерді жетілдірумен Алла тағала тарапынан берілетін хикметтермен, мұғжизалармен, қасиеттіліктермен, дарындылықтармен байланысты болып, бұл сырдың қиямет-қайымға  адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінің соңына дейін жалғасатын жаратылыстың заңдылығы болмақ. Ал сенімділік пайғамбарлық қасиеттермен байланысты болып, сенімділікті меңгерудің қасиеті әйелмен еркекке ортақ ақыл, білім, өнерді меңгерумен адамзаттың әр замандық өзгерістерге қарай бейімделуге және меңгерген сенім құлшылығы бойынша иман қуаттарын жетілдіріп, рухани егінін өсіруге арналған мұсылмандық ортақ қасиеттілікке, адамдық болмысты сақтауға, орындауға тиісті парыздар мен адамдық қарыздарға жатады.  Біздер қандайда бір жаратылыс қасиеттердің ішкі сырын жеке-жеке талдап, аңғару арқылы ақылымызды жетілдіріп, меңгерген білімімізді тазартып отыруымыз міндетті болмақ. Ал егерде біз мұндай нәрселердің ішкі сырына мән бермей, жалпы жаратылыстағы мұндай қасиеттерді тұтастай қарастырып, оған бағзы замандағы атауларына қарай бейімдеп түсінуге тырысатын болсақ керісінше мәңгүртікке, надандыққа қарай құлауға себепші боламыз. Сондықтан қазіргі таңдағы масһаб және түрлі дін топтарындағы сеніммен иманды, пайғамбарлық пен елшілікті, рұқ пен жанды бір атап ара жігін меңгеру тәсілін ерекшелігін мүлде жоғалтып, сонымен бірге ақылдың сапаларынан оның жетілу сырларына, қуатына да мән бермей, зерттемей, қасиеттілік белгілеріне ат бермей, тек бұрынғы өткен даналардың, әулиелердің, қасиеттілердің кісілігін алып табынумен, ал сөзін зерттеп ескіргенін жаңалап, тозғанын тастап, жаңадан сапалық қасиеттерін жетілдірмеуден адамзаттың зұлымдыққа түсуіне, түрлі сенімдерге негізделген діни топтарға бөлініп, өзара қырқысуына ғана апарып соқтыратынын да, бұдан әлемдегі ең жоғарғы жан ғылымнан сөз байлығы, дәстүрі қалыптасқан қазақ елі де айналып өте алмағаны да хақ. Яғни; «Елді арамза молда, надан ғалым бүлдіреді» деген аталардың ескертуі қазір шынға айналып үлгіргені де сөзсіз.

Сонымен сенімділіктің иманмен тұтастық, бірлігін, яғни пайғамбарлық қасиеттердің барлық дәрежесі мен имандылықты жетілдірудің құлшылығын толық бекітіп, дінде тура жолдың қазығын қаққан Мұхаммед пайғамбарымыз болып саналады. Ал, имандылық қуатының адамзаттың білімде, өнерде өркендеумен бірге адамдық жан бақшасын өсіру мен қасиеттіліктерді жетілдіру мен меңгеру қиямет қайымға дейін жалғасатын болса, соған байланысты сенімділіктің де сапасын жетілдіруге яғни  құлшылық амалдарын жетілдеруге уахи беруші, тұрақты Алла тағала тарапынан елшілігіне жалғану да міндетті болып саналды. Демек, Мұхаммед пайғамбарымыз өзінен кейін де келетін барлық елшілердің тұрақты ұстазы, шапағатшысы дәрежесімен де ерекшелігі болуы сөзсіз. Бірақ ислам дінінде құран арқылы өзіне дейінгі барлық діндерді бірлеуге тиісті болатын болса, бұл жолда имандылықтың түрлі сапасын меңгерген елшілер мен және сенімділікте дін құлшылығын да қалыптастыра білген пайғамбарлардың көрсеткен меңгерген құлшылық істерінің амалдары сол заманға тән болып, мұның жетілген түрі Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері арқылы миғраждан, Алла тағаладан алған бақара сүресінің соңғы екі аяты мен бес парыз намаздың үкіміне сәйкесті ғана орындалуы тиісті болмақ.  Сондықтан да  Мұхаммед пайғамбарымыздың  дін құлшылығында; «Әмин, Сенімді» аталуы да осы жағдаймен байланысты екені сөзсіз.  Бірақимандылық қуаттың шартты, үзілісті, белгілі бір мезгілдік шекте болуы мүмкін емес. Имандылық — Адамдық кісілік болмыспен Адам ата Хауа анамыздың жаннатық жаратылысынан бастап қиямет қайымға дейінгі аралықтағы барлық адамзаттың дамуының, ақыл-ойының жетістігі мен қасиеттілігін қамтуы да тиісті. Иман қуаты шексіздікке, Құдайдың ісіне, үнемі оқылып тұратын аяттарына, уақиларға, таза ақылдан алатын нұрға тікелей тәуелді болмақ.

Сонымен ислам тұрғысында бұл жағдайды қарастырсақ; бағзы замандарда имандылықты меңгерген әулиелердің, дін ғалымдарының белгілі бір кезеңдегі имандылықты, мұсылмандықты және мүміндік құпия қасиеттіліктерді сақтауға, қорғауға байланысты қалыптасқан сенімділік құлшылықтарын жеке–жеке бөліп қарастырумен 72 түрлі қуаттық қозғалыстық, жындық болмысты меңгеруге бағытталып 72 топқа бөлінуге ұшырағаны да хақ. Яғни бұл иманды меңгеруге байланысты ақылдың 12 белгісін жеке–жеке қарастырумен және иман мен сенімнің бірлігін 18 ғаламдық белгіге жалғанумен 72:18=4  масһабтың пайда болуына соқтырса, мұнан әрі қарай масһабты жетілдіру дамытумен айналысқан түрлі сопылық жолдардың пайда болуы да, негізгі 6 түрлі қозғалысты, жер әлемнің несібесі 6 күнді меңгерумен байланысты; 72:6=12 санды белгінің, исламдық сопылық, тарихаттық бағыттың пайда болуына соқтырғаны сөзсіз. Жоғарыда қарастырылғандай иманның 6 түрлі сапасын меңгеру үшін ақылдың тәнге байланысты сарайларын тазартудың, ақталудың және соған байланысты «мандық» қасиеттермен жалғаудың маңыздылығын да білген жөн.

Мұндай орындар, 1.Жүректің 2 тармағына-тектілік негіздеріне (екі үн) жалғану; 2.Өңештің сыңарына-ілімділік қуатқа жалғану; 3.Таңдайдың тазалығы-7-тармақ шешендік қасиетке жалғану;4.Азу тістердің тазалығы-тазалықтың негізі; 5.Езу тазалығы-даналыққа жалғану.6.Ми қалыбының тазалығы-ойшылдық пайымдауға жалғану,7.Бауыр жасушасының тазалығы-қан айналымның қуаттылығы, 8.Оң жақ қанаттың (Лат періштесі)  қолдың тазалығы-сананың ұшқырлық қабілетіне жалғану. 9.Оң жақ бүйректің тазалығы-сезімталдық қасиеттің жетістігіне. 10.Оң жақ тобықтың тазалығы-құштарлықтың артуына; 11.Бес қабырға тазалығы-сенімділік қуаттың жетілуіне; 12. Білектің тазалығы-ақылдың, шешімділіктің артуына жалғанумен ерекшеленеді. Бұл ақылдың имандылықты меңгеруге байланысты 12 белгісі болып, адамзаттың негізгі 12 мүшелеріне, 12 түрлі сүйектермен, 12 ішекпен де байланысты жалғанып, тәулігіне 24-сағаттың 20 минуты сайын алмасып тербелісте тұратын 72 түрлі жындық жиіліктің қуаттылығына, әрекетіне де байланысты әсері болмақ. Имандық қуаттардың барлық жаратылыстағы жанды, жансыз нәрселермен байланысты адамзаттың барлық ағзалармен алмасуы «биоритмдік» жиілікпен байланысы болуы да шарт. Жоғарыдағы ақылдың негізгі есіктерінің маңыздылығын жеке-жеке талқылайтын болсақ, шариғаттағы және қазақ дәстүріндегі тиымдар мен ырымдардың қаншалықты растығын ғылыммен байланыстылығын аңғаруға да болады. «Бүйрегің бұрып тұр ма?» деген сауалдың адам баласының оң бүйрегінің сезімталдық мейірімділікпен, туысқандықпен байланысты болып, ал бұл имандылық әлсірегенде бүйректің ауыру да болады. Сол сияқты тобықтың «қызыл асық» аталып, мұны таза ұстаудың, сұқтандырмаудың да маңыздылығы; құштарлықтың, ғашықтықтың адамдық имандылық сипаттың болуына тікелей әсері де бар. Негізінде сенімділіктің аяқтың тазалығына табанның бекуіне байланысты болып; «Жаннат ананың табанының астында» деген нақылдың да ғылымдық жан күйлік сыры бар. Ал жүректен шығатын екі үнің тазалық қуаттылығы бастағы маңдаймен, тағдырлық жазумен бастың да тазалығымен тікелей қатынасы бары да хақ. Бұл үннің әлсіреуі, қарсылыққа түсуі де бастың тазалығына, бастағы жын қуаттарының қарсылығына, әсіресе әйелзаттарының ақ жаулықты меңгеруіне ұлттың тегінің азбауына тікелей қатысы бар. Ал бұл екі үннің де жыныстық бездермен омыртқа бойымен келетін «кундалини» -өмір қуатымен және үш түрлі сезімдік көру, есту, ойлау қуаттарымен бірленіп, жеті түрлі үндік қуатты иманның жетпіс бұтақты тегінің негізін қалайтынын да білген жөн. Адамзаттың имандылығы да 6 түрлі қозғалыс негізімен және жеті түрлі тылсымдық көместік метафизикалық үн жарығымен байланысты 6+7=13 санды толық үнді сөздің шығу тегін қалыптастырумен бірге құдайлық таза ақыл нұр «Он саулықпен» дәрежеленіп, иманның 130 белгісін қалыптастырады.  Енді осындай қуат көздері арқылы біздердің ет-мал қуаттарымызды жетілдірумен және бұл қуаттарды Алла жолында жұмсаумен ақиреттік азығымызды, егінімізді яғни  рухани тұрғыда жан қуаттарының көздерін дәнін өсіруге мүмкіндік аламыз. Аятта; «Алла жолында мал сарып қылғандырдың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Мұндай аяттары дін ғалымдары мен масһабшылардың «Түсінігін Бір Алла біледі» деп жауап беруден қашып айналып өтуі де сөзсіз. Бірақ бұл 7 түрлі қасиеттің сабақ болып 100 түрлі сауалдың  уахи, аян арқылы жауабын алумен өніп-өсіп күш қуатқа айналған жандық қуатқа жатады. Енді 6 сипатты қасиеттіліктің малдық қуаттарға жатып, тәндегі 12 санды жұп, пар мүшелермен ағзалардың, жұптық сипатта 12 түрлі хайуанаттар, жәндіктер әлемімен жыл қайырумен байланысты болуы да хақ. Шәкәрім атамыз малдық қуатты адам баласының қайраттылығымен, жын қуатының тазалығымен және алты түрлі қозғалыстық жағдаймен байланыстылығын; «Қай қазақ ойдан орып, қырдын қырды, Білмейді деп жүр ме екен ішкі сырды. Қазақтың қайратының түбі мәлім, Алты бақан алауыз иттей үрді.» Яғни, «Алтау арыз болса ауыздағы кетеді» деген иманның осындай ақылмен, жаратылыс себептерімен байланысты қуатының жоғалуы себебін ескерткен. Біздер сенімнің құлшылығы намаз оқуымыз тағы басқа да шариғаттық амалдарымызбен бойымызды өсіріп, дене жарығын зейнетін ішкі дүниеміздің иман жарығынсыз толық қалыптастыруымыз мүмкін емес. Біздің денеміз, яғни денсаулық байлығымыз сезім мүшелерінің қуаттылығымен, иманның жарығымен, ақыл, жын сарайлары мен әуретті жерлердің  мандық қуат тектерімен зейнеттелуімен тікелей байланысты болмақ. Сондықтан иман мен ұят егіз ұғым болып саналады. Иманның жеті сабақты қуатының да біздің бойымызбен қайратымызбен байланысты болатын және біз иманның алты қуаты арқылы өнерді меңгеріп, денелік зейнет киімімізді, көлеңкелерімізді қалыптастырып отырамыз. Шәкәрім атамыз; «Байлық жақсы екені, елге мәлім, Өзің істеп әдет қыл, келсе хәлің. Қолың білсе, біреуге жалынбайсың, Шыдамды бол, еріншек болма, жаным. Анық байлық-денеге біткен өнер, Білімдінің бәрі де соған төнер. Арам жиын мақтанған дәулет емес, Алдымызда бір күн бар есеп берер…Қол өнер-өзің өлсең –бірге өледі, Сонда –дағы қалғандар үйренеді. Сен кетсең де өнерің елде қалып, Талай жанға азық пен мал береді.»  деп бұл дүниеде меңгерген өнерің, өзіңмен бірге иман жолдасың болып бірге жүретін және кейінгіге де мирас азық болатынын ескертеді. «..Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан, Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан. Бойың жалдап қор болма, ойың жалда, Түк өнбес алты ай жүріп алған қойдан.Онан да өнер үйрен тек жүрсең де, Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де. Өнер білсең-он күнде жүзді аласың, Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де.» Бұл жерде 10 күн 10 түрлі оңдылық пен 100 қой ет-малдың саулығы болмақ. Ал 6 ай жүру; алты ауыздың бірлігін сақтау мен 10 саулықты іздеуді ескертеді. Біздің жер әлемімен байланыста жаратылыстық тұтастығымызды өнер, білім, еңбек арқылы тәндік, денелік  имандық қуаттарды жетілдіретін болсақ, ал рұқымызды және жанымызды жетілдіру үшін аспан денелерімен жалғануымыз  және құдайлық таза ақылмен, жаннат ұжмақтармен адамзаттың кісілігімен, жандарымен жалғану міндетті болмақ.

Сондықтан да  негізгі иман қуаттарының таза ақылмен байланысты сипаттары аспан денелерімен тікелей байланысты болып, мұны құран аяттарында да ашық ескерткен. Аятта; «Сол уақытта Юсып әкесіне: «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4) Таза ақылдық иман қуаттары негізгі 11 жұлдыз, күн, ай 13 түрлі жарықтық белгі арқылы адамзатпен жер бетінің барлық жаратылыс егелерінің өсуін, дамуын, тіршілігін қамтамасыз ететіні де хақ. Ауа райының Үркер жұлдызы арқылы 11 кезеңді аймен әсері жер бетінің өзгерісін табиғаттың түрленуін қалыптастыратын қазақ даналары ежелден есептеп үйренген, өмір тіршілігін де соған байланысты қалыптастыра да білген. Сол сияқты алғашқы мүшел 13 жаспен және 12 түрлі жануар арқылы адамның өмірі, тағдыры мүшелдермен бөлініп, бұл тектік қуаттармен жалғанудың да дәстүрі түркі халқында ежелден исламға дейінде ғұрпымыздың бір бөлшегі болғаны да сөзсіз. Өтеубойдақ атамыздың «Шипагерлік баянында»  адамның қай мезгілде туылуынан және оның оң, сол маңдай жұлдызды болуына байланысты тағдырындағы көптеген ерекшеліктердің қуат алмасуларының адам  денсаулығының жағдайына да әсерін баяндап өткен. Масһаб және ислам ғалымдары жұлдыз жорамалды және адамзаттың тура жолын табуына жұлдыздың тікелей әсерін жоққа шығарады.  Ал құран аятарында; «Ол, құрлық және теңіздің қараңғылығықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұздыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік.» (6-97) Жұлдыздардың адамзаттың тағдырына да ақирет өміріне де тікелей әсері барын, қазақтан артық білетін әлемде ел де жоқ шығар. Әрбір адамның тура жолын табуы да өз жұлдызының жанып, жаннаттық әулие-әмбилер, Алла достарының жұлдыздарымен жалғанумен тікелей байланысты екені де хақ. Құран аяттарында жаннаттық орындар деген ұғым бар. Ал жаннаттық орындарды аспан дүние мүлкінде жұлдыздарда болатынын; «Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғарғы орындарда (жұлдыз, айда) болады.» (34-6) Сонымен біздер деп аталған адамзаттың жандарының жарық жұлдыз болып аспан әлемінде рухани қараңғылықтардан жол көрсетіп, тозақтық қараңғылықтардан шығаратын шам болып тұратынын да білген жөн. Пайғамбарымыздың да имандық қуаттардың жұлдыздар арқылы келетіні және иманның адамдардың кісілігімен байланысты жаннат орындары болатынын да өсиет етіпті; «Пайғамбарымыздың қасында отырғанымызды, оған «Жұма» сүресі түсірілді. «олардың арасындағы басқалар оларға әлі қосылмаған..» деген аятқа жеткен кезде мен: «Олар кімдер, Уа Алланың елшісі,-деп сұрадым. Мен үш қайтара сұрағанымша ол жауап қатпады.  Арамызда Салман Әл-Фарси бар еді. Алла елшісі Салманға қолын қойды да; «Егер иман Сураййра жұлдызының қасында болса да мыналардан бір адамдар оған қол жеткізер еді!»-деді.» (1706 –шы өсиет) Ізгілікті, сабырлы даналықты меңгерген адам баласының иманы жанын өсіріп гүлдендіретін «Мен» атты жан жұлдызы арқылы осындай көктегі биік орындарда, жүректерінің жұлдыз болып жарқырап жанатыны да хақ. Ал бұл жұлдыз жарықтардың да 6 түрлі дәрежесі болып, сол сияқты біздермен қатар өмір сүріп жатқан көрінбейтін жұлдыз-кісіліктерде бары хақ. Ондай жаннаттық орындар жер анамен байланысты болып «Ойпат» деп аталып әулие–әмбилер бастарынан түнде шырақ жанып, жер бетінде де осындай жұлдыздардың көрінуіне де біз куә боламыз.

Сонымен біздерқандай иман қуатымен тағдырлық несібемен, қасиеттілікпен, таланттылықпен өмірге келгенімізбен,  дін сеніміміздің құлшылығын толық меңгермей, иман бақшасын өсіріп жанымызды көбейте алмаймыз, Меніміз арқылы құдайдың патшалығына ене де алмаймыз. Мұндай жағдайда исламдық соңғы дін ісінің пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен құлшылық амалдарының дұрыс орындалуының маңызы да зор екені хақ. Міне осы жағдайды пайдалана білген дін ғалымдары жалпы иманның сыртқы сипатын, белгілі бір қасиеттілігін ғана сақтауды өздерінің дін құлшылығына ғана бейімдеп алып, түрлі жалған сенімдерді ойлап табумен иманның негізгі қасиеттерін меңгеруге қарсылық жасап,  дін исламның бірлігін бөлшектеумен, өздерін тажалдық дін топтарына айналдыра білгені де хақ. Сондай топтың бірі қазақ масһаб дін ұстанымы екені сөзсіз. Ал мұндай жағдайға түсуге біздердің иман туралы қуаттардың сырын білмеуден және иман арқылы адамзаттың рухани бақшасын өсіру, осы жолда мал-қуат, күштерді сарып қылумен сараң болмай,  құрбандықтар шалып, ата-бабадан қалған жын және шайтаннан болатын жүктерді де тазартуға сапқа тұрумен ерекешеленетін сенімділікті, ұлттық нанымымыздың қазақтың дәстүрінің бұл тұрғыда әлемнің барлық діндерінің негізгі бұйрық үкімдерін орындаумен қалыптасқанын да білген жөн. Ислам дін ғалымдарының ең үлкен қателігі жындылық пен шайтандықты адамзаттан тыс болмыс деп қарастырудан пайда болды. Шынында жыннан кісілікті қалыптастырумен, ақыл-ойды сабырлық дәрежеде меңгеріп және сезімімізді, қанымызды шайтаннан тазарту арқылы күнәдан ақталып, рұқтың түрлі дарындылық қуаттарын  меңгеру міндетті болмақ. Ал рұқтық тұрғыда күнәден ақталудың, өлім сатысынан өтіп рухани  тазарудың баспен байланысты барлық іс-әрекеттерін Ғиса пайғамбарымыз ашық дәлелдермен емшілік істермен үлгісін қалап, Ахмет аталғаны да хақ. Ал енді шайтандық, жандық, сезімдік қуаттардан тазарумен бірге жындық қуаттарды кісілікке айналдырып, көркем мінез сабырлықпен иманның бақшасын өсірудің жетістігін Мұхаммед пайғамбарымыз аяқпен аяқтап, тазартушы Ахмет аталғаны да хақ. Сонымен құран аяттарындағы мал, жаныңмен соғысу  деген әр пенденің өзінің тағдырын, жеті ата шежіре ағашын түгелдеу барысында мал-жынды тазарту, нәпсімен жан арқылы  Алла жолындасоғысу болса, ал  иман қуатын, қасиеттілікті меңгеруде, рухани егін өсіріп аманат, уәделерді ақтаумен өз орнына тапсырумен байланысты екенін ашық аяттармен баяндап ескерткен. Құранның көмесі кітабы болып,  адамзаттың жан және рұқ білімінің көмес түрде  оқылуымен ғылым берілу болып, аян, уақимен көрсетілген амалдарын жорып, іске айналдыра білуді намаз орындау деп атағанын, тек осындай жол-жоба намаздарды жеке-жеке орындау арқылы ғана иманымызды тауып, рұқымызды оятып, өлім сатыларынан өткізіп барып, сенімділікті жетілдіру құшылығымен де айналысамыз.

Имандылық қуаты санмен ғана дәлелденуге тәуелді екені сөзсіз. Ал мұндай сандық дәрежемен байланысты ақылдың сапасын саналық деп атаймыз. Саналыққа жету үшін де әрбір адам баласының ішкі «МЕН»-і арқылы біздерге ақиқаттың белгісі болып жазылған 99 есімді қасиеттерді  шамамызға, мүмкіндігімізге  қарай меңгеруіміз шарт. Сондықтан мұндай дәлелдер, қасиеттер көзге түспейтін болғандықтан, адамдар өздерінің қандай қасиеттерге ие екенін ұғына алмайды. Бұл қасиеттерді меңгеруді «Алланы еске алу» деп атап, бірақ біздердің есіміздің өзі ақылдылық тұрғысында «Жетелік», «Саналық» болып екі сападан тұратынын, оған бұл есімдерді жазу арқылы ғана біз ақыл қуатын жетілдіре алатынымызды біле бермейміз. Ақылдың саналық, парасаттылық жетістігі сабырлық болып, ал сабырлықты меңгеру үшін де мұндай ерекше қасиеттілікті аятта; « Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді.» (41-34) Сонымен имандылықтың ең жоғарғы жетістігі жамандықты жолға салуға, тазартып ақталуға байланысты ем шипа және Алланың рахметіне жалғана білуге себепші болу екен. Бұл қазақ дәстүрінің дін ұстамының ата жолының да негізгі қағидасы екені де хақ… (жалғасы бар) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *