XIV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 64

  

   Қандайда бір жаратылыстың сырын ұғыну үшін де жаратылыстың негізін, құдайлық болмысты, ақиретік тылсымдық өмірді де түсіне білуіміз керек.Адам атамызды жаратып, атау сөздерді үйретіп, яғни рұқтан білім беріп, атамыздың жаратылыстың барлық қасиетеріне ат беріп шықаны баяндалады. Енді бұл аттардың негізгі тұрақты белгісі-кітабы атау сөздер болған 99-сипатты көркем есімдер болып, Раббымыздың ұлық есімі болып саналды.  Енді біздердіңде белгілі бір қасиетің сырын бейнелейтін аттармыздан да осы Раббымыздың есімдеріне жалғанумен белгілі бір есімдік сапаның атау сөздің пайда болатынын  білген жөн. Немесе бұрынғы өткен қасиетті ата-бабалармыздың атын меншіктеп, сондай қасиеттілікті меңгеруге де ырым қыламыз. Сондықтан да адам баласы туылғаннан кейін белгілі бір қасиеттермен, жаратылыстық қуаттармен, қозғалыстық нәрселермен байланысты  аттарды қоя білу парыз екенін әркім біледі. Енді біздердің аттарымыздың сапасы да артуымен яғни бұл дүниеде меңгерген қасиеттермен, ізгілікті амалдармен байланысты өлгеннен кейін біздің атымызға байланысты қалыптасқан иман жолдасымыздың  рұқтық кітаптарға жалғануы арқылы,  ақиретте белгілі бір көркем есімдермен жалғанып, өз орнымызды көктен алатынымыз да хақ. Сонымен әрбір адам баласын аты-көркем есімге айналуға соған қарай жаннатан өз сарайын салып, орын тебуге қабілетті болмақ. Адам аты белгілі бір ақпаратық «матрицаны» дененің сыр сипатын, құранның аяттарының жарықтық сапа бейнесін айқындап тұруы шарт. Сонымен әрбір адам баласы шамасына қарай рухани денесін қалыптастарып, құраның белгілі бір қасиеттердің көрнісі жарыққа, иман кітабына айналады. Жер бетінің барлық тіршілігінің қозғалыс қаракеті осындай имандық қуатқа, тағдарлық кітаптарға, ақыл-парасатқа айналғандар яғни жұлдыздар арқылы басқарылып оны «БІЗ» деп атаған құранда. Аятта; «Ішкен суларыңды көрдіңдер ме? (68) Оны бұлттан сендер жаударасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?(69) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше шүкір етпейсіңдер ме?(70) Жаққан отарыңды көрдің дер ме?(71) Оның ағашын сендер жаратыңдар ма? Немес Біз жараттық па?»(56-72)  

     Раббымыздың «Сендерді жер бетінің халифасы, орынбасар қылдым» деген аят үкімінің өзі осында. Адамзаттың ең жоғарғы дәрежелі имандылық қуатын меңгерумен  адам баласының ақыл-парасатылығы,  періштелігі де жұлдыздармен байланысты болып және жер бетінің барлық тіршілігі де осы жұлдыздардың әсерімен басқарылып жаратылады да. Сондықтанда Алла тағаланың барлық хикметтері де жұлдыздардан келіп; «Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін(75) Егер білсеңдер, ол, зор серт.(76) Шын мәнінде ол ардақты Құран.(77) Кітапта сақтаулы.(78) Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды (79) Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген(80) Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?(81) Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарсыңдар ма?» (56-82)  Сонымен иман келтіру дегеніміз жұлдыздармен жалғанып, аян, уахи алып құраннан кітабын оқумен және барлық ризық несібе де жұлдыздар арқылы келетінін ескертеді.  Ғылымға жүгінсек, адамзаттың тіршілігіне тікелей әсер беретін 88-жұлдыздардың барын дәлденген. Және құранға жүгінсек, негізгі 11-жұлдызға барлық жаратылыстың  қуаттарының сәзжделік қызметінің басты себепшісі болуын ескертеді. Аятта; «Сол уақытта Юсып әкесіне: «Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» (12-4) «Ол, құрлық және теңіздің қараңғылығықтарында сол арқылы жол табуларыңүшін жұздыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік.» (6-97) Сонымен адамзатың тіршілік өмірінде тура жолын табуы үшін және жанының құрлықта, тозақтарда, теңіздің қараңғылықтарында да жол табулары үшін 11-жұлдыздың ықпалында болатыны да хақ. Және бұл жұлдыздардың негізгі жарталысы адамзаттың жанымен, қанымен тікелей байланысты болып, әрбір пенденің әйел, еркек болсын қандарында 11-жұлдызшаның болатыны тақуалығы имандылығы осы жұлдызшалардың тазарып, жарық беруіне байланысты да екені хақ. Қазақ даналығында 11-санды жұмбақтың барын және 11-жұлдыздың әсері жер ана рұқымен тікелей байланысты болып, адамзаттың өмірінің, тіршілігінің, жақсы жаманды, иманды, күнәлі қылық істерінің осы 11-жұлдыздық өріс арқылы күнге де, айға да әсер беріп, жер бетінің ауа райына, жер өнімдеріне, табиғи апаттарға, соғыстарға, ұрпақтардың болшақ тағдырына яғни текті, тексіз, дертті болып келуіне де әсері бары хақ.

Жаратылыстану ғылымынан Әл-Фараби атамыздың пайымдауына сүйенсек; «Жаратушымыз өзін әлемге жария қылу үшін өз нұрынан екі сәуле шығарды, ол сәулелердің асты үсті бар еді…» деген ғұламалық ойы бар. Демек Алланың біздерге мәлім болуға тиісті екі сипаты Өзі болып және бұл сипатардың өз ара кездесу орны барын да білген жөн. Сондықтан дінде осындай екі негізге келіп жүйеленіп, үшінші жағдайда бір орында қайта тоғысуымен ғана толық бірлікте болмақ. Сондықтан да әлемге түсірілген барлық діндердің  тұрағы екі негізден болып, бірі; Ғиса пайғамбарымыздың рұқты меңгеруге, яғни басқа байланысты Ахметік тазартушы істерімен және жер ана рұқын меңгеру және бір тұтас жанды қалыптастыруға Мұхаммед пайғамбарымыздың аяқпен байланысты табанның ағарып, жер ана рухымен толық жалғану Ахметтік дәрежесімен нәтижеленетін болса, үшіншіден; бұл екі бастауды ортасымен, ұжданмен, жан ғылыммен толық жалғап, тура жолдың түркілік сипатын қалаған Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз болмақ. Сопылық ұстанымдағы жер рұқына байланысты даналықпен, көктен алатын ақыл-парасаттың бірлігінен данышпандықтың пайда болуына негіз болған; 11-санды таспихтың да сыры осындай жер бетіндегі қуаттарды 11-жұлдыздың әсерін толық меңгерумен ерекшеленбек.  Негізінде жер ананы Алла тағала даналықпен жаратып онан ақыл-парсатты бөліп алып, жарық жұлдызға айналдырып, оған кірер есікті ерекше сол жұлдыздардың да өзімен қорғап қойған. Сондықтанда даналық анамен байланысты, әйелдердің табаны жер жанатымен қуатымен жалғанса, ақыл парасатылық еркектердің басымен көкпен иман қуатын қабылдауға негізделген. Сондықтан да; «Алтын басты (даналық негізі) әйелден, бақыр басты еркек артық» деген аталарымыз. Олай болса, ақыл-парасатылықсыз жер бетіндегі даналықтың барлық түрі де түбінде адасуға апарып соқтырады. Сол сияқты даналықты меңгермей, және меңгерген білімді тазартпай иманды дәржелеуге, ақыл парасатқа жалғану да мүмкін емес. Дін әйелдерден басталып еркектермен аяқталуы да керек. Олай болса бұл екі бастаудың арасын жалғап тұратын да үшінші ақ бұлақ көздері болуы шарт емес пе? Онда жерден 11-санды қуаттарды және көкпен жалғанудың жер бетіндегі нұр жарық шығатын орындарды «Хаж-қамыт босату» (ақталу, тазару, жалғану) деп атаған. Осындай киелі орындар арқылы ғана иманың жарығы болған «Біздерге» құраннан  кітаптарға жалғана аламыз. Барлық  жаратушы тарапынан түсірлетін  хикметтердің, мұжизалардың  адам баласына ақирет өмірінің хақтығын білдіріп және имандылық қуттарын артырумен нәтижесін беретіні де хақ. Аятта; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір!» (6-35) Масһабшылардың киелі ойпаттарды аралап, әулиелерге құрбан шалып жер, көк рұқтарымен, ата баларымыздың иман кітаптарымен жалғануды «серік қосу» деген сөздерінің тажалдығын құранда осындай қаншама аяттар дәлдеп тұрғаны да хақ. Керісінше әулиелік дәрежедегі  жан серіктеріне жалғану арқылы қандайда бір тілектердің қабыл болуымен, құдайдан да жәрдем болатыны да хақ. Жалпы жер әлемнің барлық қозғалысы мен түрленуі, адамзаттың да рұқпен зейнетелуі, ақталуы да 11-санды жұдыздарға тәуелді екені де хақ.  Күннің тағдырлық қайталану жилігі де 11-жыл жер ананың тағдырына табиғаттың түрленуіне тікелей байланысты. Енді адамзатың қанындағы 11-жұлдызшаның рұқпен иман қуатымен ғана ағарып жетіліп жанның өсіп жетілуіне әсер ететін болса, әлемнің жаратылысында да бұл жағдай айқын бейнеленген. Жаның түсі Ақ болады. Олай болса жер бетінің барлық тіршілік әлемінің жаны Ай нұры болып әлемнің ішіндегі Ай әлемнің жаны болып табылмақ. Ал айдың жыл ішіндегі табиғатқа әсері 11-рет үркер жұлдызымен кездесуімен ерекшеленеді. Сондықтанда барлығы; 88+11= 99-санды жұлдыздардың адамзатқа тән қасиетілік көркем есімдерге Раббымыздың ұлықтық сипатына байланып тұрғаны да хақ. Бұл ұлық қуаттың көздерін яғни «Біз» атты жаратушы орынбасарын аятта; «Мұхаммед Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте.» (56-74)  деген үкімен «Біздер» болып аталған  өмірден өтіп аспандағы бақылаушы жарық жұлдыз болып тұрған пайғамбарларға, даналарға, әулие-әмилерге, елшілерге құран оқып аттарын атауды, Раббымызды дәріптеу болып саналуы да хақ. Масаһбшы, діншілердің; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етеп, еркетерді ғана елші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен (өлілерден, жұлдыздардан) сұраңдар» (16-43) дегени аятты өздеріне бұрып алып, біздерден ғана сұраңдар деп өздерің құдайдың елшісі етіп әлемді «экстимизмге», надандыққа соқтырғаны да хақ. Оған қазақ зиялы қауымен, ел билігі де үлкен жәрдем бергені де сөзсіз. Алда бұл тақырыпқа жұлдыздың есебіне қайта тоқталармыз.

   Енді дінде түп негізді яғни  Алла- ұғымын ғайып, барлық жаратылыстың егесі деп түсіндіргенмен аятта; «Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де оларды Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар ғазапты (азапты) көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тән екенін, шын мәнінде Алланың қатты азап иесі екенін. Білсе еді.» (2-165)  Олай болса Алланың біздерге мәлім болған қуаттарының сипатына біздер есім беріп қойғанымыз да хақ. Раббымыз, Құдай, Тәңір, Алла тағала деп атаймыз, бірақ оның ішкі сырына көп мән бермейміз. Негізінде бастапқы нұрды және онан кейін тұрақтау орын нұрдың сипатын біз Рабб яғни Құдай деп атаймыз. Құдай, Раббымыз барлық жаратылыстың ішінде жерде, көкте қозғалыстың басы болады. «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген дана қазақ. Рабб-Құдай сары түсті от негізін бейнелеп, Мұса пайғамбарымыздың ағаштың түбінде жерден шыққан нұр арқылы Раббымызбен яғни Құдаймен тікелей сөйлескен. Қанадайда бір хабардың осы нұр арқылы атқарылатын және иманды өсіріп,көбейтуге де «он саулық» нұрдың зейнеті керегінде білу керек. Демек Мұса пайғамбардан кейін адамзаттың нұрмен кездесуі тоқтады деген де ақымақтық. Барлық пайғамбарлар да, әулиелерде иманның шамасына қарай нұр арқылы Раббымызбен сөйлескені де хақ. Исламның жалбарыну құлшылығы, намаздарының да маңыздылығы да осы бастапқы нұрмен кезедесу екені де сөзсіз. Бірақ бұл нұрда Раббымыздың,Құдайдың сипатында қарсылық қуаттардың болмайтыны да хақ. Ал қандайда бір жаратылыста қарсылық қуатарынсыз тіршілікте қозғалыста болмайды. Олай болса бұл қарсылық қуаттарды Алланың мүлкі болғандақтан біз атау беруіміз керек емес пе? Сонымен қарсылық, қозғалыстық жаратылыстық барлық себепші қуаттардың негізін Тәңір деп атаймыз. Сондықтан Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп араға шырақ нұрды,пайғамбарды салып қана тәңірімізге табынамыз.

     Сонымен бірге тек жақсылықпен ғана байланысты тіршілігіміздің яғни иман, нұрмен зейнетелу меңгерумен ғана байланысты емес, қара қуаттарды да тазартып, меңгерумен жарықтық қуаттарға айналдырумен, имандық нұрмен дәрежелеп көбейтуменде біздің өміріміз мәнді болмақ. Сондықтан да жалпы тозақтық қуаттардың да Аллаға тән болып саналатынын яғни баураушы дене мүшелері болып келетінін де ескертеді.Және  барлық нәрсенің ішкі сырында құдайлық негіз, мендік жаратушының-«ӨЗІ» сипаты болса, ал сыртқы жарықтық, киімдік зейнетік және мейлі қара қуаттар болсын, Алланың баураушы сипаты (денелік) тәндік белгісінен болып саналады. Бастапқы екі сәуленің бірі ғылым, бірі құдіреті болып, бірақ Алланың ғылымында да құдіретінде де біздер үшін айырмашылық болмайды. Құдіретін Тәңірлік сипаты деп, бұған барлық қуаттардың бірлігі енетін болса, ал Алланың ғылымын, жолын енді біз Алла тағала деп атаймыз да құранмен байланысты да енген ұғым екенін көбіміз аңғармаймыз.  Аятта; «Дегенмен қарсы болғандар өтіріксінуде (19)Алла, оларды сырттай орап алған. (20) Әрине ол, ұлы Құран.(21) Лаухы Махфузда сақтаулы.» (85-22) Жалпы бүкіл әлем құраның жеті үнінен яғни жеті күннен Алла тағаламен жаратылғаны да хақ. Енді біздер үшін құранның әрекетінсіз, қатынасынсыз ешқандай жаратылыс егесі жоқ. Сондықтан да құранның негізгі бейнесі жеті үннен періштелік жаратылысқа, кітапқа  айналып; Лаухы Махфуз дегеніміз біздердің Иық; Қол, Білек періштелігі болып бейнелетін білген жөн. Және осы белгі арқлы біздер көкке жұлдыздарға жалғана аламыз. Мұны қазақтың даналығында «Аруақ» деп атап, жеті белгімен, қызыл түспен байланысты деп түсінген жөн. Аруақ біздер арқылы барлық жараталыс себептерімен, қарсылықтардан пайда болатын тектілік қуаттарды меңгеру арқылы кітап денеміздің және онан бөлініп шығатын рухани бақшамыз, иман серігіміз, аруағымыз болып бейнеленеді. «Аруақ Қолда» деп айтудың өзінде біз бейнеленген құранды, қуаттылық қозғалыс кітабын еске алуымызбен бірдей. Олай болса біздің зейнетік өрістік қабымыз, денеміз, ар сауытымыз Құранның бейнесі және Алла тағаланың сегіз сипатының құран арқылы жарыққа айналып бейнеленуі де болып саналады.  Ібілістің әскеріне, шайтанаға айналған әйелзатарымен, еркектердің де қолын жалаңаштап жүруі де осындай құранға қарсылық қуатқа жалғануға, жанын өлтіріп, ақылын аздыруға, ар сауытын жоғалтқан арсыздыққа негізделген.

   Сонымен адамзатқа тән негізгі қасиеттер 99-санды белгімен, адам баласының саналық өрісін қорғап тұратын жарықтың қуаты болып табылады. Мұндай саналы адам баласының жарық бақшасын  қазақ даналығында; Ар-намыс, адамның бойын қорғаушы ар сауыты деп атаған. Ар сауытының негізін аятта; «Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем аса дана.» (59-24) (83) Адамзатың қасиетілікті меңгерумен ғана жандары жетіліп, иман бақшасының өнімі, рухани егіні өз жемісін беріп, бұл өнімдердің белгілі бір өсірген адамның атымен байланысты болып, тұрақты қуаттар жүйесінен өз орнын да алуы сөзсіз. көркем есімдерге айналып, Алланың сыйына, жаннат сарайларының біріне айналады. Қазақ әулиелері, даналары Алланың жарықтық жаратушы сипатын, құдіретті қуатын  «ЖАР» деп атаған. Ал жарға ғашықтық арқылы, жармен байланыста тұрып, тұтас болуды сопылық насихаттарда астарлы баяндайды. Жар-деген Алланың «Бар»,Рабб, Құдайлық сипаты болып, бізге ашық мәлім көріне алатын «Өзін» айтамыз.  Құдайлық ұғымды кейбір ғибратты әңгімелерде сүттің ішіндегі маймен салыстырады. Олай болса сүттің сүт болып түзілуі де, майдың әрекетінен болатыны және жуық арда дәлелденген «Бизон хипса» деген атомның өте майда бөлшектерінің ішіндегі 13-ші элеметтің барын және оның барлық элеметтерді ұстап тұрушы басқарушысы да болатыны да дәлелденгені сөзсіз. Әрбір адам баласында бастапқы нұрдан, жаратушымыздың сипаты «МЕН» негізінің біздің жүйке, сезім жүйемізді басқарушы болып табылатыны да хақ. Сонымен бірге жаратушы иеміздің бұл бейнелеуші нұры, барлық жаратылыс егелерінде; 1.қозғалыстық, 2.қорғаныстық, 3. қоректенушілік, 4.ретеушілік, 5.басқарушылық сипатарында болып, бұл қуаттардың барлық белгісі адамзаттың тәндік ағзасынан және сыртқы зейнетік денелік бойынан табылатыны да  сөзсіз. Біздер өзіміздегі тәніміздегі, ағзалардағы қарама-қарсылық күнәлік белгілерді жағып, тазартып пайдалы күшке,тегімізге айналдыру үшін де, ақыл-парасатқа имандылық таза қуатқа жалғануға, жаратушының белгілерін көбейтіп, дәрежелеп өсірумен кісілігіміз бен жанымызда түрлі қасиеттерді меңгерумен ғана сыйға «он саулық» нұрды алып, мұнан біздің денелік болмысымызда, бақшамызда жаратушымызға ұқсастық пайда болып, жаннатық тұрғынға айналуымен, немесе оның орнына керісінше қара қуаттармен жүктеліп, тозақтық сипатқа түсумен құраның қарсылық кітабына бейнеленіп, шектелеміз.

    Жаратылыстың заңдылығында ешқандайда да бостық болмайды. Шәкірім атамыз адамзаттың жанының түп негізі жаратушы, бейнелеуші қуаттардың сипаты Ол Алла- Жар болып, адамзатың құлшылығының  имандылық қуаттарының меңгерудің нәтижесі де, жар нұрмен белгілерін алып, жалғанудан тұратынын насихатап өтіпті; «Кетпестей сәуле бар Ойымда нұрыңнан, Ол неге жоғалар, Айрылман мұнымнан. Қарақатай көзіңмен қызықтырып, Ұстадың жанымды Тұзақ қып тұлымнан. Қадала қарайды Үңіліп маған жар. Жүректен тарайды Сондықтан мұңлы зар. Жүзін көрмей тұрғанда, Өлсем нетті, Енді жоқ жанымда Жанбауға ықтияр…» Әрбір пенденің жаратылысында, жанында жар нұрының белгісі болып, адамзатың жанының тазаруыда осы нұрға ғашықтықтан және киелі жаратылыс белгісіне жалғанудан пайда болуы сөзсіз. «Нұрыңнан нұр алып Аспанда жарық ай, Келеді қозғалып, Жақындап бері қарай. Аямадық өлер деп Мен ғарыпты, Мейрімсіз сәулем –ау, Сырыңды айт бұл қалай?…» Бастапқы жар нұрынан қуат алған 11-жұлдыздың әсерінен айдың толып, жер бетіндегі барлық жанды жаратылысқа ерікті және еріксіз түрде қозғалуға, өсіп-өнуге, түрленуге өз әсерін  беретінін де білген жөн. Сонымен бірге ай нұрынсыз жер бетіндегі тіршіліктің табиғаттың түрлену  қозғалысымен жаратылыстың мезгілдік өсіп-өнуі де болмайды. «..Кірпігің тізіліп, Миыма қадалар, Нұр көзің сүзіліп, Ойыма от салар. Сиқың жүзің Ақылды байлап алып, Тор шашың шырмалып, Басымды ноқталар. Сүйем деп бір рет Келді жан ерінге, Сезіп тұр қасиет Аузыңнан тегінде. Пәрменіңді айт, Шықсын ба, не қайтсын ба, Жолыңа құрбан боп, Шыдап тұр өлімге…»  Жаратушы иеміздің нұры жұлдыздарға аспан денелеріне түсіп, онан сансыз сәуле-кірпіктердің жер бетінен жартылыс әлемініне таралып, адамзаттың ойлау қасиетіне әсер беретінін және жұлдыздар, планетелар,  арқылы бейнеленген кісіліктердің де адамзатың жанымен байланыста тұратынын білдіреді.

    « Күн батып жоғалды Нұрыңнан ұялып, Жұлдыз бен Ай қалды Сәулеңнен нәр алып. Жетіқарақшы айналып Сені іздеп жүр. Бәрі де сені ойлап, Мас болып сандалып. Үркер мен Таразы Шашылды шашуға. Шолпан да қарады Мауқын бір басуға. Темірқазық арқандап Қосбозатын, Жаратып ойы бар Тойыңа қосуға. Таң аттты бозарып, Жоғалды жұлдыз, Ай, Шыдысын о не ғып, Есі ауып жығылмай. Тойға келген таң желі сыбырласып, Сызылтып ән салып, Шырқады бозторғай. Жүзіңді көргелі Күн шықты қайтадан, Бір көріп өлгелі Ұмтылды бері таман. Бұлт перде бүркеніп сығалап жүр, Көз жасы- жаңбыр ғой, Асық боп жылаған. Гүл билеп жайқалып, Бұлбұлдар сайраған. Жорға су тайпалып, Бұраңдар жайнаған. Жел мен бұлт-дуана, Дүрілдеп, күрілдеп, От-қанжар қайраған. Бұл әлем ойланған Асық боп сен үшін. Шашыңа байланған Дертінің емі үшін. Ұят, ынсап бар ма екен, Ойлап, менде, Жаралдың деп білем, Сәулем –ау мен үшін…»  Жер әлеміндегі табиғаттың, жан –жануар әлемінің де қозғалысы, қаракеті бүкіл жаратылыстың ойлы әлемімен, аспан денелермен жардың сәулесімен басқарылып тұратыны және адамзатқа керекті барлық иман қуаттарыныңда жаратылыс әлемімен және аспан денелерімен тығыз байланысты болып, ем- шипа, рахметініңде жаратылыс әлемімен тұтастықтан пайда болатынын ескертеді. «Ақыл-ес сұрама Дуана сорлыңнан, Менде ақыл тұра ма, Байқасаң, порымнан. Жаным, тәнім еркіңде Не қылсаң да, Өзіңсің аямай Әурелеп қор қылған. Көңілде сәулемсің, Көзімдегі, нұрым-ау. Өмір бойы өртеніп жүргенімше, Не өлтір, не тірілт, Осы шын сырым-ау!» Сонымен Алланың жүзі деген «Жар»-лық сипаттағы жаратушы, бейнелеуші сипаты болып, 99-көркем есімдермен байланысты жұлдыздар әлемі және негізгі жардың нұры «Бір» болып табылады. Сонымен бірге жер көк және аралық жаратылыстық әлем болып, бұл үш әлемде де осы жұлдыздардың кіші бейнелері мен оның 6-түрлі сапасы болып 6х3=18 мың ғаламды құрайтынында білген жөн. Сонымен Алланың жүзі болып, адамзаттың тіршілік өмірін қалыптастыратын 2-дүниенің да амалының орындалуына байланысты берілетін жарлық нығмет болып; 1. Адамның жасы; 2. Қасиетілік жағдайы; 3. Ұрпақтық өнім беруі; 4. Таңдаған жолы; 5.Кәсібі, өнері; 6.Шежіресі, ата баба тарихына жалғануы; 7. Аманатының орындалуына байланысты қалыптасады.  Бұл жерде алғашқы алтауының жәйін түсіндермесе де болады, ал аманаттың сырына тоқтала кетейік. Негізінде 9-аманат бар ер адам баласына. Аманат деген адамзаттың тіршілігіндегі әрекетеріне байланысты іштегі «МЕН»- жарық шырағының адам баласының айнасы болып, сырттағы бой жарық денемен бірге бөлініп шығуын, яғни иман жолдасының, серігінің, періштелік, кісілігінің  физикалық, метефизикалық тұрғыдағы көлеңкесінің қалыптасып бейнелумен байланысты болмақ. Мұны аятта; «Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді, көлеңкеге бір дәлел қылдық (45) Сосын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық.» (25-46) Адамзатың әлемдік қуаттардың жүйесіне жалғанып меңгеруіне байланысты сыртқы өрісін қалыптастыратын 7-күн «чакраның» осы көлеңкелермен тығыз байланыста болатында ескертеді. Бұл жерде; «Сосын күнді, көлеңкеге бір дәлел қылдық..» сөзіне мұқият зер салсаңыз, біздің аспан әлемін жарық қылып тұратын күніміздің қалай қозғалғаны, биіктігіне керісінше көлеңкенің ұзаруы, қысқаруы, жоғалуы яғни «Көлеңке күннің қозғалысына»  дәлел болады. Ал мына жағдайда керісінше көлеңкенің шамасы жарықтығы күнің қуатық жарықтық жағдайына  әсер береді.  Бұл көлеңкенің де тұрақты төменгі саны алты болып; «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді» деп адамзатың несібесіне осы көлеңкелердің жарық, қараңғылық сипаттары тікелей «оптика» әйнек түрінде қызмет ететінін аяттың саны да ескертіп тұрғаны хақ. Ал негізінде  күндердің саны адам өрісінде 7-еу болып, сыртқы өріспен барлық ішкі ағзалардың жағдайына да дәлел болады. Мұндай аманаттардың ер азаматтардың тіршілік барысындағы  қуаттық алмасуын, қасиеттерді меңгерудің  жилігін қарастырсақ; Жас балалар періштелерде: 2-бейне көлеңке; Боз балаларда: 4-бейне көлеңке, Ересектерде 9-бейне көлеңкесі болуы шарт. Бұл ер пенделерге тән қайратылық, талап және жын қуатымен кісілікпен байланысты болады. Ал әйелдерде жандық сапаның қалыптасуымен  Нәсілдік сипаты сақтауға байланысты; 1.ұлттық ізгілікті меңгеру ;2. Ілтипатты болу; 3. Ой-сана ашылуы; 4.Ұрпақ сүю; 5. Ұрпақты жетілдіру; 6.Аналық борышын ақтау;  7. Аманаттарды орындау болып көрнісін табады. Қандайда бір аманаттардың «Менді» сақтаумен оны өсіп өндірумен байланысты болып , ал «МЕН»-дегеніміз жүректік, ізгілікті сезімдік, көкіректегі ұждандық қуаттардың жүйесін басқарушы, қалыптастырушы құдайлық нұрдан, жардан белгі болмақ…(

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *