XVIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 53

Бүкіл әлемді билеуші-пәни дүниенің барлық жаратылыстық нәрселерін қозғалып түрленуге, өсіп-өнуге немесе бір жағдайдан келесі жағдайға өлім, туылу, қартаю сияқты себептерін өзара келісіммен жан-жақты қарым-қатынастарға, табиғи реттілікпен өзара ынтымақтастыққа сай етіп жаратқандықтан, олардың барлығы да басты мақсат үшін қаракет ететіндей, бір заттай тұтастықта болып көрінеді. Мұны біз бүтіндік, бір тектілік деп атаймыз. Адамзатты осы жаратылыстың негізгі себепшісі, тұтынушысы ретінде жер бетінде жаратушы иеміздің орынбасары, яғни жалпы әлемдік тұтастықта да халифа басқарушысы, Алла тағаланың ұқсасы болуға тырысу үшін жаратқан. Ал біздер қандай істі бастасақ та;«Бисмиллаһи рахаман, рахим» деп айтуымыз керек. Яғни біз Алла тағаланың рахман және рахим сипаттарына ұқсауға тырысумен, қандай да бір әрекетімізді ізгілікке, игілікке, әділетілікке негіздеуге тырысуымыз да шартты болмақ. Ол үшін де біз бойымызда рахымшылдық пен даналық қасиеттерімізді дамыту, қалыптастыру әдістерін меңгеруіміз керек. Сондықтан қандайда бір жер бетіндегі тіршілік әрекеттерімізді амалға, іске айналдыруға қажетті қуат, күш жұмсаудың маңызы  ақылға келіп тірелетіні де сөзсіз. Олай болса ақыл туралы білімді меңгеруіміз және ақылдық қуаттардың қандай жағдайда жоғалып, қандай жағдайда да өсіп–өніп көбейе алатынын және оны ізгілікті, игілікті әрекеттерді меңгеруге біздерден бұрынғы өмір сүрген ата-бабаларымыздың тәжірибесімен қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтардың көзқарасын көрсеткен білімді, яғни айқындалған бір текті көзқарасты дін шариғатымызды меңгеруміз де міндетті болмақ. Сонымен бірге әр заманның қуаттардың қозғалысының  жаңадан сапаларының пайда болып түрленуімен адамзаттың бұл қозғалыстық қуаттарды меңгеруде білімі де жетіліп отыруына қарай, өмірге деген көзқарастары да өзгеріп, түрленіп отыруы керек. Ал мұндай ақпараттардың қорын діннің көмегімен, меңгерген білімді ақылымызға таза ойдың қуатын, парасатын алумен яғни Раббымыздың тарапынан берілетін аян, уахиларды оқушы, елшілік істерін жалғастырушы дарынды құлдары арқылы жетілдіріп отыру да міндетті екені сөзсіз.

Осындай айқын болған көзқарастардың білімін, шариғатымыздың сан алуан сырларын меңгеруді дін білімі десек, ал біздердің бүгінгі дін саясатында масһаб деп атап және бұндай білімге және осы білімді қалыптастырушы әулиелердің тәжірибесіне сүйенген ақылдың біздердің сенімімізді қалыптастыруға себепші болатыны да сөзсіз. Сонымен біз масһабтық білім арқылы діннің мән мағынасын білдірумен бірге әділетті, ізгілікті, игілікті қоғам құру үшін мұндай білімді амалға, әрекетке айналдырған абзал деп түсіндіреміз. Және біз бұл білімге сеніп және көптеген ізгілікті амалдарын орындау арқылы яғни бағзы замандағы осындай істермен әулиелікке жеткен кісілердің істеріне еліктеп, ғибраттанып табыну арқылы белгілі бір жақсылықтарға жетуіміз де сөзсіз. Бірақ біздер тек сенімділік білімімен намаздарымен шектеліп алып, ақиреттің жағдайын, сырын, кітабын көрмей ақиқатты анықтауға шарасызбыз. Себебі сенім бізге ақыл, білімнен жарық қорған киім болып, біздің ішкі дүниемізге сырттан әрекет етуге, қара күштердің ықпалына түсіп кетуден сақтандырып, белгіленген салтпен жүруді қалыптастырғанмен, дін жолында жоғарғы дәрежелі жетістіктерге жетіп даналықтың үлгісін қалыптастырған Алланың ерекше құлдары болған пайғамбарлар мен әулие-әмбилердің бізге қалдырған ақиқатқа жету үлгілеріне, көмес кітаптарына яғни аруақтарына жалғанып меңгере алмаймыз да.  Ал ақиқат дегеніміз әр адамның меңгерген білім-сенімі арқылы өзіне тән табиғи қасиеттерін меңгерумен ғана көз жеткізген өмір шындықтары яғни тектеріне жалғанумен меңгерген  танымы болып табылады. Мұндай дәрежеде қалыптасатын біртектілік қасиеттердің жиынтығы болып табылмайды. Тектілік дегеніміз  таза ақылмен, парасатылықпен байланыста тұрумен ақиқатты анықтауға қабілеттілігімен белгілі болады. Ал қасиеттер болса пайда болуға және үнемі жетіліп жаңарып тұруға тән құбылыстағы қуаттар болып, белгілі сапалық тұрғыда табиғи және замандық өзгерістерден уақытқа тәуелді қасиеттер болып көрінісін береді. Сенімділік тұрғысында біздерге тағдырмен берілген табиғи қасиеттерімізді меңгерумен бірге, замандық уақиғаларға қарай бейімделген сыртқы ортадағы қасиеттерді жүктеліп аламыз, тазартамыз, сондай қуаттар арқылы табиғи қасиеттерімізді жетілдіріп өркендетеміз.  Енді біздер өзіміздің табиғи қасиеттерімізді тану үшін ата-бабамыздың шежірелік дін дәстүрін меңгеру арқылы және өмір сүрген ортаның барлық қозғалыс себептерімен жалғанумен, ата-бабаларымыздың меңгерген өмір шындықтарын қабылдаумен, оны әрі қарай заман білімімен, қозғалыс қуаттарының әрекетімен жетілдіре білумен ғана өзімізге қажетті өмір шындығымызды, ақиқатымызды танып біле аламыз.

Олай болса адамзатқа ұлтына, үмметтік ерекшелігіне, діндік ұстанымына байланысты екі жолы болып, осы екі жолды меңгеру арқылы біз діннің негізгі тура жолын табады екенбіз. Бірінші жолды сенімнің жолы –Дін ісі шариғатымыз болып, масһабты жол деп атаудың да бір ұғымы осындай жағдайда пайда болады. Бірақ бұл жер бетіндегі тіршілікке, өмір сүруіміздің адамгершілік тұрғысындағы қасиеттіліктерміздің біртектілігін қалыптастыруға негізделгенмен тура жол болып табылмайды. Себебі шариғат арқылы ақиқатты айқындау мүмкін емес. Ақиқат бүтіндікті меңгерумен ғана айқындалмақ. Ал бүтіндікті аталарымыз; «Екі жарты бір бүтін» деп атаған. Олай болса жаратушы иеміздің «Барлық жаратылысты жұбымен, парымен жараттым» деген негізді де теріске алуға болмайды. Сонымен адамзаттың ең жоғарғы дәрежелі сенімділік жолы ислам дінімен бекіп, мұны Мұхаммед пайғамбарымыздың сүнеттерімен байланысты болғандықтан пайғамбарымызды; Әмин-Сенімді деп атағанда да осындай ұғым бар. Аятта; «Оған екі көз жаратпадық па?(8( Әрі бір тіл екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады (11) Кедергінің не екенін қайда білесің?» (90-12) Сонымен адам баласына екі жолды көрсетіп, Сенім және иманның жолынмеңгеру арқылы түрлі кедергі сынақтардан өтумен ғана тура жолға жалғана аламыз. Пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады. Бірі діл білімі, бірі тіл білімі» деген өсиетін Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан» деп осы екі білімнің сөзбен байланысты екенін; Тіл білімі-кәлимамен, сенімділік білім болса; Діл білімі-жүрек-иманмен байланысты екені де хақ. Және қандайда бір ғылымның тармақтары және онан пайда болған білім ақыл-ой қуатын да өсірумен адамзаттың сенім қуатын арттыруға себеп болады. Сондықтан да сенімнің жолын да, тек шариғатпен немесе масһаб білімімен, дін ісінің тәпсірлерімен шектеп қойсақ, онда қалай жол болып аталады?

Сенімділік қуат біздің дүние тіршілігіміздің барлық саласын, соған байланысты тұтыну нәрселерінің адамзатқа пайда зиян шектері туралы білімді де қамтып отыруы керек. Аятта; «..Мұхаммед сондай дінді өтіріксігенді көрдің бе?(1)..Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш!(4)…Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады.»(107-7) Дін тек намаз оқып жаратқанға жалбарыну ғана емес, адамзаттың барлық тіршілігі мен білім тұрғысында өркениеттілікті, өсіп-өнуді яғни пайдалалы іс-әрекет амалдардың бәрін меңгеруді қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге біздің барлық ақпараттық, қуаттық өрістерді, ағыстарды қасиеттілік сапасына айналдырумен жаратылыспен, бүкіл әлеммен тұтастықта болуды қамтамасыз етуді жолдар немесе тура жол деп атаймыз. Қазақ даналығында; «Тоғыз жолдың торабы», «Үйірімен үш тоғыз» деген ұғымдар бар. Олай болса көкте жеті жол, өзімізде екі жолдың бары да хақ. Біздің өзіміздегі өміріміздегі жолдарымыз  иман тұрғысында тағдырлық жұлдызымызбен, ал сенім тұрғысында сана қуатымен, бой өрісімен байланысты болмақ. Сенім мен иманың бірлігінен сенімнің жоғарғы нәтижесі сана қуатының пайда болатынын да естен шығармаған жөн. Сана адам баласының ұғыну қасиетінің, қасиеттерді меңгерудің жоғарғы дәржесі болса, иман қуатын меңгерудің нәтижесі «Мен»-дігіміздің жетістігін меңгерумен Ар сауытын қалыптастырады. Ал Ар сауыты өрісі Алла тағаланың құдіретті 8 сипатының  адамзаттың бойында бейнеленуі болмақ. Ол үшін де діннің тарихат, мағрипат сатыларынан да өтумен, ақиқатты танумен ғана біртектілікті, арлылықты –Ақ сауытымызды, яғни сананың да киімін кемелдік денемізді қалыптастыра аламыз. Ал мұндай жағдайда  дін ісі болып бекіген шариғат айқын болған көзқарастар білімі болып саналуы керек. Сенім қуаты және білімі де шариғатпен тұрақтап қалмайды және шексіздікке негізделгені де хақ. Себебі біздер енді 100, 1000 жыл өткеннен кейін қандай заманның болатынын және адамзат білімінің қандай дәрежеге жететінін де болжай алмаймыз да, рұқтың сипаттары да, қозғалыстық түрленуі де өзгерумен, қуаттылығы да арта беретіні хақ. Мұндай жағдайда құран аяттарының жаңадан құпия сырлары, ғылымы ашылары да сөзсіз. Сондықтан да пайғамбарымыз; «Әрбір 100 жылда сөз ұғымдары өзгеріске түсіп отырады» деп ескерткен. Ал қазақ даналығында; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген астарлы ұғыммен сенім білімін әрбір елу жыл сайын қайта қарастырып, ал жүз жылда мүлде өзгерістерге түсетінін ескертіпті. Себебі ЕЛ-бірлік, отан болып пайымдалады. Ал ЕЛ-иман қуатымен, даналықпен байланысты болса; Отан-парасат қуат-күшімен рухани әке иемізбен байланысты болмақ. Әрбір үмметің өзіндік ерекшелігі Елдігі болып, бұл қуаттың бейнесі әйелдер қауымымен байланысты болып, ізгілік пен игіліктің әрбір халықтың жан дүниесінде бұрыннан орнығып, ділдік тектіліктің негізін құрап, адамгершілік қасиеттерге жол ашуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен елдік тегіміз арқылы имандылықтың негізі жан дүниемізде және Мендік болмысымыздың қызметші қуаты болса, ал парасаттылық тегімізді сенімділікті меңгеру арқылы ақылымызға ой қуатын, яғни Құдайлық идея–нұр түрінде жүктеліп алуға жол ашады. Бірақ сенімділікті жындық қуаттарымызды тазартып қана меңгеруге тәуелді болып, жанмен бірге тағдырлық болып берілетін талаптылық қуатпен түрлі қасиеттіліктерді меңгерумен байланысты болып табылады. Сондықтан жын 72-санды белгіден қуаттылық қасиеттіліктен тұратынын да білген жөн. Енді мұның ішкі сырына жүгінсек; Ақылдың 6-белгісі болып; 1.Сезімдік ақыл; 2.Сезімнің аңғарымпаздығы;3.Қаракеттік ақыл;4.Қаракеттік ақылдың талаптылығы, таланттылығы; 5. Сезімдік ақылдың естілігі;6. Қаракеттік ақылдың естілігі деп жіктеуге болады. Адамзат жаратылысы жануар болғандықтан, енді осы ақылдың белгілерін 12 сипаты жыл қайырудағы жануарлар, құс, жәндіктермен байланысты жындық тұрғыда бейнеленген қозғалыстық, қуаттылық негіздері болып табылады. Ал енді әлемдік қозғалыстық, өрістік тұрғыда бейнеленетін жындық қозғалыстық бейнелерге көбейтсек; (6х12=72) жындық қуаттардың тегін аламыз. Барлық қозғалыстың тегі Уақыт болып; Тәуліктегі 24 сағат ішінде әбір 20 минут сайын жындық қуаттардың алмасуы болып, тәулігіне 72 рет қайталануы да болмақ. Сол сияқты төменгі жиіліктегі сезімдік қуаттармен бірленуін яғни сағаттың ішінде де 0,83333..секунд сайын алмасу (биоритм) болып, жүрек соғысының жиілігінен де жындық қуаттың шамасын,  кісіліктің тазалық шамасын да анықтауға  болатыны да сөзсіз. Жалпы еркектік гормон үні болған жын қуатының адамзаттың 8 түрлі ағзасымен байланысты орындары болып; 1.Ми;  2.Құлақ; 3.Көз; 4.Ауыз; 5.Асқазан; 6.Алақан; 7.Бүйрек;  8.Табан тазалықтарымен байланысты кісіліктің бой жарығы түрінде қалыптасатыны да сөзсіз. Бір ғана мидың жағдайында жын қуатын қарастырсақ; әйелдердің жалаңабас жүруінен, шашын қиюынан еркектік гормондардың артуымен, әйелдік қасиеті жоғалып, ойлау қабілеті де тұрпайылана бастайды, ал ер азаматтарда керісінше әйелдік сезімталдық гормондардың үлесі азайуы да сананың жабылуымен нәтижелетіні де сөзсіз. Жалпы осы ағзалардың ақпараттық, өрістік қабылдау жиілігімен байланысты 8 түрлі жындық қуат болады және  72:8=9 денелік тұрғыдағы кісілікті немесе бұзықтықтың да сипаты болатынын осындай қарапайым есеппен де аңғаруға болады. Пайғамбарымыздың; «Болашақта  дінде 72 топқа бөлінеді,  73-ші топтан бастап тура жолын табады» деген өсиетінде де осындай ғылымдық маңыздың бары да хақ. Сондықтан сенім деген жындық қуаттарды тазарту амалын орындамаған жағдайда шайтанның азғыруына оңай түсіп, түрлі  қылықтарға, білімге жүгінумен, құранның аяттарын бұрмалауға, дінді теріске алуға байланысты  түрлі «экстремистік» пиғылдармен айналысып кетуге де соқтырады. Жалпы біз қандай жағдайда да жындық болмысымыздың, қылығымыздың (эмоциональность) арқылы әйтеуір бір сенімнің жолын таңдаймыз. Ел билігінің; «Діннен бөлекпіз» деген заңдарының өзінде өздерінің меңгеген білімдеріне, ақылдарына, жинаған байлық қазынасына сену арқылы ойдан шығарған заңдарының құдіреттілігі арқылы баққытты мемлекет құрамыз деп сенеді. Яғни өздерінің сенімдері арқасында қалыптастарған жалған діндері  арқылы заңға шоқынады.

Сол сияқты қазақ елінде әртүрлі партиялардың пайда болуы да бұл да сеніммен, жындылықпен тікелей байланысты түрлі әдістермен заңға сүйене отырып, бақытты мемлекет құру немесе өздері қалайда ортақ қазынаның үлестірушісі болуға, тақ, дәрежеге құмарлық талаптылығы деп түсінген де дұрыс. Ал ныпсыңдағы «Ов мен Ев, Еваны» алып тастап әкенің, атаның есімдерін атқа-жындық болмысқа айналдырып алудың өзінде жындылықпен негізделіп, орыстан іргені аулақ салып, таңбаны өзгертіп, бар байлықты тек қазақ ұлтының үлесінде болу керек, орыстар қазаққа ашаршылықты әдейі ұйымдастырған, бұл Құдайдың қазақ халқына түсірген сынағы емес, сондықтан бүкіл орыс ұлтын жек көруге, ұлттық тұрғыда бөлектенуге шақырған имансыздық болып; құранға да тағдырға да ашық қарсылық білдіру сияқты түрлі қылықтармен; «бақытты ел боламыз» деп өздері сенгенмен қоймай, артынан ақымақтарды да ерте білуі де теріс діннің бір саласы «секта»-тобы болатыны да сөзсіз. Масһаб діншілерінің де бес парыз намаз бен ораза ұстап, зекет беріп тура жолда боламыз, жаннатқа тікелей ене саламыз деген ертегіге өздері де сенеді, халықты да сендіріп, ақылдарын қақпанға түсіріп, елді жынды қылумен айналысып жатқандарын, иманды меңгерудің түрлі істеріне қарсылық білдіріп, сенім мен иман қуатын бір деп түсіндіріп жүргендерін ескерткенмен, мұны ақылмен қабылдаулары мүмкін емес. Мұндай жағдайда сенімділік білімінің тәпсірлерге, ой жоруға түсіп, ғылыммен негізделіп, иман ішкі менін тыңдау арқылы басқарылмағандықтан да жындық қуаттардың белгілі бір жүйесіндегі тылсымдық тобымен байланыста тұрып,  ақылдың негізделіп байлануымен, мұндай қорадан тысқа шығу қорқыныш болып және қандай біліммен, нақты әрекеттермен дәлелдегенмен де мұндай имансыз, парасатсыз, біртектіліксіз надандық қылық қасиетке негізделген сенімдерінен бас тартқызу мүмін емес. Сенім иманнан жоғары болып оны басқарып кетсе, онда иман қуатының белгілі бір шегін ғана ұстанумен «секталық» топ құрып, мұндай топтар өзара сенімдерін биікке шығару, үстем болу жолында өзара немесе ел билеушілерге қарсы шығып соғысып кетеді.

Ислам әлеміндегі қазіргі дәуірдегі бүлікшілік соғыстардың бәрінің де себебі; өздері меңгерген жындылық сенімдердің  үстемдігін қалыптастыруға арналған өзара соғысы деп түсіну керек. Қазақтың ел билігі мен зиялы қауымы да мұнан бос қалмай, ата дәстүрмен байланысты имандылықты, парасаттылықты меңгеруге тиым салып, ақылдың азып, талай ғасырлар бойы жалғанып тұрған Алланың жібін үзіп, енді мұндай бос кеңістіктің  пайда болуын иманның жаулары тажалдық топтар тез пайдалана қойып өздерінің сенімділік қуаттарын тықпалап, мыңдаған ақылсыз жастардың мұндай соғыстарға өз еркімен аттануларына да жол беріп қойғаны да хақ. Мұхаммед пайғамбарымызға; «Олар жолдастарының жыны болмағандығын түсінбеді ме? Расында ол, ашық ескертуші ғана.» (7-184) деген аяттың сыры да, пайғамбарымыздың сүннеті мен көрсеткен намаздарының үлгісі тек қана бір ақыл жетелікпен, кісілік арқылы ғана орындалғанда нәтиже беретініне дәлел белгі болмақ. Кісіліктің имандылықпен бекіген мұндай дәрежесін «ОЛ» деп атаған. Аятта; «Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бара ма?» Жоқ олай емес. Ахиретке сенбендер, азапта және ұзақ адасуда.» (34-8) Сонымен иман қуатының болмаған жерінде жындылықтың болуымен және мұндай жағдайда ақирет білімінің де әлсіз болып, сенімнің де тура жолдың қисығына немесе құранды теріске алып жалғандыққа негізделген алуан тобы да пайда болмақ. Жын қуатын біртектілік тұрғысында меңгеріп; 72-жын сүресі+28-аят =100+Бір иман тегі белгісінің  (101)Алланың жүзі болып қалыптасатынын және сенімнің;11,81;9 сандық белгілері болып нәтижесінде 101 санды толық қуаттылығын және осындай тұрғыда қарсылығы барын қазақ даналығында; «Жүз бір атты бәледен сақта құдай» деп сыйынуды қалыптастырған.

Олай болса имансыз, парасаттылықсыз яғни ақиреттен хабар алмай, яғни аян, уахимен берілетін құранның кітабын меңгере алмаған жағдайда иманың бақылауынан тыс қандайда бір мықты, күшті сенімділік жолын қарсылық күштер өз мақсатына оңай бұрып алып, зұлымдыққа да оңай түсіріп жіберуі да сөзсіз. Қандайда бір екі-үш жоғарғы оқу орнын тамамдаған пенденің де, ел билеуші, зиялы аталған қауымның да осындай топтардың азғыруына тез байланып қалатыны да, ішкі дүниесінің жарығы яғни иманы әлсіздіктен болады. Сенімділіктің жын қуаттарының тазалығымен ақылдың толысып, бір ақыл естілікке айналуымен тікелей байланысты екенін де жадыңызға тоқып алыңыз. Естіліктің де екі сипаты барын Абай атамыз да ескертіп кетіпті. Қандайда бір адам баласы 4 ақылдық қуаты 40-жасқа жетіп толысқанша екі естіліктен арылуы да мүмкін емес. Сондықтан ақылды бірақ жіңішке әйел мінезді еркек пен тұрпайы еркек мінезді әйелдердің қоғамда көп кездесуі де осы жағдайда гендірлік теңсіздікті білдіреді. Сезімдік ақылға негізделген естілік; әйел кіндіктілерге тән болса, ал қаракеттік ақылға негізделген естілік; еркектерге тән болып, «Бас екеу болмай, мал (қуат, ақша, ақыл) төртеу болмас» деген данагөй аталарымыз. Әйел басынан ақыл қуаты еркекке қан арқылы берілсе, еркек басынан қуатты белі, шауһаты арқылы әйеліне беріліп, алмасумен екі жақта естілік тұрғысында теңелу керек. Орыстың мақалында; «Муж и жене одна сатана» деп астарлаған. Қазақта;  «Сынықтан басқаның бәрі жұғады.» «Ұрының қатыны өзіне сай болады» немес «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге шығарады, жаман әйел есікке сүйрейді» деп әйел сезімінің, қанының тазалығы, иман қуаты ердің саналық қуатын арттыратынын ескерткен.  Сенімділік қуатты адамзат бойының қалыптасуымен, бой жарығымен байланысты құранда; «Бой ұсыныу, бой ұсынушы» деген ұғым бар. Бой жарығының  7 қабаттан тұратын зейнет киімі болып, оның 5-і жалғандықпен, қарсылық ақпараттармен байланысты және жер бетінің көкпен екі аралық ақпараттық жүйесімен байланысты болса, ал екі күн (чакра) алтыншы; маңдай-тағдыр болса; жетінші; төбе-сана қуатымен байланысты болмақ. Қазақ даналығында; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» дегендей негізгі 4-күн (чакра) адамзаттың тағдырлық жаратылыстан берілген 4-сөз имандылық, мендік қуаттарының жағдайына тәуелді болмақ.

Сонымен сенім қуатын меңгеру үшін де жындық қуаттармен байланысты қасиетелтіктермен жүктеліп, тазартып меңгеруге тәуелді болса, ал имандылық қуатын меңгеру ішкі дүниенің ақыл ошақтарының, жындық қуаттардың тазалығымен, әлемдік тұрғыдағы тектерге жалғанумен, бір тектілікті қалыптастырумен, дін жолында озық үлгілерін қалыптастырған Алланың сүйікті құлдарының тылсым құпия сырларын меңгеріп, білімін айқындауға қол жеткізген, ақиқат істеріне парасаттылықтарына жалғанумен нәтижелі болмақ. Сонымен жоғарғы аяттағы екі жол; сенім мен иман жолын меңгеру арқылы, «Кедергінің не екенін қайда білесің?» деген үшінші жол арқылы негізгі жолдарға жалғана аламыз. Бұл жағдайды; Яссы, Мұхаммед, Інжіл деп атаған. Яссы –қажырлық, жігерлік; Мұхаммед-сүйіспеншілік; Інжіл-қайырымдылық, ақиқат болып пайымдалады. Олай болса жындық және шайтандық қуаттарды меңгеру жаратылыспен, өсімдіктер, жануарлар әлемімен байланысты исламға дейінде көркем сөз өнері (язычник) түркілік дәстүр болған Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымыздың істерімен жалғанумен, қол өнерді меңгеру, сөздердің құпиясын даналықты меңгерумен, қажырлық, жігерлікпен байланысты болмақ. Қазақ даналағында мұны бір ақылмен пайымдап, ұғына білу; ЖЕТЕЛІК-деп атаған. Жетелік негізінде жеті аталық қанды таза сақтаумен, ана сүтінің ақталуымен нағашы тегімен байланысты болады. Осындай адамгершілік негіздерді қалыптастырумен ғана, біз Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгісін, пайғамбарлық сүйспеншілік намаздарын меңгеру арқылы құдайдың сыйына, дарындылыққа, інжілге жалғанып; тазартушы, емшілік, ескертушілік, елшілік қайырылымдылық істерді меңгерумен ақиқатқа, парасаттылыққа жалғана аламыз. Ал, арап ұлтына Мұхаммед пайғамбарымыздың көрсеткен орта топтық үлгісімен діннің қазығы болып тұруға міндеттелгені де хақ. Бірақ оларға да аятта; «Мұхаммед оларға айт; «Әй Кітап иелері! (құранды меңгерушілер) Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген уайым жеме.» (5-68) Сонымен бұл аяттың үкімін пайғамбарымыздың кезінде орындаған аз ғана сахабалар болып, кейіннен тек Құранның үгітінің, пайғамбар хадистерінің соңына түсумен төрт масһабтық топтың пайда болып және  мұндай ислам топтарының көбінің азғындыққа түсуіне қазіргі замандағы ислам дініндегі жағдайдан байқауға болады.  Ал қазақ елінің мұндай діндердің бәрінің басын қоса білуімен және біздер үшін құранға жүгініп, түрлі тәпсірлер мен сүнеттерді қайта талқылап, жіктеп жатпай-ақ немесе сопылық топтарға бөлініп алып бір әулиеге табынумен түрлі тарихаттық жолға түсіп, өзара қайшылыққа түспей-ақ дәстүр атты ата жолының қағидасымен Раббымыздан түсіріліп жатқан аян, уахиларды хикметтерімен ашылған істерді меңгеру арқылы да әрбір қазақ баласы мен өзге ұлттың өкілдері де жол-жобасына жалғанып, жетелігін қалыптастыру арқылы Мұхаммед пайғамбарымыздың сүйіспеншілік істерін, қалдырған өсиеттерін де өз дәрежесінде меңгере алады да…  (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *