XXV-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және ұждандылық текті меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 56

    «…Адал жолда өлгеннің арманы жоқ, Дегені болмай ма екен құрғақ мақтан. Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не-деп- сұра зұлымдықтан?» Артында азап та жоқ, рахат та жоқ, Емес пе ерегіскен екі дұспан? Сен ананы сүйесің, ол мынаны Мұнан ақыл жиренді не қылмыстан. Ар, ынсаптың осыдан үміті не? Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған? Ел түзелсе тарихта аты қалар дейді, Ақылым тоя алмайды менің бұған..» (Шәкәрім әулие) Қазіргі таңда елді түземек, әлемді түземек болып түрлі ойлар айтып, жазып дінші, ғалым аталып, сопылық топтарды құрып, соңына шәкірт жинап немесе түрлі партиялар құрып, тілді, дінді, дәстүрді түземекші болып; әйтеуір ардың, ақтың жолы осы деп, өздерін тектімін, төремін, қожамын, батырмын, ақынмын, әділ заңгермін, кемеңгермін, депутатпын т.б.  атақ шенді, мансапқор қиялшылдар жеткілікті елімізде.

Ал, ислам әлеміндегі болып жатқан соғыстың да себебі осындай дін түземекке, құдайдың сүйікті құлы аталмаққа, өздерін-өздері ажалға байлап, өз туысын, ұлтын, дін қарындасын да кәпір атап «жиһад» жасау деп жүргендер де өздерін арсыздықпен күресуші; ар, ынсаптың жолындамыз, жаннаттың тұрғынына айналудың елесіне еріп, қиялдың әрекетімен болып жатқаны да сөзсіз. Әрине қандайда бір мұндай топтың қиялы денсаулық байлығымен байланысты десек қате емес. Ал денсаулық байлығын; «Ар, ынсаптың құмары осы десе, «Құмарың не-деп-сұра зұлымдықтан?» деген әулие атамыздың пәтуасынан туындайды. Ар, ынсаптың бейнесі; қарсылық түнек күштерін меңгерумен, ақылдың, ділдің қуатының әрекетімен әдет-ғұрыптан туындайтыны да хақ. Яғни мінездегі, тілдегі жындылықты меңгеру денсаулықтың көрінісі болып және сөз ұғымдарын дұрыс түсіну, сөз өнермен қатесіз сөйлеуден ғана ар, ынсаптылықтың құмарлық әрекетін теріс, қисық жолға бұрылып кетпеуге, құдай жолымен сәйкес болумен нәтижелі болмақ.

Ал денсаулық ақ жаулық байлығынсыз, аналардың қанының тазалығынсыз, төменгі сана қуаты – етексіз өзінен-өзі пайда болмайды. Сондықтан ақылдың жарығы біліммен болса оған қозғалысты ұзындық, тереңдік, саяздық, шапшаңдық сияқты қабілетті, денсаулықты, бой тазалығын, жарығын қалыптастыру арқылы ғана ойлау қасиеттілігін, қиялдаудың дұрыс бағытын меңгере аламыз. Әл-Фараби атамыз; «Қиялдың көмегінсіз жан дүниең ақылмен ештемеге жете алмайды.» деп ескертіпті. Енді қиялдау ойлана білумен, денсаулықпен байланысты болып;  қисынды (логикалық) және түйсінді, түйсіктік (түйіндеу, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін табу)  сөздің ішкі ойын, астарлы үнін, бейнелену білімін табумен ғана нәтижелі қиялдау, таным, наным, сенім болып бейнеленуі керек.

Адамзаттың қиялы белгілі бір тағдырына, өмір сүру ерекшелігіне, ұлтына, жынысына, жасына байланысты бақытты болу игілігіне жетумен мақсатты болуы керек. Және өзіне керекті бақыттың жолын, мәнін таба алмаған пенденің өзгені бақытты қылмағы, шығармашылығы қиялы адасуға, адастыруға ғана соқтыруы да хақ. Ал бақыттың да белгілі бір қағидасы адамзатқа ортақ жан дүние сырлары, шығармашылығы да болуы керек. Бақытты, бақытсыздықты таза қуатты жан ғана анықтай алады. Сондықтан да; «Адам талпынатын қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғанымен, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып саналады.»  (Әл-Фараби)

Жан қуаты дегеніміз тігінен үш түрлі кеңістік өлшемнен, көлденеңінен төрт жақты құбыла бағыттан хабар алып, адам баласының әлемдегі кеңістіктен алатын орынын, шегін айқындап, барлық өзіне ұқсас ақпараттық жүйеден рухани қуат, сезімдік азық алуға құдіретті, Алла тағаланың ұқсасы, белгілі шектік жүйеде орынбасары болып табылады. Адамзаттың екі дүниелік қажетті азығын тауып беруші жан болып, қалған барлық қуаттардың жанға қызметші, қорған, күзетші болып, сарайы болып қалыптасады. Жан мен тәніміздің, рухани қуаттарымыздың бір жүйемен, бір қуатпен бірленуімен мәңгілік жанның, ұжданның қалыптасуымен ғана біздер өзімізге қажетті барлық Алланың мүліктерінен, керекті нұрдан үлес ала аламыз. Мұндай жетілген жағдайда; «Бақытқа жетіп алғаннан кейін біз басқа бір мақсатқа талпынуға тіпті де зәру емес екенімізді көреміз» (Әл-Фараби).

Олай болса, қазіргі таңдағы халықты бақытты қылуға еңбек етіп жүрген, ұлттың керуенін бастаушы; ел басшы, дін басшы, саясатшы тағысын-тағылардың  өз бақытын тапқан, яғни мәңгілік  жаны – ұжданы жетілген, ештемеге зәру емес, қанағатшыл, тәубесін меңгеріп, енді елді түзеуге міндетті болып, мұндай тектілікте сөздерін, пәтуасын жүректен-жүрекке сіңіре алумен, ақиреттік ұйқы өлім арқылы жалғанып кездесіп бере алуымен, адасқанға иман қуатымен бөлісе алатын парасатылықты меңгере алды ма? Әлде әсершіл, жаңашыл, әлемнің бар  дүние тұрмыстық қызығын қайталауға құштар, кез келген ұнатқан білімді ақыл қылып алған, өз тобын көбейтуге жанталасып партияға бөлініп алған жындылар ма?

Енді қандайда бір адамдық махаббатқа, бақылтылыққа лайықты болатын, ел түзеуге деген әрекетімізді туындататын қиялымызды қалай анықтай аламыз деп сұраңыз.  «Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек, ал ойдағыдай (қиялымыздай) болу үшін жанымыздың аффектісі қандай болуға тиіс екенін және жақсы ақыл-парасатқа жету үшін ол парасат қандай болуға тиіс екенін біз анықтап алуға тиіспіз». Демек, жүрек көзін ашумен, көңіл-ой бақшасын өсірумен, ұждандылықты жетілдірмей, арттағы сары қуатымыз парасаттылықты дұрыс өз мәнінде қалыптастыру мүмкін емес екен.

Ал енді жаратушы иеміз; «Сендер сыналмай, жапа шекпей жаннатқа кіріп кетеміз дейсіңдер ме?» деген аяттарымен мұндай тақуалықтың міндетті түрде қиын-қыстау тар жол тайғақ кешуден өтумен болатынын да ескертіпті. Сондықтан да Ібіліске; «адамдардың алдынан-артынан, оңынан солынан аттылы, жаяу болып кел» деп, адамзаттың жан қуатының сыналып, шыңдалуына, ақыл-ойының бақшасы болып өсіп –өніп көбейуге тиісті, көңілінің өсіп жетілуіне, жүрегінің көзі ашылып, көңіл құсы- жұлдыздық сипаттағы ұжданының қалыптасуына кедергі болуға рұқсат беріп қойғанды.

Көңіліміз көру қабілетіне байланысты қалыптасады да, алдағы сөз бақшасы өрісімізді бұзып, көзімізге шөп салуға, сөйлеу өнеріміздің, тіліміздің дұрыс болмауы негізгі себеп болып; адамзаттың өмірдің қызығын, ойын-сауықты, жындылықты ұнатуы артып, яғни көңілге шайтан ұясын салады. Бұл өрісіміз бас немесе аяқ құйынды  (торциондық) өрістері арқылы айналып артымызға қарай өтіп, тіл көз болып, жаурын желке, бел ошақтары арқылы өзімізге дерт, қара қуат болып енеді де. Сондықтан бастың, аяқтың, әйелде етектің қорғалуы да денсаулыққа, қиялдау әркетіне де өте маңызды болады. Абай атамыз мұндай сөз ұғымы өзгеріп, тіл көзденген жағдайды; «Арттағы майда көңіл жүр шақырсаң қайтып келер ме?..» деп құйрықты май басудың да өз тілімізбен, білгіштікпен, дінге қарсылықпен байланысты екенін ескертіпті.  Көңілдің жандық қуаттың, алты ауыз сезімдердің шамасы болып, бой өрісі – дене жарығы  денсаулық пен тән тазалығынан, кеуде сүйектен пайда болуын да жадыңызға тоқып алыңыз.

Біздің бой өрісіміздің бақшасының өнімі болып;  көлденеңінен төрт жақты серік жолдастармен бейнеленіп, олардың екі аралық жаратылыспен, кеңістікпен жалғануды қамтамасыз ететін; жеті аманаттың, ата-баба шежірелік (оң, сол, артқы 4х7=28;8; 16)  тағдырмен жалғанумен, ақылдың даналығын меңгерумен қалыптасуы керек. Және тәндік тұрғыда тігінен келетін төбеден, аяқ, табаннан рухани қуаттардың енетін көздерін де таза ұстаумен де байланысты болуы да хақ. Раббымыз; «Төбелеріңнен, аяқ астынан жейсіңдер» немесе «Аяқтарыңның астынан, төбелеріңнен азап жіберемін»  деп қара теріс қуаттардың да тәнге, жүрекке енетінін ескерткен. Тәнді толық жауып, киімаен қорғана білумен, дәретті сақтаумен ғана әрбір пенденің жеті аруақтан қуат алу көздері тәнде болып, тәнің тазалығына, күнәдан ақталуына, тақуалығына қарай; Алланың 80 нұрымен, жан қуатымен, жармен жалғануға да мүмкіндігі артады.

Адамзатта жандық тұрғыда 80 түрлі мінездік қарсылығы да болып,  ал жындық, нәсілдік негізде 8 түрдің  (белдегі 8-көз), 8- ындық қуат қасиеттілікпен және қара кітаппен (ібілістік сиқыр, дуа, емшілік магия т.б.) байланысты қарсылығы да барын естен шығармау керек. Сонымен 88 санды Алланы өзі сипатынан қуаттық негізді европа елдерінде аспандағы 88шам шырақтармен яғни 12 санды жұлдыз жорамалмен (лев, скорпион…), адамзат жанын басқарушы 88 ақпараттық басқару жұлдыздары болып табылады. Ал қазақтың дәстүрінде; 8 санды кезеңнен өтумен, машайықтық дәрежемен, 8 өнер, бақсылық қасиеттерді меңгерумен, тағдырды тазартушылықпен, елдің садақасын алып күнәдан жеңілдету қасиет-қадірімен байланысты екенін де білген. Інжілде «Леулі» деген осындай дәрежені меңгеруші ұлтты ескерткен, түркілдерде «ләйлі» деп атаған. Кейде «ләйліп кетті» деп қаңғыбастарға айтқанмен, негізінде пірадарларға, дүниенің жалғандығынан безіп, ел кезіп, қасиеттіліктің, парасатылықты меңгеру жолына түскендерге айтылу керек.

Іргелі білімдердің, ғылымның дамымай тұрған кезінде ілім тұрғысында машайықтық, хазіреттік дәрежелермен жоғарғы парасаттылыққа жеткендер ғана ғалым болып аталса, енді заман тәпсірлік біліммен парсаттылық түгіл мүлде ұждансыз да дін молдасы дәрежесімен де ғалым-машайықтық яғни доктор, теолог, философ, психолог болып алатын жағдайға жеттік. Сондықтанда мұндай қауым өкілдері, ел басшылары ұждандылық тұрғысындағы тағдырдағы алдағы сынақ, азап Раббымыздың белгілерін тануға, меңгеруге байланысты аян тұрғысындағы көріпкелдік, болжампаздық сияқты қасиеттерді де өздері меңгере алмағандықтан, бұқара халықтың меңгеруіне көреалмастықпен қарсы заңдар, пәтуалар шығарып құранға ортақ қосылуға жол ашып қойғандары да хақ.

Сонымен тігінен келетін Алланың 80 нұрының оң жағы көк, ортасы ақ, сол жағы қызыл 3 түрі болып, құдай тарапынан барлық адамдық мінездерді қуаттандырып, қалыптастырушы, көңілді жетілдіруші болып табылады. Бірақ масһабшы, ислам ғалымдары пәтуа бергендей біздерге бұл нұрға тікелей жалғануға мүмкіндік жоқ. Біздерге ата-баба аруағы арқылы бейнеленген 9 кісілік түрінде, яғни пайғамбарымыздың соңына сапқа тұрған шапағатшылық дәрежесіне жеткен әмбилердің кісіліктері, жұлдыздары, 88 сәруарлар арқылы ғана жалғана аламыз. Олай болса біздердің 41 сандық періштелік жүйеден тұратын қауымымызды қалыптастырып аруақтарымен жалғануға, жеті ата шежіресімен жалғанумен ғана мүмкін болмақ.

Қазақ дәстүрінде; «Өліге иман, тіріге береке бер» деп «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожа қырқа аспай, текті аталмас» деген нақыл аманат  қалдырған.  9 төре, тоғыз кісілікпен, Алланың 80 сипатты нұрының бейнеленумен, негізінде 19 санды тозақтық қуатты, өлімді меңгерумен яғни 99 сандық белгілермен байланысты болады. Мұндай сипатты меңгеруді Шәкәрім атамыз; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан… Маңдайында үш меңі бар, Он бес жасар баланың өті керек…» деген насихатымен, Алланың үш сипатты нұрын; 1.Ұяттылық; 2. Арлылық; 3. Маңдай тағдырлық деп ұғыну керек. Қазақ төре тегінде кеудесінде жара болмаған ұжданды және жан-жақты білімді, білікті болған. Бұл қасиет тек төре руының ғана меншігі емес, адамзатқа ортақ меже, рухани дәреже болуы керек.

Ал енді 40 қожаны меңгеру дегеніміз яғни бұрынғы заман қожа текті болып саналып; Алланың 40 буын жібін меңгеру болып саналады. (Кенесары хан атамыздың зияратында осы жіптің үлгісі бар.)  Бұл он саулық байлықпен, имандық қуатпен байланысты 4 топтық қан тобына толық жалғанумен, қажырлықпен (қажы болу) Қажы бабамен байланысты 3 маңдай көзінің ашылуымен бейнеленеді.  Негізінде 40 буын қозғалыс болып; 1. Омыртқа бойы жұлынмен; 2. Аяқ, қол қозғалысын реттеп тұратын тамырмен; 3. Аяқ қол буындарына қозғалыс беретін тамырдың тазалығымен байланысты. Осындай жағдайда ғана жүрек көзінен көк аспан денелері болған, жұлдыздармен жалғанатын сәуленің және алдымыздағы сөз, көңіл бақшасына адамзат бетінен шығатын сәуленің түсуімен (беттің нұрлануы, қызылдығы) байланысты болады.

Сонымен маңдай көздің ашылуы қожалық текпен де жалғанумен байланысты болып;   1. Екі аяққа нұр алу, ақ табан, ақ тобықты болумен, табан өрісінің қалыңдығымен; 2. Маңдайға түсетін шұғара жұлдыздық сәулесімен жалғанумен; 3. Екі қас арасы 3-ші көздің ашылуымен байланысты. Ескерте кететін жағдай өз әкесін ат қылып жалғап; Дана Нұржігіт, Айгүл Қоқай, Бекболат Тілеухан, Қазбек Иса  т.б. деген сипаттағылардың жындылық, шайтандық, жалғандықпен байланысты, ақ өлімнен өтпеген өз атына, ақиреттік есімдерді жалғап, тозақтық сипатқа төмендетумен, мұндай төрт құбыласы кең кеңістікті меңгеруі шектеледі. Ұждандылығы мүлде жетілмей, жаның 40 жібіне жалғану мүмкіндігі де шектеледі. Себебі бұл христиандық, інжілдік Раббымыздың сүйікті құлдарымен жалғанумен, адамзаттың бәрін сүю махаббатымен де байланысты болады.

Енді көлдеңнен 10 саулықпен дәрежеленудің де тақуалық, әулиелік тұрғыда еркектерге; 10 үңгір қараңғылықтан өтумен, ал әйелдерге; 10 теңгелік қуатты меңгерумен ғана 4 серігімізді дәрежелеуімізге мүмкін болады. Қандай да бір Аллалық 3 сипатты нұрдың біздерге ішімізге аруақтар арқылы жалғанып нұрын түсірумен, біздер оның тәнімізден, ағзаларымыздан өтіп, бой өрісіміз арқылы бейнелумен ғана кеңістіктен керекті рухани қуаттарды, көлеңкеміздің жағдайына қарай ғана жүктеліп аламыз. Сондықтан да киімнің, дәреттің және намаз оқудың маңыздылығы да бой өрісіміздің тазалығын сақтаумен байланысты болары да хақ.

Біздер өзіміздің нәсілдік тұрғыдағы рухани қуатты 8 көз, бел ошағы арқылы өндірумен оның жүйке жүйесімен иықтағы періште аруақ арқылы ғана өз алақанымызға намаз және тілек тілеу кезінде еніп, сол рухани тұрғыда адал еңбек етіп, жан-ұя құрып өндірген қуаттың шамасына қарай ғана көктен, жерден яғни тігінен келетін кісілік, төреліктерге жалғанамыз. Ал кеудеден жүрек көзінен шығатын сәулемен, бас өрісімен, жетінші өріспен жалғанған ұждандық, мәңгілік өлмейтін жанның өнімін меңгеру арқылы аспан мүлкі жұлдыздардан жандық қуатты алып көбейте аламыз.

Мұндай жағдайда табанның жер ана рұқымен жалғанудың маңызы да зор болмақ. Себебі әрбір пенде күнадан жаратылып және ата-ана тағдырымен де байланысы болумен, шежірелік ағашына жалғанбай мүмкін емес. Масһабшы, ислам діншілерінің тікелей құлшылықта ұқсауға тырысқан пайғамбарлардың, сахабалардың Алла жолында қан төгумен, жер жүзіне дінді таратуымен байланысты ерекше нығметімен жалғанып; ұжданды, парасаттылықтық қуаттарды меңгеруге жеңілдік рахмет болғаны да хақ. Және бұрынғы заманда тақуалықтың, бой тазалықты сақтаудың, арамнан аулақ болудың, сөздің мәресін меңгерудің жағдайы бүгінгі заман жағдайынан мүлде жеңіл болғаны да хақ. Ал қазіргі жаппай Лұттық қауымдық арсыздық сипатта, заңмен қорғалған жағдайда өмір сүріп, жасымыздан ашық-тесік киімсіз, араммен азықтанып өскендіктен және түрлі білімді өлшемсіз алып қанымыз азғандықтан, сонымен бірге әке-шешемізден келген орындалмаған аманаттар мен  тағдырлық қарғыстарды да тазартуға ешқандай пенденің еркі жетпейді, тек қана құдайдың ғана жәрдемі керегі де сөзсіз.

Сондықтан да осындай қияметтік мезгілде Раббымыз; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) деген аятымен хақиқаттың келетін ескертіпті. Мұндай қияметтік сынның хақиқат болып қазақ елінен, жерінен бастауына да себеп;  біздердің өмірден мүмін болып өткен ата-аналарымызға ерекше нұр беріліп, ол нұрды біздер шипа, рахмет тұрғысында алумен ғана жоғарыдағы көрсетілген барлық белгілерді, қасиеттерді, мүміндік текті меңгеруге жол ашылғаны да хақ. Әрине бұл ата жолының хақиқаты ел басшымыздан бастап барлық ұждансыз қауымның зиянкестігін арттырып, қазақ дәстүрінің ендігі әлемге үлгі, көш басшы болып танылуына тосқауыл болғаны да хақ.

Дін жерден жан болып шығып және адамзатқа айналуға, жер ана рұқымен жалғанумен басталады. Сондықтан дінсізге, кәпірге айналып алған жағдайда біздер киелі, әулиелер зияраттарынан, ойпатты жерлерден шығатын ақыл-оймен бейнеленген құран нұрына жалғанып шипа алу үшін 41 әулиені аралау міндетті болмақ. Яғни жандық тұрғыдағы 41 қауымдық белгімен өз ата-аналарымызбен жалғанамыз. Сонымен табанымыз арқылы қауымдық белгілермен жалғану үшін; ойпатты жерлерден өтіп, 8 көздік белгімен аталық, аналық қуаттар мен нәсілдерге жалғанумен, аманатқа қиянат жасамаумен, құдайдың құтқаруға берілген жобасын елемеушілерге қарсы жолға шығумен, пірадарлық, бақсылық, емшілік қасиеттерді жетілдіріп, елді сауықтырумен айналысумен яғни  ата жолының негізгі мақсаты болуы керек.  Көлденеңінен төрт қыбыламызға, жаратылыстың жандық жүйесі алты негізге толық жалғанумен ғана көңілдің бақыт құсы ұжданымыз қалыптасады.

Олай болса, біздің тігінен үш түрлі өлшеммен жалғануымызға алдымен табанымыздан, сонан кейін жеті өрісімізді қалыптастырумен ғана төбеден рухани азық алуымызбен бірге көлденеңінен төрт жағымызды түгелдеп, белден шығатын нұрдың арқа бойымен иықтағы аруақтық періште тағдырымыз арқылы алақанға енуі керек. Қайталай кетсек; Ол үшін намаз, құран оқудың да маңыздылығы, масһабтың, шариғаттың бес парыздың да керектігі де хақ. Ал екі иық арқылы қолымызға, алақанымызға келетін нұрдың белден, сегіз көзден шығатыны ол үшін де; ұл балаға «30 үйден тыйым»  және «Сегіз қырлы, бір сырлы» болу керек болса;  қыз балаға, әйел затына қырық үйден тыйымның, ақ жаулықты — алтын басты, ақ білек, ақ табанды болудың  маңызы да зор болмақ. Раббымыз, «Қолдарыңа су жетіп келеді дейсің де ме?» деп астарлы ескертіпті аятпенен. Тілді (ана тілі, ата сөзін) өз бойымызға, көңіл бақшамызға еге білу арқылы ғана тілектің құдай тарапына көлеңке болып шығумен ғана мақсат мұратымызға жете аламыз.

Мешітте, үйде отырып алып көкке қанша қол созғанымызбен, қолымызға нұрдың өз бойымыздан ғана келетінін яғни сегіз көзімізден иықтағы періштелеріміздің тазалығымен ғана келетінін жадыңызға мықтап тоқып алыңыз. Ал ол үшін де жанымызға керекті;          1. Топырақтық; 2. Өсімдіктік; 3. Хайуандық; 4. Жәндіктік; 5.Құстық; 6. Адамдық бір тұтас қуаттық жүйеге жалғануды ата дәстүрін, әдет-ғұрпымызды меңгерумен дұрыс өмір сүрумен, адал еңбекпен, отау құрып, бала өсіріп тәрбиелеумен ғана мүмкін болмақ. Жандық тұрғыда біз осы алты белгімен де байланып тұрамыз, яғни туыстық қатынасымыз бар. Енді хайуанмен де туыстық байланысты білген пендеде аз да болса махаббаты оянып, айуандық, арсыздықтан қашып, орысты жек көріп, қазақ қана бөлек болу керек демей, атын өзгертіп, таңба ауыстырып немесе өзін «қожа, төре» қазақтан бөлек ұлтпын деп әлек болмайды да.

Ал енді ұжданды, парасатты болып елді де дұрыс жолға салу үшін; 1.Қозғалыс-тіршілік қуаты; 2. Ұйқы-Өлім сатыларына өте білу-Көк қуатына жалғану; 3. Аян-Өткен өмір қуаты болып, аруақтардан үнемі жоба алып отырумен байланысты, 4. Ой – білім қуатын меңгеру, ақ қарасын, ішкі үнін ажырата білу; 5. Жүрек тазалығы, қан тазалығын сақтау — Ес, ақыл, сана қуатының бір тектілігін қалыптастыра білу.  Осындай жағдайда ғана көңілден мәңгілік өлмейтін ұждан жанымызды, бақыт құсын өсіруіміз үшін де көлденеңдік кеңістікпен толық жалғану арқылы төрт қыбыламызды түгелдеумен, тігінен үш кеңістікке (жер, көк екі арасы) жалғанумен, төртінші тұрғыдағы ұжданымыз қалыптасады.

Ал ұждан арқылы ғана жер және көк жанаттарына жалғанып, хабар алып, үш ғылымға, кісіліктерге толық жалғанумен ғылымды болып саналамыз. Әрине мұндай кісіліктің де 9 сипаты болып, 9 «планета»-жермен жалғанумен, 9 кісілік имандық қуаттық, ғылымдық жүйеге жалғанумен ғана нәтижелі болады. Иманның 9; 49 (40+9) санды белгімен берілетінін жазбаларда ескерттік. Әрине ол үшін де біздерге қалдырған ата бабаларымыздың насихаты мен діл қуаты тұрғысындағы ойшылдық білімді меңгерудің, және замандық іргелі білім арқылы ілімді меңгерумен де  екі бағыттағы қозғалысты да меңгерумен ғана ғылымға жалғанудың маңызы да зор болмақ.  Адамзаттың жүрегінде Алланың 200 белгі нейрондық белгімен құранның түсінігі толық бейнеленеді.

Олай болса, біздің ата-бабаларымыздың, аналарымыздың өсиеттерімен қазіргі толып кеткен түрлі дін үгіттерінің ақ-қарасын, пайда зиянын ажырата да білуміз керек. Тек қана дін имам, ғалымдардан ғана жауап алыңдар деген өздерін қателеспейтін құдайға айналдырып алу да зұлымдық. Әрбір пенде сауалына өзі жауап алуды меңгеруі керек. Мұндай жағдайға тек қана қанымызды тазартумен, ол үшін дін шариғатты бекем ұстанып, бой өрісімізді қалыптастырумен және ойпатты жерлерді аралап жүрегімізге иман нұрымын зейнеттеумен ғана ұжданымызды оятып өз жүрегіміздегі сауалдарға жауап сарайын аша аламыз. «Киелі өсиеттерді айту оңай, Ұялы жазудан оқу қиын. Адам оқыған кезде екі көздің нұрымен бірге ой, ақыл, сана-сезім жазуға түседі, осы кезде өсиеттің иесі жеті қадам да рухымен қарап тұрады. Омыртқаның қан тамырларына ауыртпалық түседі. Бұрып айтып, бұрып істесең ісің де, сөзің де сұйылар. Бұлжытпай орындап, бұрмай айтсаң, «сəулесін» — (бізін) жүрегіңе тосар. Істеген ісіңе, айтқан сөзіңе Алланың нұры құйылар.»  (Айкерүлім Айша Бибі Əз-Ананың «Сұлулық пен зұлымдық» кітабынан.) Ал енді оқырман ұжданыңыздың тірі, өлі екенін осы өсиеттің шартымен де тексеріп көріңіз…(Жалғасы бар Сәуір айы 2016 жыл).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *