XXVII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 70

«Болды да партия, Ел іші жарылды. Әуремін мен тия, Дауың мен шарыңды. Құрбыдай хош тұттым Жасың мен кәріңді. Жоқтамай, ұмыттым, Ақыл мен нәріңді. Ортаға көп салдым Өзімде барымды. Япырым-ау, неңді алдым, Сау қоймай арымды?..» (Абай ата). Қазіргі таңда ақылды артқа тастап, тек біліммен өлшеуден жас пен кәрі, ақсақал мен жігіттің, кемпір мен бәлекей қара қатынның немесе қыз бен үлкен әйелдің, сол сияқты қатын мен еркектің қоғамдық өмірде, рухани болмысында еш айырмашылығы неге болмай қалды деген сауалға жауап іздеп көрейік. Іс жүзінде білімді адамзаттың пайдасына жаратып, түрлі мәшинелерді жасап, оны қызметке қою да білімді ақылмен жұмсай білудің әрекетімен ғана болады. Енді қазақты қалай әлемге танымал ел қылмаққа, «мәңгілік, нұрлы жол, ұлт жоспары» деп жолдау тастап жүрген ел басшыларымызды, саясатшы, партияшыларды, зиялы атты қауым өкілдерін ақылсыз яғни бәрі бірдей ынсапсыз, ұятсыз деп айтуға да ауыз бармайды. Себебі ақыл бар жерде ұят, ұждан, ынсаптылықтың, намыстылықтың бірге жүруі де заңдылық болмақ.

Сол сияқты масһабпен халықты жаратушысын тануға, адамдық ізгілік жасауға шақырып жүрген дінші, білімді қауым өкілдерін де ұятсыз, ынсапсыз, ұлттың тегін ойламайтын намыссыз деп айтуға болмайды. Олай болса, ақылымыз неге бір болып, өзара ешқандай қарсылықсыз ата-бабаларымыздың мирасқа қалдырған нақылдарын, насихаттарын, аманаттарын артқа тастамай, ар білімін қадірлеген, біртұтас бақытты елге неге айналмаймыз? Енді мұның бірден-бір себебі, Ар атты қуаттың әрбір жасқа, атқарған еңбегіне, дін құлшылығына, имандылық дәрежесіне байланысты сөзіне, ісіне пәтуа берумен, құдайға жақын болумен ерекшелеп тұратын естілікпен байланысты; біртұтас бой бітім болып; 42;7 сандық белгілермен көкіректен шығатын қауымдық 41-белгімен; 7 аруақтың қолдауымен, 5 аналық тылсым үнімен қуат келетін, 5 ақ жаулықтық жан қуатымен жалғанған 7 періштелік (жеті жан), 7 қасиет (жеті арыс), құранның 7 үнімен (әуез, және бақсылық сарын-һуаза) 111; 99 сандық белгілермен бекіген адамзаттың денесі, мықты сауыты болып қалыптасатынын да білген жөн.

Сонымен; Ар дегеніміз; ұяттылық, ұждандылық, ынсаптық, намыстылықтың ойы-нәрі, күзетшісі болып; бір естіліктің сипатымен, жан өнімнің (атрибуттарының) иман жолдас көлеңке серіктеріміздің  зейнет киімі, денесі, сауыты, бастағы дуылғасы, әйелзатында қалың қабатты киімі, еркекте жағалы тоны, аяқтағы етігі болып, алты ақыл бой өрісінің нәрі, жетінші ой қабатының киімі, сауыты болып қалыптасуы шарт. Ал арлылықтың сипатын аянмен бейнеленгенде шапан бөрікті, аяқта етікті, мәсі калошты немесе космонавттардың «скафандр» киімі болып көрінісін береді. Ең жоғарғы дәрежесі «БІР ҚУАТ»-бір Алла тағалалық жеті қанатты періштелік сипатпен; күлгін сары түсті, 19 сандық белгімен, Мұхаммед пайғамбарымыз миғражға көтерілген еді.

Бір қуаттың денесі болған;  Ар қуатының ақылдың толысуының нәрі болып; қариялықпен және жанның екінші рет өмірге келуімен, құдайдың өмір сүру барысындағы сындарынан өтумен және қандай қиын қыстау, кедейлік, тапшылық, қоғамдағы ұят, арсыздық салттың ықпалынан азат болумен, құдайға риясыз сеніммен ғана мұндай нығметке, рахметіне бөлене алады. Негізінде қандайда болсын пенденің бой өріссіз, зейнет киімінсіз болуы мүмкін емес. Кез келген жаратылыстық нәрсенің шөптің де өзіне тән иісі, өрістік қуатының көзге көрінбейтін киімі болуы да шартты.

Сондықтан адамзаттың бой өрісі киімі, қабының ішкі ағзаларының, сезімдік, ақыл ошақтарының тазалығына, терісін қорғауына байланысты бой өрісінің 2 түрі қалыптасады. Ақ және қара сипатты болып, қара сипатты теріс қуаттық негізде, ақ сипатта оң қуаттық жарықтық негізде, еркектерде; 7; 42 санымен оң иықпен, оң жақтан бастап қалыптасып, оң бағытта қозғалады. Ал әйелдерде 11 сандық белгімен (қабырға даналық) терісі толық қорғалған, етекті, жеңді, жаулықты болған жағдайда ақ түсті болып жетіліп; сезімдік, қызбалық, табандылық болып, сол жағынан бастап қалыптасып, сол бағытқа қарай қозғалыста болады. Еркек әйелге де ортақ ұяттылық, ұждандылық, ынсаптылық болады да, ал әйелдерде табандылық пен төзімділікті ерлерде намыстылықты, парасаттылықты қалыптастыратын ақылдың нәрі ар қуатының ерекшелігі де болуы шарт.

Ал, енді ар қуатын біз ата-баба аманаттарын орындаумен, тағдырлық жүктерді, қарсылық белгілерін өзімізге алумен, тағдырымыздағы қарғыс белгілерді (карма) тазартумен, зұлымдыққа қарсы тұрумен, тәніміздегі сезімдік ошақтарды тазартып оған құдайдан нұр сипатына, кісіліктеріне жалғанумен қана қалыптастыра аламыз. Иман келтіру дегеніміздің өзі ер мен әйелдік «екі жарты бір бүтін» болып, әйелден 40 сезім ошағын, ердің 30 рұқ ошағын тазартып, бір қуатты болумен ғана Алла тағаланың нұрына жалғанамыз, хабарын аян, уахимен перде-нұры арқылы тікелей ала аламыз. Иманның дәрежеленуінің негізгі; Он ошақ, он саулық  болып; «Басқа келетін 10 бәленің тоғызы тілден» деген қазақта.

Енді киімі толық жабық, дәретті сақтаған, шариғаттың білімімен ұяттылықты, дін құлшылығын  меңгергенмен, ар қуаты әлсіз болуы әбден мүмкін. Себебі мұндай пенденің өзі үшін ғана ұяла білгенмен, іштегі сезімдік қарсылық, қысымдық қуаты жетілмейді де ол үшін өзгенің қылығы үшін ұялуды меңгеру керек. Ал өзгенің қылығын дұрыс, бұрысын, оның болашағын пайымдау үшін де білімді, ілімді болумен ортасын ісін белгілейтін көріпкелдік, болжампаздық қасиеттің болуы шартты. Мұндай адам баласын Ар-ұятты деп атайды. Сонымен бірге өзің қазақпын, тектімін, атымды қазақша қойып алып, қазақша сөйлеп, өзге ұлтты жек көріп, рұқы күшті, нәсілін қорғаушы керемет ынсапты болдым дегенмен, толық арлы болуы мүмкін емес. Ар-ынсапты адам баласы рұқы күшті, біртоғалығы бар, біліктілігі жетілген, белін таза ұстаушы, нәсілдік дәнегін қуаттандырушы, ұлттық тектілігін қорғаушы болуы шарт. Әйелде білезікті, мінезі жұмсақ мейірімді, өз жынысының үлгісін сақтаушы болуы керек. Және замандық жанға, рұққа зиян қарсылықтарды ажыратып меңгерумен ғана Ар-ынсапты деп атаған жөн.

Ал енді жаратылысынан ұждандылығы бар, ата-бабадан мирас қасиеті болып, түрлі салада халықты сауықтыруға, жақсылық ізгілікке шақыруға талпынғанмен өзіндегі рухани қуаттарды жетілдіруді, көбейтуді меңгере білмеген, көк аспан мүліктерімен жалғанып, жүректен-жүрекке қуат қоса алмайтын, қандайда талантты, қасиетті пенденің ұждандылығы қалыпты болуы да мүмкін емес. Ол үшін де құс іліміне жалғана білу, таза ақылдан ой қуатын меңгеру керек. Ата жолындағы мұндай ұждандылықты, құс ілімін меңгеруге шақырылған аққу, сұңқар аталғандардың ішінде мүмкін санаулы ғана ар-ұждандылық үлгісін табуға болады. Ал, көпшілігінде қарапайым қызыл шырайы, беттегі қызылы ар-ұяттылығы да жетілмей қалған. Мұны сыртқы болмысынан киімінен, мақтанның буына піскен сөздерінен айқын аңғаруға да болады.

Енді ар-ұждандылықтың сипатын; ата дәстүрінің жөн-жоралғысын берік сақтаумен, орындай білумен, табанның, көкіректің тазалығын меңгерумен, толық бой өрісін қалыптастыра білумен байланысты ұждандылықтың нәрі — ар қуатымен, табан, бас, кеуде өрісімен бекиді. Ал егер мұндай өрістің бұзылып; табанның, кеуденің күйе жағылуына, қара күштердің енуіне жол берілсе, онда ар қуаты да жоғалып, ұждандылық жетілмейді. Сондықтан ұждандылық пен намыстылықтың бірін-бірі толықтырып тұратын қуат екенін білген жөн. Намыс дегеніміздің өзі; жын қуатының тазалығына тікелей тәуелді. Жындылықтың көп жағдайда намыстылық болып бейнеленеді де ақылға да дес бермей кетуі жиі кездеседі.

Олай болса намысты армен нәрлендіру, яғни бой өрісін қуаттандыру, қалыңдату, қосымша зейнет өрісін қалыптастыру керек.  Адам баласы  қандай да бір дәстүрге қайшы әрекеттерге ымырасыздықпен, турашылдықпен, құдай жолында шыншылдықпен ғана және орай арқылы енетін көк қуаты, он саулықты меңгере білумен байланысты ғана намысы ақыл, оймен басқарылмақ. Мұндай адам баласының бастағы мүшелерінің толық таза болып, әйелде ақ жаулықты, кимешекті болса, еркекте бөрікті дуылға сауытты өрісі болуы шарт. Сонымен толық ар қуатты Ар-намыс болып қалыптасады. Енді ар-ұяттылықтың қалыптасу кезеңі жастық шақтан бастылып, орта жаста ар-ынсаптылықты білімділік, біліктілікті меңгерумен қалыптастыра алсақ, 28 жаста ұждандылық қуаттың бекіуіне, ынсап қуатының жетілгендігі  маңызды екені сөзсіз. Ал 56 жаста ғана  ұждандылықты армен толық нәрлендіріп, бекітумен ғана ар-ұятты, ар-ынсапты, ар-ұжданды болып аталамыз да, бірақ таза ар-намысты болу үшін еркекке парасаттылық, қариялықты, әйелге бәйбішелік қасиетті, кемпірлікті меңгеріп, он саулықтары да ортақ болулары керек.

Сонымен қазақта; «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожа қырқадан аспай, текті болмас» деп ескерткен. Олай болса; 1.Ар-ұятты; 2.Ар-ынсапты; 3.Ар-ұжданды; 4.Ар-намыстылықты толық меңгеріп, төртеуіміз түгел болып қана төбеден келетін төреліктерге жалғана алмыз. Енді әйелзатының 40 ошағына 40 жандық белгіні қалыптастыруға, еркектің рұқ ошағына құранның 30 парасымен жалғанып қана 40 жанды еркіндікке шығарып, қырқа асырудың да қазақ дәстүрімен ғана орындауға мүмкіндік бары хақ. Бұрынғы замандарда бұл тектерді жеке-жеке меңгерумен төрелердің рухани қуаттылығымен, біліктілік, бектігімен белгілі болса, қожалардың 40 жанды жетілдірумен ерекшелігі болып, осы екеуін қосып қазақ дәстүрін құранның 30 парасы негізінде қалыптастыра білген Ясауи ілімі болып табылады.

Сонымен қазақтың тегі ар-намыстылық болып, 11 санды басқарушы жұлдыздарға жалғана білумен, ар ұждандылықты толық меңгерумен, жазылған құстың қанаты (құс жолымен) жалғанып, төрелік етуімен, 40 жанды еркіндікке шығарып, қырқа асыра білумен, 3 кезеңдік өлім сатысынан өтіп, 10 үңірден, қараңғылықтан, (сират көпірінен) өтумен, Лағфуз-Мағфуз кітабының сыңары құс тілімен жалғанып меңгеру арқылы; солғын мен көместік екі аралық жүктерді, нәсілдерді (жын-шайтан қуаттарын) жарыққа шығарумен, әшкерелеумен қалыптасады.

Сондықтан білімді, білікті болып, барлық елдердің тілдерін, салтын түгел меңгеріп, немесе масһабтық білімнің тәпсірін, құранды арапша жаттап алып, мешіттерден шықпай отырып алып намаз оқумен шұғылданғанмен, Алла тағала өзіміздің қауымымызды, жеті ата аруағымызды, үш жұртымызды түгелдеп, оларға қуат қосып жарыққа шығармай, тәніміздегі арам, күнәларды жақпай, жүрек, көңілден ұжданды өндірмей, артымыздан тектік ата-баба жадымен жалғанбай, өз нұрын тағдырдың өлшемінен артық беруі мүмкін емес. Ал мұндай қауымдық жүйені меңгеру үшін де, өзіміздің ұлттық жол-жобамызбен жалғанып, ата-бабаларымыздың, Алла достары болған әулие-әмбилердің меңгерген мирасқа алған ой жарығы қуаттарымен, кісілік нұрлы көлеңкелерімен жалғанумен ғана Алла тағаламыздың өзіне, аспан мүлкіне, 80 сипатты нұрына, ғылымына жалғануға мүмкіндік аламыз.

Қазіргі таңда, қазақ елі аталып егемендік алып, бәріміз керемет болып, бас-басымызға би болып, бақытты қоғам құрмаққа партияларға бөлініп, әлемнің шаруасы түзу еліне ұқсап бағуға тырысып жатқанымыз, өсіп-өніп көбеюге, жер анадан түрлі ризық пен байлығын қалғанымызша алып, сатып, байып, сол өзіміз өндірмеген, құдайдан сұрап алмаған байлыққа өзара итше ырылдасып таласып жатқанымыз да растық. Бірақ мұндай нығметке жетуге біздің ата-бабаларымыздың, аналарымыздың тағдырлық сынақтардан ар-ұятын сақтаумен өте білген, заманға сай пайда болатын қарсылықтарды, жүктерді, түрлі зұлымдықтарды жеңіп, бой көлеңкелерін өсірумен, жандық қуаттарды көбейтумен ғана ар-ұждандылықпен, ар-намысты  парасатылықпен көкте жинаған қазынасынан екенін, ал ОЛ қазынаны жұмсау үшін біздің де олардың арлы, ұятты, ынсапты, ұжданды, парасатты болып өсірген нәсілдік, белдік, сегіз көздік рухани қуаттары мен мәңгілік жандарының жалғасы болып табылғандықтан ғана екенін аңғарудан қалғанбыз.

Әрине мұны ұқтыратын, тақуалықта, арлылықта үлгі болатын діншілер, философтар, психолог, теолог ғалымдар мен үлкен жасқа жеткен зиялы, ел билеуші қауым мен ақсақалдар, қарияларымыз болуы керек еді. Бірақ жас балаларды имам қылып, өлсек жыны тазармаған жасқа жаназамызды оқытып, дін басшылары ғалымдардың барлығы дерлік жастар болып, ал үлкендік жасқа жеткендердің жігіттіктен, жындылықтан арыла алмай, сондықтан да жынды кім, үлкен кім, тіптен қыз бен кемпірдің де қылығын да айыра алмайын ел болдық. Ел билікте жастардың ары толық жетілмей, білімді болса болғаны әкім болуға, ақыл айтуға лайық болды. Олай болса жоғарғы ел басшымыз бен жастардың, ұяттан хабары жоқ қатындармен ары бірдей, оны өзі де ашық мойындап, «…Ортаға көп салдым Өзімде барымды.» деген сипатты үлгі қылып ұрандатып жүргені де жасырын емес. Сондықтан арды малға сатуға, ашық саясатты ұстанатын елдердің қатарына, өзіміздегі барымызды салып,  «өз көтімізді өзіміз ашу» салтына тегіс қосылып алдық.

  «Көзі барлар ойының, күлер көтін ашқанға» деген Абай атамыздың насихатын тәпіштесек; Дарақылық, есерлік, ойын-күлкіге қарық болушылық, жеңіл өмір сүруге, жеңіл тұрмысқа құштарлық, өзі өндірмей, еңбек етпей тұтынуға құштар, тілемсектік сияқты жын-шайтандық қылықтармен сегіз көздің перделеніп жабылумен ар қуаты мүлде жетілмейді, ақыл нәрленбейді. Мұндай пенделер білімді, ұятты, ынсапты болып саналғанмен, шынында екі жүзді жылтырақ сөзге құштар, арсыздықты тектілікке санайтын, қазақ елінің лауазымда қызметкерлеріне, ел басшы, дін басшылары мен білімді зиялы қауымдағыларға да тән жындылық құбылыс.

Біздердің туылуымыз, өлуіміз, адам болып қалыптасуымыз жер анамызға, дінімізге, уақытты, заманды қозғап, жүргізіп, көктен түсіріп, жерден өндіріп тұрған аспан денелеріне тәуелді. Дін дегеніміз осы қозғалысты меңгеруге тағдырымызға кітап, аруақ, жан болып беріледі, әлемдік қозғалыспен біртұтас бірігуді үйретеді, мәжбүрлейді, дін арқылы жазаланамыз, мәңгілікке жоғаламыз да. Ал енді мұндай әлемдік қуаттық жүйені меңгеруден бас тартқан, яғни дінсіз, арсыз билік құрған ел басымыздан бастап ақылымыз біліммен шектеліп, негізделуге басты себеп; «Жоқтамай, ұмыттым, Ақыл мен нәріңді» деген сипаттағы ұлттық екі күнімізді, ардың  отаны, ақылдың жетелігі мен саналығына жалғануға негізделген аталар жолын заңмен тартып алып, біздерге жоқтауға да тыйым салып қойғаны да хақ.

Сондықтан ұлттың арманы, қазақ елінің жан өнімінің жоспары болған; Ар атты қуаттың жоғалуымен оның орына жалған намыстылықтың, ібілістің ықпалына ерген ынсапсыздықтың, жындылықтың даналық болып қабылдануымен байланып тұрғаны сөзсіз. Сонымен адамдықтың, тұтастықтың, тектіліктің, тұлғалық қалыптасудың сипаты, Ар-намыс аталып; 1. Бір қуаттылықты меңгеру; 2.Жігерлік, ақылдың еркін қалыптастыру; 3. Өрістік сипатта 7 бой өрісін, зейнет киімін, кебенекті меңгеру. 4.Тәндік тазалықты, терінің жұмсарумен, ағарумен күнәдан ақталуды меңгеру. 5.Көмей тазалығын сақтауды меңгеру. 7.Өшігу, кекшілдік, жалған намыстылықты ажырата білумен, сүйспеншілік, адамзатқа деген махаббатты меңгерумен байланысты болады.

  Тақуалықты меңгеру мен діндегі құлшылықпен, тура жолды табушыға, арлылықтың жоғарғы дәрежесі болып 99 санды Алланың көркем есімдеріне, бір естіліктің жадылық жүйесіне, Алланың ғылымына толық жалғана білу, парасаттылықты меңгеруі де шарт. Яғни мәңгілік жанымызды өсіріп, оны ақылдың еркіне ата-бабаларымыздың 3 арыстық жадылық жүйесіне жалғану үшін, онан тараған бес арыстық түркілік дәстүріміз арқылы исламның бірлігін меңгерумен яғни барлық дін жолдарына жалғануымен қалған 4-еуді түгелдеумен, 7 арыстық белгілерге толық жалғанумен (3+5+4=12) жағалы бабалардың, пайғамбарлардың аруақтарына жалғанумен нәтижеленеді. Масһаб білімінің қазақ дәстүрі бола алмайтыны, әр ұлттың 5 қуаттық, арыстық жүйесі болатынын білген естіге мәлім болмақ.

Қазақтың үш жүздік белгісі; 1. Бек арыс-Дәуіт пайғамбармен; 2. Жан арыс-Жүсіп пайғамбармен; 3. Ақ арыс-Мұса пайғамбарммен, 4. Арыс-Иса елшімен; 5. Арыс-Ғиса пайғамбармен; 6.Арыс-Сүлеймен пайғамбармен; 7. Арыс-Мұхаммед пайғамбармен жалғаумен байланысты Ар деген қуат 8-ші өрісіміз болып, дененің ақ сауыты болып табылады. Қазақтың үш арыстық белгіден 5 арыстық елшілікті меңгерген әулие-әмбилердің шыққанын да жадыңызға тоқып алып, 12 арыстық белгімен 88 сәруарлық (12- жұлдыз жорамал, «гороскоптық») жұлдыздарға жалғанудың хикметі пайда болады.  Мұндай жағдайда қазақ ұлтының тектілігін тұрақты сақтауға негізделген дәстүрдің де сипаты негізінде 5 арыстық әулиелер аманаттарына жалғанумен 3 жүздік арыстық белгілерді меңгерумен 8 сандық белгімен парасаттылық ақылды меңгерудің нәтижесін береді.

Сонымен аспан мүлкіне жалғану үшін де жер анамен, ата-баларымыздың 41 қуаттық жүйесі «Ғайып ерен қырыш шілтендік» қауымдық жүйесіне жалғанып, тән ағзаларындағы барлық сезімдік, жүйкелік жан ошақтарын тазартып қуаттандыру керек. Аятта; «Егер  олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді (аян, уақимен берілгендерді) толық орындаса еді әрине олар үстіңгі жақтарынан әрі аяқтарының астына жейтін еді…» (5-66) Бұл аятты қазақта; «Шақырғанда бармасаң шақырғанға зар боласың» деп нақыл қалдырған екен. Яғни түсіңе кірген әулие-әмбилердің белгісін, ишарасын немесе бір киелі орындарды аралатып көрсетіп шақырғанмен, оны жорып намазын орындаудан бас тартқанда азапқа, ауруға, түрлі бәлекеттерге жолығу да заңдылық.

Және бұл құлшылық түрінің елшілік істермен байланысты Нұқ пайғамбарымыздан бері жалғасты келе жатқан кітабы болып; «Әй Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан  қорғайды. Күдіксіз Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды.» (5-67) Олай болса біздің тәндік жан, ақыл ошақтарын тазартып, жынымызды кісілікпен тәрбиелеуге тағдырымыздағы жамандықты жақсылықпен айырбастауға інжілдік, тәураттық намаздардың маңызы да зор, мұнсыз тек масһабпен бес парызбен тура жол болып, бойымызды түгелдеп, ақылымызға нәр болатын арымызды зұлымдықтан аршып алып, тазартып  қалыптастыру да мүмкін емес.

Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі бұл істерді меңгермегенде мәңгілік елшілікке тағайындалмауы да хақиқат еді. Пайғамбарымыз бұл елшілікті де меңгергені, бірақ оны кейінгі масһабшы, сәләфшы, жамағатшы т.б. басқа сопылық топтардың да жоғалтып алғанын аятта; «Мұхаммед оларға айт: Әй кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!» Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.» (5-68) Әрбір пенденің Раббымыздан түсірілетін құдайлық жобасын алмай, тағдырын тазартып, бақытты болуы мүлде мүмкін емес. Және бұл істерді намаз қылып орындамай Мұхаммед пайғамбарымызға «ондайларға уайым жеме» деп, үммет тұрғысында бас тартуын ескертіпті.

Сонымен қазақ елінің бүгінгі салты әлемдік тұрғыдағы қара шекпенді болуға, арсыздықтың барлық әрекетін заманға лайық болу, 30 елдің қатарына қосылу, «гендерлік» мәдениеттіліктің әдебі деп қабылдаумен, ар сауытының орнына тозақтық қара қуатпен ел басымыздан бастап бауралған десек қате емес. «Қашан оларға: «Алдағы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мархаметке бөленесіңдер» делінсе; (45) Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады.» (36-46) Раббымыздың алдын ала жарты жыл бұрын ескертуін 3-4 жыл бойы жазып хабардар етіп жатқанымызбен оған әзірге мойынсұнған ел билеуші, зиялы қауым, дін ғалымдары да жоқ.

Сонымен бірге «Ауруыңа ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген тақырыппен Раббымыздың бүгінгі замандағы  азаптың, дерттердің себебін, онан емделудің жолын көрсеткенмен қазақ құқық қорғау орындары керісінше қудалап, айыппұл салып, халыққа таратуға мүлде тыйым салып қойғаны да хақ. Мұндай Раббымыздың тарапынан елшілік істерді атқаруға берілетін ескертулердің жалғасты келе жатқан және оған арсыз елдің басшылары үнемі қарсы болып, бүгінгі күніміз тыныш алдағыны кезінде көрерміз, немесе тезірек келсе екен, шындығын білетін  деген надандық пиғылдың қалыптасуы да заңдылық.

Мұндай жағдайда қияметтік мезгілдің түбінде азабы болып; «Олар өзіңнен апаттың жедел келуін сұрайды. Сөз жоқ! Тозақ кәпірлерді (арсыздарды, қара өріспен) әрине орап алады. (54) Сол күні апат, оларды төбелерінің үстінен де аяқтарының астынан да қоршап алады да; «Қылықтарыңның дәмін татыңдар» дейді» (29-55) Қазіргі таңдағы әлемнің барлық арсыздық аурулары, азаптары қазақ елінен табылып жатқаны да, қан азу мен жатыр, төс обырларының, жүрек, бауыр, бүйректердің жаппай індет болып жатқаны да осындай азаппен қияметтік мезгілдің туғанын ашық дәлелдердің жеткілікті болғанымен мұны ел басқарушылар ғана түсінуге қауқарсыз… (жалғасы бар Сәуір айы 2016 жыл)  Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *