XXIII-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және ұждандылық текті меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 82

                         

    «Адам өмірін қалай түзеуге болады.? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар… Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.

 Әрине, адам оқып, біліп үйрену қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек.

 Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.» (Шәкәрім әулие)

Әулие бабаларымыздың насихатымен бұл үш түрлі адамдық құндылықты меңгерудің құпия рухани жағдайы міндетті болып; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық» байлықтарын меңгерумен салт-дәстүріміздің қалыптасқаны да сөзсіз. Адал еңбек ете білумен, білім-өнерді меңгеру үшін де біріншіден денсаулық байлығы болуы шарт. Ал денсаулықтың тән саулықтың кепілі болып, жан, рұқ-мал, жын қуаттарын ақылмен меңгеруге қазақта; «Қызға қырық, ұлға отыз үйден тыйым» деген тәлім-тәрбиені беріп; «Баланы жастан, қатынды бастан» деген астарлы нақыл қалдырған. «Ақыл – шырақ, білім – жарық» деп ескерткен даналар. Қыз баланы «шырағым, өріс» деп атаудың өзінде жан ғылымының негізі бар.

Олай болса, ақ жүректіктілік, ақылдың даналығымен; «Ақ жаулық» байлығымен, яғни «қатынды бастан» деген жаулықты, етекті әйел затының басынан бөлінетін діл қуатынан- сары түсті өрісімен де байланысты болып; «Тақуа әйел иманның жартысы» деген пайғамбарымыз.  Сары түстің ұлттық ділдік қуаттың сипаты болып; 1. Желмен; 2. Ғылым-біліммен; 3. Көкіректе ұждандылықпен; 4. Қол екі істермен (қол шеберлігімен) ұлттық тектіліктің аналық ақ жүректілік қасиетінің  негізін құрайды. Сондықтан да ақ жаулықты әйелзаты осы 4 түрлі қасиет, қабілетпен қандық тектің сақтаушысы және қуаттық көзі болады. Ғиса пайғамбарымыз ақ жүректі әйелдің 10 теңгесі барын ескертіп; 1.Нәзіктік; 2. Ибалық; 3. Имандылық; 4. Сабырлық;5. Қанағатшылдық; 6.Жылылық; 7. Сезімталдық; 8.Кішіпейілділік; 9. Ізгілік; 10. Төзімділік деп астарлы насихат қалдырған екен. Ал қызға қырық үйден тыйымды сақтамағанда, қанында бар бұл ұлттық, елдік тектің ең жоғарғы дәрежесі төзімділік жоғалып, ол болмаған жерде қалған 9-ның да қадірі кетеді. Төзімділік әйелзатының рухани баласы болып, егер ол кемтар, денсаулығы болмаса, онда өмірге келетін ұрпақтары да тексіз, ауру болып туылады.

Шәкәрім атамыз бұндай ғылымның сырын; «Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, Бірін-бірі буаз ғып, жуандатқан. Тоғызының киімі тоғыз түрлі, Келген кісі сияқты әр тараптан. Босанғанда, тоғызы бір ұл тауып, Балаға екі түрлі киім жапқан. Бір киімі шешесіне ұқсаса да, Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан. Қатындар не? Киім не? Баласы не? Көпке киім жетеді не себептен?» деген астарлы жұмбақтың әйелдік ақ жаулықтық қуаттың сырын, құран аятының «Әйелдеріңе барыңдар егіндіктерің және бір-біріңнің киіміңсіңдер» деген зейнеттік және рухани 9 түрлі жарықтық, кісілік қуаттарды көбейту, жанға жүктеудің жағдайын ескерткен.

«Тоғыз қатын, тоғыз сан, тоғыз бөлек, Тоғыз цифр, киеді түсі өзгерек. Бір-бірінен бірі жуан бола беріп, Ойлансаң тоғыздан «он» туса керек. Киімі оның бір цифр, бір ноль болар, Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек. Қанша санды жазса да осы он цифр, Жететінін байқарсыз, болсаң зерек.» Сонымен «Сендерге бір тіл жараттым, екі ерін, екі көз» деген аяттың сыры екі есе дәрежеленуімен, яғни жүрек көзі, маңдай көзі және екі ерін-сөзбен болып;  бір ана тілімен 9 қарсылықты, төрелікті, иман қуатын меңгеріп, яғни 10 еселеп тіл арқылы дәрежеленудің, діл-сандық тұрғыдағы ұлтымыздың қазына байлығы әйелдеріміздің, қыздарымыздың қанында болып ұлттық арман, жоба – ақ жүректіліктің негізі де болмақ. Ел биліктің үш тілді меңгерсек ғылымды ел боламыз деп, «көк құрақ» жас балаларды ділін меңгеруге, жаратқанның үкіміне, жан ғылымына ашық қарсылықпен көктей солдыруға, ұлттың нәсілін жоғалтуға деген ібілістің ұрпақтарының тағдырлық, ұждандық белгіні жоюға деген әрекеті екені де хақ.

Сонымен ұлтымыздың жобасы; «Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады» дейді Шәкәрім атамыз. Адал ақ жүректі аналардан ғана текті дені сау ұрпақтар өсіп-өнеді. Мұндай тәрбиелі ұрпағы бар елге енді арлы ақылды меңгеруде оңайға түседі. Енді арлы ақылды қалай меңгеруге болады деп сұраңыз. Ол үшін де ақ жүректен, ақ көңілінен, бір тілді, көркем ата сөзінен өсірген бәйшешек бақшасынан қалыптасатын ұждандылықты меңгерумен тағдырымызды түзетуге, жол-жоба алуға және ақылға да ақиреттік өмірден ескерту сын керек. Ұждандылық – мизан, көңілдің таразысы, тылсымның ақиреттік өмірмен байланысшы, хабаршысы, әрі біздердің қорғаушы, күзетші «адвокат»-серік-көзіміз, жанған жұлдызымыз болып саналады.

Олай болса ұждандылықтың, ақ жүректіліктің сыр-сипатын білу үшін де; қазіргі қоғамдағы арсыздықтың сипатын, қарсылық себептерін білмей, танымай, біздер арлы ақыл түгіл, ақ жүректі ұжданды болудың да тәрбиесін түсіне алмаймыз. Түсінгенімізбен ол тек білім тұрғысында және бір сәттік мақтанға, ойын-сауық тойда ғана  көрсеткенге мәз болатын әсершіл жындылықтан да арыла алмаймыз. Солай бола тұра «Шын жүректен (ұжданымен) тілеймін» деген сөзбен мақтаудан танбаймыз.

Қазіргі таңда, қазақ қоғамында, ел билеушілеріміздің ұстанған саясаты; ғылымды-білімді ұрпақ тәрбиелеп, шаруашылықта дамыған 30 елдердің қатарына қосылып «мәңгілік ел болу». Ал сол елдердің үш байлығы түгел; «мейірімді, махаббатты, қайырымды, ақ жүректі, адал және арлы ақылды тұрғындары бар, Раббымыздың (сары түсті) білімін меңгерген, алтын ғасырда өмір сүріп, мәңгілік ел бола алғанына көзімізді жеткізе алдық па? Әлде жындылықпен меңгерген, әлемнен жинаған кезбелік білімнің бәрін ақыл деп санап, құдықта отырған құрбақаның әлемді құдық аузынан ғана көргендей әсершілдіктің әрекеті ме?  Ал ұждан арқылы көктегі жұлдыздарымызға, ата-бабалармыздың меңгерген рухани қазынасы, көздері арқылы ұжданымыз арқылы жүрек көзімен қарасақ әрине мүлде басқаша ойлана алар да едік.

Бірақ бүгінгі таңдағы біздің ұждандылық сапамыз әнші, спортшы, ар-ұяттың, ата дәстүрінің қадірін білмейтін ұлттық үлгіміз «жұлдыздар отбасылары» болып алды. Сондықтан да жынды да, жанды да өз ұқсасына тартылу, ұқсауға тырысу әдетімен; мұндай рухани тұрғыда құлдырап, семіздіктің, білгіштіктің дертіне ұшырап, жандары жетілмей, қатындарының өмірге ұрпақ әкелу қасиеттері жоғалып, еркектері әтектеніп, түрлі апаттармен, жазылмайтын аурулармен азапталып жатқанына, ұлттық ділдері, әйелдерінің қанында жинаған сандық белгілері, ұлтық жоба- қазынасы жоғалып, тозақтық елдерге айналып алғанына да ақыл тоқтаудан қалғанбыз. Ұлттық тілімізді, сөз астарларын, ғылымнан дерек нақылдарын меңгеріп, ата-баба мирас кітаптарына, ғылымға, таза ойға жалғанып, ақылды өсірмей өзге елдердің тілін меңгеру арқылы олардың нәсілдік, жындылық қылықтармен қоса жүктелетінімізді әрине ұжданы түгіл жетесі де дамымай қалған ел билеушілер мен ата дәстүрінің қадір-қасиетін, аманатын алмаған қауымға түсіндіру қиын.

Сондықтан құдайдың қалауымен емес,  қалайда сондай елдің тілін меңгерсек, олар сияқты дүниеге-өнерге жетік болып, мәңгілік тату-тәтті , арлы ақылды ел боламыз деген жан ғылымына, рұқ өркениетіне қарсылықпен жаппай ғылымда, ақылда алжудың саясатын ұстануға да арланбаймыз.

Ел билеуші, зиялы, білімді, дінші қауымның да мұндай жағдайға түсуіне не себеп болды деген сауалға; « … Осы (үш байлықтың) үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек.  Мысалы зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік, тағы тағылар…» (Шәкәрім әулие). Сонымен ел басымыздың құдайдың қалауымен болған ұлттық, халықтық, тағдырлық, дүниелік тұрғыдағы несібемізді яғни мемлекетіміздің шаруашылық ісін түзеуге, еңбекші қоғамды қалыптастыруға, халықтың жақсы тұрмыстық өмірін (әлеуметін емес) жақсартуға деген еңбегін ұстанған саясатын, осы жолдағы қажырлы еңбегін бағаламауға да болмайды.

Бірақ осы жолда түрлі кедергі, қарсылықтарды да ұйымдастырып, үнемі оны тың шешімдермен жеңіп отыруға,  Астана қаласын салып, оған әлем жұртының да назарын аударуға, мақтанға, өзімшілдікке де себеп болған қазақтың білімді, зиялы аталған қауымның дүние ісін меңгеру жолында атаққұмарлыққа таласумен, өзара көреалмастықпен, малқұмарлық, қанағатсыздықпен, ел басымыздың соңына біліммен, шырақсыз (ақылсыз) «шам»-жарық (от) алып түскен жындылықтары да себеп болғаны хақ. Сонымен мұндай қарсылықтарды жеңіп әдеттенген ел басшымыз  үш түрлі жаудың; нәпсі, мақтан, өзімшілдікті әдет қылып алды да, енді ұлттың  да рухани әлеуметтік жағдайын құдайдың қалауынсыз-ақ тез арада түзеп, мәңгілік ел құрып, әлем алдында ең ақылды-дана болмақтың соңына түсіп алды. Сонымен «нұрлы жол, мәңгілік ел, ұлт арманы, зайырлы ел, үш тілді ғылымды ел, бір текті ел, жүз қадам алға басумен құдай емес, нұр отан партиясы құтқарушы т.б. » деген ойы теріс ұрандардың арқасында өзінің де ұжданын жоғалтып, ой бақшасын қуратып алғанын да аңғарар емес.

Сондықтан бұл ұран жолдауларға қол соғып, еріксіз қабылдауға халыққа мәжбүрлеумен айналысудан, керісінше қазақтың тарихында болмаған ең төменгі сатыға дейін түскен, жаппай арсыздыққа маталған елге айналып, қияметтің азабын тартуға себепші болғанын аңғаруға да білімге ғана негізделген ақылы жетпей қалды.  Мұндай жаппай елдің дүниенің қызығына, жеңіл тұрмысқа, еңбек етпей, құдайдың өндіріп берген несібесін сатып, күреп ақша табудың жолына түсіп мас болуынан құдайдың да азабы артып, түрлі табиғи апаттарды былай қойғанда, халықтың басына ажалдың қара бұлты төніп, көптеген тұрғындардың өмір ағашы қиылып, нәсілдері жоғалып, ұрпақтық сабақтастық үзілуімен көрінісін беріп жатқаны хақ. Мұны тек бірін-бірі қағаз жүзіндегі деректермен алдап, ақпараттық жүйелерден мақтанудан басқа бірде-бір өзара сынды көтермейтін ел билеуші, зиялы, білімді қауымдықтар ғана аңғарудан қалған. Бұндай бұқара халықтың басына түсіп жатқан азаптың, сынақтардың да, ел басшымыздың да қауымы мен оларды ақылсыз қолдап, немесе жалған ақпараттармен теріс ақыл қосып, арандатып жүрегендердің бәріне түсетін, ендігі күнде түсіп жатқан лағнеттің де арта беруімен және орындалуымен де аяқталатыны да хақ.

Енді, әлемге және қазақ еліне ерекше келген нұрға қарсылық қылған жындылықтан, ашық ұятсыздықтан көбейіп жатқан шайтандардың жын қуатына тікелей қосылуынан (шерік қосылу) мастыққа қарай көбейтіп жатқан жаман әдеттерден қалай сауыға аламыз деп сұраңыз. Әрине тек қана құдайдың өзінің жәрдеміне, қалауына ғана жүгініп, арлы ақылды қоғам өкілдерінің үлгісін қалыптастырумен ғана мүмкін екені де сөзсіз. Ал енді арлы ақылды меңгеру үшін алдымен тағдырымызды тазартуға хабар мен нұр келтіруге, ұждандылық қасиетті қалыптастыра білу керек. Ұждандылық ұғымының тек қана түркілік дәстүрге тән болғандықтан, киелі кітаптарда, құранда астарлы аяты ғана болып оны тәптіштеп, тәпсірлеуден дін ғалымдары мүлде қашады немесе өздері теріс аударып, ұғымын да терістеп қойған.

Жалпы әлемдік тұрғыда сөз ғылымы болған; философиялық даналықтарда имандылық, парасаттылық, пайғамбарлық қасиеттер мен елшілік істерді меңгеру әулие-әмбилік дәрежелердің  ұғымдарымен, сопылық құлшылығымен жеке-жеке тарихат, мағрипат, ақиқатқа жету болып баяндалады. Бірақ оны біртұтас дәстүрмен меңгеру құлшылығы Ясауи бабамыздың үлгісінен кейін ғана кез келген дін ниетті пендесіне ажыратып дін тобына бөлінбей–ақ мүмкін болып; олардың жібінің жалғасы болған, біздер сияқты мирас, аманаттың егелері түсінуден бас тартып қойғанбыз. Сондықтан біртұтас қазақ дәстүрінің бұл ғибратты құлшылық үлгісін тарихат, сопылық деген топтардың адасуына қалдырып қойғанбыз да, орта жолдық масһаб деген бәрінен оңай және тура жолдың өзі деп сандырақтап мастықтан айыға алмай қалдық.

Енді ұждандылықтың дәрежесі, тектілік белгісі төрелік болып; «Қара қылды қырыққа бөлуші» деп әділеттілікті қалыптастырумен, арлы ақылмен байланысты айтылған. Раббымыздан ұжданымыз арқылы хабар алып, Кененсары хан атамыздың басы шабылмай, 11 уәзірмен бірге жерленіп, қабірінде 7 күміс кесе, аса таяқ, шежіре кітаптың және 40 буын жіптің қоса жерленгенін жариялаған едік. Сонан өзін төремін, білімдімін деген ұрпағының бұл деректі мазаққа алғаны, яғни «төре семсер ұстамай, шежірені ұстап, қырғыздарды таяқпен ұрып, жіппен буындыруға соғысуға барған ғой..» деген төрелікті жауға шапқан батырлық тұрғысында ғана бағалап, сөз жүзінде ұждансыз, арсыздығы да болды.

Ал шынында бұл ел билеуші тұлғалық, кісіліктің, төреліктің, қазақ рұқ білімінің, ұждандылықтың толық таңбасы екенін де жадыңызға тоқып алыңыз. Төреліктің үш жүзбен толық байланысты болып,  үш дәрежесімен негізгі ортасы қалам ұстап дауға түсумен, Шыңғысхан бабамыздың тобықты руынан тарауының да маңызы бар. Үш жүзден де төрелердің шығып, хандық құрғаны тарихта мәлім, ал үш жүздік белгіні толық алғандар әрі тақуа малын баққан, әрі найза ұстап жауып шапқан және білімді болғандар аз ғана.  Көбі мал табар, білімді бектердің дәрежесінде ғана қалыптасқанды. Бірақ ол кездегі білім ақылмен сөздің қасиетін, астарын, нақылдарды меңгерумен, хакімдікпен байланысты болса; қазіргі таңда қазақ ұлтында екі жүзін былай қойғанда, орта жүздік қасиеттілікті, сөз мәресін меңгеріп; әділ би, бек болып, арлы ақылмен әділдікті қалыптастыратын төрелік қасиеттің төре ұрпақтарынан да жоғалғанына да дәлел екені хақ. Демек ділді меңгеру, сан ғылымын меңгерудің, ойшылдықтың қадір-қасиеті ертегі болып қалғаны да сөзсіз.

Ал қожалық қасиет, тектіліктің жанға қожа болумен, ғылымды меңгеріп, жеті арыстық кітаптарға толық жалғанумен оның жоғарғы дәрежесі ақылдың парасаттылығын, Мұхаммед пайғамбарымыздың артынан сапқа тұрған 88 сәруарлық белгіге жалғанған, құдайдың хабарын жеткізуші елшісі, шапағатшысы болумен байланысты болуы шарт. Қожа мен төре тек қана белгілі рудан тарайды деп түсініп, өздерін қазақтан бөлек ұлт қылып алғандар Аллаға, жан, рұқ ғылымына жала жауып, ортақ қосып, ібілістің ұрпағына айналып алғандар деп түсіну керек. Құдайдың қалауымен ғана қожа, төре немесе аталық текті би, абыз болуға жол ашылады, Алла тағала нұры арқылы қалыптасады. «Үш ағашқа ат байламаған еркек еркек емес» деген қазақ даналығында. Әрбір пенденің Мен сипаты төрт негізден, жүректін төрт сарайынан тұрып, қожалық пен төрелік оның екі бөлшегі ғана болуы керек.  «(1.-Хазірет Сұлтан (төрелік) 2.-Құл Қожалық 3. -Ахмет (елшілік) 4. -Ясауи (дін ғылымы)». Ендігі білімді заманда бұл үш текті толық меңгеріп, барлық діндердің ақ бастауы  Ясауи іліміне Ол аллалық елшілік сипатқа толық жалғанбай; ақылды, дана, ұжданды, парасатты болу мүмкін емес екенін жадыңызға тоқып алыңыз.

Сонымен қандайда бір тектіліктің нәтижесі; ақылдың еркін, еріктілігін қалыптастыруымен байланысты болып; әрбір ұлттың Алланың иіріп берген жібімен, тарихтағы ғибратты үлгілермен, сөз даналығымен, шежіре кітабымызбен және ақ жаулықтық қуат, діл білімі сары түспен жалғанумен ғана байланысты болмақ. Құранда «Менің анамның арқасындайсың..» деген аятқа Раббымыздың екі жүрек жаратылмайтынына ескерту бергенінде де хикмет бар. Яғни жүрек пен бастың біртұтас Адам болып, бір кісілік негізден тарап, ал әйелдің басы әке рұқынан, аяғынан, масіхтік тазалық табандылықтан, мінезінен болып, ұрпақтың жүрегіне айналу сипаты болады. Бас пен жүректі бөліп қаруға болмайды, бастың мүшесінің тазалығы жүректің тазалығына айналуы да хақ. Жалаңбас, жаулықсыз, шашын қиған қатыннан жүрегі қара, күнәға бейім ұрпақ қана туады. Сондықтан да; Қатынды басына, етегіне қарап бағалау керек.

Ал біздің жандық қуатымыз ата-бабаларымыздың, аналарымыздың ұждандық жүйесінен ғана пайда болуымен, тағдырлық аруақтық кітаптарымен де байланысты аманаттарымен жалғанып, оны меңгеруге немесе жоғалтып аманаттан үзіліп, өзге нәсілге ауысуға да еріктіміз. Енді мұндай аманаттарды меңгеруден, жалғанудан бас тартқан масһабшы, тарихатшы, ата жолдық жалған «аққу, сұңқар» немесе емші, білімді, зиялымын, дін ғалымымын, ел билеуші әкіммін деген жоғарғы қауымдықтардың жындылықтарын қандай белгілермен анықтауға болатынын дәлелдеу арқылы қалған топтардың жындылық сипаттары өзінен-өзі әшкере болатыны да хақ.

Енді әуелі ұждандық қуаттың сипатына тоқталсақ; Ұждан деп; Орайдан, төбемен байланып тұрған зейнет өрісімен, көкірек кеуде сүйегінен шыққан қуаттардан пайда болған жұлдыздық бейне. Мұны жан жұлдызының жанып, жарыққа шығуы деп атаған жөн. Жанның періштелік бейнесі болып саналады. Ал жындылыққа негізделгендер, шайтанның жамағаттары болғандар сөз жүзінде «жұлдыз»-ұжданды деп кімдерді атап жүргендерін, және осындай атау сөздерді бұрмалау арқылы сөз бақшасын өртеп жүретіндер болып саналады. Алла тағаланың Ібіліске бірінші адамзаттың алдынан кел, сосын артынан кел дегені  ұжданды өсіруге қарсылықты, көңілге шайтанды ұялатудан кейін, арттағы ақылдың еркін оп-оңай билеуге де болатыны да сөзсіз.

Ұжданның тағдырмен де байланысты; 14-ші, 28-ші сүрелерімен аят үкімдері көңілде бейнеленіп, орнығуы 14 жаста, яғни алғашқы мүшелдік жасты қалай меңгерумен ана тілінің, ділінің қуатымен байланысты болады. Негізінде ұждандық белгі Алладан үкіммен, нұрымен, ата-баба, ана аманаттарымен, тектілік қуатымен жалғанумен байланысты 6 жастан 7 жасқа қарағанда қонады. Ал 28 жаста толысады да, 56 жаста толық нәтижеленуімен, аспан мүлкі жұлдыздарға толық жалғанады. Рухани тұрғыдағы сандық белгісі; Рухани өлімнен өткен жағдайда; 19 санымен бейнеленеді. Ал ана тілін меңгермеуден ата дәстүрінен жауапкершілік болмағанда, керісінше тозақтық пендеге айналады, дүниеге, білімге ғана ден қойып, мәңгүрттеніп, сөз ұғымын түсінуден қалады, ақылы жетілмей тоқтайды.

Негізінде ұждандылықтың бой өрісінің толық жетілуімен, 7 қабат зейнет киімі «кебенектің» қалыптасуымен байланысты және Алланың нұрымен жетіледі. Ал қазіргі таңдағы еркектерде жалаңбастықпен, ал қатын қыздарда ақ жаулық түгіл етексіз, жеңсіз жағдайда бой өрісі қара шекпен жамылған, шайтаннан болған жындармен бауралған, қара май иісті, кір сабын сасыған тозақтық сипатта болып; тағдырлық ұждан қуаты мүлде жоғалып, бордай ериді. Ұждандылықтың; Әке аруағының қариялық қасиетінен, ұл балаларда нағашыдан, қыздарда өз жұртының аруағымен байланысты болады. Мұның маңдайлық тағдырмен байланысты сөз сөйлеу өнерін меңгерумен жалғанып орнығады. Шәкәрім атамыздың «Бір ханның кеудесіне жара шыққан..маңдайыңда үш меңі бар баланың өтімен ем болады» деген астарлы насихатында осы сырды баяндаған.

Қазіргі таңда кеудесіне жара шықпаған ел билеушінің 7-еуі ғана болып, жалпы қазақ елінің 17млн. халқына 100 мың билеушілердің барын да біліп қойыңыз. Ал енді қатарына қосылмақ болған 30 елдің бірі жапондардың 128 млн. халқына 9 мың ғана ел билеуші барын да жадыңызға алып қойыңыз. Соған қарағанда ұждандылық тұрғысында ағылшын тілінен көрі жапон тілі бой ұсынуға дұрыстау сияқты. Бой ұсынудың ана тілімен, ата сөзімен көңілге жандық бес қуатты алуымен байланысты болып 7; 8; сандық қуаттық жүйелердің қимасымен (қосынды) 15 сандық белгімен құранда; «Хыжыр-Бойтұмарлау» деп аталып 99-аятпен кітаптарға, арлы ақылға, парасаттылыққа жалғануды білдіреді.

Сонымен ұждандылықты қалыптастыруға көңілге жанның бес қуатын 3 кезеңдік сипатта меңгерумен байланысты болмақ. Шәкәрім атамыз «Үш рәуішті өмір бар адамда» деп насихаттаған.  Негізінде үш ағаштық тек болып көру, есту, ойлау қабілеттерінің;  1. Ұяттылық; 2. Арлылық; 3. Маңдай тағдырлық қуаттық жүйелерді меңгерумен жанның 5 қуаттық жүйе жібімен жалғанып дәрежеленуі керек. Жанның жібінің жүйелерге жалғануы; 1.Қозғалыс-тіршілік қуаты, жаратылыстың барлық 6 сипатты белгісімен жалғанады. 2.Ұйқы-Өлім-көк қуаты болып, көктік тәңірлік қуаттармен ұйқы кезінде жалғануымен байланысты қуаттанады. 3.Аян-өткен өмір қуаты болып, ата-баба аруақтарымен жалғанумен, аманаттарды меңгерумен байланысты болады.

Бірақ бұл жанның қуатын үзуге; масһаб діншілері, ислам ғалымдары аянбай соғыс ашып жатқаны, белгілі бір дәрежеде ел билеушілердің жәрдемімен қазақ елінде де ібілістің ықпалын қалыптастырып үлгіргені де хақ. 4. Ой-білім қуатын меңгерудің бір жақтылықпен, ілімнің жеті үнінсіз алуымен, теріс ойлы сөздердің ықпалына ақылды байлап жанды өлтіруге қазақтың философ, теолог, психолог ғалымдарының – ұждансыз, жындылық топтардың қызметшісіне айналып алғандарын да аңғарар емес. 5. Жүрек-ес, ақыл, сана қуатының жүйесі болып, жалпы қожалық тектің, парасаттылықтың, ақылдың еркін қалыптастыруға негізделген қазақ дәстүрінің  Ясауи бабамыздың ғибратты үлгісімен байланысты екенін де жадыңызға тоқып алыңыз. Бұл қуатқа жалғануды; «О құдай бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер!» деген киелі бабаларымыз.

Сонымен Алланың нұрлы жібі біздің жанымыздың жетілуімен байланысты бойымызда қалыптасып және тіл мен тәрбиеге байланысты екі жұлдыз, көздік сипаты болып, алды артымыздағы күзетшіміз болады. Мұхаммед пайғамбарымыздың үш түрлі құлшылық негізін миғраждан алып келуінде осындай үш түрлі тіл, тәрбие және намаз оқу, орындау болып қалыптасқаны да хақ. Ұжданымыз ана тілімен, ділімен байланысты, көңілдің нұры, жүректің көзі болып, аспан денелерімен, шұғара жұлдызы (маңдай тағдырлық) арқылы 12 жылда бір рет қайта келетін құбылыс болып, қазақта мұны мүшелдік жаспен белгілеген. Қырыққа келіп 4 ақылды түгелдеп, бір ақыл жетеліктің деңгейіне шығуымен, қой малдық қуаттарды алып жүктелумен, қанағаттылықпен байланысты бекіп отырады. Енді шариғаттық, дін ісі тұрғысындағы ұяттылық ақылдан жоғары тұрған, саналық деңгейдегі ұждандылық пен арлы ақылдың дәрежесі парасаттылық деңгейлерді, оның қарсылық жындылық сипаттарын талдап, тәптіштеп түсіндіріп көрейік.. (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *