Category: Шәкәрім және дәстүр, дін

  • Қулар

     Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен,

    Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.

    Құдай жолын біле алмай, қу билеген

    Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен. (more…)

  • Қайтқан шал  

    Күнде керуен келеді бір сарайға,

    Неше бөлек үйі бар әрбір жайда.

    Сансыз көп саудагерлер келіп жатыр,

    Біреу жылда қайтады, біреу айда. (more…)

  • Алла жолы- ақ жолың

    Елге көнсем ақ жолдан адасамын,

    Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын.

    Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды,

    Енді қайтіп бұл елмен жарасамын. (more…)

  • «Қазақ айнасы»- тақуалық тәубе  

    Қолда қалам, көзде жас, толқындап ой,

    Шіміркеніп, тітіреп, салқындап бой,

    Тозған мола сықылды сұм көрініп,

    Өткен күнде қызыққан сауық пен той. (more…)

  • II-Міндеу мен күндеу  

    Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер

    Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер

    Сынға салып талғамай талапты жас,

    Соның бәрін қатесіз жөн деп білер. (more…)

  • I-Міндеу мен күндеу  

    Біреу сені мақтаса, қуанасың,

    Жамандаса, жабырқап, суаласың.

    Мақтаған кім, сөккен кім – онда ісің жоқ,

    Бәрібір сен де елірме дуанасың. (more…)

  • Дүние мен өмір

    Білімділер насихат көп жазады,

    Адам үшін уайым жеп жазады.

    Байқап оқып отырсам, соның бәрі.

    «Дүние сұм, алдамшы» деп жазады. (more…)

  • Махаббат пен құмарлық

    Ашылған көз тұра ма бір зат көрмей,

    Миға хабар бермей ме түсі өзгермей.

    Әдейілеп көрейін демесең де,

    Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей? (more…)

  • Ер қоспақ пен сөз сөйлемек  

    Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,

    Қисындырып жымпитып қойсам демек.

    Атқа тыныш, адамға жайлы келіп,

    Көзге сұлу, өзі оңды болса керек. (more…)

  • Анық пен танық  

    Ойласаңыз ақыл-білім қайда болмақ,

    Денеде, қандай орын-жайда болмақ?

    Білу, нану, ұнату-ақыл ісі,

    Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ? (more…)