Анық пен танық  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 0

Ойласаңыз ақыл-білім қайда болмақ,

Денеде, қандай орын-жайда болмақ?

Білу, нану, ұнату-ақыл ісі,

Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрыннан иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.

Ой сонда неше толғау шимай салмақ,

Қайтсе жөні келер деп өлшеуге алмақ.

Дәл солай қылайын деп ұнағанда,

Әділетті жүрегің бір қозғалмақ.

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Анық ақыл, оймен танып істі білмек,

Есту, көру, ойлау, сөзді сөйлей білмек.

Тәндегі төрт қуаттан хабар алып,

Сегіз қырдан танымдық ақыл өнбек.

Бес сезім жанға қуат хабар бермек,

Бастағы төрт ақыл жынмен өспек.

Төрт ақылдың ішінде бес қуатпен,

Тоғыз санды қозғалысты кісі демек.

Ойдан кісілік боп жын жетілмек,

Бойға жарық, күзетші көз өсірмек.

Шайтан сезім, жыннан ақыл, ісің

Бірінен жан, бірінен кісілік жетілмек.

(Б.Т.К)

****  ****

«Жарайды»-деп, ұнаса, бас иземек,

Жек көрсе, жиіркеніп дірілдемек.

Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол,

Ұғып ал да бола көр соған көмек.

Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,

Нәпсі ұнаса болғаны, бәрі бітпек.

Тәуекел деп ат қойып ықтималға,

Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.

Табамын деп талпынып ойына алмақ,

Өз әлінше о-дағы сынға салмақ.

Аз ойланса қазақтың басы қатып,

Зиян істі пайда деп қойып қалмақ.

Ықтималдың есігі екеу болмақ,

Ішіне пайда, зиян..бәрі толмақ.

Нысананы сығалап дәлдеп атпай,

Көзін жұмып оқ атқан қайтып оңбақ?

(Шәкәрім әулие)

****  ***

Психолог, дін ғалымы мұны білмек,

Жан танымы, рұқтан сыр дене өсірмек.

Насихатын даналардың, бүгінгі таң,

Саналы, жетелі жан білім білмек.

Саналы түгіл, жетелілер мұны білмек,

Аз қалды қазағымда бір есті демек.

Екі естілік ықтималды пенделер көп,

Тәуекелшіл, біліммен ойсыз дүрмек.

Бірі сезім, екінші жынға енбек,

Ықтималмен ақыл-ойсыз білім бермек.

Қысқа ақыл сезіммен ой жорыған,

Білімді көп, жындылықты ақыл демек.

(Б.Т.К)

***  ***

Іс қылады таптым деп біздің қазақ

Онан көрген пайдасы болады-ақ.

Аяғында ол ісі зиян шығып,

Көрінгенге күлкімен болар мазақ.

Арам оймен ар сатып үзіп-жұлмақ,

«Міне, пайда қылдым»-деп мақтан қылмақ.

Біреу білген айланы біреу біліп,

Өзі құрған дарына о да асылмақ.

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,

Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.

Арсыз, арам, асығыс, айлакестік,-

Мұның бәрі шайтанның досы болмақ.

«Құдай кешер алда»-деп күнә қылмақ,

Ар кетіріп ант ішіп, жан сатылмақ.

Не жалғанда, немесе ақыретте

Оңа алмастай өкпеден бір атылмақ.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Екі жүзді ел билеген зиялы атап,

Ар ойламай, елді түзеп болмақ.

Қазақ тілі қашан арсыз болып еді,

Тілді біліп, арын алмай қылған мазақ.

Дәстүрі осы деп, ұстанған арлы қазақ,

Киім кисең басыңды алмай қорғап.

Ар, ұятты сақтауға тиым салып,

Заң шығарған тажалдың досы болмақ.

Кебін киіп, кебенегін Арын алмақ,

Үлкен бар ма ой түзеп текті болмақ?

Дәстүр түгіл шариғатын ұстана алмай,

Жастарға жүр ғалымдар болып мазақ.

Шолақ ойлы, біліммен шаруа бақпақ,

Қазақтың екі күнін алған ұрлап.

Сана түгіл, жетесі жоқ қауым шықты,

Ел қамын жеген болып, алған атақ.

Ардан сұрау енді кімнен сұрау болмақ?

Шет елдің әдет-салтын алған құрап.

Қысқа ақыл сезім қуып, ой жорыған,

Дәстүрің мен өз жолыңды қылсаң мазақ!

Анық пен танықтың сырын барлап,

Жан ғылымын кеткен бабаң аманаттап

Тура жолды Ясауи баба алған жалғап,

Пайғамбардың «құрмасын» берген қалап.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.