II-Міндеу мен күндеу  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 70

Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер

Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер

Сынға салып талғамай талапты жас,

Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.

Олай емес, ойласаң, талай мін бар,

Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар.

У берді ме сусын деп, су берді ме,

Көзің жұм да жұта бер деген кім бар?

Кім айтса да сынамай қойма, жаным,

Ақылыңа сынатып ойла, жаным.

Пәленшекең айтқан сөз дұрыс қой деп,

Жүректің тазасын жойма, жаным

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Білімді меңгеруге болдық құмар,

Әлемнің барлық салтын өнер қылар.

Ақылдың тәрбиесін тастап қойып,

Таба алмайсың дана ойшылды ақыл сұрар.

Жастар мен үлкендерді бірдей қылар,

Жат елдің арсыз салтын теңдік құрар.

Қатесін жетесіз жас қалай ұғар,

Ақсақалда естілік жоқ шындық алар.

Жастарға тән үлкендік пен билік құмар,

Мансабы білімді елмен жарыс болар.

У берсе де су деп қабылдайтын,

Қожасыз елдің әдеті құзға құлар.

Баста қадір қалмаса, дінің азар,

Ақиқат жоқ, інжілден кітап алар.

Тәж орнына, жыныңнан ноқта алып,

Саналы ер қалды ма елде сөзді сынар?

(Б.Т.К)

****  ****

Тегіс тексер, сөз көрсең, сыр мен сынын,

Түзетуге именбе, тапсаң мінін.

Әдеп сақта жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, білсең шынын.

Біле тұра кім айтар қате сөзін,

Білімдіге есептер әркім өзін.

Тұрған жері, әдеті, туған елі

Адастырар, айтқызар байлап көзін.

Мал іздеп, мансап іздеп, сауық жиын,

Дүниенің көрмек үшін әрбір сыйын.

Адамзат алаңдықтан босамайды,

Сол себептен қатесіз сөйлеу қиын.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қазақта білімді көп айтқан сырын,

Елдің қамын жеген боп, көріп мінін.

Құдайдың шындығынан хабар алмай,

Өткен тарих тағдырын деген шының.

Орыспен қас болып, тарих сынын,

Кекшілдікке шақырған білсең үнін

Нәсілдері жоңғар, қалмақ ескі жұрттың,

Сырты қазақ іші бөлек мұндай елдің.

Ел билеген, шаруаның біліп сырын,

Бас тартқан дәстүрінен білсең тегін.

Перғауындық білімді ел жыннан болып,

Қияметтік заманға нәсілі келген бүгін.

Қазақ тілі жаннан ғылым, қиын ұғым

Арсыз болып, меңгермек кімдер сырын?

Тарихат пен мағрипат дәстүр дінің,

Әулиелерден уахи, кітабын алар білім.

(Б.Т.К)

***  ***

Менің де көп жаралы жүрегім бар,

Надандықтан қираған сүйегім бар.

Күндемей, шын міндесең, разымын,

«Қайта жастар сөйтсін» деп тілегім бар.

Сынамасын жақсының сөзін қорып,

Талабыңды жоғалтар іштен сорып.

«Сандалған түспе ізіме» деген Абай,

Жүрсіңдер осы сөзін қалай жорып?

«Талас, тап» деп айтатын Абай өзі,

Танамыз ба жоқ қой бүгін көзі?

Айтқанымды сынама деген емес,

«Күндеме де қарғама»-деген сөзі.

Мейлің сөк, мейлің мақта, оған не бар,

Бізден түк жоқ, өзінің иманы жар.

Қатесін тап, күндеме, жамандама,

Кейде жөн, кейде қате айтқан шығар.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Үлкендер көп елімізде жазушылар,

Басы-басына бір дананы танушылар.

Абай дана шығармасын зерттегендер,

Ғалым, философ атақ, дәреже алушылар.

Мақтап-мақтап данасын сөз жүзінде,

Ар білімін меңгере алмай іс жүзінде.

Пәтуасыз үлкендер бар іс басында,

Парасатсыз дана болмақ кім тегіңде?

Дәстүрмен дін арасын бөліп масһаб,

Жастар болды сыншыл, үлкенді даттап.

Тұтас ойды түсіне алмай қазақ бүгін,

Жындылықты «сауатты» деп жүрген мақтап.

Дәстүрін даналардың жанға алмай,

Құдайдан жолын алып, жоба болмай,

Ақсақалы азған елде, сана да жоқ,

Кім бағалап, талас қылар ғылым таппай.

(Б.Т.К)

****   ****

Абай түгіл, ақылды көп жан өткен,

Түпсіз терең ғылымға көзі жеткен.

Солардың да бар сөзі бір жерде емес,

Кейі жөн, кейі қате айтып кеткен.

Алдыңғының соқпағын артқы түзер,

Ғылым деген нәрсе емес күдер үзер.

Мінін алып, міндіге мінсіз қосып,

Бұрынғыны жаңартып, жастар түзер.

Өңдіге тағы өң беріп қырған қалай,

Түзетілмей шаң басып тұрған қалай.

Түзеймін деп қиратып күншілдікпен,

Дұрыс істі теріске бұрған қалай?

Осыны ұқсаң-ұғарсың көп сөзімді,

Алдасам, алмай-ақ қой еш сөзімді.

Әнге салып алаңдап, ұқпай жүрме,

Әншейін бір ғой деп сөзімді.

(Шәкәрім әулие)

****  ***

Сопы Абайды танитын сопы қайда,

Сопы болса, құраннан кітап алған бар ма?

Сан ғылымын соқпағын салғандарды,

Түсінетін бір ақылды есті қайда?

Шаң басқан тәпсірлерді қазып алып,

Дұрыс пен бұрыс ғылыммен айырмадық.

Қазақта түзеген дана болмағандай,

Ясауидей баба еңбегін бұрып алдық.

Надан ғалым, кісіге қарап сөзін алған,

Сөзінен кісілігі керемет үлгі болған.

Сөзіне қарап кісілігін алыңдар деп,

Даналығы баба өсиеті болды жалған.

Үлкендер жүр ғылымнан күдер үзген,

Дүние ісінен жалықпай жаны өлген.

Әй дейтін әже, сөзін баққан қожасы жоқ,

Жастар жүр адасып, қан сонарда ізді кескен.

Мінді, кім мінсіз сөзін білер,

Философ, ғалым жоқ жоба көрер.

Құраннан кітап алып, сопы болмай,

Сопылардың қатесін қалай түзер?

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *