«Қазақ айнасы»- тақуалық тәубе  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 62

Қолда қалам, көзде жас, толқындап ой,

Шіміркеніп, тітіреп, салқындап бой,

Тозған мола сықылды сұм көрініп,

Өткен күнде қызыққан сауық пен той.

Қаның қашып, жасаурап екі көзің,

Не болдым деп табалап өзіңді-өзің.

Өткен іс ойға түсіп ұялтады,

Қисынсызды қызық деп қуған кезің.

Және ойыңа келгенде алдыңғы жақ,

Сұм жүрегің кетеді қозғалып-ақ.

Артың анау, алдың су, көз жетпейді,

Өтетұғұн қамыңды ойланып бақ.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Қазақта үлкендер көп жоғалтқан бой,

Кебенегін ала алмай, жетілмес ой.

Кебін киген үлкен жаста тақуалық,

Қалмады баста қадір, басқасын қой.

Өткен күнін сынаған ақылды ғой,

Бір естілік, кісілікке жарасқан бой.

Алды түгіл артынан аян алмай,

Ақсақал боп жарытпас, кәрілік қой.

Ойламай жүр ел билері алды, артын,

Мәз болумен жат елдердің алып салтын.

Аманатың, ақиретте тұр сұрағың,

Досың да жоқ алдыңда қол созатын.

(Б.Т.К)

****  ****

Неңді аяйсың, отырсың кімді қимай,

Құтырдың ғой тәуір-ақ жерге сыймай.

Салып-салып сандалып отырмысың,

Жоқ, өзіңе аз нәпсіңді ерте тыймай!

Досың қайсы, қимастай елің қайсы?

Ел салмағын көтерер белің қайсы?

Аузың темір татиды бәрін татып,

Жалғанды қимайтұғын жерің қайсы?

Дүние тұр қалыбында сен, өзгердің,

Бәрін көрдің түбіне көз жібердің.

Ешкімнен көретұғын дәнеме жоқ,

Өзіңді-өзің өлімге ұстап бердің.

(Шәкәрім әулие)

****   ***

Өзі үлкен қылығы бар бала-шаға,

Мәз болған дүние-сауық тамашаға.

Қария боп, мойынсұнған сәждесі жоқ,

Ел болдық ар-ұятсыз, дауың бар ма?

Ата жол аманатың сотталғанда,

Дәстүрің, екі күнің жоғалғанда.

Дау айтқан бір ақсақал би болмады,

Сұмдығың тарихта бұл қалмайды ма?

Алла досы, әулиесін басқа атаған,

Аланың өзі шапағатына жала жапқан.

Дәстүрің осы деп, енді қазақ елі,

Тажалдыққа би болмады ара тұрған.

Дүниемен ақиретті бағалаған,

Ел билік ел дәстүрін қудалаған.

Қызылбастың намазын кәпір салтын,

Өлісіне азық бермей тастап қойған.

(Б.Т.К)

****  ****

Пайдасыз бен баянсыз қуған ісің,

Түпсізді толтырам деп кетті күшің.

Ентелеген еңбектің бәрі жанбай,

Ақ өлімді шақырдың, сол шын досың.

Енді қайтып сен мықты бола алмассың,

Жас күндегі тұғырға қона алмассың.

Кейін баспай, ентелеп ілгері бас,

Құр айналсаң, еш жерде оңалмассың.

Соны ойла, өзге қызық істі ойлама,

Біреуге айла, біреуге күшті ойлама.

Кеткен қайта келмейді кейісең де,

Түнде көрген көлеңке-түсті ойлама.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Жастық шақ көлеңкеден іс көретін,

Дүниенің білімі боп түс көресің.

Елуден асқаннан соң есті аталып,

Тақуа болып болашақпен жүздесетін.

Қалдырған сопылық жол аманатын,

Тура жол шешкен діннің үш сауалдарын.

Шариғат, тарихат, мағрипат деп,

Ғылымын кім меңгермек даналардың?

Тегің қазақ меңгерген дін ақиқатын,

Дәлелің; әдет-ғұрпың, дәстүр салтың.

Тәубесі еді, ақ өлімді шақыратын,

Ата жолы, ақ жолдағы қариялардың.

(Б.Т.К)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *