I-Міндеу мен күндеу  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 71

Біреу сені мақтаса, қуанасың,

Жамандаса, жабырқап, суаласың.

Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ,

Бәрібір сен де елірме дуанасың.

Дос мақтаса, не пайда онан саған,

Дұспан сөксе, не кемдік көрдің жаман?

Шын сөзбенен мақтаса, не боқтаса,

Мақтау пайда, зиян ба жамандаған?

Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе,

Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе?

Әділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғұн,

Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Елірген ессіз елдің бүгін дені,

Сөз ұқпайды жетелік ақыл кемі.

Мақтан үшін әлемге тыраштанған,

Ел билеген жындылар дінсіз тегі.

Қыз, қатынға мақтаны болды тәні,

Құйрықпен сұлу болмақ енді сәні.

Кеудесінен құйрығы және шығып,

Сұғын алса еркектің, шыққан есі.

Үлкендіктің қасиеті ардың тегі,

Бастан қадір кетірген қазақ елі.

Сасық өріс, суық ми, жаны өлі,

Мақтаны шашын жайып, болған пері

Ойсыз халық, мастықтан шығып есі,

Қуанамыз мақтаса шеттің елі.

Арап болмақ діншілер мақтаны бар,

Тілін білсе болғандай ақыл кені.

Қуан деген бабаң Ясауи біреу сөксе,

Жамандығың ауысады бекер деме.

Әділеттің туын ұстап жолға шыққан

Жоруын біл, Алла досы түсіңе енсе.

(Б.Т.К)

****  ****

Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,

Дұспан мақтар елерте бермек үшін.

Есептемей есірік елін мақтар,

Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.

Бұл үш мақтау берер ме саған пайда,

Мақтаулыны білерлік адам қайда?

Өзіңнен ілгерілер сүйсінерлік

Жол тап-тағы ақылды солай айда.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Шапағаты Алладан Өзі білсең,

Сәлем беріп, батасын ал әулие  көрсең.

Біз өліміз, күндіз бен түнің бірдей,

Ақиретте шын өмір шындық деген.

Араз қылмақ ата-баба дәстүріңмен,

Дұспаны бар жын-шайтан пенделікпен.

Масһаб пен дін шариғат жолға балап,

«Намазхан» деп жастарды кім есірткен?

Білімді көп хабары жоқ естіліктен,

Еліріп, мақтан қуып жұртты есірткен.

Көптің ісін қылмаққа, аздан қашып,

Ел билеген надандар арсыз өңшең.

(Б.Т.К)

****  ***

Кейде дос та жамандар жоқ нәрсе үшін

Дұспан сөгер сыртыңнан қайрап тісін.

Өнері жоқ, өсекшіл ел жамандар,

Өтірік пе, рас па, көрмей ішін.

Келер-кетер зиян жоқ мұнан тағы,

Мін болмайды наданның қорламағы.

Білімділер сөгерлік ісің болса,

Жоғалта бер айласын ойла –дағы.

Тауып айтқан талассыз мақтау, боқтау,

Жақсы іске ындын, зиянға салар тоқтау.

Көп наданның сөзімен құйқылжытсаң,

Сен де жынды боласың есі жоқтау.

***  ***

Жамандау білімдіге көрмей ішін,

Саясаты партия құру билік үшін.

Аз қазақты бөліп алып азғырады,

Текті болмақ шайтанның қылып ісін.

Міндеуді діншілер әдетке алды.

Ата дәстүр салтын елдің қорламағы.

Құранның жын сүресін мазақ қылып,

Масһабшының Алламен болды ортағы.

Япырмау бұлбұлдайын құйқылжытқан,

Ата-баба аманатын, арын сатқан.

Алланың досын, өзінен басқа атап,

Надандар көп есі кем, құдай атқан.

Зиялы қауым жүр білім жазған,

Білімінің ойы жоқ сөзі жалған.

Абайдай данасының сыртын алып,

Ішінің маржандай жоқ сырын ұққан.

(Б.Т.К)

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *