Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен,

Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.

Құдай жолын біле алмай, қу билеген

Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен.

Байқаңыз, бұл сөзімнің міні бар ма,

Күнде анттасқан бұл елдің діні бар ма?

Аузыңмен құс тістеген жақсыңыздың

Қу мен сұмға жалынбай күні бар ма?

Қайсыңызға келсе де, орны төрде,

Бір семіз ат дайын қыл, тамақ бер де.

Құладындай қу болып жалтылдап бақ,

Сылтау қылып кетпесін қиын жерде.

Өңкей қулар, мықтының бәрін жайрат,

Тақымына бұрау сал, сырын сайрат.

Бар жақсымыз қулардың құлы болды,

Тепсе темір үзерлік, қайран қайрат!…

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қай заманда қазақта қу билеген,

Қайғы-қасірет қулықтан шығады екен.

Бүгінгі күн әлемге көз салсаңыз,

Дүниемен қулар алдап, пайда көрген.

Қазақта да қулықтан көп ту көтерген,

Бас басына би болмақ білімменен.

Орыстан құтылғанда таңың атып,

Тәңірсіп дейді, қулар көп шоқ үрлеген.

Ант беріп, құтқармаққа тіл безеген,

Ел билетсе заңмен бәрін түзей білген.

Құдайдың ескерту, азабын аңғармайтын,

Япырмау, біздер кімбіз, қуларға ерген?

Саясатшыл надандар жүр ел билеген,

Емізіп қуларға елдің ділін берген.

Масһабпен деген жолы бабаң жүрген,

Қуларға еріп ұлттың екі күнін өлтірген.

Дәстүрін ұлттың жүр қулар дәріптеумен,

Арсыз тіл, салтың шықты екі жүзден.

Баста масіх төрт жынды тазарта алмай,

Жоғалды және етек — төменгі сана деген.

Бүгінгі қулықтың түрі көп білімдіден,

Ақын мен тілші, жазғыш қулық білген.

Құдайсыз қурай сынбас ісін білмей,

Жол-жобадан хабарсыз ақыл өлген!

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *