Ер қоспақ пен сөз сөйлемек  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 65

Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,

Қисындырып жымпитып қойсам демек.

Атқа тыныш, адамға жайлы келіп,

Көзге сұлу, өзі оңды болса керек.

«Ол қалайша ұқсайды?»-деп ойлама,

Байқарсың сөзімді оқып, қылсаң шама.

Ер мен сөзді қаралық салыстырып,

Біреуіне біреуі ұйқаса ма?

Кей ердің алды биік, арты аласа,

Оны көрсем қаламын таң тамаша.

Алды қаңқақ, ерінің арты жалпақ,

Атын жауыр қылады-ау, байқамаса.

Біреу сөйлер басында батыр шығып,

Жеп жіберер кісімсіп жерге тығып.

Ер жүректі еркекке жолыққанда,

Ыржаң қағып, жалынып кетеді ығып.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Жан ғылымы білгенге сөз сөйлемек

Қазақтың дәстүрінде құйрық жемек,

Жындылықты меңгеріп ақыл бермек,

Көтен тәуіп атағанды білген дерек.

Көтібар деп атаған қасиетті ерді ерек,

Өзі батыр, өзі шешен сөз сөйлемек.

Бәрінен де қой бағып, құйрық жеген,

Пайғамбарлық қасиеттен сыр меңгермек.

Ойсыз қысқа ақылды шайтан демек,

Құйрығы ауыр, арты жағы жалпақ келмек

Еріншек, жалқаулар көп май жиған,

Нәзік қиса шашын, құйрығы өсіп кетпек.

Ер қоспақ, май жинамақ мінез өнбек,

Аяқ, құйрық бауыр сөзге қуат бермек.

Жете, сана, алты ақылдың сипаттары,

Алты түрлі құйрық ермен бейнеленбек.

(Б.Т.К)

***  ***

Кей ердің алды аласа, арты биік,

Мінбей жатып атыңды қылады иық.

Бас бітімі бәсеңдеу көрінсе де,

Адырайған артында болмас сияқ.

Кейбіреулер басқы сөзін тым майда айтар,

Аздан кейін сөзінен көңіл қайтар.

Қалжыңдасып отырып ыза болып,

Көзі аларып, күресін адырайтар.

Кей ер бар жанға жайлы, үсті жалпақ,

Жатып алар жалпайып, атқа салмақ.

Желдік салмай мінуге жарамайды,

Тегіс тиер оқпаны сонша талтақ.

Кейбір сөз аласалау, көзге сынық,

Көрінер, байқамасаң мөлдір, тұнық.

Желдік салып, сақтанбай, міне көрме,

Асты арам, үсті жатық, ол бір қылық.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Шайтан жын шығып үн өзгерер,

Әйелдік қылық сөз мінезі дер.

Жіңішке мінезді еркектер көп,

Ызақор мінезі бар өзім білер.

Жыны мен шайтанын қосып алған,

Шерік қосу, шерік қату деп аталған.

Мұндайлардың ерінде арамы көп,

Мың құбылып, сөзі көп айтар жалған.

(Б.Т.К)

****  ***

Кей ер бар тар қосылған, тоқым қаппас,

Шаптай тартып қойсаң да атқа жатпас.

Ілгерінді-кейінді қоқаң қағып,

Ат арқасын ыспалап тыным таппас.

Мұны айтпай-ақ білерсің өздерің де,

Ондайларды көріп жүр көздерің де.

Қоқаң қаққан қолайсыз бір адам бар,

Байлау матау болмайды сөздерінде.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қушық құйрық, ұзын аяқ ері тарлар,

Қылығы жындылықпен аян болар.

Әр нәрсенің басын бастап, аяқтамай,

Бірде жын, бірде шайтан сөзін айтар.

Нәсілі, қалмақ, жоңғарлар бар,

Жаратқан нәсілінен жоғалғандар.

Араптың нәсілінен жаралған көп,

Бедеуіндей орта топқа құмар болар.

Бірі латын таңбасын, бірі үнін,

Құранды меңгермек біліп арап тілін.

Қазақтың дәстүріне қайшы қылық,

Мұндайлар көп қазақта алған жынын.

(Б.Т.К)

***  ****

Кей ерді сом қосылған дейміз тәуір,

Атқа жайлы болса да кісіге ауыр.

Бір желгізбей астыңа тақ-тақ етіп,

Мініп алсаң қылады қоңды жауыр.

Кейбіреу тік айтуды қылады өнер,

Оның сөзі топастау, ащы келер.

Өршіл жігіт дегенге айтып салып,

Аузы-басы қан болып шыға берер.

Атқа тыныш, адамға және жайлы,

Алды-арты бірдей сұлу, көзге ыңғайлы.

Оғаш, оғат, оқыра, сызаты жоқ,

Ер қайда сыр-сымбаты түгел сайлы.

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Өршіл мінез жігіт пен әйелде бар,

Жындылық мінез, білімді ақыл қылар.

Намысын қазақтың қорғаған боп,

Саясатшы, тілші, ақын сөз қуғандар.

Ата жол, дәстүрінен жоқ хабардар,

Жан ғылымын аманатын тастағандар.

Құдайдың жол-жобасын ұлт үлгісін,

Жетесіздер, таза ақылды алмағандар.

Қайғысын тарихтағы үлгі қылар,

Жауы орыс, құдай болмақ тағдыр жазар.

Қорқытып, елді дауға шақырады,

Тыныштықты қаламай бас бұзарлар.

Қазақтың дәстүрі сөз ғылымы бар,

Тура жол бар діннің басын қосар.

Әлемнің іздеп жүрген құпиясын,

Тегіне номад нәсіліне кім жалғанар

Жаратқан төрт сөзбенен тағдыр жазар,

Екі сөз тәңір оғы иман, сенім болар.

Алты ақылды меңгеруге қойды баққан,

Құйрық жеу сырын білген пайғамбарлар.

Тақуалық Ясауи баба жолын жалғар,

Абай-Шәкәрім,Мәшһүр Жүсіп мирасы бар.

Әулиелік, сопылық жолын меңгеретін,

Қазақта мінсіз ерлер аз ғана бар.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *