Қайтқан шал  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 47

Күнде керуен келеді бір сарайға,

Неше бөлек үйі бар әрбір жайда.

Сансыз көп саудагерлер келіп жатыр,

Біреу жылда қайтады, біреу айда.

Нені іздесің бәрі бар сол сарайда,

Кейі залал үйреткенмен, кейі пайда.

Сан керуен қылады сауда-саттық,

Не боларын көбі тұр байқамай да

Біреу алтын алып жүр, біреу құрыш,

Біреу асыл алады, біреу мырыш.

Жақсы қымбат, жаманның бағасы арзан,

Әркімнің өз сүйгені болар дұрыс.

Біреу қайтты бітіріп жылдам жұмыс,

Біреу жүр бір тиынға салып ұрыс.

Кейбіреу жүр асыл деп арамды алып,

Өз қылығын демейді ешкім бұрыс.

(Шәкәрім әулие)

****  ***

Бір күнің заманың ғой оралмай ма,

Өмір деген дүниенің жер сарайына.

Неше бөлек үйлерің жанның жайы,

Талай нәсіл өмірге қайта жаралмай ма?

Бізде бір заманның жүрген керуеніміз,

Алдағы келген керуеннің іздеріміз.

Күнде керуен келеді өмір бұл сарайға,

Бірі ерте, бірі кеш, түбі қайтар пендеміз.

Дүниенің бар тірлігін табасың бұл сарайда,

Адамзат боп нәсілінен қылық туылмай ма?

Құдайдан әрбір жанға тағдыры несібесін,

Бұрынғы жақсы, бүгін күн сыналмай ма?

Әлемдік қозғалыстан келеді түрлі керуен,

Заманның бар сынағы тағдыр берген.

Ақталмаса баба аманаты дәстүр салтың,

Тегің қазақ ,ішің болар өзге нәсілдерден.

(Б.Т.К)

****  ****

Кейбіреу қайтам деген ойында жоқ,

Бір жапырақ азығы бойында жоқ.

Тапқанын тамағына саламын деп,

Жалғыз тиын ақшасы қойынында жоқ.

Кейбіреу мақтан үшін шашқан барын,

Таң-тамаша қылмақ боп жолдастарын.

Елге қайтар болғанда есін жиып,

Сонда білмей сандалды не қыларын.

Менде жүрдім ел жүрген сол сарайда,

Тамағым тоқ, қайғы жоқ, төсек майда.

Аздан кейін азайды жолдас сиреп,

Кетіп жатыр, білмеймін әлде қайда.

Мен қызыққа айналдым үйді ойламай,

Тұрған сайын құмар боп мейірім қанбай.

Жолдасымды іздемек болдым бір күн,

Жалғыз қалсам болам деп әлде қандай.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Қазақта керуендердің сандары көп,

Дүниенің тірлігін қыздырған жұрт.

Саудасын ақиреттің меңгере алмай,

Бір жапырақ иман қуат имам да жоқ.

Он тиынның бір тиынын жоғалтқан көп,

Төзімділік, аналық қасиет қалған да жоқ.

Еркектің бір тиыны сабыр еді,

Сабырлықты шыдам деп алданған көп.

Салтымыз тойшылдық сауық болды,

Дүниенің байлығымен жақын туыс болды.

Құдайдың өзі берген несібесін,

Қызғанып жаға жыртқан ұрыс болды.

Жеті жанның иманың жолдас болар,

Адамзатты түрлі істерге қызықтырар.

Тәрбиесін жеті жанның меңгертпейтін,

Бұл сарайда алдайтын қулық та бар.

Келген елін ұмытқан пенделер бар,

Кемпір –мыстан, қатын қыз ішінде қар.

Қайдан келдім, қайда бармақ ойында жоқ,

Дүниенің қызығына алданғандар.

(Б.Т.К)

****   ****

Қарап жүрмін әр жерден желе шауып,

Жол алыс деп серіксіз қылдым қауіп.

Араласам, бәрі де жат керуен,

Ала алмадым жолдастың бірін тауып.

Көргенімнің бәрі де бөтен қазақ,

«Біздің керуен қайда?» деп салдым азап.

Жолдасымның бәрі де қайтып кетті,

«Неғып кеп жүр бұл шал?» деп етті мазақ.

Бұл сөзді естігенде жаман састым,

Көңілімді тәуекел деп азар бастым.

Уақыт болып қалғанын байқаған соң,

Сарайда қалғандарға амандастым.

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Бұрынғылар жолы еді керуен деген,

Әркім  мезгіл, шамасына жүк меңгерген.

Алдыңғы керуенмен келгендердің,

Артқы келген қателігін түзей білген.

Үлкен керуен өз жолынан үлгі берген,

Арттағы келгендерге қалдырған көргендерін.

Үлкендер жүр уақыты келгенімен.

Жолдасын іздей алмай иман деген.

Жол алыс деп аз ғана кебін киген,

Кебенегін уайым қылып дін ізденген.

Жолдастарын шығарғанмен алыс жолға,

Қайғысы үлкеннің аз аманатын іздеу деген.

Серігін көрер болар үлкен деген,

Көре алмаса қайғырып жерді кезген.

Өткен керуен әулиесінен жәрдем сұрап,

Құдайға сыйынумен күн өткізген.

(Б.Т.К)

****  ***

Мен -бір қонақ, кеттім ғой біраз қонып,

Қайтатұғын қалыпты мезгіл болып.

Осы қонақ қалай деп сынға алмаңыз,

Тәуір деп-ақ айта сал оймен жорып.

Жақсы десең, қонақтың ол бір бағы,

Өлсе де риза болар аруағы.

Бір кеткен соң залалым тие қоймас,

Қонған кезде неғылсам қылдым-дағы.

Ол кездегі ағатты кешсең, мырза,

Қонақ түгіл болады құдай ырза.

Өткен күнгі ісімді қумасаңыз,

Мазаңды ала бермеспін жылда-жылда.

Тәуір қонақ дегенің -берген сыйың,

Мал сұраман мен сізден жалғыз тиын.

Жаман айтпай жақсы жоқ, сау болыңыз,

Енді айналып көрмегім болар қиын.

(Шәкәрім әулие)

****  ****

Бұрынғылар керуендері дұрыс қонақ,

Бабалардың дәстүрін қылмай шолақ.

Ал енді қайтуға мезгілі келгендердің,

Дәстүрін сатқан, артында не қалдырмақ?

Үлкендікпен деген ісіме құдай риза,

Өсірген аруағын артқы жасқа сыйға.

Ақсақалдық қасиетін жалғастырып,

Қонақ кәде жасамай кетпек қайда?

Тәуір қонақ-қариялар бата берген,

Ұлтының ар-дәстүрін жалғай білген.

Шалдары қонақ кәде орындаған,

Алдыңғының қатесін түзей білген.

Құдай өзі кешірер деп надан деген,

Білгендердің білімін алмай жүрген.

Ар білімін меңгерген Алла достарымен,

Ақыл алмай қайтты еліне талай керуен.

(Б.Т.К)

****   ****

«Қош-аман, сау бол» деген сөз жаман ба,

Амандасып қоялық бас аманда.

Мұнан кетсем, баратын жерім қашық,

Құдай қосса, көреріміз бір заманда.

Мен келгелі талай күн сіздікіне,

Сіз де бір күн барарсыз біздікіне.

«Жолың болсын қонағым»-деп қалыңыз,

Жолығамын жолда әлдекімге…

Әлім келсе, көнбеймін үйге жетпей,

Тура апарсын құдайым тентіретпей.

Енді болды еліме қайтар кезім,

Жүруші едім сіздерді қиып кетпей.

Мен келгелі көп болды, бұ да жетер,

Жата берсе қонақтан қадір кетер.

Қайтқанмен жарайды қаңғи бермей,

Асқа тоймас антұрған болмай бекер.

Ас аяды демеймін сізді менен,

Кем қылмай-ақ сыйладың ештемеден.

Шыққан жерім, шын үйім ойға түсіп,

Мезгіл толып қалған соң қайтамын мен.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Талай керуен  нәсілі бар бұл сарайға,

Кейбіреулер көп жүрмей қайтқан жайға.

Асқа тоймас антұрғандар мезгілі өтіп,

Қайтатұғұн ойламаған бермес пайда.

Кейбіреулер шыққан жері өзге елден,

Қазақтың сарайына сыйға келген.

Қайталап ескі әдетін шыққан елдің,

Бас тартып, сарайдың ел дәстүрінен.

Араптың нәсілі орта топ ескі жұрттан,

Кәпірлік салты аруағын тастап қойған.

Қазақтың тегін жойып қайтармақшы,

Руларға жынға айналып жолда қалған.

Аруағын жынға айналдырған тентіретіп,

Сарайдың билеушілері де кері кетіп.

Шыққан жері, елі қазақ жұрты емес,

Барар жері белгісіз кебенексіз жатыр кетіп.

Мұндайлар бұл сарайға келмес қайта,

Тентіреп басын іздеп жүрер сайда.

Арлы қазақ нәсілі басын күтіп,

Ақ жаулық, етектіден алған пайда.

(Б.Т.К)

****   ****

Қонған шығар бұрын да талай қонақ,

Бәріне де жетеді асың мол-ақ.

Кейін тағы келетін керуен бар,

Жер босаттым, бұл үйге кірсін сол-ақ.

Кейінгіге сәлем айт біз байғұстан,

Бұл сарайда көп екен бізге дұспан.

Қызықтырып, қыздырып алдайды екен,

Біреуі іштен, болады бірі тыстан.

Ерте ойласын, ескеріп азық алсын,

Нені сатты, не жинады, жазып алсын.

Біз байқамай асыл деп арамды алдық,

Есі дұрыс кісілер неғып алсын.

Тегінде алдатады ескермесе,

Сырты асыл, іші қандай, тексермесе.

Алдарыңда бәрі алтын, жарқырап тұр,

Түбінде пайдасы не деп көрмесе.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Бізде керуенбіз  келген жерге босап,

Бұрынғылар болған екен жақсы қонақ.

Арттағылар қиналып қалмасын деп,

Түрлі азық қалдырған алсаң санап.

Санасызға сан айтпа, сөз ұғынбас,

Шыққан жерін ұмытып ел бола алмас.

Қыздырып, қыздырған тажалдардан,

Білім алып, ақылсыз ес құралмас.

Сарайды  төре, қожа, би басқарғандар,

Сырты асыл болғанмен іші арамдар.

Өз ұлтының керуеніне дұшпан болып,

Арттағыға азық бермей, жол тосқандар.

Халық жатыр арамды асылға алып,

Бағасыздар бағалыға бағаланып.

Арсыздықтың дүниесін таратқандар,

Төрге шықты «жұлдыз»-иманды аталып.

Ой жоруды алтынға сатқан саудаланып,

Ақыл-күміс алмаған ұмыт қалып.

Дүние байлығымен бәрі өлшенген,

Аруағың да аз ақшамен саудаланып.

(Б.Т.К)

***  ****

Ұтқызған боп алады өзіңді ұтып,

Байқамайсың қойғанын бітеу жұтып.

Қыздырып қызығына алдандырса,

Кетесің біржолата үйді ұмытып.

Мал да бар лапкесінде, мақтан да бар,

Көзіңше мақтан алып жатқан да бар.

Көңілдің жұбанышы –ойын да бар,

Ұстайтын дұспаныңды қақпан да бар.

Кейде тегін береді, кейде бұлдап,

Мінезі жел қайықтай тұр бұлтылдап.

Бұ күнде жүз түрленіп, мың құбылып,

Көзіңді қызықтырар тым жылпылдап.

Жар да көп жалаңдаған жан құмары,

Жақындасаң әпкетер онан әрі.

Жаду көзбен сиқырлап жаныңды алып,

Ішіңді елжіретіп тұрғандары.

Алдап алып артынан ергізеді,

Адал деп арамды тергізеді.

«Бұл-қызық, міне пайда, әне айла» -деп,

Жаның түгіл арыңды бергізеді.

(Шәкәрім  әулие)

****  ****

Бүгінгі керуен келген өзге жұрттық,

Әр жақтан әдет, қылық нәсіл болып.

Алдыңғы керуенде үлкендер жүр,

Ата-баба істерін мүлде ұмытып.

Нәсілі ойыншылар жерден  шығып,

Сезімді қыздырғандар білген қызық.

Ойынмен қазақ тегін жетілдірмек,

Ойыннан от шығарып жанын жұтып.

Дүниенің шаруасын мақтан қылып,

Ар сатылды мал, ақшаға мың құбылтып.

Жар дегенің жалаңаш шайтан болып,

Өлтірген ет малыңды қаныңды  ішіп.

Өз ішін аруақ болып көре алмаған,

Дінші ғалым сыртын түзеп бояу алған.

Әлемдік қозғалыстың жын негізді,

«Алладан басқа» атап наданданған.

Мұндайға ата-бабаң  құрған қақпан,

Өсиетінен даналардың нақыл қалған.

Сана түгіл жетесіз зиялы аталғандар,

Санасы жоқ, Ар сауытын  қайдан алған?

(Б.Т.К)

****  ****

Тұруға уақытым жоқ сөзді ұзатып,

Барамын асығыспын елге қайтып.

Суысын деп у беретін сұм сарайдың

Кетейін кейінгіге сырын айтып.

Көп жүрдім, енді мұнан не көремін,

Жолдас кетті, несіне бөгелемін.

Қош аман-бол, жігіттер, дұғада боп,

Елге қарай ентелеп жөнелемін.

Айырылып серігімнен қалдым неғып,

Мұңымды ұқтырайын кімге шығып.

«А, құдай, өзің оңал»-дедім-дағы,

Жөнелдім жапа-жалғыз бүкең қағып.

Жігіттер, жалған емес, мұным анық,

Бұрынғыда осы сарай елге қанық.

Қайта келмес қақпадан әрі өткізіп,

Шығарып салып мені қайтар халық.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Сарайдың бар сырын білген анық,

Бабалар тура жолын алған тауып.

Қазақтың дін дәстүрін түгел білген,

Ар-Өзі Алла, баураушы сені сауыт.

Бір ақылды есті болмас, тегін алып,

Үлкендік жасқа келмей Арын алып.

Үлкендер арсыз болып, діннен безген,

Кетіп жатыр гүл шоғын қойнына алып.

Мал қылған бірін-бірі надан халық,

Екі жүзді тілі майда, ісі қалып,

«Имансыздық намазда қызылбастан»,

Зарына Абай дана түсінбей тажалданып.

Серік жоқ, жолға қам, алар азық,

Алла досы қол-кітабын алмай анық.

Дәстүрін үш сауалға жауап болған,

Ар біліміне тосушы болып қазық.

Қайта келмесе екен мұндай халық,

Әйтеуір бір күн сарайдан кетері анық.

Бұрынғылар жасарып қайта келсін,

Нәсілдері қазақтың номадты алып.

Әр ұлттың өзі елі бар тұрақ алып,

Кезекпен келер түрлі нәсіл білім алып.

Бүгінгі күн әлемнің қылығы еліңде жүр,

Түбінде әркім барар өзінің елін тауып.

Құранның аятынан үлгі өсиеті анық,

Теңізде ай кемесін толқын алып.

Нәсіл болып жаратқан жәрдем сұрап,

Қырға шықса, орта топқа қайтар анық.

Орта топтар европа мен арап халық,

Жоғарғы топ қырға қазақ шыққан анық.

Қырық қожа шілтендерге жалғанумен,

Тоғыз төре Ғиса ісіне жалғанарлық.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *