Арыңды саттың шайтанға  

 

Еліңді салған саудаға,

Айырбас болып жалғанға.

Гендірлік теңдік саясат,

Ашылған есік шайтанға.

 

Қызығы дүние пайдаға,

Жаныңды салып араға.

Жындылар елі аталып,

Зайырлы деп, оңай алдауға.

 

Сатылды ұят шайтанға,

Еркекпен тең болғанға.

Сатылды қыз, қатының,

Қызығы дүние жалғанға.

 

Ақ жаулық бар ма қатында,

Етектен қуат аларға.

Атадан қалған аманат,

Байлығың қазақ жүр қайда?

 

Сатпадым деп, мақтанға,

Тіл оңай сөзді саптарға.

Қызда жоқ алтын басында,

Әкеден тегін жалғарға?

 

Сатылмай арың қалған ба?

Ғылымен, иман қорғауға?

Қарызсың итке бір сүйек,

Мақтаның қолды жайғанға.

 

Ішіңде жеті жан бар ма?

Иманның нұр толған ба?

Жете мен сана кімде бар,

Сатқансың ібіліс шайтанға.

 

Сатқындық ерге қылғанда,

Қол, аяқ толып жалаға.

Тағдырдан нұрды сатқансың,

Сұқтанған талай жындарға.

 

Сатқындық билік қылғанда,

Ар сатып дүние жалғанға.

Сатпадым, деп тегіңді,

Даурықпа босқа мақтанба!

 

Мирасын бабалар алғанда,

Кер таңба  арға жалғарға.

Орысқа тастап қашпақсың,

Сатқындық қылып бабаңа.

 

Ақылға талап аларға,

Көпір ед орыс жалғарға.

Құдайдың ісін терістеп,

Тағдырын елдің бұзарға.

 

Абайын сатып жолдауға,

Ой жорып басшың алдауға.

Мәңгілік елді құрмақшы,

Білімнен ғылым шықан ба?

 

Құдайсыз сана қона ма?

Он саулық байлық аларға.

Сананы ойдан ел басшың,

Үш тілмен, зерде боларға!

 

Сатқындық білімді қауымда,

Айналған көп тажалға.

Қысқартып және қорқытып,

Шоқындыру оңай заңдарға.

 

Сатқындық тұрса қаныңда,

Басқартып жанды шайтанға.

Қыз қатын түгел кебінсіз,

Еркегің аман қалған ба?

 

Арыңды билік сатқанда,

Қуандың тиым салғанға.

Ақ жаулық байлық еліңнен,

Айырбас болып шайтанға!

 

Сатылмай әйел қалған ба?

Тигізбей қолын шайтанға.

Ұқсаған тақуа жан бар ма,

Ғисаны туған Мариямға.

(Қараша 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *