Алдыңғы жазбаларда қарастырылған ақылдың алты сатысы болып; 1. Сезімдік ақыл (интуиция). 2. Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы (сана). 3. Қаракеттік ақыл (интеллект). 4.Қаракеттік ақылдың алғырлығы (таланттылық) болып және алдағы жазбаларда талқылайтын ақылдың маңызды даналыққа деген құштарлық екі қадамы 5. Танымдық ақыл, дарындылықтарды, қасиеттілікті меңгеру, парасат кітаптарына жалғану ізгілік болса; 6. Даналық ақылды меңгеруге байланысты ақылдың жоғарғы сапасы игілік болып саналады. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..»  деген философиялық тұжырым жасаған екен. Жаралыс басы таза ақылдан пайда болған уақыттың өзі болып, барлық жаратылыс уақытқа бағынса ал оның мезгілдік, зам

Біздің негізгі тақырыбымыз құлшылық ұғымының біздің дін амалдарымыз, күнделікті тіршілігіміз адамдық тұрғыдағы рухани байлығымыз, өзімізді тану жолында ізденісіміздің негізі намаз оқып, бес парыз орындап, қажылыққа барып Құдайдың ең сүйіктісі боласың деген жалған ұғымның ақылға қақпан болған осындай білімдердің қайсысы дұрыс, қай істер мен амалдарды алдымен орындау керек деген сияқты сауалдарға біліммен, ақыл-оймен тану арқылы жауап табу болмақ. Ол үшін де жаратылыс туралы білім мен ілімді салыстыра отыра, ортасын — ақылдық қуатын алып, білімнің таза ой қуатын, үнін табумен ғана және ақыл-ойымыздың дәрежесін арттырумен  ата-бабамыздан мирас қалдырған рухани құндылықтардың ақ-қарасын ажыратып бағалай алатын қасиеттік сапаға ие боламыз.

(Басы 1-7 тарауларда)

Адамзатты Алла белгілі бір өзінің жаратқан дінінің тазасынан «Бол», ұқсас деген үкіммен жаратып мұны Абай атамыз; «Махаббаттан жаратқан адамзатты…» деп өсиеттеген. Сонымен және әрбір адам баласының әкенің белінен яғни рухани жинаған барлық қуаттарының рухани ақылдық жүйесінен, ананың қан тегінен тәндік болмысы жаралып ата-ананың тұқыммен келе жатқан орындалмаған аманаттарын, күнәларын, қарғыстарын да жүктеп алумен ерекшеленеді. Қандайда бір біздердің тылсымдық метафизикалық-ғайып, физикалық, химиялық-көмес және биологиялық тұрғыдағы-көрнеу заттанған болмысымыздың жаралысымыз, қозғалыс негізіміз  де жоғарғы ақылдан пайда болған рухани негіз құранмен барлық өлшемі сандық жүйемен берілгенін де білгеніміз жөн.

  (Басы 1-6 тарауларда)

Жаратылыстағы қандайда бір жаратылыс егесінің кеңістіктен белгісі және алатын орны болады. Бұл орынды белгілі бір өрістік жағдайда шектеліп бейнеленуін сол тануға тиісті қандайда бір нәрсенің денесі деп атаймыз.  Сонымен Аллаға тән болған мұндай барлық жаратылыс егесінің де денесі болып олар екінші бір жағдайда өмір сүру үшін өзара бірігумен тұтастық тәнді құрайды. Мұндай күрделі құрылымды тән деп атап, тәннің бөлшектерін, ағзаларын өзара қарым-қатынаста тұтастықта бір мақсатқа, Алланың үкіміне қызметке, құлшылыққа тұруға сәждесін мүлтіксіз атқаруға дінін қоса жаратып, ал дін бұл ағзалардың тұтастығын сақтап қызмет қылуға бағдар беріп тұратын ақылдық қуаттың басқару, реттеуге арналған негізі жүйесі болып саналады.

     (Басы 1-5 тарауларда)

Ақыл бар жерде өмір бар. Ақылдың шамасына қарай өмір танылады. Кімнің қалай өмірді бағалап пайымдауына қарай естілігінің шамасы да белгілі болады. Барлық адамдарға өзін-өзі танып ақылды болу қабілеті берілген. Адамзат баласы есейген сайын өмірдің де қыр-сырына қанық болып, неден пайда, неден зиян келетінін және көптеген дүние қызықтарынан жалығып, өзінің жанына қуат беретін нақты шынайы өмірдің сырын іздей бастайды. Енді мұны рухани тұрғыда жетілумен, дін тазалықтарын меңгерумен байланысты иман келтіру, яғни имандық байлықты меңгеруге ниеттену, талап қылу деп атаймыз. Иман келтіруді; қарапайым пайымдап көрсек, бұл ақылды болу, ақылдың толымдылығы және есею, естиярлық шамаларымен өзін-өзі тану арқылы жаратылыстағы қаракеттік өмірдің ақ-қарасын, пайда-зиянын, білімін меңгермей-ақ, ілім арқылы танумен, анықтаумен көрінісін табады.

Адамзат баласы мейлі қандай тағдырмен қандай заманда өмір сүргенмен бұрынғы өткен заманның да белгілі бір ақыл-ой қуатын тағдырында қайталауы да хақ. Сонымен бірге өткен заманның күнәлі әрекеттері де тағдырында жазылып мұнан тазаруға да тиісті болмақ. Әрбір адам баласы өз тағдырының өзі қожасы болуы да сөзсіз. Сондықтан мұндай тағдырындағы қайшылықтарды, себептерді меңгеру үшін замандық білімді меңгерумен, құлшылығы арқылы таза ақылдан қуат алумен әрбір пенде мұндай күнәлік, жандық қарсылықтардан, негізделуден өз тағдырын құтқару керек. Мұндай жағдайда дін құлшылығы тәубеге келу деген ұғым бар. Тәубеге келуді Абай атамыз ескерткендей әрбір кемелдік жасқа жеткен өзін-өзі ақылды санаған пенде өзіне-өзі есеп беріп, ақылдың кемелдігіне келгенше өмір сүру барында жинаған ескі әдеттерден, бедел-абыройдан атақ дәреженің, білімділіктің буы арқасындағы өзінен-өзі артық болған, асып-тасыған мінездік ерекшеліктен арылу үшін өз ақылын сынаумен бірге,

       

Жоғарыда жалпы құлшылықты ұғыну арқылы әрбір істің, әрекеттің өз ортасын тауып себебін, салдарын меңгеру үшінде оны жете ұғына білу, ішкі сырын, мақсатын, жалпы жаратылыстық мәнін пайымдай білу керек. Ал мұндай қабілетке біздер өзімізді-өзіміз тану арқылы ғана жете аламыз. Біздер көп жағдайда білім арқылы барлық жаралысты, қоршаған ортаны, қоғамды да пайымдаумен, солай қабылдаумен білімді ақыл деп түсініп, ал шынында ақыл қуатының қандай болуға тиісті екенін және біздер өзгенің бәрін танып ұғынып пайымдауға шамамыз жетті дегенмен, өзіміздің кім екенімізді, қандай мақсатпен жаратылғанымызды, ішкі жан дүниеміздің жағдайын түсінбейінше біз мұндай біліммен адасу мен түрлі азғындықтарға, ауруларға, қайғы-қасіретке ғана душар боламыз.

Қазақ дәстүрлі дін ұстаны талай мыңдаған жылдар тарихтың сындарынан шыңдалып жер бетіне түсірген негізгі 8 дінді де толық қамту арқылы тоғызыншы ұлтық жол-жобамыз, тәубелік құлшылығымыздың ерекшелігі болып; «Тоғыз жолдың торабы», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» болып және 91-99 санды құран сүрелерінің 9 түйіні де қазақ дәстүрінен амалдармен бекіп орын алған. 90- (Бәләд сүресі) ұғымы-өспірім, өрімдей, уыздай; 91-(Шәміс)-күн менен түн хикметі; 92-(Ләйіл)-ажар, әр, келбет туралы; 93-(Зуха)- ер адам бойы;94-(Шарх)-жұлдызнама; 95-(Тин)-жол тізбектеу; 96-(Ғалақ)- қоспенделік, жұптық; 97-(Қадыр)-Екі нығметтің ашылуы; 98-(Бәййіна)-7 қанатты құс (періште); 99-(Зілзал)-көк пен жер ауысуы болып

   

         Қандай да бір іс-әрекеттердің жаратылыс себептерінің түп негізі бірліктерін, тұтастығын қалыптастыруымен «Бір» ғана түпкі жаратылыс себебіне қызметке, құлшылыққа байлану, жалғану керек. Сондықтан да бастапқы жалғыз «Бір» ден, тұтастықтан пайда болып, қарсылық жаратылыс себептерімен әрекеттесумен көбеюден заттық, денелік бейнелерін қалыптастырып, тіршілік ету, өмір сүру барысында барлығы да бір себепке қызмет етумен бірлену, бауырластықта, бірлікте болумен «Бірге» қызметке сапқа тұрумен нәтижеленбек. Бұл қуаттардың негізі бастапқы жаратылыс періштелері болып табылады да қарсылық күш қуаттарымен әрекеттесу барысында сан алуан бейнелерге, нәрселерге, заттарға айналып, бөліктерге бөлінумен өздерінің белгілі шектері, шамалары да пайда болып және қайта бірлену барысында, тіршілік ету барысында рухани қуаттарды меңгеруден, өзара қосылудан, табиғи көбеюден пайда болған өздерінің белгілі қуаттық шамаларын, қозғалыс себептерін де туындатуымен алуан түрлі іс-әрекеттің бір ғана жанды жаратылыс егесінің меңгеруіне әкеліп соқтырады. Яғни барлық қуаттардың адамдық болмыстағы ең күшті ерекше жаратылыс «Бір» жанға айналуымен бастапқы киелі рухтан болған «Бір» себепке жалғанумен жаннатқа енуімен нәтижеленеді.

Әбір жаратылыстық нәрселердің өзінің қадір-қасиетін, мақсат, талабын айқындайтын атаулары болу шартты болса, онда сол атаулардың да жұбы, пары болу да міндетті болмақ. Құранда жаратушы иеміз; «Сендерге түсінікті болу үшін барлық нәрсені парымен жараттым» деген үкім берген. Олай болса құлшылық сөз атауының сырын тарқатып көрсек; Құлшылық-қызмет жасау, әрекет ету, ұғынып, ұқтыру болып бұл істердің адамдықты сақтап, парасатылықты қалыптастыруға негізделген амалдарын; «Намаз» деп атаймыз.