Қиямет мезгілі және лағнетке қалушылар!

Қазіргі таңдағы 2018 жыл қияметтік сағаттың 7-жылы болып, ең шешуші жылға аяқ басқан болмақ. Осы жылға дейін қаралық күштердің үстемдігі болып, біздер арқылы әулие-әмбилердің көрсетіп, оқылуымен берілген, түсірілген Құдайдың (Раббымыздың) барлық белгілерін ел билеуші, дінші, білімді қауымдықтар мазаққа алып келгені жасырын емес. Толық оқу…

II-Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауаптар

Қияметтік мезгілдің хақиқаттың көрінісін шілде айында қар жауып, Алла тағаланың ірі белгісі түскенімен,  білім тұрғысында бұл бір табиғаттың тосын мінезі деп бей-жай қарай салдық. Сонымен бірге ел басымыздың қазақтың ар үнін қалайда жоғалтумен байланысты, рухани жолдаудың қателіктерін түзетуге ұсыныс беруге қарсы шығатын бірде-бір зиялы қауым өкілі болмады. Керісінше, қалайда латын таңбасына ауысып алу керек, немесе кеңселік тұрғыда, құдайдың қалауынсыз, рухани жаңғырмақ саналы болмаққа деген құлшыныстар арта түскені байқалады. Толық оқу…

Қадыр түнімен Алла дан келген үкім!

Қадір ата батасында қазақ еліне 3 түрлі сынақтың түсетінін ескертті. Демек Ел басымыздың рухани жаңғыру жолдауының Құдайға қарсылықтарымен байланысты жауаптың түсуіне жол ашқаны да хақ. Және қазақ дәстүрін халықтың өзін-өзі басқарып меңгерулеріне, арсыздықтың барлық түріне тыйым салып, екі күнін қайтарып бергенше қияметтің азабы арта бермек.

Толық оқу…

Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

Осы уақытқа дейін ата жолы атынан Раббымыздың аруақтар арқылы біздерге беріп жатқан деректерін, елге келетін рухани сынақтарды хабарлау әдетімізге айналды. Бұл сынақтардың қазіргі таңда 70-пайыздан бастап шынға шығып жатқаны да хақ. Қандайда Құдайдан келген хабарлардан қорқып тәубеге келіп, жалбарыну арқыл бұл сынақтардан айналып өтуге де болады. Толық оқу…

Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

Құдайдан беріліп жатқан қандайда бір хабарларды ақыл елгінен өткізіп халыққа таныстырып отыру дін тақуалығының негізгі шарты болмақ. Сонымен ел билеушілердің ата жолын, ата дәстүріне жақындамақ түгіл керісінше халықтың арасына күдік, қорқыныш сенімсіздікпен тек қана ел биліктің шығарған заңдарына мойынсұнуды күштеп тықпалаумен ғана айналсып, әлемдік түнек күштерін айдан айға артырып жатқандары да хақ. Қаңтар айында дін бүлікшілермен күресу мақсатында бүкіл мемлекет тұрғыдарын қозғалысын бақылап, рәсімдеп отыруға заң күшіне енді. Толық оқу…

Қияметтің сыны ел биліктің алжасуы

Әлемдегі болып жатқан барлық рухани сынақтардың қазақ елінен де ашық бейнеленуі және онымен күресу жолдары мен заңдарының ұқсастығынан, қазақ елінің де әлемдік барлық оқиғалардан шет қалмауына да белгі болады. Бірақ әлемдік дағдарыстың кілтін табуды жаратушы иеміз қазақтың еліне беріп, ібілістің де ең жоғарғы көмекшілері, яғни ібіліске айналған білімді, ілімді ел басқарушылары да қазақ елінен көрніс беруі де қияметтік сынның заңдылығы. Толық оқу…

Қияметтің таразысы Астана қаласынан басталды

Қазақ еліне келген қияметтің сағатына байланысты Раббымыздан түсіріліп жатқан ескерту белгілері мен онан шығу жолдарын ата жолы жазбаларында он жылдан астам уақыттан бері баяндап келеміз. Және әрбір алты ай сайын алдына- ала қазақ еліндегі болатын апаттар мен азаптарды да аруақтардың ескеруімен жариялап, соңғы кезеңдерде бұл белгілердің шындықтан шынға айналып жатқанына ақыл есі бүтін ел тұрғындарының көзі жетіп келеді десек жалғандық емес. Толық оқу…

Қиямет мезгілі пайғамбарлық, елшілік қасиеттердің бейнеленуі

«Мен бір сөзге көптеген сөздердің ұғымдарын сыйғызу үшін жіберілдім» деген Мұхаммед пайғамбарымыз. Құран аяттарының сөз ұғымдары мен арап елінің діл білімнің айырмашылығы да көп. Сондықтан арапттардың өзі құранды толық түсініп кітабына, таза ақыл ойнына жалғанулары да мүмкін емес. Себебі құран әлемнің барлық сөз атауларының жинағы және әлемдік ділдің ақ бұлағы болып табылады. Әрбір ұлттың өз тілдеріне аударылуы арқылы ғана құраннан алатын кітабы ой қуаттары болуымен маңызды. Толық оқу…

Қиямет мезгілінің белгісі-Адамдық қасиеттің көрнісі

Адам атымызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жүп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын, деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Сонымен адамдықтың шынайы үлгісі, қасиетті, рұқты меңгерумізді : «..Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. ( ҚҰС ТІЛІН МЕҢГЕРУ) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (ЕМШІЛІК, ЕЛШІЛІК АҚ БАҚСЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін. (КӨРІПКЕЛДІК ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үгіт бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49)

Ал енді бұл жағдайды, қасиеттерді меңгеру АДАМДЫҚ емес дегендер имансыз екені де хақиқат. Енді қазақта мұндай толық иманды АДАМДАРДЫ дайындайтын тарихатты меңгеріп топ басшылары пірлер болу керек дейді. Ал онда олардың өздерінің Адамдық-иман жағдайлары, көрсететін кереметі, мұғжизалары қандай екен? Раббымыздан сұрап алған деректер бойынша;

Толық оқу…