Байтасов  Тоқберген  Кескірұлы.                                          

Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

                                3-ші кітап

                                      Алматы-2011

Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Елде болып жатқан дін аралық қақтығыстардың ушығып әлемдер халқының назарына ілініп әрбір ойлы адамды толғануға түсірткен бабаларымыздан қалған мұра-асыл қазынаны қойынына басып кілтін тығып қойған «Қарынбай» болғанша, көп шибөрінің жемтігі-ақ болайын деп, «жаратқан жар бол, аруақ қолда!» деп тылсымнан ұлықсат та сұрадым. Ұлықсат та көп күттірмеді, шабыт болып келді, аянмен жолды ашты! Сондықтан соңынан алға қарай жазылған, барлық басылымдардың, мәдениет майталмандарының, «көгілдір терезе» (теледидар) мамандарының, ақындардың, ғалымдардың, дәрігерлердің (шипагер), әкімдердің, сөз шебері мүйізі қарағайдай «философтардың» (шешен, абыз) талайының алдына ұсынылып, қабылданбай шаң басқан, қағазға түскен ой толғауларды қайта үн парақтар түрінде (баспагер, тілшілер қабылдамаған)  жариялай отырып негізгі себептерін, тарихын талдай отыра, тың деректерге көшуді, яғни құран арқылы сөз, ой «жиһадын» (сөз майданын) ашуды жөн көрдім. Бабалардан  қалған салтымыз; Сын қалай айтылса да тек ақиқатты ақтау үшін ғана халықтың мүддесін, Алланың жолын бұздырмау үшін айтылу шарт. Сондықтан басылым бетінде өзімізді (ақ жол, ата жолдықтарды) қоса сынап, жіберген қателіктерді, дінге жасалып жатқан өз араларымыздан шығып та жатқан дінге, аманаттарға, батаға зұлымдық, шайтандық іріткі қылықтарды ашық айтып және ешқандайда шендінің, шекпендінің орнына немесе атақ-дәрежесіне қол созып қажет етпейтінімді, жаратқанның берген, көрсеткен сыйына айырбасталмайтынын, соған қоса болашақта дәрежелеп атамай тек тарихымызда болған қайталанған оқиғалардың бірі деп қабылдауларыңызды ғана сұраймын. 

Қазақ елінде әулиеге тас атып, үкіметтің «Фархатшылар» деген күнге табынған тобыршыларымен , қазақтың дәстүрлі дінін қолдаған «аруақшы» қауымды қосып, бір заңның мәтіне тығып, яғни қой мен қасқырды бір қораға қамауды меңгерген діншілер мен заңгерлердің бірлестігінің нәтижесімен, үкімделіп құдайының хикметті істерін соттағанды.  Және бүкіл мемлекет тарапынан қудаланған Қарасай аудандық сотының шешімін мүлтіксіз орындауға тырысқан, үкіметтің іс шараларына көктен лағнет келіп, қаншама қайғы- қасіретпен жауап келіп, әліде жалғасын тауып жатқанына қарамастан сайтанның, жынның жетегіне ерген қызметшілері жақында Алматы телехабар тарату арнасынан діни топтарды әшкерелеген хабарды таратып, арасында қайтадан «ата жолын» мазақтап, әулие аралағандарды, адасқандар жын-шайтанның жетегіне ергендер деген ескі жынды әнін қайта бастауы мен және кейбір басылым беттерінде;

  «Сөнген ойды жандыруға жан беретін сөз керек. Жанды жоқты нандыруға Жан керек қой милырақ. Молдалардан дін сұрасаң, Сандырақтап сандалар. Пәншілермен бас құрасаң Жан, құдай жоқ, дер тұрақ.» (Шәкәрім сопы) Діннің пайғамбарлар, елшілер арқылы түсірілген нұсқаулар, хикметті істерімен, терең сырлы ой толғаныстармен насихатталып, кейіннен философия ғылымы болып, арнаулы білімге айналып отыруы тарихи ақиқат. Енді философиялық жан беретін сөздерден нәр алып, хикметі істердің нақты бейнелеуін зерттеген милы ғалымдар жан сыры, деп психология білімін меңгергендер, өз еншісін алып белгілі бір білім саласы ретінде бөлініп шыққан.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Бұл кездегі діндердің бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді, Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұспандық қару жасар. «Інжіл» «Құран»-бәрі айтып тұрса дағы, Адасып ардан күсіп қара басар. Сөйтіп бұзып бүлдіріп, есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін айтып дұспан бол демейді, Кәнеки бұл сөзіме кім таласар?».

 Шәкәрім атамыздың ой-танымымен дін дегеніміз өмірді, тіршілікті, адамгершілік ұстанымдарды қадірлеп, амалдарын берік ұстанып, өзара бауырмалдық қатынаста өмір сүруді қалыптастыратын, барша адамзатқа ортақ дүние танымдық қағида, ереже нақылдардан құралған тіршілік ету ережесі. Олай болса дін дегеніміз адамзаттың жаралыс басынан бастап ұжымдық тіршілік қамында ақылды жетілдіріп, шаруашылық істерді дамытып, пайда зиянын ажыратып,  білімділік пен біліктілігін қамтамасыз етіп, адамзат ақылының, ойлау тәжірибесінің жемісі болып қалыптасқан белгілі бір деңгейдегі шектеулер, тыйымдар, сақтану шаралары болып, адам баласының  ден, тән саулығын жетілдірумен және адамзат өркениетін қалыптастыруға, адам жан дүниесінің өзгерістері мен ауысуларын белгілі бір бағытқа қарай тәрбиелеуге, өмірдегі өзгерістерді, жан ахуалдарын түсіндіре білетін, заман өзгерісіне қарай жетілдіріп отыратын тілдік, ұлттық, шаруашылық, жерлік айырма ерекшеліктеріне қарай берілген халықтардың әлеуметтік даму өсіп-өну жол-жобасы. Сондықтан мейлі жеке адам баласы болсын, жалпы ұлттық, елдік, халықтық сипатта болсын жинаған ақыл қорының таразысы мизанды сол адам баласының немесе қауым, ұлттық, мінездік, қылықтық ерекшеленуімен көрініс беруін адам баласының дін-көңілі, яғни жан қалауы деп атауға да болады. Демек жанды нәрселерге өсіп-өнуге берілген жаратушыдан белгіленген белгілі бір тағдырлық жобаны сол жанды тіршілік егесінің діні деп атауға болады.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай шын Құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім Құдай?!… Баянсызға (сабырсызға, ғылымсызға) бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың, Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың, Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсың сенде шын!» (Шәкәрім әулие).

  Қандайда бір қоғамдағы құбылыстарға, ағымдарға, ойшылдық, саясатшылық ықпалдарға баға беру үшін ғылыми негіздегі бұлтарпас айғақ және өлшем негізі керек. Ондай болмаса құр былшыл сөз болып қала береді. АҚШ-тағы атақты Гарвард университетінің ректоры, ғылым докторы Джеймс Конант былай деген; «Ғылым-тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижесінде пайда болатын және келешектегі бақылаулар мен тәжірибелерге сүйенуге болатын түсініктер мен түсіндіретін жүйелердің бірімен-бірі байланыстағы бірлігі.» Белгілі бір болжамдардың рас—өтірігін ғалымдар қалайша дәлелдейді? Мәселен біреу былай деуі мүмкін: «Пәлендей сабын суға батып кетеді.» Мен сол айтқан адамды алып келіп алдына терең ыдысқа су қойып сабынды салып көрсем «Бүлк-бүлк» сабын бататын түрі көрінбейді. Демек бақылау жүргізілді, нәтижелер тіркелді, айтылған сөз тексерілді: біздің жағдайымызда сабын суға батпады. Бұл ғылымда тексеруге болатын табиғи тәсіл болса онда жас кезіңізде бұзық болмағаныңызды, өткен жылы күнә жасамағаныңызды немесе бір апта бұрын қандай ас ішкеніңізді т.б. қалай дәлелдейсіз? Бұл оқиғаларды қайталап көрсету мүмкін емес қой! Онда не істеу керек. Міне осындай жерде тарихи заңгерлік деп аталатын әдіске жүгінуге болады. Сол болған оқиғаларды растайтын куәгерлер немесе заттай айғақтарды көрсетіп дәлелдеуге болады. Бұл табиғи ғылымдар болып табылады. Алайда тарихи тұлғалар немесе оқиғалар дәлелдеуде немесе теріске шығаруда бұндай табиғи ғылымдарды пайдалануға болмайды.

 Кітап ұғымын зерделесек; Біздердің күнделікті қағазға жазылған ақпараттардан бастап бүкіл жаратылыс нәрселері де кітап болып белгілі бір ұғымдарды жеткізуші болып табылады. Сондықтан ондай кітаптардың санына жету адам баласының ақылына симайды, біз тек негізгі кітаптардан мағлұмат алсақ қана жетіп артады. Адам баласының жаратылып, тіршілік қамында өсіп-өнуі үшін 444 әлемдік жаратылыс кітаптарын жаратып қойған. Оған дәлел «Жаратқан ием 444 рахмет дариясын ағызды» деп ескертеді Ясауи бабамыз. Ал Құран адам біліміне керекті кітаптардың негізгі жиынтығы болып табылады. Негізінен 114 сүрелерден, яғни әлемге түсірген барлық кітаптар жинағының негізі және осы кітаптардан 6236 кіші ішкі сырларын белгілейтін толықтырылып, өзгертіліп, алмастырылып, қосылып отыратын кітаптар пайда болады. Бұл кітаптардың барлық көрнеу және көмес белгісі адам баласының тәнінен және көмес денесінен бейнеленген. Пайғамбарымыздың құранның 7 түрлі үнін меңгергенін есепке алсақ, онда құранның тылсым сырының тағы 6 әлемдік болмыстағы негізгі кітаптық бейнесі болып, барлығы 6+1=7 үндерден тұратын тағы үндестіктер құраны шығады. Онда үндердің ішкі дәрежеленуімен 6236х7=43652 кіші кітаптар болып, екілік жүйеде 20 санымен «Таһа» сүресін яғни кемелденген, жетілген толық адамның бейнесін көрсетеді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Құран сүрелерін белгілеген аты бар кітаптар негізгі жаратылыс қуаттарының, яғни жарықтың сиымдылығы деп түсінсек, яғни қарапайым түсінікпен жарық көзі (трансформатор) құрылғысының қуаттық күшінің сиымдылығын (ампер) шамасын көрсетеді. Ал сүре ішіндегі аяттар саны және орны осы жарықтың өрістік өлшемін (вольт) көрсетеді. Енді құран сүрелерінің жиынтық қосындысы 6555 санын беріп екілік дәрежеде 21 санымен бүкіл жолдардың үндік белгісін көрсетуін құран сандарының белгілі жүйеге бағынатынын көрсетеді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Құрандағы әрбір сүре толық кітап болып, сүре ішіндегі аяттар да жеке кіші кітаптар, үгіттер болып негізінен он сүрелер, білімдер жинағының топтамасынан ғана құран насихатын, ғылымын анықтай аламыз. Сонда құран насихаты 11 сатыдан және ішкі 4 қағидадан тұрады. Осы төрт қағида адам баласының жаратқанмен бірігу, яғни құлшылық сырларын қамтитын, сопылық және ақиқатты табуға түсірілетін ұлттық ерекшеліктері бар өз елшілеріне түсіретін кітаптар негізі болып шығады. Демек Алламен тілдесу; аян, уахи, түс және бір перденің ар жағынан жаратқанмен тікелей тілдесу болып, осы 4 негізден кітаптар пайда болады. Олай болса барлық кітаптарды толықтырып, аяттарын алмастырып тұратын тұрақты осы 4 негізгі кітаптарға жинақтарға (Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран) тәуелді. «Егер тәуратты, інжілді білмесеңдер түк емессіңдер» деп аятта ескертуі осы құпияны білдіреді.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдыр үшін күйзелтуші азап бар» (42-21).

 Бұл аяттың үгіті бойынша шариғат Алланың парыз қылып бұйырған үкімдерін іске асыру, яғни намаз орындауға айналдыруды ескертеді. Біздің мұсылманның 5 парызы масһабтық дін ұстанымыздың, шариғат ісінің ережесі деп түсінгеніміз дұрыс. Ал, «Бекіген Алланың шешімі» дегеніміз бұрыннан басқа елдерге көрсетілген жол-жобаларды, яғни тарихат, мағрипат және ақиқаттың шешімдерінің бекігендігін, яғни кітаптарының түсірілгендігін, ол кітаптарды оқыған пайғамбар, әулиелердің болғанын  ескертеді. Олай болса әрбір дәуір, заман өзінің белгілі тарихи оқиғалардың қайталануымен адам қызметінің, шаруашылықтың және табиғат өзгерістерін тудыратыны сөзсіз. Оны енді 1000-жылдық уақытпен қайталануымен 5 реттен қайта қайталанып отырса, ішкі сыры 50, 100, 350 болып ақпараттық тарихи оқиғалардың алмасымы болып отырады.