Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

                            Байтасов  Тоқберген  Кескірұлы.

          Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар

                                                            4-ші кітап

                                                       Алматы-2011

Бабалар өткен сара жол Ата жолы — «Алла жолы»!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тартқанын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауыздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі  білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт! Толық оқу…

Әрбір адамның жеке діні-сенімі.

     Сенімді кейде наныммен шатастырып алып ескіліктің қалдығы деп жатамыз. Наным тарихи оқиғалардың кейбір қиындықтарды жеңу, күресу барысында қалған әдеттердің көрінісі. Орнымен пайдаланса қайғы-қасіреттерден айналып өтуге болатын жеңілдіктермен, орынсыз пайдаланса керісінше болуы да ғажап емес. Наным ақылдың қатысуымен ғана нәтижесін береді. Сондықтан наным жалпы халықтың дін тарихынан хабар береді. Толық оқу…

Құлшылық негізі-үш талап.

     Бірінші басылымда Аллаға құлшылық жасамайтын жаратылыс жан иесі болмайтынын, сондықтан құлшылықтан барып ғибадаттың, ал ғибадаттан намаздың пайда болатынын ескерттік. Сондықтан құлшылықты, ғибадатты, намазды; жалпылай Аллаға құлшылық деп атасақ жаңылыспаймыз. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі өскен ортасы, ата-анасынан алған тәрбиесі мен алған білімі, тіршілік ортасының ұжымдық өмір тәрбиесінен байланысты белгілі бір нанымы қалыптасып сол нанымынан жаратылыс себептерін, өлім мен өмірдің арасындағы мақсатты істеріне Толық оқу…

Ата заң және жол-жоба діни салт-дәстүр, бәйшешек бақшасы.

       «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл…» деп Абай атамыз  жаннатқа апарар хақтың жолына түсу үшін әуелі иман гүлін-нанымын өсіруді ескертіпті де «Мақсұт» атты қиссамен адам баласының түп мақсатын астарлап көрсетіпті. Мақсұт-талап; үш гүлдің үш түрлі сипаты болып және оның өсетін жерін және қайдан алуын білгіңіз келсе; «…Барса, тамда (зират) бір гүл тұр солқылдаған, Басында үш жеміс бар былқылдаған; Бірі – ақ, бірі – қызыл, бірі – сары, -Таңдап ал, мен берейін бірін саған. Ағын жесең, ақылың жаннан асар, Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар, Егер де қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар.» Толық оқу…

Естілік пен есерліктер туралы түсініктер.

      Адам баласына ортақ үнемі 4-ші болып немесе алтыншы болып түгелденіп тұратын, артығын жонып, кемісін толтырып тұратын іштен өсіп-өніп азығын, тамағын сырттан салатын «ЕС» деген ұғым бар. Төрт өлшемнің яғни мизамның, таразының кірі, салмағы. Төртпен өлшеп бесті алмасаң, бесінші қашанда қауіпті, пайдасы мен зияны қатар болады. Абай атамыз; «Өлшеуін білмеген нәрсенің боғы шығады» деп бекер ескертпеген. Сондықтан төртеуді түгелдеп отыру үшін үнемі бесінші ортасын тауып отыру шарт. Оған Мысырдағы төрт мұнара жаратқаннан белгі. Толық оқу…

Жынды пенде мен жындылық.

      Жын дегенді діншілердің пайымдауынша адам баласы тек өмір сүру барысында жұқтыратын, табатын кесел, науқас, дерт сияқты түсіндіреді. Ал негізінде жын адам баласының мінезі болып, тағдырдың жазылған жаратылыс кітабы болып, есту, көру, ойлау қабілеттерімен өлшенеді. Енді шайтан адам баласының тілімен яғни ішкі үнімен жын арқылы дауысқа, дыбысқа айналады. Толық оқу…

Жындылық пен жын шайтандық.

     Жындылықтан құлшылығымызды түзеу арқылы Алланың хикметіне бөленіп, қазақи естілігімізді қалыптастыра аламыз және құдайға шүкір орта буын елге жанашыр ақылы сау қазақтарымыз да барлық салада адал қызмет атқарып, қазағымыздың жыртылғанын жамап, кемісін толтыруға аянбай қызмет жасап жатқандар жеткілікті. Және туғаннан естілік қабілетімен таза кітабымен өмірге келген жастарымыз да көбейіп, небір сау сөздерді үлкендерге үйретіп жатқандарымыз да бар. Толық оқу…

Шеріктер және серік қосу туралы.

      Әрбір сөздің, ұғымның бейнесі, өлшемі және есептік мәні болуы даусыз. Сол сияқты әрбір сөзді бейнелейтін таңбаның да қуаттық өлшемі сол өзі тасымалдап бейнелеп тұратын үннің ыдысы болып, сондықтан таңбалардың да белгілі есептік мәні, бейнесі және көрінбейтін ғайыптық кеңістіктерде тәңірлік сипаты болуы да даусыз. Және бұл қуаттардың жұп, тақ мәндерімен өзара пар болып түзілуінен белгілі мақсаттағы қозғалыс егелері яғни періштелер пайда болады. Толық оқу…