(басы; 1-4 тарауларда)

Сайт бетінде жазушы, қаламгер бір үлкен кісінің; менің салмақты ойларыма неге оқырмандар мән бермейді және мұндай тақырыптарды қоғамда аз оқиды деген пәтуасын көрдім. Шынында бұл қазіргі қоғамдағы бір ең өзекті мәселенің бір. Көптеген қысқа-нұсқа ақпараттық көздерінің (аккаунт) үш-төрт сөйлеммен ғана шектелген пайымдаумен әлемдік дәрежеде танымал болып, ал ақыл-ойға бай, шежіреден, дін дәстүрден әртүрлі уақиғалардан ұзақ сонар әңгімелер, ғылымдық тұрғыдағы баяндамалар көп оқылмайды да бірақ мүлде оқылмайды деген де қателік болар. Бұл үлкендер мен жастардың арасындағы жан күйлік жағдайға өзін-өзі танымдық мәселеге байланысты деп түсіндірсек те болады. Қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп қысқа ғана нақылмен көптеген рухани сырды қамтитын жағдайды ескертіп кеткені де хақ.  Бұл сырды мен өзімнің жазбаларымда тарқатып жатырмын да, бірақ оның ақ бастауы Ясауи ілімінен басталып, Абай-Шәкәрім еңбектерімен нақты тұжырым берілгенін, ал оны талқылау тұрғысында жастарға кінә жоқ үлкендер қауымы ел билеушілердің өздері де түсінбей жатқаны да жалған емес.

                       (басы; 1-3 тарауларда)

   Адам баласын өзін-өзі тану үшін Ес деген қабілетін жаратқан. Қандайда бір жаста, атақ дәрежеде, ел басқару орындарында жыныстарының ерекшелігіне де қарамай естіліктің де әр түрлі деңгейде болып, адамдығын тану үшін есті ақылдың шамасына қарай өзіміздің де есіміздің артық кемін ажырата аламыз. Сонымен біз қандайда бір қасиеттің, адамдық құндылықтың шамасын анықтау үшін білімді меңгеруіміз, яғни білімді болуымыз шартты. Шартты деген ұғымның өзі белгілі бір шектеумен байланысты ақпараттарды қабылдап, сіңіруіміздің шамасын белгілейді. Қандайда бір танымның, ақпараттардың, қасиет-қабілеттердің, күштердің ең жоғарғы өлшемі Алланың Өзі болып табылады. Сондықтан біз жаратушымыздың бізге өлшеп берген дінісіз яғни шартсыз ақылының қуаты, құдайлық идея арқылы ғана біз «Өзін» яғни жаратушы иеміздің бізге айқын болған хикметті қасиет егелерін тани отыра және осындай құндылықтарды меңгерген қасиетті құлдары, Өзінің досы аталған әулие-әмбилеріне, даналықтың бұлағы болған кісілеріне қарап ұнап ұқсауға, үлгі-ғибрат алуға міндеттіміз. Мұны біздерге қалдырған мирас, аманат деп атаған, киелі кітаптарға, кісілікке жалғану деп атаған да дұрыс. Олай болса біз ақылға, рухани тұрғыда кісілікке табынуымыз яғни сәждеміз, қызметіміз, құлшылығымыз болып табылады. Адам атамызды алғашқы жаратқанда таза дінсіз шартсыз ақылдан Ақтардан сансыз (топыр) аяттардан яғни құраннан жаратқан екен. Сондықтан оған Раббымыз барлық біздерге әшкере болатын жаратылыстың негіздерін белгілеген сөздердің атауларын Адам атамызға үйреткенде періштелер бұның ішкі сырын, жаратылыстық нәрселердің қасиетін, аттарын білуге Ақтық-таза ақылдық шамасы болмағандықтан; Адам атамыз мұндай атаулардан тарайтын барлық жаратылыс егелеріне ат қойып шыққан екен. Сонымен Ақ-құдайлық идея таза ақыл болып біздің жаратылысымызда бұл нұр, шырақ яғни Мұххаммед-сүйіспеншілік-махаббат деген атпен Адам атамыздан бері жалғасып келеді. Сондықтан Адам атадан бұрын Мұхаммед пайғамбарымыз, яғни махаббат атты пайғамбарлық қасиеттің жаратылғаны да мәлім болды. Қандай да бір жаратылыстың сырын, білімін меңгеру үшін біз қалайда осы Ақтың белгілі бір қуатын жүктеп алуымыз керек. Ал енді Ақ-нұр болса жердің барлық жаратылыс нәрселерінің ішкі зайырын және жердің серігі Ай планетасы арқылы жердің бар тіршілігін басқарушы негізгі қозғалыс қараның және қызылдың қарсылық себепшісі және Ақтың ең көп мөлшері суда болуын да білген жөн. Барлық нәрсенің жұбы пары болу себепті жұп ұғымы қасиеттілігі, мақсаты ұқсас жаратылыс егелері болса, ал парлық; бұл қарама- қарсылық жағдайындағы қасиетімен байланысты болмақ.  Сонымен жерге жаратушымыз алты түрлі оттың сапасын беру үшін яғни алты күнде жаратылудың да және жалпы әлемнің жеті күнде жаратылуын паш еткен. Осылай жаралыстың негізгі себептерінің сипаттарынан біздің яғни адам баласының киелігінің қасиетінің негізгі өлшемдері де пайда болып, бұл қасиетті қуаттарды, күштерді меңгеру үшін де біздерге керекті ақылдың қуатын, шамасын меңгеруміз адамзаттың негізгі сәжде құлшылығы болмақ. Осындай жағдайда барлық жаратылыстық нәрселердің бәрі адамзаттың тіршілігіне арнап жаратылғанмен олардың белгілі бір мөлшерде ғана бізге пайда беріп шектен, шамадан асырып пайдаланған жағдайда зиянын тигізетінін, мұның сырын біздің қысқа өмірімізде меңгеріп түсінудің мүмкін еместігі де сөзсіз. Сондықтанда бұл ілімнің тәжірибелерін біз мыңдаған ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата-баба тәжірибесіне, олардан қалған ақылдың өлшемі білімге сүйене отыра пайда-зиянын ажыратуды үйренуіміз керек. «Сонымен біздің өмір сүрген жердің үстінде, астында, ортасында және көктен түсетін кез келген құбылыста құдіретті күштің киесі болмаса адамды жалықтырып жібереді. Ақылды адам өлгенше айналасынан сол Ұлы Күштің киесін іздеп аласұрады. Мән мен мағынадан жұрдай болған барлық білім адамның сакральды табиғатын ашпайды. Адам қарабайыр тіршілік иесіне айналады.» Бұл ойларды айтқан Иран ғалымы Саид Хусеин Наср екен.  Адамзаттың қандай да бір замандарда, дәуірлерде өмір сүрсін, тылсымды табиғат күштерінің сырын меңгеруге талпынысы және оны қалайда басқаруға деген құштарлығы ешқашан бесеңдеген емес. Біздің жаратылысымызда өзгелерге ақыл айтып, көпшілікті басқаруға деген құштарлығымыз Адам атамызды жаратып, оған барлық періштелердің қызмет қылуымен және Ібіліс періштесінің қарсылығымен оны қалайда меңгеріп жеңіп бағындыруға деген құштарлық, нәпсілік негізіндегі арадағы бәсеке қиямет-қайымға тіршіліктің соңына дейін жалғаса беретін, ұрпақтан ұрпаққа өмірдегі өзіміздің тәжірибе білімімізді аманаттап қалдырып отыруға; біздің жаратушы иеміздің Өзі-ұлы күшті, бір  тәңірімізді ақылмен танып, әрекетке, амалға, намазға айналдыра білген  құлшылық сәждеміздің нәтижесі де болмақ. Енді Адам атамыз жер бетінде адамзат тіршілігінің басы болып және жер бетіндегі өмір сүру, тіршілік етуден ешқандай тәжірибесі болмағандықтан құдайдан үнемі тікелей үйреніп сұрап отыру қажет болғаны да сөзсіз. Сонымен діннің ілім тұрғысында яғни сөз жүзіндегі ақыл тұрғысында көрінісін, кітабын Адам атамыз алғашқы болып алып, мұны тәжірибе жүзінде ақылға, білімге яғни белгілі шартты дінге айналдырып ұрпақтарға аманаттап отырғаны да хақ. Олай болса замандар өткен сайын бұл білім жеткіліксіз және оған қарсы білімдердің ібіліс тарапынан пайда болуына байланысты ілім жүзінде үнемі құдайдан уахимен ел ішінен елшілерді, даналарды, пайғамбарларды шығарумен жетілдіріп отырғаны да сөзсіз.  Білімнің де адамға тікелей берілген көрсетілген аяндар жүзінде және теріс ойдың ібілістің ықпалымен тіршілік нәпсілік қажеттілікті өтеу барысында пайда болатынын, ал мұның пайда-зиянын анықтап отыруға үнемі ақылды толықтырып отырмаса, бағы замандағы адамзатқа пайда берген білімнің керісінше зияндылығы да артып мұның соңына түскен жағдайда адамзаттың азғындыққа түсуі де, тарихаттан қалған оқиғалар айқын дәлелді де болмақ. Сонымен тек Адам атамыз ғана білімді алудан бас тартып, себебі жаратылыс киелерінің де қарсылықтары болған- қара күштердің ол замандарда Адам атамызға тигізетін зияндылығы да аз болғаны сөзсіз.  Ал қалған ұрпақтардың мұндай қарсылық тұрғысындағы қара күштердің өндірушісі де болып шайтан жамағатына айналып азғындыққа түсуіне, ібілістің азғыруына ерушілердің де артуына байланысты, діннің де сан алуан тұрғыда ілімінің артып отыруына да себепші болғаны сөзсіз. Сонымен бұл қарама-қарсылықтың соңғы нүктесін дін ілімнің оқылуының, оның кітап болып түсуінің соңғы нәтижесі болып Мұхаммед пайғамбарымыздың ислам дінін толық негіздеп, намаздарының орындау үлгісінің негізін қалап кетуі болмақ. Бірақ бұл енді дін білімнің адамзатқа оқылмай осымен тұрақтады десек, онда ібілістік білімнің де — қарсылықтың да тоқтауы керек. Ондай болу да мүмкін емес. Жаратылыс, қозғалыс заңына да қайшы. Сондықтан құранның біздерге аталарымызға түсініксіз құпия сырларының және оның көмес-физикалық, ғайып-метафизикалық ілімдерін сөз жүзінде құдайдың Өзі яғни киелігін, даналығын меңгерген сүйікті құлдары арқылы оқылуын ой тұрғысында жалғастыра бермек.  Ой қуатын заманға қарай меңгеру арқылы біз ақылымызды толықтыра отыра және бұрынғы заман ойшылдарынан, даналардан, елшілерден, пайғамбарлардан үлгісін алып, ғибраттанып табыну, сүйіспеншілік арқылы біз жер бетіндегі тіршілікті онан ары қарай дамытып отыруға тиістіміз. Осы тұрғыда өмірде өзіміздің атақ-даңқымызды, ақылды сөзімізді, шаруашылық өмір сүрудегі білімімізді кейінгі ұрпақтарға мирас қылып қалдыру арқылы біз өзіміздің мәңгілік өмір сүруге жер бетінде белгі қалдырамыз. Осы тұрғыда; Омар сахаба былай дейді: «Дүние даңқы малмен, ақирет даңқы ізгі амалмен шығады». «Адамдармен жақсы мәміле жасай алу — ақылдың жартысы, жақсы сұрақ қоя білу — білімнің жартысы, істі жақсы басқара білу — тіршілік етудің жартысы».

Қазақтың даналығында өзін тану білімінің әзірге екі жағдайын ғана қарастырсақ; «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген нақылдың ішкі сырына үңілсек; бұл пайғамбарымыздың; «Намазда, құлшылықта барлық нәрсенің ортасын ұстаныңдар» деген өсиетіне сәйкес мұны мизан деп те атауға болады. Яғни әрбір нәрсені өлшеу үшін де оған қарама-қарсы өлшемін, салмағын да тауып және ол екі арасының қашықтығын, уақытын білумен дәл ортасын да табу керек. Сонымен ілім мен білім дегенімізді қалай түсінеміз? Жалпы жаратылыста 6 түрлі білім бар және 3 сипатты  жұбы пары да бар. 6 күндік білім негізін  жарық деп барлық нәрсенің ішінде өз жарығы болып оны меңгеруді білім деп атаймыз.

            

    Әр заманның қозғалыс әрекетіне қарай бағзы замандардағы адамдардың қоғамы мен қазіргі таңдағы адамзат қоғамының өмір сүру ерекшелігі болуы сөзсіз. Бұл біздердің тәуелді түрде бағынатын уақыттың жылдамдығына, қуаттық, өрістік түрленуіне байланысты жаратылыстағы барлық қозғалыс егелерінің де қозғалыстық қарекеттік жылдамдықтары да, өрістік  сапалары да, қуаттық шамалары да түрленуге түсуіне байланысты адамзаттың құндылықтарының да бағалау шамалары өзгеріске, түрленуге түсіп отырады. Сонымен қандай да бір болмысты заманға қатысты адамның өзінің әрекетінің дұрыстығын, ненің пайда-зиянын, ұяттың шамасы, адамгершілік парыздар мен қарыздардың шамаларын, шектерін т.б. біздің бақытты өмір сүруімзге не қажет, қандай амалды орындау керек деген сияқты бар сауалдарға жауапты да білім мен ілімді де үйренуге керек қуатты, рахаттық қызықтардың пайда-зиянын да, сөздерді ұғыну қабілетін де біздер тек ақыл арқылы анықтап өлшеп ала аламыз.

            Барлық жаратылысты жұп және пар қылып жараттым деген жаратушы Иеміздің танымдылық заңдылығы бар. Сондықтан қандай бір болмысты тану үшін осы жұп пен парлық заңды міндетті түрде меңгеру керек. Адам баласына сенім мен иман қасиеттерін меңгеруді бұйырып, осы екі игіліктен бақытты болатынын ескертіп данагөй аталарымыз; «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деп бата берген. Енді бақ адамзаттың сенімімен байланысты және сенімнің ағаш болып, қалай гүлдеп жеміс беруіне қарай бақ құсы қонып, оның қонғанын көрген Қыдыр-иман болып дариды, яғни жүрекке зейнеттеледі  екен. Бірақ осы бақ пен қыдырдың қасиетін меңгеру үшін де адам баласы мұның парын меңгеруге яғни өзін-өзі тану, есеюі үшін ақылдың толымдылығы мен  естілікті меңгеру керек. Бұл естіліктің жетілуі үшін үш байлық керек; «Денсаулық, ақ жаулық, он саулық».