Адам жан және тән деген Абай атамыз. Адамдықтың негізі жанның қадірін меңгеру, көбейту үшін де тәнімізді таза ұстау мен оған рұқтан бақша өрісімізді өсіруге, сөз өнерін меңгеріп суарып отыру керек. Және тәннің күнәсіз тазалығымен ғана таза ақылдың жарығын ағза-періштеліктерді сақтай білумен байланысты болмақ. Жан мен ақылдың бірлігінен ғана адамдық қасиет пайда болады сақталады. Енді тәнді жасынан тазалығын сақтап, жан бой бақшасын қалыпты өсіріп, жан ғылым дәні өніп тағдырына жазылған міндеттерді орындап ақылға Мен-жанға сарай болуы үшінде де жаратылыспен қуаттық жүйеде, үндестікте болуы шарт.

       Ата жолындағы болып жатқан рухани жағдайды бүкіл қазақтың рухани өмірінің бейнесі деп алып қарауға болады. Қазіргі ата жолындағы 9 түрлі бұзықтық-кісіліктің; Күлкіге бейімділік, күлкішілдер, Өтірікті қосып айтып әсіреушілер, Дұшпандар, Екі жүзділер, Әккілер, Байлықты дүптеушілер, Сауық–сайраншылар, Жылпостар, Жағымпаздар болып қоғамымыздың барлық саласында ібілістің перілік жүйесінің атқарушысы және жындық 7 топтың сан алуан топтарына бөлініп алып, қазақ еліне келіп түскен қияметтік жағдайды еселеп арттырушылар екені де хақ.

 Қандай заманда, қоғамдық өмірде болсын адамзат дінсіз өркендеп қайғы-қасіреттен құтылғаны туралы тарихта ешқандайда белгі дерек жоқ. Бірақ ібілстің де дін саласында жалған ғалым, дінші тақуалардан өз ұрпақтарын шығаруымен діннің маңызы жоғалып немесе оның белгілі бір құндылықтарын өздерінің саяси ұстанымына айналдырғандықтан белгілі бір жетістіктерге жетіп мұны діннен емес адамзаттың ойшылдығы дегенмен астарына терең бойлап қараған жетелі пендесіне оның діннің бір тармағы құндылығы, яғни қазіргі таңда құранның аятымен тылсымдағы кітабымен байланысты екенін аңғарар еді.

  Ата жолында ізденіп жүрген аққулардан; «Біз қанша тырыссақ та періліктен құтыла алмаймыз ба?» деген сауалдар түсіп жатыр. Орынды да себебі қазіргі таңда барлық ақпараттардың өмір тәжірибелерінің үлгілері білімге айналып алғаны хақ. Ал білімді тазарту, қайта жүйелеп отыру салты әлемде мүлде жоғалып, ілімнің білімін де Құдайдың өзі түзетіп отырады деген ұғым дін ғалымдарында да жоқ. Ал қазақ дәстүрінің бұл жағдайы да ескерусіз ұмыт қалғаны сөзсіз. Ата жолында ата дәстүрін толық меңгеру үшін де біздерге жеткен үлгілерді де Құдайдан сұрап, түзеп көптеген амалдарды қайта жаңғыртумен және заманға сай салттарды да қалыптастыру үшін де аруақтармен тілдесуді меңгеру керек.

  Перілік пен жындылық сырттай қарағанда ұқсастығы болғанмен екеуі екі түрлі әрекет қылықтармен байланысты болмақ. Перілік жалпы әйелдер қауымына тән қуаттық жүйе болып, терінің тазалығы мен ойлау қасиетіне тікелей әсер беруші болмақ. Жалпы перілік ұяттылықпен, қызыл түсті ғылым мен сөздің көріну қасиеттілігі. Түстің көрініп бейнеленуі терінің, аяқ, қол, еріннің тазалығына тәуелді болмақ. Ал жындылық бой өрісінің есту және ойлау қабілетімен санаға тікелей қатысты болмақ.

Алла тағала барлық жаратылыстың әсемдік, сұлулығынан жақсылықпен махаббатты жаратқанды. Сұлулық, әсемдіктің ең жоғарғы сипаты көркем сөз болып, әлемнің сөзден жаралғанына дәлел болмақ. Әсемдіктің үнін, жарық нұрын жасыру үшін барлық жанды нәрселерге киім беріп, жансыздарды ондай нығметтен құр қалдырған. Адам ата мен Хау анамыздың да сұлулығын, сөз нұрын жасырып тұрған зейнеттік өрісін жоюға қайың тектес шырша ағашының жемісін жеумен қара қуаттардың енуімен, жындылық сипатқа яғни жалаңаштанып қалған еді.

             Алла тағаламен ібіліс «ғұламамен» болған тартыста ібіліске тура жолдағы негізгі кедергі болып, мұнан аз ғана пенделердің азғыруға көнбей өтетіні туралы ескертілгенді. Олай болса, жанатқа ібіліс адамзатпен бірге тазарып, адамдықтың жоғарғы сипаты кісілігі болып кіреді. Біздің барлық білген меңгерген білім, іліміміз ібілістік періштелік сипатпен жанай қанатына айналуы шарт.

               Алдыңғы тарауларда жалпы перілік жүйенің белгілерінен сипаттама бердік. Енді оның ішкі жағдайында әр пендеде аз көп түрлі мінездермен пайда болып, оның негізі үш түрлі адамзаттың (Ойлау, есту, көру) қасиетінің негізінде; Қорқыныш, сұлулық-әсемдік және білімді ақыл деп түсінумен ұғымыдылықты өзгерту арқылы ібілістің ықпалында өмір сүретін қоғамды қалыптастыру болмақ. Бұлардың ең негізгісі білім болып, оның ішкі ойын терістей сөз ұғымдарының, атау сөздердің әрбір жүз жыл сайын діл үнінің өзгеріп, қосымша таңбаларды меңгеру жүйесін қысқартумен маңызды болмақ.

Қазақ еліндегі бүгінгі таңдағы болып жатқан қиямет сағатының сынақтарының негізгі себебі ғылымның мәні маңызы жоғалып, оның орнына жасандылықтың пайда болуынан деп түсінген дұрыс болар. Ғылым деген өнер-білім ғана емес, барлық жер бетіндегі тіршілік әрекеттердің адамдықты сақтауға, заманға қарай бейімдеп, жаратылыстың заңдылығына қайшылықсыз өсіп-өну жанды көбейтуге қызмет жасайтын білім, ілімнің, ақылдың бірлігінен және адамдықты бейнелейтін амал әрекеттерден  тұруы керек. Қазақта «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген ғылымды меңгерудің сырын.

   Қазақтың талай ғасырлар бойы әлемдегі барлық діндердің негізгін, құлшылық амалдарын, ғылымын бір исламмен жүйлеп, намаз орындау амалдарын сопылық тақуалықтың сипатымен, ата жолы дәстүрімен өмір салтына айналдыра білгені хақ. Бұл Құдайдың берген нығметін әр заманда белгілі бір елшілік ісін жалғастырушы әулиелерін арамыздан шығарып дін, діл жібін иіріп беріп, біздерге оны жалғастыру ғана аманат болғаны хақ.