(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазақтың өркениеттілігі, мәдениеті, тектілігі, имандылығы, естілігі аталған барлық рухани құндылықтарының негізі; үш байлықпен және «Өлі риза болмай, тірі байымас» деген ақиреттік тіршілікке арналған құшылығымен яғни құдайын танып; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген дәстүрмен нәтижеленеді.  Сонымен біздің негізгі тануға тисті болған ұлттық имандылық пен махаббатымыздың көрінісін пайғамбарлық қасиеттіліктің 46-сапасын меңгерумен байланысты болып, оларға жеке-жеке сипаттар берумен Абай атамыздың философиялық даналығын, ұлттық ақылымыздың қуатының шамасын, яғни құдай тарапынан түсірілген кітаптарды меңгерудің ұлттық тегіміздің, иманымыздың шамасын айқындау үшін құран арқылы баяндап келеміз.

                      

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Ата-бабаларымыздың адамзаттың құлшылығының негізі: үш байлықпен негізделуін және үшінші байлық «Он саулық» туралы көктен келетін нұр деп қана түсінеміз. Ал оның қандай  жаратылыстық сипаттармен, рухани қуаттармен,  ақылымыздың сипаттарымен байланысты болатын мән-мағынасына көңіл бөле бермейміз. 20-шы тарауда Абай атамыздың: мұны Алла тағаланың Рахмет сипаты деп барлық жарылқаушы, қорғаушы, мейірім, рахман, ара түсуші, несібе ризық беруші, пайда беруші, уәкіл басқарушы деген ұлық сипаттарымен көрсетіп берген.

                      (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай   ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы) Философия-ойдың қуатын меңгеру ілімі болып, ойсыз ақылдың жарығы болмайды сондықтан да ақыл шам болса, ой соның майы болатынын да білген жөн. Сопылық мақамдағы «май іштім» деген осы ой қуатын алумен, ал тылсымнан аян арқылы арақ ішу ақыл қуатын алумен ерекшеленеді. Қазіргі таңда қазақ елінің философиялық мектебінің өз мақсатын атқара алмағандықтан қазақ елінің болашаққа қарай заманның ырғағына сәйкес өркениетті меңгеруінің тежеліп тұрғанына жоғарғы лауызымды ел билігі мен зиялы қауымның ақылы болғанмен оның шамының майы болмай, сондықтан шамдары иман, ар болып жана алмай, жол көрсететін жарықтары болмай, кез келген елдің әдетін, салтын, білімін ақыл қылып алуға себеп болғаны да сөзсіз.

     (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Құран аяттары болсын, хадистер және әрбір ойы бекіген насихаттардың сандық өлшемі болуы шарт. Біздің ақылымыз да ойымыз да ерікті болмаса, белгілі бір ұғымдарға байланып қалса, онда адамзаттың мақұлықтан айырмашылығы да аз болып жануарлық деңгейде ғана ақпараттық жүйемен тіршілік етіп, мұны ақыл-ойдың негізделуі, шектелуі деп атайды.  Бірақ біздер үшін шектеулі мен шексіздік ұғымдары да салыстырмалы түрде болуы керек. Біздің шексіздігімізде ақыл-ойымыздың қуаты жетпейтін жаратылыстың барлық сырының белгілі шегі бар. Сондықтанда әрбір аяттың сөз тұрғысында насихаты, түсінігі білімге айналса сол білімнің үні ой болып, оның өлшемі сандық белгімен белгілі болмақ.

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы тарауда жанның тақуалыққа байланысты қандай кеселдермен байланысты өніп өсе алмайтынына тоқталып және ар, ұяттылықпен байланысты да себептерін қарастырдық. Енді жанның қуаттылығының белгісі болатын тәннің тазалығына байланысты; бел қуатының ұрығының тазалығын, аяғының ағаруына және қос тіземен аруақтық тылсымдық киелерге жалғану арқылы зеректік қабілетінің жетістігін, түсіну қабілетінің қуаттылығын қалыптастырады. Мұндай пайғамбарлық қасиеттің сабырлыққа, тақуалыққа да жалғануға тиісті белгісін; «Белдікті, кебісті, тізелі» болудың сырын талқылап көрейік. Құранда бұл қасиетті ислам дінін меңгеруші елшілікпен халыққа тылсымнан хабар алып насихат таратумен байланысты аятта;

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Дін тәпсіршілерінің насихаттарынан  Абай атамыздың ойшылдығының ерекшелігі де адам баласының өзін-өзі тану үшін қандайда бір дін ісіне байланысты  сұрақтарға дайын жауапты алу емес, керісінше сол сұрақтарға жауапты өзің іздеуге, ойлануға, ойыңды еркін белгілі бір негізделуден тар шеңберден шығаруға жәрдем береді. Сондықтан Абай атамыздың барлық насихаты сын тұрғысында негізгі қателіктердің себебін баяндаумен көрінісін береді.  Және ғылымдық жүйе мен сандық белгілер арқылы бұл ойымыздың адаспай ақылды табуына да мүмкіндік береді.

                  

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Бұл жазбаның да өз талабы болып, біздің мақсатымыз Абай атамыздың ойшылдығы бойынша ақылды меңгеру арқылы имандылық пен махаббатпен Алла тағалаға және адамзатқа құлшылық жасау арқылы, Ол Алланы яғни жаратушының рахметіне бөленуге, сыйына кенелуге, мәңгілік өмірдің есігін ашуға деген құлшылығымыздың реттілігін табумен белгілі болмақ. Қандайда бір мұндай толымды құлшылық ниетімізді біздер ақылдың көмегімен, қуатымен ғана айқындай аламыз. Сондықтан да біздер бұл жазбаның бірінші тақырыбын 38-ші сөзден  және пайғамбарлық қасиеттіліктің 38-сипаты «Естуші» яғни уахи алушы мүміннің имандылық, толымды дін ниеттілік, махаббатылық жағдайынан бастаған едік.

               (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Адыңғы тарауда Абай ата қара сөздерінің 31-ші сөзі мен 19-шы сөздерінің орындарының ауысып кеткендігі туралы ескерткенбіз. 31-сөз естіліктің жағдайымен байланысты болса, енді 19-шы сөз пайғамбарлық қасиеттің «Қарилық» қабілетімен байланысты болмақ. Жалпы сөздердің негізгі ұғымдарын өзгертудің сонау бағзы заманнан бері жалғасып ақырында; «сөздің бәрі араптардан пайда болған»  деген Аллаға ортақ қосу әрекетінің қазіргі таңда мүлдем шарықтаған шегіне жетіп, арап халқының  сөз атауын мағынасы әрекетіне қарай  тәпсірлемей құран арқылы сол қалпында ала салумен нәтижесінде қорқынышты бір шектеу үкімдерге айналдырып алып, шариғатты жол – шексіздік қылып, ислам әлемінің «экстремизмдік» жағдайға түсуіне де осындай ескі тәпсір білімдерін заманға қарай сандық тұрғыда қайта зерттелмеуінен де зұлымдыққа түсуге себепші болғаны да хақ.

    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен біздер қаракеттік ақылдың кәсіптік бағытта өсіп-өнгенмен оның талапсыз, мақсатсыз қаракеттік ақыл мен  сезімдік ақылдың өз бетімен дамып жетілуіне және қарсылық қара қуаттар мен күштер арқылы өзара бірігуіне байланысты тек дүние тіршілігімен, жануарлы мақсатта ішіп жеумен ғана тәннің қамымен,  дүниенің қызықтарымен айналысып кететін ессіздіктің, жындылықтың пайда болуына соқтыратыны да сөзсіз.  Мұндай жағдайда  жаратылыстан жанымызбен бірге аманат болып берілген тегімізбен және анамыздың қанымен берілген нағашы тегінен белгімізді яғни екі түрлі жиілік ырғақтағы ақылдық қуаттарды аралық біріктіруші ағашымыздың сапасын жындық қуатымызды жетілдіре отыра, оны тазартып кісілікті меңгеруміз, қанымыздың тазалығына байланысты  теріміздің кеңдігімен, бой жарығымызға байланысты жүректің айнасы болатын; ұжданымыздың да жетілуіне себепші болатыны да сөзсіз.

                    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Абай атамыздың философиялық ойшылдығын жүйелі түрде меңгеру үшін бұл жазбадағы талқыланған тақырыптарды, сөздерді қайтадан ой елегінен өткізіп, ақылдық қуатымызға айналдырып, көңілімізге тоқып отырғанымыз да жөн болар.  Сонымен адамзаттың иманды тауып, махаббатпен құлшылық қылуға ниетілігінің Алласын танудың сырын 38-ші қара сөзімен баяндап өтіп, осы ниеттіліктің негізінен 4 ақылды түгелдеумен байланысты болатынын және ақылдың да өсіп жетілуі жандық қуаттармен тікелей қатыстылығын  алдыңғы тарауларда баян қылдық.