Құрбан айт қабыл болсын Дінмұсылман!

Сәлем деген асыл сөзді амал қылған.

Сапта тұрып тілек тілеп жаратқаннан,

Қол жайған жамағат боп оқып құран!

Қан шығарып арамнан тазарудан,

Жалғауға атаң Ыбырайым жолы болған.

Ысқақтай баласын құрбанға арнап,

Иерусалим кентіндегі тасқа апарған

Сынынан уахименен құдай берген,

Өткесін қошқарды сый көктен алған.

Ысқақтай пайғамбардан манның тегі,

Маңғыстау әке-анасымен жатқан жері.

Қазақтың  әлім-сақтан  дәстүр болған

Құрбан шалу  исламнан бұрын діні болған,

Раббының көркем есімдерін ұлықтаған

Ежелден пайғамбарлар отаны боп

Аруағын ешқашанда ұмытпаған!

Кемеші болған еді жиһан кезген,

Үлкен бір шаһарға келіп кірген.

Сапарлас болуға ниет қылған,

Ғалымды мінгізгенді дін меңгерген.

Сөз жазумен, дін білімін ғылым көрмек,

Шырын сөзбен сұқбаттасу болып ермек

Кемешіні айыптады  білімсіз деп.

Кім тең келіп кемеңгерге жауап бермек.

Рахметің қалқам, қабылды болсын!

Байыңның да ақындығы болсын!

Басыңа жаулық киесі қонсын!

Етектен қазық үйлерің толсын!

Байыңа бойдан жарығы болсын!