Қазекең «қарты бар елдің қазынасы бар» десе, бірде «қариясы бар елдің дариясы бар» дейді. Жөн сөз. Көпті көрген, көкейге түйген осындай аузы дуалы ақсақалдарымыз аман жүргенде өз аузынан өнегелі де мағыналы әңгімелерін естіп, біліп, жаттап алып немесе қойын дәптеріңе түртіп алып жүргенге не жетсін. Біздің жұмыста да жасы біразға келген Айдар ЖАҚСЫЛЫҚ деген сыйлы азаматымыз бар. Сол кісі бір күні жұмыс үстінде маған сұрақ қоймасы бар ма..

Бірде Мұса пайғамбар (ғ.с.) келе жатып бір адамның мінәжатын естіп қалады.Оның дұғасының орынсыздығы сонша Мұса (ғ.с.) тоқтап тұра қалды. Ол осылайша өз дұғасымен Құдайды қорлап жатыр деп ойлады.Ол былай деп: «Ия,Тәңірім! Маған Өзіңе жақындауға мүмкіндік бер. Иә, Құдайым егер Сенің денең кірлеп қалса жуып-шайып тазалауға уәде беремін. Егер биттеп кетсең битіңді қарап, сіркеңді сығып берейін. Мен мықты етікшімін, Саған кереметтей аяқ киім тігіп берейін. Егер ауыра қалсаң дәрі беріп емдейін. Мен тамақты да өте дәмді етіп пісіре аламын.»

Хазреті Лұқманға замандастарының бірі: «Пайғамбарлардан үйренген іліміңізді қорытындылап, нәпсі тәрбиесі жөнінде бізге қысқаша түсіндіріп беріңізші?»  деп өтінішжасапты. Хәкім Лұқман: «Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар: төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлде жадынан шығару.

Қорғайтын нәрселер: 1. Намазда ықыласты. 2. Халық арасында тілді. 3. Жеп-ішуде ауызды. 4.Біреудің үйіне барғанда көзді.
Ұмытпайтын екі нәрсе: 1. Алланың ұлылығы. 2. Өлімнің бары.
Ұмытатын екі нәрсе: 1. Біреуге істеген жақсылығың. 2. Басқаның өзіңе істеген жамандығы.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеугеқ ұлшынысты арттырады. Өзіңе істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осылар Пайғамбарлар ілімдерінен қорытындылағаным» деп жауап берген екен.

Құран Кәрімде де Лұқман Хакімнің ұлына даналық сөздермен насихат айтқанын көреміз.

Лұқман Хакімнің насихаттары Лұқман сүресінің 16-19 аяттарында былай бұйырылған:

«Балақайым! Тарының салмағандай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде немесе жерде болса да Алла оны (Оны – яғни, көзге көрінбейтін, өте кішкентай күнәларды. (Сафуат әт-Тәфәсир), (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Расында Алла өте жұмсақ әрі толық білуші»

«Балақайым! Намазыңды толық орында. Жақсылыққа шақырып жамандыққа тыйым сал. Басыңа түскен ауыртпашылыққа сабырлық ете біл. Негізінде бұлар маңызды істерден». «Адамдарды паңсып, менсінбеуші болма. Жер бетінде кербеңдеп жүруші болма. Шын мәнінде Алла барлық даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді». «Жүрісіңде орташа бол, дауысыңды қатты көтерме. Негізінде дауыстардың ең жаманы, ол есектің дауысы».

Лұқман бір жолы бір дорба тарыны қасына алып, ұлына насихат айтқан кезде, әр сөйлемінде бір тары түйірін алып қасына қояды. Дорбадағы тары таусылғанда ұлына: «Әй ұлым! Саған айтқан насихатымның көптігі соншалық, бұл насихаттар бір тауға берілсе, тау жарылып, бөлшек-бөлшек болар еді» дейді.

Осы насихаттардың кейбіреулері мыналар:

Адамдарға насихат айтқанда өзіңді ұмытпа. Балауызға ұқсама. Балауыз жарық шығарғанда өзін ерітіп, тауысады.

Үнсіз қалған өкінбейді, сөз — күміс, үнсіздік — алтын.

Қарыздың салмағында езілгенше, тас тасы.

Істеген ісіңде бұрын мұны сынаған, тәжірибелі кісілерден ақыл сұра. Өйткені олар өздеріне қымбатқа түскен тура көзқарастарын саған ақысыз береді.

Еңбек ет. Еңбектенбеген, табыс таппағанның діні мен ақылы олқы.

Өсіп-өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату-тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?» деп сұрақ қойыпты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар-жоғы бір-ақ сөз жазылыпты. Үсті-үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «САБЫР» екен

Теңіз жағалауында, тас үстінде 5 жасар бала жылап отырды. Жанына жас келіншек келіп сөзге тартты:
— Балақай, неге жылап отырсың?
— Мамамды жоғалтып алдым.
— Аа.. Мамаңның сырт келбеті қандай?
— Өте әдемі.
— Шашының түсі қандай?
— Білмеймін. Қара сияқты.
— Неге білмейсің?
— Солай. Білмеймін.
— Аа.. Көзінің түсі қандай?

Бір жігіт данышпан қарияға келіп қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай жүргенін баяндапты.

— Сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар..

— Талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр,- дейді қария.
Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, – депті.

Баяғыда әкелі-балалы екеу болыпты. Қанша тәрбиелесе де, жағымсыз қылықтан алшақ болуды үйретсе де қайталана беретін баласының сотқар қылықтары әкесінің жанына батады екен. Бірде бала аяқасты қатты науқастаныпты. Әкесі қолдан келгенін аянып қалмағанмен, ұлының жағдайы күннен күнге нашарлай береді. Перзентінің сотқар қалпынан түзелмегеніне іштей налыған әкесі:
– Ұлым-ау, алда-жалда олай-бұлай болып кетсең жағдайың не болмақ? Қиқар мінезіңді де түзеп үлгірмедің, – депті ақыретін уайымдап. Сонда баласы:

Алқама есімді сахаба жігіт өлім аузында жатып » Алладан басқа Тәңір жоқ» ( Лә иллаһа илла Алла) деп кәлима келтіруге тілі келмей, қиналып жатады. Мұны көрген Пайғамбар  сахабалардан:
— Бұл жігіт біреуді ренжітіп пе еді? — деп сұрайды.
— Иә, бұл жігіт анасын қатты ренжітуші еді, — деседі олар.
— Онда барып анасын алып келіңдер — дейді Алла елшісі. Анасы келеді. Оған Пайғамбар:
— Балаңызға кешірім етіңіз, өлім аузында жатыр — дейді.

Бір заманда енді үйленген бір жас жігіт ілім үйрену ынтасымен ауылдан кетеді. Ұзақ сапардан кейін қалаға жетіп, медресе іздеп жүргенінде, жұмысшы іздеп жүрген бір бай кісімен кездеседі. Бай кісі жоғары ақы ұсынғандықтан, ниетін өзгертіп, оның жанында жұмыс істей бастайды. Жиырма жыл оның қасында жұмыс істеп, үш мың дирхам ақша жинайды. Сөйтіп, ауылына қайтуға шешім қабылдайды. Жолда түнеген жерінде біреу «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді» дейді. Әлгі адам «Үйден ілім үйрену үшін кеткен едім, ілім үйрене алмадым, ең болмағанда осы насихатты алайын, қалған екі мың дирхам маған жетеді» деп, оған мың дирхам беріп, орнына «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады!