Періштемен аруақтың айырмасын талқылайтын мезгіл келген ау шамасы. Сайт бетінде сауалдар қойыла бастапты. Әрине мұндай сұрақтарға жанама жауаппен масһабшылар түрлі пәтуалар бергенімен де жүрекпен қабылданбайтын ойы келіспеген сөздерді енді қазақтың рухани ояна бастаған ер, әйелдері қабылдауы да қиын шаруа.

     «Жан жетілмесе, тәннің көмегімен ары қарай толыса алады, өйткені тән жанның тіршілік кешуінің шарттылығы саналғандықтан, оның жетілуінде де кепілдар бола алады.» Жоғарыдағы көрсеткен Дәуіт пайғамбарымызғf түскен сынақ аяттың үкімінің 99 мал егесінің бір мал егесі яғни жүрек қалауына бағыну арқылы бүкіл тәннің бір кісідей жұмыс істеуін қалыптастыратын тек шүкірлік амалдары яғни түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық намаздарды орындау арқылы жүректің де тазалығын, ақыл-ойдың біртұтастығын және қарекет амалдардың яғни аруақтың да біртұтас «Ісра»-ға айналуын қалыптастыру шарт. Бүкіл жоғары бөлік екі жарыққа бөлінді де, қозғалыс қасиетіне еге болды. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі етіп жаратты. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харекеттің ірге тасы болып қаланды..»(Әл-Фараби) Екі түрлі жарық жылу сапасы барлық жаратылыс және адамзат тіршілігінің негізі яғни Жаратқан, Жарымыз, жан анасы «Жар» балып саналады. Осы жан анамыздың жарықтық екі сапасы бар; бірі сары-нұр, екіншісі күміс ақ-нұр болып, бірін рухани әкеміз, екіншісін рухани анамыз деп те атаған дана аталарымыз. Енді осы екі нұрдың қарекеттік себепшісі үшінші жарық қызылды қоссаңыз барлық жаратылыс қозғалыс басы осы үш түрлі «Ман» қуатынан таралып жаратылыс тіршілігінің басты себептердің Иесі болып табылады. Осы себепші қозғалыс иелерін яғни рухани әке иемізді тану арқылы ғана себептердің да жарықтың да жоғары жаратушы иесі бастапқы  түп негізді Алланы тани аламыз. Енді осы жарықтар адам баласының тіршілігін қалыптастыратын екінші дәрежелі себепке және себепші қарекеттік жарыққа айналады. Бұл жағдайды адам баласының қанының екі бағытта айналуын бірін күре тамыр «артерия», екіншісін соқпа тамыр «вена» деп атап және олардың бір түсті қызыл арқылы «Бір»-дің төменгі жер бетіндегі сипаты жүрекке қызмет жасап жоғарыда Әл-Фараби атамыздың екі жарықтың арасындағы аралық орында пайда болған сипатты білдіреді.  Бұл үш түрлі қозғалыс қарекеттік сипаттардан пайда болатын қасиеттерді; «Тоқтаулық, қалыпты шыдамдылық-Бұл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» деп Абай атамыз 3 түрлі қасиеттен қайрат яғни адам баласының намысы «Ман» қуаты пайда болып, енді бұл қуаттың жұбы ақыл қуаты болып саналатынын ескертеді.