Қазақстан Республикасы Президенті
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемел ұлына

Байтасов Тоқбергеннен

Дат Президент мырза!

Құрметті Президент, Қасым-Жомарт Кемелұлы, бұл екінші датымды жолдауымның мәнісі Құдай, әулие-әмбие аруақтар алдында аманатымды атқару ғана деп түсінгеніңіз абзал. Алғашқы хатпен жалпы елдегі болып жатқан рухани жағдайды ғана таныстыру болса, ендігі айтарым бұл тарихтағы Сіздің және Назарбаев басқару кезіндегі тарихта және әлемде таңба болып қалатын жайтты ескерту өзімінің де адамгершілік парызым болып табылады.

Егемендік алумен бірге Ата жолы болып Құдай патшалығының қазақ елінде пайда болуы да ертегі емес, хақиқат еді. Иманы жолдас болғай Қыдырәлі Тарыбайұлы басқарумен тылсымнан Раббымыздың уәдесі сөзі оқылып оны жеткізетін «аққу, сұңқарлар» да мыңдап дайындалғанмен, өкінішке орай бұл істі зерттейтін, қатесін түзеп, дұрыс жолға бағыттайтын қазақ ғылым мектебі болмады.

Керісінше арап салтын, тәпсір білімін меңгеруге мемлекет тарапынан да ерекше қамқорлық болып тіл арқылы сөз іздеумен білімнің дәрежесі жоғарыға шығып, діл білімімен ақыл арқылы сөзді тануды құрдымға жіберуге қызмет қылғаны оның жемісі енді көрініп, қазақ елінің бүтіндігі былай тұрғанда, керісінше рухани тұрғыда жүздеген топқа бөлшектенуге әкеліп соқтырғаны да тарихта дәлел болып қалады.

Қазақстан Республикасы Президенті
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемел ұлына

 Байтасов Тоқбергеннен

Дат Президент мырза!

Құрметті Қасым-Жомарт Кемел ұлы! Мен осы жолдауым арқылы мүмкін бұл баяндалатын елдегі болып жатқан рухани жағдайды, сіздің уәзірлеріңіз хабардар қылған да болар, бірақ дұрыс түсіндіре алмаған деген пайымдаумен; Қазақ елінің бүгінгі күнгі рухани жағдайы мен болашақтағы болатын ел тағдырымен байланысты Құдайдан келген уахи-шындық хабарлар бойынша мәліметтерді баяндау менің азаматтық парызым және Сізге өз сөзіммен жеткізу Құдай алдындағы аманатымды орындау деп қабылдауыңызды сұраймын. Және бұл баяндауларымзды ел басқару саясаты мен дүние ісімен болып жатқан әрекеттерге түк те қатысы жоқ болса да, оның шығу себебі болып табылады.

Егер де тізіп ретімен жаза берсем хабардар ететін халықтың мұқтажы мен сізден жасырын болып жатқан уақиғалар мен деректер талай том кітап жазуға да жетерлік. Қазақтың болашағы өткен тарихтан ғибрат алумен жақсылығын көбейтуге, жамандығын жоюға және алдағы жылдарға Құдайдан жол-жоба алумен, оны меңгеруге халыққа түсіндірумен айналысатын ғылым мектебі мүлде жоғалғандықтан, бұл менің 2002 жылдан бері тәжірибеден өткізумен жазылған кітаптардың 33 томдық негізі қаланып қазақтың философиялық және жан ғылымынан ата-бабаларымыз көбін жасырып кеткен Ар білімінен Абай-Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп пен жалғасы Яссауи -бабамыз салып кеткен ізімен рухани мектебін аз ғана топпен қалыптастыра алғанымызға да ашық айтатын мезгілі де өтіп кетті.

Ібілістің әрекеті қалайда Алланың жібін үзу. Адамзаттың тарихына, мирасқа алған құндылықтарына, адамдық туысқандық, нәсілдік белгілеріне деген сүйіспеншілік, махаббатын жою. Оның орнына бір-біріне деген өшпенділік, кекшілдік, қатыгездікті арттырып оны заңмен қорғап, ел билеудің саясатына айналдыру болмақ. Ал оны қолдап, орындайтын сол қоғамның ішінен шыққан ақылдары белгілі бір жындылық біліммен, іліммен негізделгендер талантты ел билеуші, атқарушылыққа тұрған білімді қоғамның өкілдері болмақ. 

Ғылымсыз пендені сөзінің ой үнінен, дыбысынан яғни жүрек, ақыл, қайратын шамалауға болады. Үнде шындық болмаса, сөзде жан болмайды. Жансыз сөз ақылға айналмайды. Шындық ұят, қазақтың әр сөзінде қызыл қуат ұяттың үні жасырылған. Шындық жер анамен таңба арқылы жалғанып, қуаты жүректің соғысын қалыптастырады. Сөздің үнінен ұят жоғалса, жүректен жылу, сүйспеншілік, махаббат азайып жоғалады. Қан қарайып жынды әсершіл, шайтандық азғындыққа құштар болады.

     «Мен Елбасы болсамда қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, аруағын қастерлеп, Алласына сиынған елдің перзентімін; Аруақтың бар екені рас болса, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп, талай ісімізге орнынан аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді… Біз екі жарым ғасырдан астам Ресейдің боданы болып келдік. Сондықтан мен санадағы кұлдық психологияны өзгерту үшін ата-бабалар аруағына сиындым, солардың қасиетті рухын тірілттім. Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп тойларын өткіздік. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халқымыз. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық, есімдері ел жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге, көшелерге, ауыл-селоларға, аудандарға бердік…Ендеше сол аруақтар бізді қолдамады деп кім айта алады?! «

Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті.

                                   Датым бар құрметті Нұрсұлтан мырза!

    «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (аян, уақи, белгі, үкімдер) шындыққа айналады. Сүйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16) Енді ел билеушілердің, іс басында жүрген барлық дәулетке мас болған, жетесін меңгере алмағандарға құдайдан әмір, замандық рухани жобаның, уахилардың түсірілетінін ашық ескертіп, діншілердің пәтуаларының жалғандығын ашық ескертіп тұр. Ал енді ел билеуші, іс басындағы дәулетті қауымға мұндай уахи түстерді көрсетіп ескерту берілгенмен, мұны жорып әрекет қылмақ түгіл, тез ұмытуға да тырысатыны хақ.

«Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар…Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық, өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді..» (Шәкәрім әулие).

Адамзат әлемнің қозғалысының, түрленуінің басты себепшісі болып табылады. Жер әлемдегі адамзаттың тіршілігіне байланысты барлық қуаттарды қызметке тұрғызған жаратушымызға сансыз мадақ айтып, ақыл қуатын өсіріп жетілдіру арқылы ғана бақытты өмірдің рахатын көре аламыз. Біздер жеке-жеке тіршілігімізде өзімізді бақытты деп бағалағанмен, егер біз өмір сүрген қоғамның әділетті, әділетсіздік саясатына, өмір сүру салтына, рухани адамгершілік тұрғысындағы көзқарастары мен табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділік, сәйкестігіне қарай  сол қоғамдағы тұрғындардың бақытты, бақытсыздығы мәлім болады.

Қазіргі әлемдік жағдайдағы болып жатқан оқиғалардың және дағдарыстардың себебі де жер бетінің тұрғындарының әлемдік қуаттарға қосқан үлесінің, таза ақпараттың, жан өнімдерінің азайып, керісінше жақсыны алып, жаманды шығаратын тұтынушыға айналып алғандығынан десек қате емес. Және қандайда заманда болсын, ақ пен қараның үнемі өзара соғысы болып, бір тұтастық жүйеге айналуымен ақпараттық жіп болып, соңғы келетін ұрпақтарға жалғанып отырады да. Әлемдік ақпараттық қозғалыстың негізі 72 санды жындар әлемімен қатысты болып және үш түрлі; Ойлау, көру, есту қасиеттерінің ұлттық тілдермен бірлігінен нәсілдік тектің пайда болуымен ерекшеленеді де.

Сонымен қазақ елі бүгінгі таңда егеменді ел аталып, материалдық дүниемен, шаруашылықпен халықтың әл-ауқатын жақсартып мемлекет болып қалыптасуында өзге негізгі аға ұлт болған орыс мемлекетінен де артта қалған жоқ. Керісінше тең дәрежеде және кей салаларда алға ілгерілеп те кете алдық. Әрине мұндай бір жақты пайымдауда дау туғызатын мәселер көп. Мұндай жағдайда бір жақты дүниенің, жақсы тұрмыстың қамымен ғана еліміздің дамуын, өркениетін бағалап, кез-келген елдің салттарын алып еліктеп, халықтың жаны өркендей алмай азғындыққа түспеу үшін де әрбір халықтың рухани даму жолы, ерекшелігі, діндегі жол-жобасын қалыптастыратын азаматтық ғылымы болуы шарт.