Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.
Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр
2-ші кітап
Алматы-2007 жыл

Егер біреуге білімсіз діни ұйғарым берілсе, оны берген адам күнәкар саналады. Егер біреу жақын адамына шындықты біле тұра жалған ақыл айтса, оның әлгі жақынына үлкен зиян тигізгені. Алла алдында мақтанарлық күрес түрі — бас кесер басшылар мен қысым жасаушыларға қарата айтылған ақиқат. Мұхаммет пайғамбар өсиеті (х-796,37/2)

    Құлшылық деген Алланың берген нығметтерін өз әлінше шамасына қарай, тіршілік ізгі істерді, шаруашылық қимылдарды меңгеріп, ұлт ерекшелігіне, дін ұстамына қарай берілген парыз ғибадаттарды шамасына қарай орындау болып табылса, ал күнделікті өмірде біреуге байланысты, тек сол пенденің үкімімен ғана өмір сүруді бұйырған адамды пендені «құлдықта» жүр деп атайды. Яғни белгілі міндет жүктелген өздігінше басқа тірлік істеуге жоқ пендені айтамыз. Ал Аллаға құл болу деген ұғымды  құлшылық ету сөз мағынасымен біріктіріп дін танушылар намаз оқу деп түсіндіреді.

      Кезінде аталарымыз ауызекі жеткен уақиға қисаларды «Әлқиса» деп атаған. Әлқиса Ибрагим пайғамбарымыз кезінде ораза ұстап, тек келген қонақпен ғана ауыз ашатын болған. Бірде осындай кезекті ораза кезінде үйге адам бас сұқпай қалып, ашыға бастағасын, сол кенттен бір жасы үлкен кісіні қонаққа шақырады. Жайласып отырғаннан соң, пайғамбарымыз жөн сұрасып, наным сенімін сұрайды. Сонда әлгі кісі Құдайға сенбейтінін айтып,  ешқандай дінді керек етпейтінін ескертеді.

      Жаратылыс тегі сөз болып, 18 мың ғаламды «БОЛ» деген сөзбен тербетіп тербеп тұрса, құлшылық негізі де сол ұлттың сөз жүйесін меңгеру, яғни тербеліс тегін үнді дыбысқа, дыбысты таңбалар арқылы сөзге, сөзді сөйлемге айналдырамыз,  жанға жазу арқылы адамзат түсінігі дамып отырады. Сондықтан құлшылықты тек намаз оқу деп ойласақ, онда  бүкіл пайғамбарлар намаз оқыған. Дәуіт пайғамбар құлшылық намазы өнерді меңгеріп қоршаған ортаның үнін, сырын шабытпен түсіну болып және әнге өлеңмен ақыл, насихатқа айналдыра білсе,  Ғайса пайғамбар құлшылығы немесе намазы;

      «Сөз жоқ Құран иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар» (Рұм-51) «Бұл Құран бүкіл әлемге бір насихат! (87) Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер» (Сад-88). Бірінші аятта  құран үгітін ақылмен түсінуден ғана иман келетінін  және игілікпен дәлелі білінетінін ескерткен. Ал әлем халқы үшін құранның ғылымы және хикметті білімі белгілі бір замандарда ашылатынын ескертеді. Яғни ислам араптарға берілген намаздармен ғана шектелмей басқа әлем елдері үшін  ғылым, білімінің ашылуымен құндылығы дәлелденетін заманның келуін ескертеді. Сондықтанда «Кімге ғылым берілсе соған мол игілік берілді деп есептеңдер» деген  аятта.

     Жалпы қандай адамның санасы сол өзі өмір сүрген ортаға, ұлттық ерекшелік тілге, ұстанған дәстүрге және тәрбиеге тәуелді. Халықтың сана сезімін ашу керек, жетілдіру керек, сол үшін қаражат керек деп сайрап жүрген ақылдылар жеткілікті қазақ елінде. Теледидардан көріп те жүрсіз, айтылып та жатыр. Сол сананың қайда болатынын сезімге, түйсік, ойға қалай немен әсер беріп, қалай ашады толық түсіндіретін ғалымды естіген жоқпыз. Неге бай мемлекеттер ақша бөліп сатып алып саналы мемлекетке айналып бақытты өмір сүре алмай жатыр? Әлде болғысы келмейтін шығар?

       Құран білімі 10-ға бөлініп белгісі адам баласының алақанына жазылған. Адам алақанында 19 буын сүйектен тұрып және 7 сүйекке бекітіліп барлығы 25 санын берсе, екі қолда 50 сүйектен тұрады. Бұл сандық мән құран түсінігі мен насихатының сызықтық белгісі деп қабылдауыңызға болады. Аятта; «Немесе олар: «Құранды өзі жасады» дей ме? Оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар сол сияқты жасама ОН сүре келтіріңдер. (13) Егер шақырғандарың жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.

     Жалпы дін туралы әңгіме басталса көпшілік жағдайда сенім туралы түсінікпен қатар жүреді солай түсінеміз де. Дін туралы түсініктің өзі ғылымнан қашықтағандығы осыдан ғана байқалады. Әрине құлақ үйренгені соншалықты сіз де солай қабылдап сену, сенбеу өз еркімде деп бұл мәселе мемлекет деңгейіне дейін барып, қазір мемлекетіміздің өзі ислам мемлекетіміз деп айтуға, мойындауға европа алдында бағамыз төмендеп кететіндей, тек іштей ғана ислам мемлекеті екенімізді мойындайтын дәрежеге жеттік.

    Қандай бір ауру болсын, қиншылық, т.б сынақтар болсын, міндетті түрде жұбы, пары яғни міндетті түрде жаманшылықтың жеті кілті, жеті тұрақты сипаты, яғни жеті ағайынды болады. Сондықтан ондай бәлекеттерден «Сақтансаң ғана сақтаймын» деген жаратушымыз. Мемлекетімізге сырттан салған гендерлік атты ауру саясатта «демократия» аталса, тіршіліктің нәсілдік, қылықтық, кәсіптік бағытта әйел мен еркекті теңестіру яғни еркіндік деп аталады. 

     Әл қиса ерте замандарда бір ақылды патша өмір сүріпті. Бір күні қарамағындағы екі уәзіріне мынандай жұмбақ тастапты. «Екеуіңді екі елге жансыз қылып жіберем, жеткілікті қаражат беремін, тек сол елдің тілін сөйлеп жан ашыған болып, оларға білім үйретіп, бірақ әйелдерімен немен қызықтырсаңдар да ашына болып, мінездерін өзгертіңдер, сонда әйелдер көрсе қызар қалпын тауып, не берсе де күйеулеріне риза болмайтын, ұстамдылық, төзімділігінен айырылады. Үнемі ол елде шешілмейтін дау туады, бірін тоқтатса, екіншісі туып отырады, даудың басында еркегі емес әйелі жүретін жағдай туғызыңдар! — деп тапсырма берген екен.