БАЛГЕР  ЕМШІ  БОЛА АЛМАС

 

Расулулла кезінде айтып кеткен,
Оның айтқаны өзгеріссіз бізге жеткен,
Болашақты болжаған бізден емес,
Деген сөзбен балгерлерді қатты сөккен.

Әр пенденің тағдыры өз қолында,
Бар жақсылық Алланың ақ жолында,
Дұғамен өмірің өзгереді,
Ықыласпен көңілің тура болса. Толық оқу…

Ар мен Уақ және Манның бастаулары.

       Ата жолы ақ бастауы;  6-шы кітап

        «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сыйынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Түбі, тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!»  (Қазақ Қаһан баба)  «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (қадым) ілімінің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!». (Мұхаммед пайғамбар.) « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға, сәбидің белін басуға, әулиеге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайылымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды. Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген).  «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) Толық оқу…

Тасаввуф, суфизм ағымдары туралы.

 

      Бұл ағымды ұстанушылар өздерін құранды терең меңгеріп, себептен себепшіге, өнерден өнерпазға, жаратылғаннан жаратушыға баратын жолды ұстанушылармыз деп, тура жолды меңгерушілерміз деп есептейді. Негізгі сопылық жолдың басты қағидасы да, ұстанған шарттары да дұрыс. Бірақ қателіктің негізі пайғамбарымыздан үлгі алу барысында құранның 40 жастан бастап түсіп, пайғамбар соңына ерген негізгі діннің тақуалығын меңгергендер де кемелдік жасқа жеткен және көптеген дін соғысы, Толық оқу…

Адам және періштелер туралы.

 

                

        Әрбір заманның жаратылыс қозғалысына сай; дін, құлшылық негіздері туралы ақылдың да жетілгендігі болуы керек. Және сол замандағы өмір сүрген халықтардың ақыл кеңістігінен, көкіректердің білім жетістігіне сай дін білімін сөзбен бейнелеу ерекшеліктері де, ғылым жетістігі де болу шарт. Енді бұрынғы білімнің, жаратылыс сырларының ерекшеліктерін, хикметті сырларын бейнелеген әулие-әмбилеріміздің, даналарымыздың философиялық деректеріне сүйенсек, негізгі тұрақты қызмет етуші періштелер түрі және бізге мәлім көрінетіні тоғыз екен. Толық оқу…

Адам періштесінің пайда болуы туралы.

 

        Әуелі Алла тағала адамзаттың бастапқы және соңғы нұрын жаратты. Бұл нұр сүттей ақ, судай таза сансыз майда бөлшектерден (атомдардан) сөз буынан тұрғандықтан топыр-ақ деп аталды. Бұл нұрдан бастапқыда Адам атамыз жаратылып, барлық адамзат сондықтан сол нұрдан үлес алып «Адам» деп аталды. Бірақ сол нұрдың бейнелену нәтижесі; толық Құдай тағалаға ұқсас болып, барлық сипатын меңгеретін соңғы пайғамбар еді. Сондықтан оны Мұхаммед пайғамбарымыздың нұры деп атаймыз. Толық оқу…

Иман жолдас, серік періштелері туралы.

              

     Жалпы періштелік қозғалыс егелерін жаралыс басы екі (екі бірлік) сипатқа бөліп, сосын 4-ке, үшке, сонан 5-ке, 7-ге, 9-ға бөліп қарастыруға болады да, ал нәтижеленуі де бастапқы екі бірлік 11 санымен және екінші қозғалыс басы 3-тің бірлігі 13; 31 сандарымен көрінеді. Негізінен жан қызметшілерін танымдық (арлық), қарекеттік (уақтық) сипатқа бөліп ал рух қызметшілерін ақыл-ой қуаттық (Мандық) адам баласының парасат, еркін қалыптастыратын періштелер деп бөлуге болады. Толық оқу…

Адам тіршілігі арқылы жаратылатын рухани ұрпақтар-періштелер.

 

      Дін исламдағы негізгі серік қосу, шерік қосу және ортақ қосу ұғымдары осы адам арқылы түрленетін, қайта жаратылатын,  тұтастыққа бірленетін, ақыл-ойға сана күші арқылы дәрежеленетін құпия жаратылыс періштелерінің сипатын, маңызын және себептік қызметтерін, білімін теріске шығарудан пайда болады. Оған нақты мысал келтіре кетсек; «Иә, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық. Толық оқу…

I- Серік және шерік періштелері.

     «Адамның рухани күші екіге бөлініп, бірі қаракетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қарекеттің өсімдіктерге, мақұлықтарға, адамға тән үш түрі танымның; мақұлықтық (шеріктер) және адамдық (серіктер) екі түрі бар. Осынау 5 қасиет түгелімен адам бойында бар және олардың көбі өсімдіктер мен мақұлықтарға да ортақ!». Адамның заттық (материалдық), тәндік және рухани өмірінің де нәтижесі өзінің өмір сүрген табиғат әлемімен тікелей байланысты болып, Толық оқу…

II- Серік және шерік періштелері.

      

        Алла тағаламыздың жерді, әлемді алты күнде жаратқан басты қуаты – нұр (сәуле). Яғни жарықтың немесе сәуленің түрлену немесе ыдырау, өзгеру белгісі 6 санына тәуелді. Барлық жаратылысты Алла баураған десек, осы шеңбер ішкі жағынан тек 6 санымен тең бөлініп, «Алтын қима» деп те аталады. Адамға келетін құпия үннің уахидың саны да алты. Ал адам ағзасындағы тазарған сәулені жан жылуы «биоток» деп алты таңбамен атаймыз. Алты негізгі жерлік ғылымды меңгеруден даналықтың іргетасы қаланады. Сондықтан бұл сандарға алда талай қайта-қайта оралып отырамыз. Толық оқу…

Көңіл қуаты –шеріктер, періштелер.

                    

         «Мақсұтың болса орынсыз, Сілкініп жүріп сыға бер. Жолдасың болса тойымсыз, Көзіңе құмды тыға бер. Қызығып жүрген ісің кім, Ерте есептеп ұға бер. Сенісіп жүрген кісің кім, Жалмауыз болса жыға бер. Мен жау болсам, кім досың, Байқадың ба оны өзің? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен-көзің.» деген астарлы өлеңмен Шәкәрім атамыз адам баласының көңілге қуат беретін шерік періштелерінің де көзге айналып, бақылыпжан-жағыңда жүретінін сондықтан қайсын таңдау өзіңнің көңіл қуатыңа байланысты деп түсіндіреді де; «Түбінде менде айла жоқ, Алалға дайын мінезім. Толық оқу…