Әрбір заманның жаратылыс, дін, құлшылық негіздері туралы ақылы сол замандағы өмір сүрген халықтардың ақыл кеңістігінен, көкіректердің білім жетістігіне сай дін білімін сөзбен бейнелеу ерекшеліктері де болу шарт. Енді бұрынғы білімнің, жаратылыс сырларының ерекшеліктерін, хикметті сырларын бейнелеген әулие-әмбилеріміздің, даналарымыздың философиялық деректеріне сүйенсек, негізгі тұрақты қызмет етуші періштелер түрі және бізге мәлім көрінетіні тоғыз екен.

     Әуелі Алла тағала адамзаттың бастапқы және соңғы нұрын жаратты. Бұл нұр сүттей ақ, судай таза, сансыз майда бөлшектерден (атомдардан) сөз буынан тұрғандықтан топыр-ақ деп аталды. Бұл нұрдан бастапқыда Адам атамыз жаратылып, барлық адамзат сондықтан сол нұрдан үлес алып «Адам» деп аталды. Бірақ сол нұрдың бейнелену нәтижесі; толық Құдай тағалаға ұқсас болып, барлық сипатын меңгеретін соңғы пайғамбар еді. Сондықтан оны Мұхаммед пайғамбарымыздың нұры деп атаймыз. Бастапқыда Адам атамыз жаратылмай тұрып, мың жыл бұл нұрға Алла тағала өз рахмет назарын салып, сонан кейін ол нұрда дария пайда болды.

      Жалпы періштелік қозғалыс егелерін жаралыс басы екі (екі бірлік) сипатқа бөліп, сосын 4-ке, үшке, сонан 5-ке, 7-ге, 9-ға бөліп қарастыруға болады да, ал нәтижеленуі де бастапқы екі бірлік 11 санымен және екінші қозғалыс басы 3-тің бірлігі 13; 31 сандарымен көрінеді. Негізінен жан қызметшілерін танымдық (арлық), қарекеттік (уақтық) сипатқа бөліп ал рух қызметшілерін ақыл-ой қуаттық (Мандық) адам баласының парасат, еркін қалыптастыратын періштелер деп бөлуге болады.

              Дін исламдағы негізгі серік қосу, шерік қосу және ортақ қосу ұғымдары осы адам арқылы түрленетін, қайта жаратылатын,  тұтастыққа бірленетін, ақыл-ойға сана күші арқылы дәрежеленетін құпия жаратылыс періштелерінің сипатын, маңызын және себептік қызметтерін білімін теріске шығарудан пайда болады. Оған нақты мысал келтіре кетсек;