Ата жолы

Ата жолы — Ар жолы

 Ата жолы - Ар жолы
Ата жолы — Ар жолы

 

Қазақ елі назарында Алланың,

Ата жолы-ардың жолын таңдағын.

Бізге жеткен аян болып тылсымнан,

Аманаты ол — Арыстан баб бабаның.

 

Қайырмасы:

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

 

Ата жолдан аттап кеткен оңбайды,

Аруақтар тазалықты қолдайды.

Аластайық әзәзілді мәзірден,

Аз ғұмырда адасуға болмайды.

 

Қайырмасы:

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

 

Ата жолдан сертімізде тұрамыз.

Неге біздер сынақтардан сынамыз!?

Берік ұстап ата-дәстүр салтымды,

Жамандықты жер бетінен сызамыз.

 

Қайырмасы:

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

 

Артта қалды қыйын кезен “Ақтаңдақ”

Ата жолы-болашаққа баспалдақ.

Қазақ елі Қазақстан жерінен,

Адамзатқа “Алтын ғасыр” басталмақ.

 

Қайырмасы:

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

6 comments on “Ата жолы

  • Токберген ага сиздин енбектеринизди окып бойыма куш-куат битти. Енбегиниз жана берсин,аталар колдасын ардайым. Урген иттер уре берсин, урип-урип тарасар. Намысы мен акылы бар казактар барибир сизди колдайды, ойткени алланын ози сиз жак.

    • Токберген

      Рахмет пікіріңе Айнұр қалқам. Сөз түсну қабілетің болғаны қандай игілік. Бірақ менің жазбаларым өз ойымнанпайда болмаған. Мұнда аруақтардың батасы үн бар. Арсына уақыт салып басына басынан бастап қайталап оқысаң түсің түзеліп бойың тазарып шабыт келе бастайды. Сәтілік тілеймін.

  • Сіздің еңбектеріңізді күнде оқимын. Алланың көмегімен санама құйылатынына сенемін. Сіздің кітаптарыңыздан оқығанымды керуендегі халыққа да айтып жүрмін. Бәрін меңгердім деп айта алмаймын, бірақ түбі сізбен жүздесіп, мәслихат құрып, ақылыңызды тыңдағым келеді.

    • Токберген

      Рахмет Айнұр. Ата жолнда болсаң онда аққу болғаның ғой. Онда тіптен жақсы. Әлі сендер білмеген құпия да көп. Бұл жазбаларды, кітаптарды ретімен қайталап оқып отырсаң түс түзеліп жаның жеңілдей береді. Түсінбей ми ашып тастай салтындар көп. Соларға да түсіндіріп айтарсың. Толық түсіну міндетті емес тек қайталап оқи берсе болғаны құран ашылып аянға жол ашылады. Арсында құранды да оқып отыру керек. Әзірге 6-кітап яғни 6-үн негізінде жазылған. Негізі жеті үн болу керек. 7-ші жын шайтандар философиясы болып жазылып жатыр. Әрі қарай неше кітап боларын білмеймін. Бірақ жазға дейін жазып бітіретін шығармын. Егер жеке сұрауларың болса менің почтама хатпен хабарласа бер. bajtasov57@mail.ru ға жазсаңда болады.

  • Аллаху Акбар

    Кетер ме бастан бұлт,
    күн жайланып,
    Шешеннен сақау озды,тiл байланып,
    Тұлпардан есек озып,бәйге алып жүр,
    Әдiлдiк кәрi әруақ терiс айналып.

    • Токберген

      Қазақта жаманда бар, жақсы да бар,
      Жақсылардан түбінде текті туар.
      Шешендіктің қадірін артыратын,
      Нәзіктер бар ділмен сана артырар.

      Тұлпарлар ұл мен қыздан шығар әлі,
      Ақ туын Айша ана қолға алады.
      Әлемге ата жолын паш ететін,
      Әділдіктің таңын да аттырады.

Comments are closed.