Арман  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 77

Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,

Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда.

Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп,

Орақшы пішен шауып шөп алғанда.

Бүлдірген, қарақатты тереміз деп,

Қыз-келіншек сай-сайға жоғалғанда.

Аулақта құмарымды қандырам деп,

Асығы іздеп барар со барғанда.

Оларға тал-шымылдық, шалғын-төсек,

Басына жастық қылар томардан да.

Көз тойып көңіл толмақ пенде жоқ,

Болады айырылған соң о да арманда.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Қарасаң барлық жағдай бұл заманда,

Қолы жеткен қазақтың ойлағанға.

Аңсаған талай ғасыр бабалар да,

Жеткенбіз бүгінгі таң, бұл арманға.

Әділетті заң жазып, шаруа қамда,

Жастарды оқыт, әлемдік көштен қалма.

Дегендей құдайдан рахметі түсіп,

Ата-баба меңгермеген ісіңді ал да.

Қазақтан артық еліктегіш елдер бар ма?

Әлемнің бар салтын жинағанда.

Ар білімін, дәстүріңді артқа тастап,

Кім жетті текті қазақ арманына?

(Б.Т.К)

*****  ****  *****

Адамды, санай берсең, көп арманда,

«Мінсіз бақ, сансыз дәулет» деп арманда.

Жанның бәрін жалмайтын күш те керек,

Айлакеске алдайтын еп арманда.

Ит пен қарға, шошқаға боқ арманда,

Мергенге түзу мылтық, оқ арманда.

Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге

Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арманда.

Жалаңашқа киімнің жоғы арманда,

Тоңғанға отын менен шоқ арманда.

Талап қылса, табылар соның бәрі,

Мал жаусын ба оларға жоғарыдан да.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Дүние байлық асырмақ болды таңда,

Құдайдың несібесі келіп қазағыма.

Мұнайды бөліп алып, жатып жемек,

Жатып ішпек, арман болды надандарға.

Өлі мен тірі бәсекелес болды жарандарға,

Атасының есімін ат қып жалдағанға.

Текті болдың, құранға ортақ қосып,

Тажалдарға аңқаулар оңай болды алдағанға.

Орыстан бұғып, тығылмақ  кекшілдік залымдарға,

Әдет болды біліммен, санасызға азғырғанға.

Көшеден шақырып алып ел билетпек,

Жеткен жерің осы ма тектілік арманыңа?

Арсыздар жетіп жатыр арманына,

Көтін ашқан, қастық қылған жандарына.

Жалаңашқа киім жоғы арман емес,

Көп көзінше шешінбек қызың арманы да.

(Б.Т.К)

****  ****

Жасты көксеп кемпір мен шал арманда,

Өсіп үлкен бола алмай бала арманда.

Еркектей еркін өмір сүрмедік деп,

Әйелдер де болады және арманда.

Тамам жанға бақ пенен мал арманда,

Ұрыға жүйрік аттың жалы арманда.

Жердің жүзін жесе де көзі тоймай,

Патшалар да болып жүр әлі арманда.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Сөз қылу артық десек ескі армандарға,

Кемпір мыстан, бөрікті шал қалды ма?

Бәрі жынды мас болған ойын-сауық қуып,

Әй деген әже, қой дейтін қожа бар ма?

Еркек болу қыз, қатынға тосу бар ма?

Үлкен азып, сана түгіл жете қалмағанда.

Тегің азып, іштен дертті ұрпақ туып,

Қаражат арман, ауыстырмақ ағзаларға.

Ұлттың жаны көбеймей жоғалғанға,

Уайым қылар патша жоқ қазағымда.

Арманның арты іздеген осы болса,

Естіге өлімінен артық арман бар ма?

(Б.Т.К)

*****   ****

Кербезге киімнің сәні арманда,

Науқасқа жалғыз шыбын жаны арманда.

Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге

Жұтатын дұспанның қаны арманда.

Бағаласам, адамның бәрі арманда,

Санай берсем, табылар сан арманда.

Өзі білмес, білгеннің тілін алмас,

Анық ойлап қарасам, әне, арманда.

(Шәкәрім әулие)

****   ****

Қазақта көп арманы ойсыздарға,

Ел түземек, партия құрып, заң жазарға.

Діншілермен соғысып ел билеуші,

Қорқытып, заң шығарған жазалауға.

Масһабпен жалғанбақ тура жолға,

Ғылымысыз, құдайсызға бұл арманда

Кербездік білім біліп, сыртын түзеу,

Ғалым, имам, философ, доктор аталғанға.

Өзі білмес, білгеннің тілін алмас надандар да,

Азғырған дәстүрін ұлттың алдырмауға,

Құдай күнде белгісін көрсеткенмен,

Арман болды түсіндіру зиялы тажалдарға!

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *