Қамшысы Алла жаумағы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 49

Шілдеде қардың жауғаны,

Артқаны қиямет салмағы.

Ақ сөйле, жанды ақта деп,

Есіңе ал деп Мен- Алланы.

Құдайдан келген хабарды,

Ел билік құлақ салмады.

Аласапыран түсер жеріңе,

Тамызда түсіп сынағы.

Жеріңді жалға алмағы,

Жат жұрттың басып аяғы.

Қадірі кетіп жеріңнің,

Дүниемен болмақ бағамы.

Жеріңнен қасиет қашады,

Тегіңнен нәсіл азбағы.

Аруақтар тұр назы боп,

Жазамен келер жауабы.

Үш тілмен ғылым алмағы,

Таза ой ақыл болмағы.

Жас құрағы ұлттың жетілмей,

Көбеймес алты жандары.

Латынның таңба жазғаны,

Жерінен пайда болғанды.

Таңбасын алып латынның,

Ажырап үннен қалмағы.

Кер ата тектің таңбасы,

Түсінер пенде болмады.

Ар үні ділмен байланған,

Алланың жібі қандағы.

Зұлымдық дінге қылғаны,

Масһабты жол деп атауы.

Дін ісімен билік басқарып,

Тәңірдей елге болмағы.

Ақ жаулықққа қарсы заңдары,

Кәпірлік салтты таңдауы.

Кәпірлер елді басқарып,

Аталар жолын соттады.

Түскенмен белгі жауабы,

Апат пен ауру азабы.

Кеудесі пісіп мақтанға,

Ойланған басшы болмады.

Биліктің бұл азғаны,

Кәпірлік үлгі таңдауы.

Табынған мал, дүниеге,

Ғылымсыз хайуан болғаны.

Азаптың артып салмағы,

Шырқырар елдің жандары.

Еріксіз құдай оятып,

Жалғанар елдің аруағы.

Билікті қуып тақтағы,

Қарсылық елден болмағы.

Жимаса есін ел билік,

Кеш болар елдің тыңдауы.

(Шілде айы 2017 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *