Қол-Уақ-Ру-Ақ қолқабыс, қарекет «Ман» періштелері.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 68

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

 

          «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатпен Шәкәрім атамыз періштелерінің екі түрлі негізгі сипаттан басталатынын ескертеді. Және Абай атамыз ескерткендей әрбір нәрсенің өлешемін білу керек, егер өлшемін білмей ол туралы түсініктің «боғы шығады» деп ескерткен. Олай болса аятта «Олар сөзді зерттемей ме?» деген үкімге сүйене отыра «Уақ» сөзі; «Түйе-к», «түй-ек»; «Ұс-ақ», «май-да»; «Кішігірім» «Шағын» деген ұғымдарды беріп, тұтастықтың бөлшектері, кіші бейнелері және жер анамыз «Түйеге», толық шешілмеген, түрленбеген сөз түйіндеріне байланысты жаратылыс қуаттары болып шығады. Бұл жаратылыс егелерін, аспан денелерін басқарушы Алланың құдірет қолы жанмен және жаннат тұрғындарымен, «Біз», бақылаушы жарық көздер, жұлдыздар арқылы басқарылатын негізінен 8 санымен байланысты болып, ал атқарушы«қол қаб-ыс» періштелері 5 түрлі тәңірлік қуаттарға қосылған жалпы сандық белгісі 13 санымен өлшенетін жаратылыс бейнелеріне жатқызамыз да бұлардың жалпы адам болмысына байланысты негізгі денелік бейнеде бейнеленуі 5 түрлі сипатта болатынын жадыңызда сақтаңыз. Жалпы «Уақ»-атты періштелік қуаттарының бірлігінен иман күзетшісі 13 санды тұтастықта ақ пен қараның белгісімен яғни «Ала жіб» деген діннің негізгі қағидасы пайда болады. Енді бұл 13 санды белігісінен ішкі сыры «Ақ»-тың 7 мәнді сипатынан және «У»-дың 6 мәнді дәрежесінен тұрады. Жаратылыс әлемінде «У»-сипаты «шеріктер» болып саналып, оны «Уақ» немесе «Ру» бірліктері мен қозғалыс, қарекеттік бейнелері болады. Ал егер бұл жағдай Ар қуатымен бірленгенде «Ару» періштеліктің яғни әйел затында әсемдіктің, әдептіліктің, екі «Қан» және «Ат»-ты (қанатты) періштеліктің, тектіліктің сипатын берсе, ал еркектерде ана сүтімен даритын қасиеттің белгісі діл білімі болып және әке қабілеті, қарекетімен бірлену барысында парасаттылықтың, зайырлықтың, бекзаттықтың белгісін білдіріп, бұндай жағдай әулиелік дәрежелікке көтерілген, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген ғұламаларда, даналарда, қасиетті меңгерген адам балаларында болатынын  ескеріп, бұл «Манның» 13 санды толық бейнесіне алдыңғы басылымдарда қайта оралармыз, ал әзірге біздер үшін осы 8-бен толық зейнеттелмеген жағдайда адам өмірінің, тіршілігінің өлімнен кейінгі 5 түрлі денелерге ұсақталған,  майдаланған және негізінен «шеріктер» болып есептелетін «У» және «Ру» сипатты қуаттық жаратылыс бейнелерінің ішкі мәндерін, жаратылыс себептерін қарастырып көреміз. Бұл жағдайды аятта: «Олар мұнда соққы жеген ру-лардан бір қол.» (38-11)(49) Әрбір жаратылыс егелерінің қарама-қайшылығынан тұратынын және осы екі негізді бірлеудің нәтижесінде ғана «Ман» қуаты болып қалыптасатынын жадыңыздан шығармасаңыз онда 13 санды «Уақ»-тың қалыптасуы 26 санымен «Шұғара» болып, Раббымыздан келетін барлық нығметтерді және «аруақ» заңдылығының ғылымын насихаттайтынын да естен шығармаған жөн. Сондықтан осы «Ру» періштелерін оң, сол нәтижесі болып оның бірлігі 22 сан мәнімен беріліп «Хаж» болып аталу себебі осы «А+ру+ақ» бірлігін қалыптастыру құлшылық шарттары болып табылады. Негізінен бұл қуаттың жарықтық мәні 7 күн, ал қозғалыс қарекеттік ішкі мәні; 5 тәңірлік негізді көрсетіп, нәтижесінде 12 мүшенің, 12-жерлік несібенің адам баласына берілген барлық нығметтердің дәрежелену заңдылығын білдіреді. Ал енді мұндай бес санды қолғабыс қасиеттері туралы Шәкәрім атамыз 5 санының ішінен пайда болатын хикмет деп; «Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, Бірін-бірі буаз ғып, жуандатқан. Тоғызының киімі тоғыз түрлі, Келген кісі сияқты әр тараптан. Босанғанда, тоғызы бір ұл тауып, Балаға екі түрлі киім жапқан. Бір киім шешесіне ұқсаса да, Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан. Қатындар не? Киім не? Баласы не? Көпке киім жетеді не себептен?» Атамыздың 5 санының пайда болу құпиясын осылай жұмбақтаған себебі жоғарыда баяндалған Әл-Фараби атамыздың «Балнамасында» 9 санының (кісіліктің, қылықтың) ішінде 5 тақ және 4 жұп сан болып енді осы 5 тақ санның 4 жұппен әрекеттесуі хикметінен бүкіл жанды жаратылыстың пайда болу хикметін және 45-санды «Мизан» өлшемін негізге алғаны көрініп тұр. Олай болса «Аруақ» тақтық қозғалыс негізі, қолқабыс болып саналады. Енді бұл жұмақтың шешімін: «Тоғыз қатын, тоғыз сан, тоғыз бөлек, Тоғыз цифр киеді түсі өзгерек. Бірінен-бірі жан бола беріп, Ойласаң тоғыздан «он» туса керек, Киімі оның бір цифр, бір ноль болар, Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек. Қанша санды жазса да осы цифр, Жеткенін байқарсыз, болсаң зерек.»

      Адам баласының қызметшісі болып сапқа тұрған осы періштелердің негізгі 9 санның ішіндегі 4 жұптық, (2;4;6;8;) 5 тақтық (1;3;5;7;9;) сандармен және оның жаратылыста парлары болып, оң сол парымен қол, аяқ саусақтары және буын сандары нақты сандық мәнін белгілеп, адам қарекетінен пайда болатынын көрсетіп тұр. Он саны тоғыз болмаса пайда болмайтынын мектеп жасындағы балаға да белгілі болғанымен, ал бұл сандардың бастапқы негізгі жаратылыс сырын  шешкен әлі бір дін теологы немесе қазіргі таңдағы философтар еңбегін әзірге көрген жоқпын. Барлық адам баласының рухани және жанның бірлігі осы 9 санмен «Тәубемен» негізделуінің өзі 9 саны барлық қарекеттік, танымдық қуаттардың бірлігі болып саналады. Тағдырдың жазуының рухани негізін 6 санды мәніне, бастапқы жаралыс басы 3 қасиеттің (көру, есту, ойлау) бірлігі болып табылады. Және алты саны кері мәнде 9 саны болып, ал 5 сан 2 саны немесе керісінше бейнелетін хикметін де есте сақтаған жөн. Және тағы 3 негізді әрекет, жан сезімдері, ақыл-парасат негіздерінің бірлігі де болып, кісіліктің осындай 9 түрін қарама-қарсы жағдайды 18 сипатының пайда болуын, рухани негізді де оң қолдағы санының нәтижесін көруге болады. Енді адам баласында бұл қарекеттік белгілердің бейнеленуін, ішкі сырларының періштелік дәрежелермен жіктелуін жүйелесек; қолдағы көрінетін саусақ буындары 14 санмен белгіленіп, бірақ бас бармақтың көрінетін де көрінбейтін де бір буындары бар. Және бұл буын «хиромант» білімі бойынша жүрек, қан, нәпсі, жын, жыныс қызметімен тікелей байланысты болады. Сонымен 14 қозғалыс қаракеті жүрекпен қосатын осы 15 санының өзі 1-ші басылымда жазылған Мәшһүр Жүсіп атамыздың Ғиса пайғамбарымыздың 5 есек, 10-қашырға жүк артып, шайтанның адамзатты азғыруға базарға апара жатқан хикмет хиссасымен осы саусақ қарекет періштелерінің жүрекпен байланысты жан сырын баяндайды. Ал аяқтағы саусақ періштелері негізінен барлығы 27 болып, ал көрінетін  буындар  саны 10-нан 20-буын болуының өзі жерге байланысты 5қуаттың түрлену дәрежелерімен пайда болатын хикметтен құран аяттарының түсірілген несібенің сырын баяндап тұр.

          Сонымен 5 қуаттық қарекеттің өзі 3 түрлі бейнеленетінін жадыңызға тоқып қойыңыз. Енді аяқтағы белгілер оң, сол болып белгіленгенмен қарекет істерінде әрбір аяқтың жеке-жеке бір істі толық атқаруы және тәнді бір межелі жерге жеткізуі және жалғыз аяқпен әл-қуаттың қозғалыстық қаракекетін қалыптастыру да мүмкін емес екенін ескеру керек.  Қолдың жағдайына келсек бұдан өзгеше. Ал енді Абай атамыз 9 санын көңілмен, нәпсі қылықтарымен байланыстырып және оны беске бөліп, яғни 5 түрлі көңіл-күймен байланыстырып баяндауының өзінде, 5 түрлі көңілдің әрекетімен  4 санды рухани бастапқы қозғалыс басы тағдыр сөзімен қосылуымен 9-дан пайда болатын хикметін, сөз астарын сан ғылымымен зерттеген оқушыға үлкен жан сыры психология ғылым жасырылған. Ал бес саны туралы мысал берсек; «Түңлікбайдың қатыны, атың-Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен –шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.» деп бес сезімнің некемен, еркек шауқатымен байланысты жетіліп, әйел затының ділінің көгеріп, көктеп, ал ондай жағдайдың жетімсіздігінен жесір, күйеуге тимеген қатындардың ши сияқты жетілмеген, жапырағы «діл бақшасы» жоқ және тылсым жын-перілерінің ермегіне айналған пайдасы шамалы шөпке ұқсатады. Және бұл қазақтың жетім, жесірін жатқа бермей жесірінің басын бос қоймай тоқал, әмеңгерлік заңдылығын қалыптастырған, қазіргі таңдағы сыртқы бейне тәннің еркіндігіне арналған «гендерлік» ауруымен әлемнің қатындарының жандарының рухани азуынан пайда болып  жатқан, адамзатқа келген қасіреттің, көптеген ұрпақтардың жер бетінен тұқымымен құрып және барының өзі дұрыс өнім бере алмай жатқан ішкі жан сырын көрсетеді. Енді бұл 5 сезімдік көңіл қуатының  жұбын яғни сол жағын еркекпен және тылсым сыры қуаттарымен  байланыстырып; «Қорқытпа мені дауылдан, Дүрілдеп тұрса тау мен сай. Шатырлап тұрған жауыннан Жарқылдап тұрса түскен жай. Көк торғындай аспан-көк, Білемін, жайнап ашылар. Иісі аңқыған бәйшешек Түрленіп жерді жасырар. Қорқытпайды қар мен мұз, Өзге нәрсе қорқытты. Ойсыз, доссыз, бақытсыз, Жыбырлақпен өмір өтті. Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат, Жалғыз жанша жат жерде.» Бес қуаттың табиғат әлемі және өсімдіктермен байланысты болып, христиан халқының өлгендер басына гүл шоқтарын қою рәсімдері осы бес қуатқа шоқыну, Алламен қоса тәңірге табыну ісі болып, оның біздің ел басшыларымыздың, «зайырлымыз» деген қоғам мүшелерінің әдетіне, дініне айналуына осы діншілеріміздің «Шерік қосушылардың» кімдер екенін әшкерелеп тұрғаны сөзсіз. Және атамыз бұл қуаттың адам тіршілігімен байланысты болып, қайғы-қасіретпен, жат жерлік нәсілдермен байланыстырып, оның жел, дауыл арқылы қаңғып қозғалып жүретінін адамзаттың жерленген орындары қабірмен де байланысты екенін ескертеді. Бұл туралы аятта; «Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар» (21-13) деп бақтың негізінен 21-ден 7-нің 3 түрлі дәрежесінің бірлігімен толық «Уақ» қуатына тәуелді болып яғни құлшылықтармен құранның негізі, «Ман» қуатының бастауы және нәтижесі де; «Бақ-ар-а» сүресінің кіндік қан тамып, отанға, халқыңа жасаған қызметтеріңмен, ата-баларыңның да істерімен байланысты періштелек күш-қуаттарға рухтың тазаруының яғни 13 санды жан қуатының, иманның зейнеттелу нәтижесімен, ( жоғарыда көрсетілген;13-11 аятпен) 11 санды барлық періштелік қуаттармен, күш қайраттың нәтижесі және сана қуатының қан, жүрек тазалығының барлық саулық көздерінің нәтижесімен, тілектің орындалуына тәуелді болатынын  ескертіп және екеуінің қосынды иманның нәтижесіне берілетін сый 24; 42-санды нұрдың Алламен арадағы берік байланыстың орнауымен туған жердің отандық белгісімен, яғни көк жер есіктерімен, көздермен толық жалғану сипатын көрсетеді.

          Бұл аяттың ғылымын теріске айналдырған дін муфтият, масһаб ғалымдарының ақылы толмаған жастарды арап елдеріне апарын умра қажылығын жасатып, (кішігірім, майда, ұсақ қуаттарды сіңіру) әуелі кіндік қаны тамған жердегі «Бақ-ара» мен «Ру» және «Уақ»- тарымен толық жалғанып, май, шарап ішкізіп, «Ар»-лық ішкі імүндік белгісін қалыптастырмай, 14 ғасырлық нәсілдік бастауға жалғап, ескі қылықтарға білімсіз, ақыл толықтырмай жалғанумен яғни отанына жалғанып «Ақ»-ты меңгермей және ақылы толмай, аманаттарды өз орнына қайтармай; арсыз, русыз «У» ішкізуге және орынсыз шығын ысырапшылыққа, дүниесін сыртқа шашқызып мақтанға ұрындыруға себепші ғана болып саналады. Сондықтан да аяғы толық бекімеген, кіндігімен ата-ана рухтарына жалғанбаған, ақыл үні бекіп, намазын, хажын толық орындау түгіл өз жерінде бір рет те хаж сапарын жасамаған, рухани өлім сатысынан өтіп, некелік жұбайлық өмірдің ыстық суығына күйіп,мәйел затынан өз үлесін, діл қуатын, шарабын толық сіңіріп мойны қатаймаған және кемелдікке жетіп төбесін жауып, құпия ақирет білімін меңгеріп, сақал, шашы және миы жынды сулардан тазарып, басы ағармаған пенделерді өзге елдің қылығына, білімсіз шеріктеріне, өнерсіз руларына жалғаумен санасын улап, рухани аздырған әрекеттері мен өз еліміздегі хаж істеріне ел басшыларын қарсы қоя білген азғындық істерінің нәтижесін білгіңіз келсе 5 санды аяттармен: 5;15;25;35;45;55;65;75;85;95;105-сүрелердің неге 11 санымен берілгенін және көлденеңінен 5 санды аяттардың санымен 110 санымен беріліп және Қадыр сүресі осы барлық істердің шешімі екені 5-аятпен тұжырымдалып айқындап тұр. Сондықтан григориан күн тізбесімен 4 ай сапар айы және жұлдыздар қозғалысының есебі «хижрамен» ораза айы 5-ші болып, жылдың жұмасы болып саналады. Енді негізінен аталарымыздың; «У-ды у қайтарады» деген нақылы осы, сана-ар қуатының жемісі 5 қуат «р-у» періштелерімен байланысты айтылған. Ал «у-ақ» періштелері рухпен 6 санымен бастапқы 3 негізді қарекетке жалғанған тәуба 9 арқылы тағдыр себебінің 7 жолға, 7 жерге  жалғануымен көркем сөзбен, құран аяттарымен, зікірмен байланысты ғана адам баласының ішкі жетісінің, жеті желдің, жеті түрмен, үнмен бірленуімен «аруақ» болып зейнеттелуіне байланысты жаратушымыз Құранда да Інжіл жазбаларында да астарлы түрде ескерткен. Жоғарыда мысалдармен 13 санды періштелердің «И»-қалам, шар, көз және «Ман» (иман) күзетшісі болып, иман жолдас серіктер тобын құрайтынын және іштен 11 санды діл білімі періштелерінің тұтастығымен 24 санды нұрлану нәтижесінен мысалдар бердік. Енді бұл жағдайды алдағы 6-шы басылымда адам жан, рух тағдыр негіздерімен себептік түрленуімен, орындау тәсілдері мен хикметті зейнеттелу нәтижелерінің терең сырын ашып көреміз. Енді бұл періштелік қуаттардың адам жан, рух өнімдерімен байланысты сипаттарының зейнеттелген, бейнеленген күрделі періштелік белгілерінің жеке-жеке ғылымына тоқталсақ; (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *