Тектілігің ел болар Құнанбайлық!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 51

 Оятып жалғар рұқын  Құнанбайды,

Өсірген адал аспен ұлы Абайды.

Шәкәрімдей әулиені үлгі қылған,

Қазақтың ата жолы құламайды.

Құнанбайлар тектілікті жоғалтпайды,

Батырлығын аталардың қайталайды.

Болмасам да Құнабайға ұқсамақпын,

Дәуріштігім туыстарға ұнамайды.

Анадан  туылса төртеу, тек азбайды,

Немере, шөберелер төменге құламайды.

Өз баласын құтқара алмас етек басты,

Тектіліктің мұндай сырын ұға алмайды.

Құдайдан жол-жоба алып сыналмайды,

Сопылар көп білімге мас, малмен қайғы.

Інжу-маржан ішінен жарық іздеп,

Зәйтүн майын тамызуға жарамайды.

Әлемге қуат қосқан қазақ жоғалмайды,

Үш байлықты меңгерумен жіб жалғайды.

Жүз мың қазақ номадтықты меңгеретін,

Құдайсыз қурай сынып, жаңғырмайды!

Бүгінгі білімді, билерге дүние қайғы,

Партиямен әділ билік құрмақ жайлы.

Құдайшылдық қазақтан көшіп кеткен,

Сопылықсыз жындылықтан шыға алмайды.

Сопылықсыз сезімге сана жалғанбайды,

Екі жарты бір бүтіндік құралмайды.

Әйелдері қаны азғанмен мәңгүрт ерлер,

Құнанбайдай қарсылықты қыла алмайды.

Еркектері қатал болса ел азбайды,

Қияметтің сыны түсіп жоғалмайды.

Етекбасты бөріксіздер биің барда,

Ар-ұятпен Құдай ісі сұралмайды.

Періліксіз әйел қасиетті бола алмайды,

Ақ бақсылық еркексіз текке жалғанбайды.

Перілері әйелдердің жылан болып,

Мойынына еркектердің оралмайды.

Ібіліс дана болып елді алдайды,

Бұл кедергіден әулиелер де өте алмайды.

«Ауру астан, дау қарындастан» деген атаң,

Пері іштен сырттан кісі-нұр қосылмайды.

Тоғыз төре төбеден жалғанбайды,

Екі жарты бір бүтіндік жалғанбайды.

Қырық үйге қожалығы  әйелдің болмағанда,

Сары қарын ақ жаулық тек нұрланбайды.

Перілікпен ел басқарған ең оңайы,

Жеңіл тұрмыс, дүние қуып ойланбайды.

Отыз елдей біз де тозақ жұрты болып,

Әлем түгіл жанына да қуат қоса алмайды!

Үлгі қылған білімділер ұлы Абайды,

Әкесіз бала текті рұқтан жалғанбайды.

Қарсы жүріп арсыздықтың толқынына,

Нәсіп қыл деп меңгеруге тегін Құнанбайды.

Дәретпенен емізіп, тууға ол Абайды,

Қыз қатындар сынына ата жол шыдамайды.

Я Раббым бұл арманға жеткізе көр,

Қазағыма жалғастырған Құнанбайды!

(Сәуір айы 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *