Ескіліктің сөзі- ақылдың саясы(238)

Бөлім: Зікір өлеңдер 113

Ескіліктің сөздерін,

Ділмен жібін өргенін

Асыл тастай салмақта,

Кітабынан Алла бергенін.

Ой жасырған ішіне,

Жалғанған құран үніне

Ақылдан болар төреші.

Дәтке қуат сенімге.

Сөз астарын түсінер,

Жүректің үнін естілер

Жоғалған соң қабылет,

Жындылықпен көрінер.

Есіл сөздер желге ұшты,

Дәріптеп сөзін өзге ұлтты.

Әркім бұрды өзінше,

Қондырмай басқа бақ құсты.

Тыңдалмай баба нақылы,

Ашылмай сыр сандығы.

Елдігі халық болмаса,

Бола ма тек пен ар үні?

Діл жаның сөз ед мияты,

Ар абыройға қуаты.

Асыл сөз шықпай майданға,

Ғылымның кетті суаты.

Қубастықтан ми азды,

Таза ақыл шіріп жоғалды.

Үлкенде болмай естілік,

Жастарың дана боп алды.

Төбеден келмей төрелік,

Тоғыз кісі нұр еніп.

Иман қайдан келеді,

Жаныңа білім берерлік.

Таппаса сөз өз орнын,

Жалғамай көкке ел рұқын.

Көгінен түспес несібе,

Жоғалтып халық тағдырын.

Көркем сөз ағаш өсірген,

Ескінің сөзі көгіңнен.

Орын тауып жарқырап,

Біз болып түсер несібең.

Тамыры ағаш ойпаттан,

Құранды оқып суғарған.

Тазартып ділдің бұлағын,

Иманың алар зияраттан.

Жаман сөз қаңбақ тамырсыз,

Айтатын ауыз салымсыз.

Арада екі қаңғыған,

Иіс боп жұғар жағымсыз.

Қу бастарды баураған,

Сасық иіс ой салған.

Дүниеге байлап ақылды,

Өлтіріп жанды мас қылған.

Орынсыз, ойсыз сөздері,

Қияметтің болып себебі.

Жер ананың дүмпуі,

Ескерту көктен түспегі.

Жер басатын табандар,

Рұқынан жердің ажырар.

Сөз қадірін жоғалтқан,

Жүрегі жиі соғылар.

Шаттанады күрілдеп,

Дыбысты ділдің үні деп.

Таңба өзгерсе де үн өзгермес,

Жансыздан нені түсінбек?

Билерде сана болмаса,

Жете мен білім қонбаса.

Білім біліктілік болмасты,

Ақылдан сая алмаса.

Жоғалтып халық нанымды,

Ақталмай жүгі тағдыры.

Құдайдың ісін тастаумен,

Дін ісі, тәпсір боп танымы.

Көк аспаннан шүйлікті,

Екі араны бықсытты.

Нәзір, дәмсіз сөздермен,

Көбейтті кек пен ренішті.

Өңшең ауыз былғаған,

Дұрыс сөз халық айтпаған.

Дүние мен байлық бақыт деп,

Шайтанға көңіл алданған.

Тылсымнан алмай ақ бата,

Жалғанып кітап аруаққа.

Оянып халық бақ қонбас,

Ақылмен бақ, енді  салмақта!

(Ақпан 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *