Жөнсіздік пен түзулік,
От пен судай шарпысқан.
Мұнан шығып қозғалыс,
Өлім мен тіршілік алмасқан.
Ноқта салмай нәпсіге,
Ақылдан қуат өне ме?
Сенсең әрбір құрбыға,
Жаның ояу дей көрме.
Аяқпен жын мінезің,
Әл-қуат бар керегің.
Ақталып табан ағармай,
Естімес жүрек жер үнін.
Жүректің үнін естімей,
Ортасын тауып өлшенбей.
Ілім мен білім жинаумен,
Сезім өліп, сана тірілмей.
Аяғың тайып құларсың,
Тазармай қаның болар сын.
Жол–жобасын алмасаң,
Раббыңды қалай табарсың?
Етекпен әйел саналы,
Ақ жаулық қуат алмағы.
Табанмен басқа қуатты,
Еріне бермек шарабы.
Ішінде болса сәуле нұр,
Ғылымның дәні болар дүр.
Қырағылық болып көзіңде,
Қырық қожа асар қыр.
Шимайдан аршып алатын,
Жөнсіздігін пері жазатын.
Теріңді тазарт иістен,
Киіммен қымтап жағатын.
Ой салмағын сезінер,
Жанды болып бөрікті ер.
Алтауын аршып арамнан,
Шығарып еттен арам тер.
Төбеден тоғыз төремен,
Жалғанып еркек тегімен.
Жөнсіздікпен күресіп,
Өлтірген мың күнә теріден.
Жазғырасың өзіңді,
Қарсылығын іштен сезімді.
Іздемей сырттан кінәні,
Орнымен айтып сөзіңді.
Жұлдыздан алып бір хабар,
Құс жолына жанды жалғантар.
Жөндінің ісі намазын,
Ізгілік амал орындар.
Жөнсіздік іштен қарсылық,
Түзу дер өзін асыл ғып.
Көптің сөзін сөйлейді,
Тер төкпес ісі масылдық.
Білімді жинап теріге,
Жалғанып алып періге.
Жөнді мен жөнсіз қосылып,
Ақылды байлап білімге.
Өзін-өзі жұбатып,
Перімен жүрер сырласып.
Тағдырға болған себепті,
Өзгеден көрер кінә артып.
Кекшілдің отын жақпасаң,
Екі қол ісін ақтасаң.
Үш жүректің бірлігін,
Екі игілікпен қоса алсаң.
Үш бұрыштың мән, сырын,
Орынды сөйлеп сөз дәмін.
Жөнсіздіктен бас тартып,
Меңгеруге жолда ар білімін.
Көп масылдың ішінен,
Жарқырап күн боп көрінсең.
Құдайдың бұл қалауы,
Жапамен сынап жетілген.
(Ақпан 2019 жыл)
**** ****