Он саулық байлығы-қолдау(247)

Бөлім: Зікір өлеңдер 377

Он саусақ белгісі — он саулық,

Оң мен солы пар болар жұптық.

Адамзатқа берген рахметі Алла,

Қозғалысқа қолқабыс болар байлық.

Қол қанатың жаныңа қозғалысқа,

Бардан барды түрлентіп жаратуға.

Бар қуаттың өнері қолдан шығып,

Алланың жеткізетін қалауына.

Әруақ боп жеті сүйек сәждесінен,

Алланың ғылымын меңгерумен.

Кереметін ғылымың саусақ болып,

Үшінші байлық он саулық өнерімен.

Мал, жанның амандығын сұрасатын,

Қолқабыс қозғалысқа қосылатын.

Жеті қасиет, жеті күн, жеті әулиемен,

Дін дәстүрі құран үнін тарқататын.

Қол қанат әруағың жеті үннен,

Жаныңа қанат болар хикметінен.

Алланың қолынан қолқабысы,

Әрбір пенде меңгерер ғылымменен.

Жеті әлем, жеті өріс, жеті күнмен,

Ақ қараның іші толар жетіменен.

Әр сабақта жүзден дәні иманның,

Жеті сабақ бидайды өсірумен.

Жеті тозақ қарсылығын өнерменен,

Саусақтан бес қуатты бірлендірген.

Алланың ғылымынан кереметі,

Адамзаттың қолы әруақ періштеден.

Табиғат, жаратылысты басқаратын,

Ақ бақсылық ісімен атқаратын.

Он саулықтың байлығы сегіз жолмен,

Тоғыз төре төбеден жалғанатын.

Бас бармақ бастың салмағынан,

Мөрін салып пендесін дара қылған.

Бастан қан тамырды ширықтырар,

Тал бесіктен дәстүрімен тәлім алған.

Еркек әйел бармағында қасиет бөлек,

Еркектерде жын қуатқа тосу бермек.

Кедергісі бас бармақта әлсіз болса,

Мінезде жындылыққа еріп жүрмек.

Әйелдің бас бармағы қанға қуат,

Өнерден қоса алмаса миға суат.

Жалтаңдықпен қара күшке ие беріп,

Шайтаннан жын перілігі үстем болмақ.

Бастың қадір қасиеті қызметінен,

Бас бармаққа Алланың мөрі түскен.

Бассыздыққа екі қол ісің себеп,

Көз қысты бармақ басты пенделіктен.

Сұқ саусақ алақанды аялаған,

Оң әсерін беруге көзге қарашықтан.

Қуат қосар жүрекпен қан тамырға,

Бас бармаққа қуатын қосар жаннан.

Сұқ саусақ тегің ағаш зейтүн алған,

Әйелде он үш рет өнім болған.

Ғисадан астарлы хикметімен,

Жемісін қияметке дәлел қылған.

Көк пен жердің ортасы екі арада,

Ортаңғы саусақ болар таразыға.

Бой түзеуге мойынға әсер беріп,

Қуат берген желке мен омыртқаға.

Мойынға жан тірегі бақ қараған,

Ақ жаулық байылығымен көпір болған.

Ер мойнында қыл арқан шіріместі,

Он саулығы, он саусақтан қуат алған.

Аты жоқ саусаққа жүзік салар,

Европа елінде салт неке қияар.

Нәсілің мен төртінші жалғануға,

Бас екеуге мал төртеу деген болар.

Мойынсыз нәсіл өзге жалғандырған,

Бас пен жүрек арасын үзбек шайтан.

Жеті кесел әйел мен еркек жартылары,

Қосылмай ұлттан тегі ажыраған.

Бұл саусақтан қуық безге қуат қосар,

Ұрпақтың өнуімен жалғандырар.

Ұрықтың да тазалығы әрекеттен,

Адал еңбек, өнерге қимылдатар.

Шөмекей деп атаған кіші бөбек,

Бесінші саусақпен Менің өспек.

Табанның тазалығы тобықпенен,

Башпайдан қара санға қуат келмек.

Жаныңның белгісі бар бесіншіде,

Бес қуаттың бірлігімен өнеріңде.

Алақанда тағдырдың жазуымен,

Саусақтардан ақыл-ой бейнелене.

Тырнақсыз саусақ тұра алмас,

Қара қуат тырнақтан тазартылмақ.

Көкірегің таза болар тырнағыңмен,

Он бір санды сыры бар қуат алмақ.

Білектің тазалығы білік болар,

Жеті қуат білектен өтіп алар.

Бастың да жұмысы білекпенен,

Қара қуат тазармаса ойды бұзар.

Қар, білек бастауы өміріңнің,

Қуаты қардан нәрі жүрегіңнің.

Қалқанша безіне әсер беріп,

Қырық бір сыры болар сәждесінің.

Шынтаққа Алла нұры несібесін,

Он үшпен түрлі қуат белгісінің.

Ми қабаты тазалығы саналыққа,

Сауытсыз шынтақ көңілді өзгертетін.

Қайратың, күшің бүкіл тәнге қуат,

Иықпен қасиеті бірге болмақ.

Қараны солдан, қарыңмен тазарта біл,

Адал еңбек қолдан тағдыр жазу туад.

Әруақ деген қол бала қанат болмақ,

Он саулық байлығына болар суат.

Жүректің меніңмен қолдан ісі,

Қолдау деген Дау болып өнген қуат.

Он төрт сипат әруақ дауыменен,

МЕН — төреші іс қимылға бағыт берген.

Дауылды да басатын ақ бақсылық,

Жеті қасиет кілтін ғайып меңгеруден!

(Ақпан 2019 жыл)

****   ****

Дүмше молда дін бұзып, ел аздырар,

Құранның аятына ортақ қосар.

Пайғамбарға қол бергендер Алласына,

Рахметімен, әлемге қуат Бірі болар.

Ғисадан алатын көп ғибраты бар,

Бір мысалды келтірген астарын ал.

Қожайынның болыпты он қызметшісі,

Тексеріпті оларды қанша табыс табар.

Аманаттап таратыпты бір күмістен,

Мен келгенше көбейтіңдер істеріңмен.

Сапардан қайтып келіп тексереді,

Кім қанша табыс тауып іс бітірген.

Бірінші қызметшісі он күмісті,

Көбейтіп әкелгенін білдіріпті.

Патша болған қожайыны оны мақтап,

Қалаға билеуші қып бекітіпті.

Екінші қызметшісін бес еселеген,

Бес қаланы билесін деп үкім берген.

Үшінші қызметшісі күмісті орап сақтап,

Сол қалпы қайтарып берген екен.

Неге жұмсап ақшаны іс қылмадың?

«Есімнен шықпай қожайын қылықтарың,

Екпеген егінді оратын қатал едің,

Жұмсамай қайтарғаным қорыққаным».

«Оңбаған мінезімді жақсы білдің,

Еселеп қайтарар ем өзім неге түйдің.

Айналымға жібермей босқа ұстадың,

Бірінші қызметшіге бер болсын сыйым.»

«Ол алған еді он күміс деген сыйын»,

Сұрады қызметшілер мұның сырын.

«Кімде бар болса соған тағы беріледі,

Қайтарылар жоқтан азы бұл бір сыным.»

Оқушым мұнан қандай гүлді тердің?

Құр сөзбен қуатың жоқ кімге бердің?

Өз қауымыңды түзетпей Алла оны,

Түзетпейді деген аят болса кемің.

Ата жол дәстүрімен болған сенім,

Өліні риза қылмай толмас кемің.

Өліге иман тіріге берекет сұрап,

Сыйынып табынумен қолды бердің.

Бардан барды жаратсаң әруақ болар,

Жоқтан барға Алладан нұры алар.

Ақ қуатын көбейтер он саулықты,

Еселейтін қазақта дін ғылымы бар!

(Ақпан 2019 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *