Көлеңке(256)

Бөлім: Зікір өлеңдер 133

Алыстан арбап,

Көңілді жаулап

Алады түсіп ізіңе.

Тағдырдан сынақ,

Өткеннен жалғап,

Жалғанып тіл, көзіне.

Әдетің ол олақ,

Сөзіңмен былғап

Мастығың жас кезіңде.

Көлеңкең ізден,

Артыңа ерген,

Жендетің болып өзіңе.

Адамдық болмай,

Тоқтауды салмай,

Ол жеңілмес түбінде.

Қылыққа жалғап,

Жастықты аңсап

Ерік беріп сезімге.

Олақтау сөзбен,

Төзімсіз түрмен,

Жетегіне дайын еруге.

Қоқиып, паңсып,

Ақсынып, тасып,

Масаңдық еніп мінезге.

Намысшыл ерсің,

Көпшіл боп сөзің,

Кектерді тердің,

Қайтармақ енді ісіңде.

Жаптырып көзін,

Жүректің үнін,

Дана ғып құр білімде.

Құдайдың ісін,

Хабарын сөзін,

Ұғыну болмас өзіңде.

Жұмсармай етің,

Жазылмай дертің,

Қарсылық тұрар ішіңде.

Ұяттан жұрдай,

Арыңды бұлдай,

Сатасың жаттың бөзіне.

Жүректе қарсы,

Сөздің жоқ парқы,

Ұғынбай ана тілінде.

Әдетің, салтың,

Қылығымен жаттың

Айналып өзге нәсілге.

Төменге құмар,

Қатындық шығар,

Тарқатқан иірген жібінде.

Бұрынға заман,

Жақсы деп болған,

Айналып бір мезгілге.

Заманның күйін,

Қарсыдан сыйын,

Тазартпай қан ділінде.

Көңілі соқыр,

Қарғаша шоғыр,

Құзғындығы дінінде.

Кебінсіз қалған,

Зейнет жоқ алған,

Хайуандық көн теріде.

Тұз дәмің таусылып,

Өлім бар ол шындық,

Келмесің қайта еліңе!

Бар едің жоқсың,

Қабы боп боқтың

Дүниеге тоқтың,

Шайтаннан жынсың еруге.

Қосылған шерік пендеге,

Жарықсыз, жансыз көлеңке!

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *