Адамдықтың өлшемі(261)

Бөлім: Зікір өлеңдер 158

Адамдықтың шамасы,

Өлшенеді мінезбен.

Адамдықтың танымы,

Иман болар көрінген.

Әдептен, ұят озбаған,

Қасиет болар шыңдалған.

Сөзге тоқтай білетін,

Мінез болар иманнан.

Өлшемін біліп кесірдің,

Иманмен бағып сенімін.

Құдайдан іштей ұялған,

Сезімге бермей көңілін.

Ұлағатты сөздердің,

Қасиетін теріп үндердің.

Ішінде жоғын толтырып,

Меңгерген сөз өнерін.

Ұялып өзін сынаған,

Қорықпай сын жариядан.

Майданға шығып сұқбатпен,

Көпшілікпен қуат алмасқан.

Елдіктің мәні биікте,

Дәстүріне ата сенімде.

Әр адамнан басталған,

Рұқымен қазақ тегінде.

Мінезі қазақ мәні сол,

Атадан қалған сара жол.

Жаратылған нәрсенің,

Қадірін ұғыну тура жол.

Обал мен сауаптың,

Асылмен жігін арамның.

Мәнін біліп іс қылған,

Орындағаны бұл намазын.

Қозғалыс пен әрекет,

Тағдырға жазу боп себеп.

Қуат болып қайтадан,

Қосылар, деп ескі әдет.

Үш төрт жылғы әдетті,

Көлеңке ерген себепті.

Өсірмек қайта бейімдеп,

Ұятпен бағып қан текті.

Үнімен құран тұшынған,

Жібін Алла ұстаған.

Тарқатпай кейін қатынша,

Тарихтың жібін қайтадан.

Өткеннің алып жақсысын,

Бүгінгі заман қарсысын.

Өлшей біліп сұрыптап,

Құдайлық шынмен тапшысын.

Құдайдың ісін жобасын,

Уахимен, аян жалғасын.

Пайғамбарлық қасиет,

Ата-бабадан жалғап мұрасын.

Адамдықты көбейтпек,

Жеті жанды өсірмек.

Әр заманға бар сыны,

Көгіңнен иман келтірмек!

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *