Бақсы мен жақсы.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 201

       Бақсы деген сөз моңғолдарша – «ұстаз», ұйғырларша – «білімдарадам», түркмендерше – «әнші» дегенді білдіреді. Шындығында да көшпенді тұрмыспен күнелткен қазақтар үшін бақсы басқаларға қарағанда сиқыршылық білімі мол әрі ақын, әрі музыкант және оның үстіне емші болған. Бақсы болу екінің бірінің қолынан келмеген. Ол үшін бақсы болушы асқан зор психиканы, емшілік пен сиқыршылықты білу керек. Оның үстіне қобыз тарта алған, күй шығара алған музыкант, ұйқастыра сөйлей алатын ақын, әр түрлі өнер көрсете алатын әртістік қабілеті бар болулары тиіс еді. Сондықтан да Ш.Уалиханов атамыз «Қазақтардың кез-келгені ақын бола алмайтыны секілді, кім болса сол бақсы бола алмаған».
Бақсылар ойын көрсетерде халық көп жиналған6 көрермендер алдында өнерін көрсетіп, қызған темірді аузына салып жалап, семсердің жүзін аяғына басқан, тастарды аузына салып жалап, тастарды қолымен ұнтақтап, темірлерді қамырша илеген, қолымен құрым киіздерді қылыш секілді кескен, тіпті адамды бауыздап, қайта тірілткен. Бақсылар жер бетіндегі жын-шайтандармен тілдесе алатын, олардың адамдарға жасайтын зиянды; қастандық, кесірлері әрекеттеріне тыйым салатын күшке ие керемет адамдар ретінде танылған. Ауруды басқа да түркі туыстас халықтар секілді қуыршақтарға көшіріп, қуыршақтарды бейітке, күл-қоқысқа тастаған. Оған ешкім тимеген, қолына ұстамаған. Қуыршақты қолына алғандарға ауру адамның сырқаты өтетіні белгілі болған.

      Қазақтар арасында «қара кітабына» (теріс оқу) қарап болып жатқан және келешектегі болатын уақиғаларды айтып бере алатын сиқыршы – теріс оқушылар болған. Мұндай сиқыршылар тікелей шайтанмен тілдесіп, солар құмнан арқан есіп өзенді теріс ағызып, адамды итке, жан-жануарға айналдырып, боран мен құйынды тоқтата алады деп сенген. Бұлар біреуді жадылағанда таза сумен бүркіп байлап сиқырлаған.
Сиқыршылармен қатар «ысыпташылар» да болған. Ысыпташылар адамдар арасын араз қылуға және бір-бірін жақын етуге күші келеді деп санаған. Олар «дұғасын» нанға, жейтін тағамға оқыған. Сонда оны жеген адам сол адаммен не татуласқан, болмаса араздасқан, жек көрген. Мұңдай амалды көбіне екі жастың арасын жақындастыру үшін қолданған. Осы тәсілмен амал етушілерді ислам дінінен кейінгі уақыттарда дуашы деп атаған. Сондықтан да халық егер біреуді біреу өте жақсы көрсе, онда басын «дуалап» қойған дейді. Сиқыршылар ауруларды емдеп қана қоймай, оларға қастық етіп, әр түрлі ауруларды да жібере алған.
Қазақтарда ежелден-ақ әр түрлі ауруларды түрлі жолдармен емдей алатын бақсылары, тәуіптері емшілері болған.
XV ғасырда Ұлы жүзден Албан руынан шыққан Өтейбойдақ атамыздың Жәңгір хан бұйрығымен жазып қалдырған «Шипагерлік баян» деген емдік тәсілдерді баяндаған көшірмесі табылып отыр. Европаға ешқандай қатысы жоқ шешек ауруының вакцинасын ойлап тапқандығы, қызылша ауруларын емдегендігі, т.б. баяндалған. Және тұқым қуалау ауруы «Жеті атаға жетпей қан араласудан» деп дәлелдеп Жәңгір хан жеті атаға жетпей үйленуге тыйым салып мойындамағандардың басын шабуға жарлық берген. Әрине бабаларымыздың құнды мұралары әлі жинақталып жарық көрері сөзсіз. Ал енді Ақ жолда аталарымыз қалай қарай жетелей жатқанына үңілсек. Әрине қара бақсы, жын бақсы, ақ бақсы болып бөлінеді. Бақсылықтың қайсысы болса да рухтармен және жын, перілермен тікелей байланыста болады. Және қазір халық арасында сиқырлау, жадылау, жолыңды ашам, бір-біріңе қосам, тіптен біреуден өшіңді алып берем деп хабарландыру беріп, айналысып жатқандар жеткілікті. Ал «Ақ жол», «Ақ ана», «Ермек» бұлардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс деп басын қатырып жатқанда осы бақсылық қасиеттердің ашылып жатқандығының жемісі.

       Бақсылық, емшілік қасиеті пайда болған адам қолдағы қуатты, энергияны пайдаланып ем-доммен айналыса бастайды. Әрине оған жету үшін де әркім әр түрлі жағдаймен келеді. Біреулер қыспақпен өздерінше әулие-әмбиелерді аралай жылдап жетеді. Кейбіреулерінде тұқым қуалаған қасиеттеріне байланысты аяқ астынан болуы мүмкін. Араларынан қабілеті күштілер жын бақсылық дәрежесіне жетеді. Яғни тылсыммен тікелей байланысқа түсе бастайды. Осы жерден жол екіге айырылады. Себебі жын бақсылық қуатына жеткен адам өз ниетімен білместікпен ақ не қара бақсылықты таңдайды. Қалай дейсіз әрине. Себебі қолда өте күшті энергия көздері ашылған соң көп ауруларды, ісіктерді дем салу, дұғалармен емдеу жұмыстарымен айналыса бастайды. Әрине кезінде Сүлеймен ғ.с. қалаған жындарды бағындырып қызмет еттіретін дұғалар көп. Қасиетті дұғалар деген кітапшалар толып кетті. Әдепкіде қызығулықпен соны пайдалана бастаймыз. Перімен байланысқа өзіміз шығамыз, сонан соң ауру адамның тез жазылып кеткенің байқаған соң, өзің де оңды-солды дұғаларды пайдалана бастайсың. Әрине ниетің дұрыс, жақсылық жасап жатырсың. Намаз оқисың, ешқандай күнә, күнәрапа жасап жатқан жоқпын дейсің. Бірақ тылсымға шығар кілттің мұсылман пері, яғни айта беретін «Ақ сайтан». Сәл ғана шегініс жасап, оқушыға түсінікті болу үшін күнделікті пайдаланып жүрген сөздер ұғымдармен айтылып отыр, алдағы басылымдарда Құран аяттары арқылы нақты сипаттары мен ішкі сырын ғылымын түсіндіреміз.

      Негізінен жын, жын-шайтан, жын-пері және пері болып әрі қарай қасиеттік сипатпен, жарықтық шамамен жалғаса береді. Атына қарай белгілі бір кеңістіктен орны және өзге жаратылыс егелерімен әсер ету сипаты болады. Сол сипатты қазақта «атына заты сай» деп атаған. Жалпы ұғымда сол нәрсенің ішкі сыры «қасиеті» болып, сондықтан қасиетін атынан іздеу шарт. Ғылым деп әрбір жаратылыс белгісін анықтап ат қоя білуді айтамыз. Әрине осындай қасиет егелері диагнозды де дәл табады, кейбір ем-шипалары тез әрі қонымды. Бірақ «Ақ сайтан» келесі біреудің де қасиеті ашылғанын қаламайды. Сондықтан белгісіз түрде қасиетті адамдарға тосқауылдар қойып отырады. Осыдан барып кей аурулар емделіп, болашағы бар қасиеті бар халыққа пайдасы тиетін, өнер, ғылым адамдарына жолын жауып зиянын тигізеді. «Кәпірмен жолдас болсаң айбалтаң жанында жүрсін» деген дана қазақ. Тағы бір қара бақсылықтың ерекшелігі биоэнергетикасы өте күшті болады. Адамды орнынан қозғау, лақтыру, ұйықтатып тастау арқылы сендіреді. Елес, жын ауруларына ұшырағандарды емдейді. Онда да «теріс оқу» арқылы дұғамен мұсылман пері, кәпір жынды, «қара сайтанды» адам денесінен қуып шығады. Бірақ олай емделген адам толық жазылмайды, жазылса да «кәпір жын» орнын «ақ сайтан» тартып алады да, оны өз дегенімен жүргізіп, өзін емдеген адамға ұқсаған қасиеттерге еге бола бастайды немесе ештемеге зауқы жоқ, тек ішіп-жеп тірі өлікке айналуы мүмкін. «Шымшық сойсаң да қасапшыға сойғыз» деген бабаларымыздың аманаты. Сондықтан емдейтін адамның жүріс-тұрыс, шариғат заңдылықтарын орындайтынына зер салып қараған жөн. Ондай бақсылар көбіне намаз оқымайтын, қалағанын еркін істеп жүре беретін, зинақорлық, темекі шегіп тіптен тығылып арақ та ішіп жүре береді. Орынсыз айқай, аунау, зікір сияқты, кейбір келеңсіз құбылыстарға үйір болады. Емшілер де өз жүректерінің тазалығын алға тартып сөйлейді. Әрине оның тазалығы тек бір Аллаға мәлім екені даусыз. Ал «Ақ жолда» аталар аманат етіп жатқан «ақ бақсылық».

      Дін танушы, танытушылар арасында әрине бұл атау тосын қабылданады, себебі тәпсірлердің көбі Аллаға шерік немесе ортақ қосу деп түсіндіреді. Ал Құран білімінің негізі жанның «Аққа» айналуын насихаттайды. Сондықтан Ақ бақсы болу оңай емес. Оған тек толымды ғибадат пен тек шариғат ісімен, жан мен тән толық бірігуімен, яғни біртұтас тазалықпен ғана жетеді. Басты өзгермейтін шарт; ем-шипа дұға тек Құран аяттарымен ғана жүзеге асады. Құранның аяттарының бәрін бірдей немесе бір дәрежеде біркелкі пайдалану мүмкін емес. Әрбір ізденген адам баласының сандық және сол аятқа байланысты қасиеттік ерекшелігі бар. Ол тек тылсымнан аян арқылы ғана жетектеліп жүзеге асады, яғни аятта; «Ілімді іздеген адамның үстінде білімді тұрады» деп ескерткен. Ондай белгі тек жан мен тәннің біртұтастығынан ғана жүзеге асады. Әзірет Сұлтан Ясауи бабамыздың көрсетіп дәлелдеп кеткен тура жол амалының негізгі шарты деп біліңіз. Сондай-ақ Ибн әл-Қайымның жазғаны бар: «Құран – дене мен жанның, екі дүниеде кездесетін барша дерттің шипагері. Бірақ бұған әркімнің қолы жете бермейді. Тек шын ықыласты, таза ниетті мұсылман ғана дертінен айығып кетеді». Әрине ақ бақсылық дәрежесіне жеткен адам сиқырмен болған елес ауруын, көлденең дауыстар есту, сары уайымға салыну, сезім мүшелерінің қызметі бұзылуын, белсіздік және онкологиялық аурулардың кейбір түрлерін қайтаруға шамасы келеді. Қамшымен емдеу арқылы эпилепсия ауруының қай түрін болса да қайтаруға болады. Жын ауруларын емдегенде кірген жын түрлеріне қарай иістері мен белгілері сан алуан болып келеді. Сондықтан жынды шығару оңай емес, емшінің өзіне де кіріп кететін уақыттары да болады. Бөлменің бөлек арнаулы жерінде ғана жас балалардың, бөгде аурулардың қатысуынсыз емделеді. Және екі бақсы бірігіп емдесе нәтижелі болады. Емдеу тәсілдері, қыр-сырлары туралы алда бөлек әңгіме етерміз.
Ақ бақсылықтың айырмашылығы кәдуілгі емшілерден айырмашылығы жоқ. Тек Құран арқылы, аталардың тылсымынан беріп жатқан батасымен жетеленіп жазылмайтын күрделі аурулардың шешімдерін табуға болатынына көзіміз жетіп келеді. Әрине ақ бақсылықты ұстап жүру оңай емес. Жынмен күрескісі келетін айналысып та жатқан «бақсы» бауырларымызға оларды біз көре алмаймыз, олар бізді алыстан байқайтыны белгілі шығар. Өзіңді-өзің ұдайы бақылауды қажет етеді. Және емшілік ақша, баю жолы емес екенін ұмытпау керек. «Кімде-кім емшіліктің не екенін білместен адамдарды емдеумен айналысса, сол үшін жауап береді.» (х-807) деп Мұхаммет пайғамбарымыз ескерткен екен.

      Қазіргі таңда емшілікті көп дін танушы қауым шерік немесе серік деп түсіндіреді, яғни Алланың Құрандағы пәтуасына және пайғамбарымыздың өсиетіне қарсылық білдіреді. Ал емшілердің басым көпшілігі ғылымын, сырын, қандай сұрауы бар екенін білместен мақтанға немесе пайда табу көзіне айналдырып өздері де сынаққа түсіп жатқаны қаншама. Ал пайдасынан зияны көп Құранда берілмеген аяттармен Сүлеймен пайғамбар кезінен қалған жындарды игеру, бағыттау тәсілдерін, тіптен «мұсылман қорғаны» деп онсыз да сенгіш қазақты мешіт майталмандары, қажылар, т.б. зікірші, тарихатшылар улап санасын жауып тек бір ізбен ғана ізденуге, ойлануға мұрша бергізбей қорқыныш кіргізіп Аллаға шығар есіктерін тас қылып бітеп жатқаны әзірше құпия. «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз, ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі» деп жаратушымыз ескерткендей, Құран аятынан басқа адамзатқа қорған да, ем де шипа да болмайтынын «залымдық» Аллаға қарсылық екенін түсінетін уақыт жетті. Сондай қазіргі таңда қаптап кеткен рухани ауруларды емдеуге болатынын бабаларымыз батамен жетелеп, дүние жүзінің ғалымдарының басы қатып жауып қойған ауруларының көптеген түріне «Ақ жол» ұл-қыздары жазылуына септігін тигізіп жатыр. Ғасыр дерті болған «онкология» ауруының да шешілетін уақыты да жақындап қалған сияқты. Бұған әрине медицина ғалымдарымыз бірігіп зерттеуге ат салысса нұр үстіне нұр жауар еді қазақ халқына. Жалпы ақ бақсылық есті қалыптастыру, яғни жоғарғы ақылмен толыққанды байланысқа түсу дәрежесі болып немесе жан саулығының емшісі болып табылады. Ақ бақсылықтың ішкі сатылары, дәрежесі бар. Оған алда әлі Құран аяттарымен дәлелдер және арнаулы кітап та жазуға тура келер, ол үшін сол жоғарғы сатыға жеткен қазақтың ұл-қыздарының пайда болуын күтеміз.

      Хазіреті сұлтан Ахмет Яссауии бабамыз әулиелердің әулиесі және ақ бақсылықтың негізін салушы және оны қалай дәлелдегендігін мына 41–ші хикметінен көруге болады.
Хорасанда 400 жыл жасаған баба Мешін атты әулие сұлтан өмір сүріпті. Орнынан көтеріліп ұшу тәсілін де меңгерген ғұлама болған.
Есітті Баба Мешін сол заманда,
Ахмет атты бір шайық шығар деп Түркістанда
Сұхбат құрар қыз-келіншектермен бірге онда,
Тыйым салуға Түркістанға, келді достар.
Келген бойда көрді ол шайық машайықтарды,
Сен шайық па едің азғырушы халайықты?
Осыларды анықтауға келгенімді білгейсің,-
Деп Хазірет оған жауап берді, достар.
Әмір етті әкім Қожа Сүлейменге,
Сол сопы Мұхаммед һәм данышпанға.
Байлап соқ бес жүз қамшы ол наданға,
Бір ұстынға мықты байлап қойды, достар.
Жүз кісі келіп ұстай алмас еді,
Екі кісі келіп ұстап алып байлады.
Сол сәтте бес жүз қамшы сынап ұрды,
Не «аһ» демеді, не «уаһ» демеді, білің, достар.
Тыржалаңаш қылып оны байлап қойды,
Бес жүзден бір қамшыны артық ұрды
Ең соңғы қамшыда зар илеп айқай салды,
Ахмет ата шыдай алмай сыр берді, достар.
«Сол сәтте муриттері қойды сауал,
Бес жүз қамшыны ұрғанда үндемедің.
Бір қамшыны ұрғанда халің кетті,
Не сыр бар мұнда? – деп сахабалар сұрады достар.
Ата айтты: арқамда бар дию–пері,
Ұрған қамшы маған емес, соған тиді,
Дию–пері арқамнан кетіп еді,
Сол қамшы маған тиді, білің достар.
Дін ғұламаларында да «ақ сайтан» болатынын (теріс өріс, аура) Ахмет Яссауии бабамыз қамшымен-ақ дәлелдеп берген. Қазақ халқында да бабамыздың жолын қуушы небір ғұлама әулиелердің рұхы қайта өсетініне шүбә келтірмейік деп тілейік ағайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *