Қазақ еліне қауіп төнді

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 779

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан жол, өрт апаттары мен су басу, таулардың қозғалуы, зіл-зала және әр жазылмайтын аурулар мен мезгілсіз ажалдардың себебін әлем халқының ойлы, ғылымды діншілердің, қасиетті көріпкелдердің пәтуаларымен әр түрлі болжамдармен мұнан құтылудың жолдары айтылып, жазылып жатыр.

Бірақ онан өзгеріп жатқан ешқандай ел де жоқ, қайта айдан айға жамандыққа белшеден батып жатқандары да хақиқат. Көрші Қытай жән Түркі басшысына да жыл басында, былтыр да су басу, қирау туралы ескертіліп хат та жазылған еді. Оқырмандардың көбі мұны ертегіге санағанмен ал бүгінгі күні не болып жатқанын, алда онан да зоры тұрғанын білуге жазбаған Құдай. Керісінше, тик-ток арнасынан бұл жолдаулар бұғатталып тасталды Экстремизм, ҰҚК тарапынан.

Енді қазақ еліне келсек, аңғарымпаздығы бар пендесіне біздер әлемнің айнасы сияқтымыз. Әлемдегі ірі белгілердің, апаттардың қазақта әр елді мекендерінде аз ғана белгілерімен көріністері бар. Ірі белгілері адам өлімімен байланысты шығындар болғанмен, оны әдеттегідей биліктің жемқорлығы, дер кезінде шешім қабылдай алмауы немесе белгілі бір басшылардың, ұйымдастырушылардың қателігінен деп прокуратура тарапынан іс қозғалып, енді бұл келмеске кететіндей дереу ұмыта саламыз. Заңды тәңір қылып алғанымызға ашық дәлелі болмақ.

Жақында болған Семейдегі 15 адамның ажалымен өрт апаты қаншама табиғатқа, жеке пенделердің от басына, қоғамға, өндіріс шаруашылыққа келген шығынды былай қойғанда  болашақта өмірге келетін ұрпақтардың да қысқаруына және осындай қайғылы оқиғалардың жалғасуына ғана жәрдем беріп жатқанымызды аңғарудан қалдық.

Сонымен Жамбыл облысындағы егіннің үштен бірі сусыз бітпей қалауы, әр түрлі аурулар, жол апаттарының жиілеуімен, Қарағандыдағы шахтадағы апаттардың, Жетісу өңіріндегі селдің т.б. дауыл, қираумен талай адамдарды  қиындықтарға ұшыратып жатқанын мүлде ескерусіз қалдыруға билік тарапына ақпараттық жүйеден және дін істері, ұлттық қауіпсіздік тарапынан елдің арасында қорқыныш болып пайымдалуына да тосқауыл болып жатқаны сөзсіз.

Биліктің дін істері мен ақпараттық жүйенің мұндай әрекеттерге баруының негізгі себебі қазақ елі масондық жүйеге тәуелді және ібілістің басқаруында тұрған басшылардың аталы жолмен Құдайдан түсіріліп жатқан хабарлардың расталып жатқанынан қауіптенумен, оның артында жақында болатын үлкен қияметтік уақиғаның, халықтың зор шығынмен, ажалдармен және бұл әлемнің де назарын аудартатын бүліншілікке астыртын түрде алып келе жатқанын біле жүріңіздер.

Менің жеке басымның өзін үй қамақта отыруыммен халықты құрбан шалып, әулие –әмбилер бастарында зікірмен тазартуға шектеп қалайда зікір үнін, ата дәстүр рәсімдерін миссионерлік деп атап, көп балалы ананың өзін айыппұлдармен соттап жатқаны және ютубтан халықты ата дәстүріне шақырып діншілермен биліктің қателіктерін айтқанымыз үшін түрлі қитұрқылықтармен, алыстан келген зияраттаушыларды да тіркелген дерегін тексеріп, үстеріңнен арыз түсті деп, үйдің ішін тінтіп «экстремизммен» арсыздық арқылы күресіп жатқаны Құдайдың ашуын, лағнетін арттыруға ғана себеп болып, артынан өздерінің де мезгілсіз ажалдар мен жазылмайтын аурулармен, ұрпақтарының қысқаруымен жауабы барын біле жүрген де абзал.

Қош, сонымен енді бір ай көлемінде үлкен өзгерістерге ұшырауымыз Құдайдың жобасы болып, оны ерікті түрде құрбандықтармен Құдайға жалбарынып, жер анамызды тазартуға жұмылуымызбен емес, керісінше үлкен апаттар мен су басу, зіл зала, өрттермен талай пенделердің өмірімен де қоштасуына тура келеді. Бұл сөзіміздің шындығы ютуб желісінде «Рухани жаңғыру» деген парақшада күнделікті жарияланып, ол деректердің көбі расталып жатқаны да сөзсіз.

Бұл тақырыппен елді босқа үрейлендіру емес; «Сақтансаң сақтайды Құдай» деген аталар аманатына қиянат жасамай: «Ештен кеш жақсы» дегенмен әр өңірлерде, әсіресе Алматы облысында  Ұзынағаш ауданында да халықты жаппай құбандықтармен тасаттық жасауға шақыру керек деген мақсатымыз ғана бар. Ел биліктің заңмен Құдайдың түсірген хабарына қияметтің белгілеріне ашық қарсылық жасап, дінді басқаруға жасалған әрекеттеріне барлық елді мекендерде сынақпен Астанада уақиғалар адам шығыны арта бермек.

Бұл Құдайдың ескертуімен халықты да теңселтіп ұйқысынан оятуға түсірген рахметі деп тәубеге келмеген жағдайда қазақтан да орасан зор шығындармен мезгілсіз ажалдар үстемдік құра бермек. Ал мұны сандырақ, ой жорушылық дегендер болса еркіңіз білсін. Біз ескерттік, қандай қиындық жамандық болса да халықпен бірге біз де мұның зардабын тартуға дайындалу керек деп білеміз….

Тамыз 2023 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *