БАТА — ЕМ ЖӘНЕ ШИПА РАХМЕТ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 302

«Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі ». ( Ісра – 82 )
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрі бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрі бар.
Аурусыз жандар – мисыздар
Мисызда ауру бола ма?
Тәні сау миі науқастар,
Ондайға дәрі қона ма?
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Шәкәрім атамыз; Жанның екі сипатта өсетінін бірі ауру жан, екіншісі аурусыз жан болып, тәні сау болып миды жұмыс істете білмегеннің жаны ауырмайтынын, дені сау пенденің жаны қашанда ауырып жан саулығын іздейтінін ескертеді. Білімге мастанғанымыз соншалықты ден мен тәннің айырмашылығын ұмытып денге керекті дәріні (батаны) жоғалтып, тәнге қажетті азықтан басқаны ойламай адамдық өмірден хайуандық тіршілікке ауысқан қазақ «Евро стандартпен» семіздік дертімен жаппай ауыра бастадық.
Дін танытушылардың да «Араби стандарт»-қа көшіру нәтижесі де жемісін беріп санадан өшіріле бастаған қазақи «денімізді» жаратушымыз «Әр әлеуметтің белгілі мерзімі бар» екендігін ескерту үшін өз қасынан «Дем» бере бастады. Әрбір көмес істің көрінуі қашанда қарсылық пен қызғаныш, залымдықты қоса тудыратыны тарихтан белгілі. Себепсізден себепсіз жапырақ та түспейтіні иманды пендеге түсінікті болғанмен, наданға естірте алмайсың; соқыр, саңырау болып өз бағытынан қайтара алмайсың. Болашақта нақты ғылымын, Құран арқылы өлшемін, сандық мәндерін дәлелдей жатармыз, әзірше тек «Жел тұрмаса шөптің де басы қимылдамайды» деп құдайдың құдіреттің сипаттарын жасынан бойына сіңірген иманды шынайы қазақтар үшін Құранда ескертілген нұр сипаттың бірін суреттеп көрейін. Соның бірі «Ақ жол»-да батамен жетелеп аталарымыздың қандай бізге беймәлім құпияларға көзімізді ашып жатқанын, өз басымнан өтіп жатқан деректерді ғана әңгімелесем деймін.

       Қазіргі заманда арнаулы медицинаның жетістігі зор. Тіптен адам гендерін алып шыны ыдыстарда адамды жасап көріп те жатыр. Қаншама жұқпалы дерттерді құрықтап, вакциналар арқылы жою тәсілдерін меңгерді. Бірақ ауру азайған жоқ. Себебі Ібіліс те періште ғұлама, қарап жатқан жоқ. Адамның ағзасын, жүйкесін жұқартудың неше түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Тіптен компьютеріңізге де кіріп алып жасаған жоспарларыңызды да ауыртатын вирустарды ойлап шығарды. Әлемде қанша медицина ғылымы дамығанмен Тибет медицинасына әлі жете алған жоқ. Ал қазақ халқында бабаларымыз бұл салада қандай жолмен өз үлестерін қалдырды. Әрине қазір не бір қасиетті бауырларымыз, ұл-қыздарымыз не бір кереметті көрсетіп жатыр, жазып та жатыр, оның бәрін қайталағым да келмейді. Алла қосса әлі бөлек қазақи емдерді де жинақтап қыры-сырын ашып танысатын жинақтар да жазылар.

      Қазақ халқында жел, су, жер, от күшіне ерекше мән беріп оны емдеу тәсілдерінде қолдана білген. «Шырағың сөнбесін», «Қыз шырақ», «Шырақ жағу» тіптен қыз ұзатса да «Басқа шаңырақтың отын жағуға» кетті деп те айтатын болған. Қоныс аударып жайлауға немесе күздеуге көшетін болса екі отты жағып арасынан жүгіруменен бүкіл көшті өткізіп аластайтын болған. Құран Кәрімде «шырақ» сөздері кездеседі. Әрине бекерден емес, оның өзіндік сандық мәні, қуаты, орны бар деген сөз. Оны анықтау болашақ зерттейтін ғалымдардың үлесінде. Бата алу, тазарту кесапатты энергиялардан «Ақ жол» ордаларында шырақ жағу арқылы жүргізіледі. Ал Тибет медицинасында адам ағзасындағы әртүрлі себеп-салдармен тоқтап қалған, кірлеген энергетиканы орнынан қозғап, жұмыс істетіп шапағатты энергия көздеріне айналдыру үшін адамдарда 8 көз бар екендігін (энергия бездері жамбас сүйегінде белгісі бар) дәлелдеп оны ашып адамның көріпкел, гипноз, қолының жылу энергиясын, есту, көру, төзімділік қасиеттерін ашуға болатындығын дәлелдеп қолданып келеді. «Адамның бұл өмірге келген мақсаты» дейді тибет емшілері: «Алла берген қуат көздерін дұрыс пайдаланып, тауысқан соң жоғарғы басқа даму сатысына көтерілу» дейді. Алдыңда екі жол тұр дейді тибет ғұламалары; бірі Аллаға қосылу, екіншісі бүлдіргіш күшке айналып періге қызмет ету. «Ақ жолда» осы тибет ғұламалары зерттеген және ашпай жатқан құпия тәсілдерінің бәрі де бар. Бірақ оны саналы ұл-қыздарымызға жүрекпен сезе білу керек. Сезілу үшін әуелі жүректі тазарта білу керек. Әрине ордаларда: қылыш салу, қамшымен, тасбихпен дем салу, қол биоэнергетикасымен тазартып, шырақ жағып, әруақтармен бата арқылы емдеу тәсілдерін және де әулие бастарына зияраттап түнеп, кесапатты энергиялардан тазарып неше түрлі арнаулы медицинанадан, халық емшілерінен көмек болмаған аурулар жазылып жатыр. Жалпыға бірдей хикмет болып аруақтардың тылсымнан беріп жатқан батасы болып басталады. Әрине жасыратыны жоқ сезім бата, түйсік бата, бала бата, шала баталар да болып жатыр. Бұл да әрине ібілістің қарап жатпағандығының айғағы және ешқандай оқиға түзу сызықпен дамымайды міндетті түрде ішкі, сыртқы қайшылықтардан тұрады.. Оған алда әлі тоқталамыз.

       Жоғарыда айтып кеттік бата беру тек 5 атамыз Түктібай, Сүйінбай, Сарыбай, Жамбыл, Қайназар аталарымыз арқылы деп. Әрине Құран аяттарындай оның да өзіндік тұрақты сандық коды бар. Бата арқылы әруақтар бізге Құран аяттарының мәндері арқылы ғажайып мәліметтер беріп жатыр. Өз өміріміз туралы, өмірдегі құбылыстар, болатын қиындықтар туралы ескертіп, қай жерінің мазалап жүргенін, тіпті астындағы көлігінің болып тұрған ақауларын да ескертеді. Қандай қасиеттерінің тұқымда (генде) бар екенін ескертіп, әрі қарай сіздің сол 8 энергия көздерін рет-ретімен қалай іске қосылып жатқанын өзіңіз де байқамай қаласыз. Ғажап! Әруақтар бізге Құранның аяттарын өз реттік санымен «оқы, жаттап ал» деп айтып нұсқау беріп жатқанда тіптен таң қаласың. Сол өзінің көкейінде жүрген уақиғалармен дәлме-дәл сәйкес келетінін қайтерсің. Тибеттік ғұламалардың 15–20 жыл оқытып дайындап көптеген азапты сынақтардан өткізіп ашатын энергия көздерін Алланың рақымымен әулие ата – аналарымыз аз уақыттың ішінде небір қасиетті ұл-қыздарымызды дайындап жатыр. Құрандағы көрсетілген есептік жүйесімен алдағы басылымдарда таныстыра жатамыз, негізгі сезімдік белгілер жүйесі 3+5+8 болып, адам баласының шектік, тұтастық сана сезім белгісін береді. Демек тұтастықтың алғы шарты болып 3+5 белгісі қазақ халқына ақыл-ой, бақ болып беріліп жатыр. Арыстан баба, Айша ана, Ясауи баба үштік көктік белгіні (есік) құраса бес ата ай асты бес текпен (жер есігі) байланыс белгісі болып табылады.
Ай астында төрт тек бар,
Астыңа жайған төсектей,
Аспанда жалғыз әсер бар,
Бір өзі көпке есептей.
Осы бесінші заттың сыры адамзатқа құпия болып аспан сыры болып әр халық әр түрлі атап Эфир, Этқар деп келсе араптар мұны Эсер дейді. Сол бесінші заттың сырын (асыр) білсең талай ғажап жұмбақтың шешілетінін ежелден әлем халқы білген. Бесінші негіз-бесінші ана тілі ол, оны білсең бесіктегі жас баланың да тілін білесің. Төртеуді түгелдеп төбеден ала білген ата-аналарымыздың жиған пешенесі мәңгүрттеніп бара жатқан ұрпақтарына үлестіріле бастады. «Пешене беспен»!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *