Сүндетке отырғызу.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 187

Баланы сүндетке отырғызу жөнінде Құранда ештеңе айтылмаған. Бұл дәстүр мұсылмандардың дәстүрі болып саналмайды. Оның шығу тарихы тіптен тереңде жатыр. Оны көпшілік мұсылмандар түсіне бермейді. Бұл әдет ислам келіп шықпай тұрып-ақ Египет пен Эфиопияда, сол секілді иудейлер арасында кең тараған еді. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың айтуынша бұл дәстүрді есте қалмай ұмытылған замандардан-ақ мысырлықтар, колхтар және эфиоптар ұстанған.

Шариғат заңында ата-анасы, жақын туыстары және қамқоршысы бала кәмелетке келгенге дейін сүндетке отырғызу бұйрық етілген. Егерде ол бала дер кезінде сүндетке отырғызылмаған болса, онда үлкейгеннен соң өзі жасатуы тиіс. Бұл дәстүрді атап өткізу де әртүрлі. Әсіресе түркі тайпалары сүндетті дүркіретіп той жасап өткізуге тырысады. Мысалы, Египет сұлтаны Бейбарыс 1264 жылы шілдеде Каир қаласында ұлын және онымен қоса әмірлері мен әскерлерінің 1645 балаларын салтанатты той жасап, сүндетке отырғызғанын Тақи ал-Дин Ахмад әл-Макризи (1364-1442) өзінің еңбегінде жазып қалдырған. Сүндетке отырғызу жайлы зерттеулер әр түрлі пікірлер жазуда. Біреулері дене мүшесінің бір жерін құдайға құрбандық етуден шыққан ежелгі дәстүр десе, екіншілері ержеткендікті, батылдықты сынайтын, жеке бастың гигиенасына байланысты пайда болған деседі. Ислам сүндетке отырғызуды өзіне қабылдап, оған исламдық түр береді. Ендігі жерде сүндетке отырғызылмағандардың мұсылмандығына күмән келтіретін болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *