Ой, ес, ақыл, ар және Рух танымы.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 174

     Әр халықтың дүние танымдық, салт-дәстүрлік және жаратушы негіздерін тану ерекшелігі болуы өз өмір сүрген ортасына, ішіп-жем, тұтыну бұйымдары, қоршаған ортаға тигізетін зиянды-зиянсыз әсерлеріне тәуелді болып келеді. Бір халыққа ортаға бейімделу дәрежесінде жақсы зиянсыз әсер еткен нәрсе келесі бір халыққа кері әсер беріп, жұмбақ немесе аз мағлұматы бар болып танылады немесе басқа қырынан белгілі болады. Бұл жаратушымыздың адамзат баласына беріп қойған есебі. Әр халықтың бақытты өмір сүруі сол арқылы жаратушыны тану жолдарын қалыптастырады. Бақыт түсінігі бір тек барар жолдары, іздері бөлек.

         Жалпы танымал нәрсенің барлық қырынан белгілі болған жағдайда ол туралы талас тудырмайды. Ол белгі тек ақиқат ғылымы ғана. Ал сол танылу қажетті болған нәрсеге шала ғылыми негіздеу, шала танымдық белгіні, тұжырымды туындатады да сол туралы пікір таластар пайда болады. Сонан барып кейбіреулер еліктеу әсерімен немесе сол негіздің екінші жағын іздеумен қате түсініктер, нанымдар пайда болады.

Бұл таным негіздерінің әсері кей халықтарда айқын, кей халықтарда орташа, кей халықтарда құпия болып сол нәрсеге, танымға көзқарасы қалыптастырылады. Ізденіп дамытып талапқа талғамға сай келтіріп, немен аяқталатынына көз жеткізе алмау адасуға немесе бір тоқырауға әкеліп тірейді. Тек ізденіс қана шындыққа жетелейді. Көп жағдайда шындықтың танымдық істердің бұрмалануына күдіксіз сенім, яғни білімсіз, ғылымсыз сенім негізі жатады.

Осы сенімге еге болған биікке жеткен, көпке танылған адамдардың кейде өзі де толық меңгере алмай қате түсініп, шындықты білместікпен бұрмаласа, ал кейбіреулері мақтанмен өз дәрежесін көтеру мақсатында өзі түсінбеген, ойы жетпеген нәрсені айналып өтіп, жалғандыққа бұрмалайды. Ал кейбір ғылыми дәрежесі бар пенделер түсінде аян арқылы көріп толық мәнін шеше алмай қате түсініктерге  тұжырымдаулар жасап, шындықтан бұрылып кетіп жатады. Кейбіреулер өзі жеткен биігін сақтау мақсатында сол түсінікке өзі де сеніп өзгені де сендіреді. Ондайға халықта «дүмше  молда дін бұзар, арамза ғалым ел бұзар» — деген.

Сондықтан бағыт-бағдар алам десеңіз жамандық белгілерін ажырата білу қажет. Оған жататындар:

—         Бірінші бұрынғы заманнан еріп келе жатқан үнемі бой көрсетіп отыратын қоғам ауруы — өмір сүре білу үшін жеңе білу қағидасы – қарсылық заңы. Өз Отаныңды сыртқы жаудан қорғау, семьяңды қорғау ол адамгершілік парыз болса, ол оны әдетке айналдырып пайда келтірмейтін нәрсенің бәрін жою керек, құрту керек немесе басқа түрге түрлендіру, айналдыру болады. Яғни әрбір істен, қимылдан тек пайда табу, пайда көру мақсатын іздеу болады.

—         Екіншіден осыдан хайуандық тәсіл қасқырларда кездесетін жеңіске жету, өз мүддесін көрсету мақсатында қырып-жою, өлтіру. Сол арқылы үстемдігін жариялау бақытқа жетелейді деген қағиданы жеке адамдар, топтар, ұлт арасындағы кездесетін мінез жамандыққа жолықтырады.

—         Үшіншіден адамдар өз дәрежесінде еркіндікте болу керек, бір-біріне ешқашанда тәуелді болмау, ол тәуелділік тек пайда көру мақсатында сыртқы әсермен ләззат, қызық көру, т.б. қажеттіліктер қатынасы да жамандықты туындатады.

—         Төртіншіден өз қажеттігі үшін ғана бағындыру немесе бағыныштылық. Өз қасына бағынышты адамдарды топтастыру арқылы келесі өзімен теңдес болатын адамды бағындыру немесе артықшылығын көрсету. Атақ құмарлық, шен құмарлық жамандық белгісі болып табылады.

—         Бесіншіден тек бір мақсаттағы мүдде үшін қарым – қатынаста болу. Өз руының немесе туыстық белгілерінің басқа сондай рулардан, туыстардан артықшылығын, ерекшелігін білдіру мақсатындағы қарым – қатынас жамандықпен аяқталады.

—         Алтыншыдан отырған, қоныстанған, барған жерге ғана байланысты мәжбүрлік қарым – қатынаста болу да жамандыққа жолықтырады.

—         Жетіншіден көрген қорлық, қиындыққа байланысты бір-біріне тәуелділік немесе ауырдың асты, жеңілдің үстінде болып қарым – қатынас бірге жолға шыққан адамдар арасындағы барар жерге жеткенше өз басын қалай сақтаудан, тіршілік қарекетіне сәйкес келеді. Бақытты өмір сүру дегеніміз  тура жолды таба білу. Жеке жалғыз бастың бақытты болуы мүмкін емес. Бақытты болу жан мен жанның мүлтіксіз қосылуы. Сонымен бір-бірінің қарама – қайшылық жағдайын теңестіру, жан теңдігін сақтау. Ол ата – ана мен ұрпақ өз ұлт арасындағы жан теңдіктерінен бір түпкілікті негізгі мақсатқа бағытталып, жаратушымыздың берген есебін шығара білу және өз жетістігімен, бақытымен бөлісе білу ғана және олар бір жерде тоғыса білсе ғана түсінушілікті тудырады да  қоғам бақытты болып саналады.

       Енді оның баспалдағы тәнді қалыптастыру арқылы  жанды қалыптастырады. Тән жанның бесігі немесе уақытша қонақ үй. Сол үйді күтіп ұстап, ішкі мүлкіне сырт көздің сұғын түсірмей, есіктерін ұқыптап жауып, тек керекті мүлікті жинауға парыз қағидасы бекітілген жаратылыстан. Сондықтанда әрбір істі қимылға, сол істің нәтиже болмысына және дамыту өсіру деңгейіне жеткізе алғанда (керекті дүние алғанда) жан рахатын, жан шуағын сезуге болады. Бұл сезім бақыт белгісі. Оған ақылдың жарығымен ғана жетеді. Ақылға сәуле жаратушымыздан беріледі. Соны жарыққа айналдыру үшін 5 қуаттың 19 түрлендіруінен тәнде нұр пайда болады

Ой жұтылады  қашанда.  Қараңғылыққа түседі. Қараңғылық нәпсіні қозғап  жалған ләззат қақпанына түсіреді. Қараңғылық ой сынағы. Оны тек ақыл – ой үнемі тартыста  болып сол істің шешімін тауып қиындықтан шыға білсе, ес тазарып жақсы іс-қимылдар туындайды.

Тепе – теңдік жоғалса 5 қуаттың алмасу жиілігі бұзылады. Теңдік жоғалған пендеде керекті қажетті нәрсеге жиіркеніш пайда болып, зиянды, керек емес нәрселерге құмарлығы артып, бірінші жан ауырады, сосын тән бұзылады. Ең қауіптісі жан ауруын сезбеу. Оны тән сезе бермейді, ақыл ғана өлшейді. Түс белгісін беріп анықтайды.

Тән ауырса жан сезер,

Жан ауырса кім көрер

Жібін үзсең ақыл – ой,

Бақытқа жолың кесілер.

Әзәзіл кірсе жүрекке,

Қанағат қабың тесілер.

Тойымсыздық кіріп көңілге,

Ойымен ақыл таба алмай,

Қор болды талай есіл ер!

Сондықтан да адам баласына жаратушымыздан ақылды табу, күту белгілерін ескерткен ол үшін:

       Жаратылыс басын себебін ажырата біліп үйрену шарт. Осы екі арадағы табиғат арасындағы байланыс себеп-салдарын, рухқа дейінгі  жолды ажыратып, айқындай білу керек.

       Табиғат жаратылыс нәрселерін және оның пайда болу және жойылу заңдылықтарын, одан қандай әсерлер пайда болатынын, зиянды, зиянсыз қатынас бөліктерін ғылым-біліммен ажыратып қорытынды жасай білу қажет.

       Адамның өсіп жетілу, даму заңдылықтарын, құрылыс  ерекшеліктерін,  ахирет заңдылығын, байланыс, қатынас жүйеліктерін, одан туындайтын себеп салдарын білу, меңгеру.

        Тарихты зерделеу, содан қорытындылар шығара білу, өз бағыт-бағдарын анықтау, яғни дәстүр заңдылығын білу, меңгеру қажеттілік.

         Дәстүрге байланысты туындайтын өмір қағидаларын, жақсылық, жамандықты тудыратын себеп-салдарды, бақыт пен бақытсыздық белгілерін тарихтан салыстыра отырып ажырата білу шарт.

        Біліміңді жетілдіріп ғылыммен шектеп, ақынмен ойда тоқып өз ортаңдағы тіршілік әдеттерін қалыптастырып, көп жағдайда өз ой-өрісінің жетпеген нәрселерді өз қателіктеріңді мойындай білсең де ондай ақылды адамның (көпшілік мойындаған) артынан ілесе білу де ақылдылық белгісі болып табылады.

      Ақылды іс-қимылға, сөзге, бір шешімді тұжырымды бағытына қарай ар қалыптасады. Ар көрінбейді, білінбейді, ғайып. Адам өмірінің ғұмырының жемісі. Рухтың іске, сөзге, қимылға айналып сол белгілі өлшемдегі орындалу мөлшері болып ар жиналады. Рух жаратушыдан беріліп толықтырылып отыратын жоспар шамасы. Пендеде белгілі шамада қалыптасуын сана деп атаймыз. Ой мен сана есті қалыптастырып, ес пен білім тоғысып жад яғни жете болып күнделікті тіршілік жоспарына айналады. Тек ақыл ғана толықтырып, шегеріп, шектеп бейнелеп сөзге, белгілі бір іс-қимыл нәтижеге жұмсап отырады. Көру, есту, түсіну қабілеттерін біріктіруші ар жанның табысы жарықпен өлшенеді. Негізі от болып пенде баласының қоршаған ортада қарсылық шамасын белгілейді. Кейде ұят кейде намыс болып адам баласының әдебінің көрінісін айқындайды. Ар тозуға, жоғалуға тән сипатта болмақ. Сондықтан үнемі адам баласына арды күтіп бағу, өсіру парыз болып үкім берілген жаратушымыздан. Екіншіден рухтан белгілі бір үлес алу арқылы Ар өседі, дамиды, кемелденеді. Сондықтан біз оны адамның, елдің, халықтың «Рухы» деп атаймыз да. Сондықтан ахиретте оны біртұтас адамдар деп атаған Алла тағала. Сол біртұтас адамдарда халықтың, елдің мыңдаған жылдардағы тарихы жазылған және жазыла бермек болашақта. Екінші ұғымын «Шежіре» деп те атайды. Ол әр халықтың тамыры немесе ғылыми тілде «Гендік код». Осы жазылған көрінбейтін құпия тарихты немесе ғұмырды «Уақ» деп атаймыз. Уақ сөзі түбі сақтан тамыр алады, тарайды деген ұғымды ескертеді. Ал сақтар түбі нәсілдік белгіні Нух қауымынан алады. Қазақта Аруақ сөзінің пайда болуы сол түпкі тауға үңгірге тығылған бабаларымыздан тарайды. Аруақ киелі рухпен арасындағы байланысшы, аралық жандық жүйе. Ол жүйені тәндік, рулық немесе ұлттық жүйемен салыстыруға болмайды. Ол құпия тек құранда. Сондықтан да «Адамдар нашар жаратылған» деп ескертеді Алла тағала, пендеге рухты, сәулені тікелей тура қабылдау мүмкіндігі берілмеген. Себебі құранды алуға таулар да, жер де бас тартты, тек адам ғана алды деген аяттың астарында қаншалықты құпия жатыр. Аруақ қана міндетіне алады рухты меңгеруге сонан тамшылап жеткізіп отырады. Адам жаны Алламен кездесуге ары әлсіз өртеніп кетеді, сондықтан көптеген сатылардан өтіп барып жақындайды. Пайғамбарымыз ғана жүздескен онда да қаншама перде сыртынан ғана. Сол перделер саны пайғамбарлар жаны мен Алла арасындағы саты болып есептеледі. Аруақтың да сатылары бар. Пайғамбарлар, елшілер, әулиелер арқылы байланыста сапта тұрады. «Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрием ұлы Масих Ғиса Алланың елшісі әрі Мәриемге жалғастырылған сөзі және  Алла тарапынан рух». (Ниса -171)

       Ана тілі арқылы жалғасты келіп тұратын көркем сөз, рух. Демек рух сәулесі Ғиса пайғамбар арқылы жалғанса, сөз тегі Мариям ана арқылы жалғанады. Қалған төрт сәуле қалай жалғанған? Қасиетті кітаптар арқылы ғана сол тектер сипат тізбегін анықтап қана ақиқатты көреміз. Ол ақиқат шеңберіндегі әр халықтың сөздік қоры рухтан бөлінген бөлшегі болмақ. Тек жақсылық жағына дамып жетіліп толықтырылып отырған сайын ғана халық та ілгері дамып өркендеп отырады. Әрбір пенде ақылымен ойлап, көркем сөйлеп, сол теңізден өз үлесін өмір қылып алуы парыз етілген. Сол өмірден алынған жазу ғұмырды «жан сыры» деп атаған Әулие бабамыз. Оны тек қасиетті кітаптар мен Жаратушымыздың даналық ақыл насихаты болып түсірілген уақи аяндар ғана жан сырын қалыптастырады.

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар,

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар…

Ғайсадай жан беретін таңның желі,

Қайғымды желге ұшырып, тірілт мені!

Ақылым кәрілікке жабырқама,

Талпынып тағы да ақтар дүниені.

Қайратым, қарсы тұрып қайраңдап шық.

Әдейі сақтағанмын соған сені,

Тілім, сен барша жанға пайдалыны айт

Ақынсып айта бермей әлденені

Шебер тіл жүйрік ойды шеше білсе

Таусылар деп ойлама сөздің кені

Жыр өлең, насихат сөз, мақал, тақпақ

Тауып айтса-дауасыз дерттің емі

Сырты сау, іші науқас елдің дені,

Алдап айтқым ақыл көп – тіл шешені

Жайдары сып құйрығын жайғақтатар

Жүрегінің сыры сөйлегені.

      Жан сыры нұрға айналып сол жинаған нұрға қаншалықты Жаратушыдан Рухтан үлес алып қабылдай алса, әрі қарай жан да өсіп-өнуге  жолдама алады. Болмаса сол дәрежеге жету үшін біртұтас жандар біріктіріледі.

Әзірейіл келіп Арыстан Бабам жанын алды

Хорлар келіп жібек тонмен кебіндеді.

Жетпіс топ періштелер жиылып келді

Сол себептен алпыс үште жерге кірдім.

Жаназасын оқып жерден көтерді де,

Бір сәт ұжмақ ішіне жеткерді де.

Рухын алып жаратқанға жеткізді де

Сол себептен алпыс үште же     (1 хикмет)

Жолбасшы мен жаратушының зікірі күшті

Пірмұхан сөздерінен алса патуа,

Жан сыры ғарышты бұзып табар пана,

Қолымды ұстап жолға салған, ей жолбасшым

         Жан адам өмірінің зейнетінің, бүкіл қасиетінің сарайы болса, Рух – көркем сөз адамзатқа берілген таусылмайтын теңіз қазына болмақ. Жан Рухтан сәуле алып жұмсаған нәтиже Арға жарыққа айналып көру, есту, түсіну қабілеттерін өсіріп үшеуінің біріккен жиынтығын Аруақ деп атаймыз. Жан мәңгілік өлмейді және қайта жер басып үнемі дамуда қозғалыста болады. Тек қызмет орны және шамасында ерекшелік айырмашылық болады. Сондықтан құранда берілген жан ғылымында Аруақтың даму сатысы бар. (Ол үшін жаннаттар құпиясынан мағлұматтар береміз келесі кітапта.) Аруақ өседі, дамиды, ол нәтижені ахирет өмірі деп атайды. «Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Сонан кейін үгінді болады. Ахиретте қатты азап әрі Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі. (20) Раббыларыңа жарылқауға және кеңдігі жер мен көктің кеңдігіндей: Аллаға, елшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жаннатқа жарысыңдар. Ол Алла (т) ның мәрхаметі. Оны қалаған кісісіне береді. Алла (т) зор кеңшілік иесі» (Хадид-21) Тек кісіге, киеге айналып қана жандар жаннаттық бола алады.

Жер мен көкті, тозақтарды жүргізіп тұрған жаннаттықтар! Ол тек сынақтардан сүрінбей өткен жандар үлесіне тиісті. Бақыттың тегі. Аруақтар мекені жаннаттар ғана. Болашағын болжап өмірін соған ғана лайықтап мәңгілік өмір шуағымен ләззатын іздеген соған лайықты іс қылып өз тамырынан қорек алған жан ғана бақытты аталмақ, жемісі өсіп-өнген қасиетті ұрпақ болмақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *