Жер асты жолдарын су және басқа да байланыс белгілерін құранда; (Ғанкәбүт) «арна» деп атаған. Сол арнаның әрбір мемлекет, қалаларда белгісі бар, оны апан деп атайды. Жер сілкінуден бастап бүкіл табиғат апаттары осы жолдармен белгілі мерзімде атқарылып отырады. Ай жолдармен, аспан қабаттарымен тікелей байланысты. Аспан әлемінде сол жолдарды өсіруші көркем сөз болса, жер асты жолының бұтағы да жемісі де теріс дыбыс, жаман сөз, Алла тағалаға қарсылық ниеттер тербеліс қуаттарына айналады. Аспан әлемінде аспан денелерін жұтатын қара апан болса, жерде де сондай оқпан бос кеңіестік пайда болады. Апан деп жойылу, жоғалу және жұтылу, қирау орын белгісін айтады. Пенделердегі пайда болатын арна белгісін ажал дейміз. «Сендер бір жағдайдан, бір жағдайға өтесіңдер». (Іншиқақ-19)
Сол жағдайдың болу уақытын қиямет деп атаған. Қияметтің де төрт мезгілі бар. Ерте ме кеш пе болу уақыты тағдыр деп аталады. Соған себептерді жаратып сынақ уақытын белгілеген. Енді мемлекеттер үшін де белгілі бір тербелістік даму жүйесі бар. «Әр әлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар, сол мерзімі келген сәтте, бір дем кешікпейді де ілгерілемейді».(Ағраф-34) Ал сол мерзімдерді қалай білеміз. «Әр жыл бір, екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды»(Тәубе -126). Жалпы әрбір пенде үшін және әлеумет үшін үлкенді-кішілі жылына бір немесе екі рет сынақ жүреді. Сол сынақтар арасы мерзімдік сипаттары бар. Және де ай орнына байланысты жүреді. Мемлекеттер үшін де әртүрлі су, от апаты, соғыстар, түрлі аурулар, т.б. сынақтар түрінде ескертулер түсіп отырады. «Ол сендерді үстеріңнен немесе аяқтарыңның астынан азап жіберуге, не сендерді топтар түрінде ұрыстырып біріңе-біріңнің кесірін таттыруға күші жетеді де». (Әнғам-65) Және әртүрлі пенде арасында немесе мемлекеттер арасында болсын ұрыс, жанжал немесе соғыстар арқылы сынап жазалап отырады жаратушымыз. «Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді де» (Ғанкәбүт — 20). Болмаған жағдайда үлкен апаттар арқылы жер бетінен мүлдем жоқ етуі де мүмкін және сондай апаттардан сабақ алу үшін белгілер қалдырып отырады.
Әр сүренің өзіне тән таңбасы немесе аты бар. Ғанкәбүт – арна және апан деген ұғымды білдіреді. Енді апандар белгісін тізбектеп жіктеп көрсек.
1) Нух қауымы — әр түрлі зұлымдық, шектен шыққан дандайсулар жасаған, апат белгісі топан су болды.
2) Ыбырайым қауымы – Алладан өзге тылсым құпияларына (жындарға) табынған, шоқынған, апат белгісі – от.
3) Лұт қауымы – арсыздық, нәпсіқұмарлық, бір жынысты қарым-қатынастар жасаған, салт-дәстүрден алшақтаған, апат белгісі көктен пәле жауған.
4) Мәдиян елі Шұғайып қауымы – Алланың бұйрығына қарсы шығып елшіні, түскен белгіні, хикметті мойындамай, жазықсыз жазалаған, күш көрсеткен. Апат белгісі — жер сілкіну.
5) Ғад, Сәмуд елі тек жақсы тұрмыстың соңынан түсіп шайтанға еріп дінсіздік жайлап, қалай болса солай өмір сүру арқылы елшіні тыңдамай, жер сілкіну және белгісіз себептермен ғимараттардың қирауы, жойылуы болған.
6) Мұса қауымы –Жер жүзінде дандайсып, зәулім ғимараттар салып, ғылым дамып, өздерін басқа елден үстем көріп, күш көрсету өзіндік заңдарымен өмір сүріп және соған басқаларды да мәжбүрлеген.
Әр түрлі апат белгілері түскен:
1) Сиқыр, арбау істеріне – тас жаудыру немесе жанар таулардың атқылау апаты болады.
2) Дандайсып жаратқан иесін ұмыту — ащы дауыс, боран, жел апаты.
3) Зәулім құрылыстар салып көкке өрлеу – құрылыстарды жер жұтады.
4) Осы барлық белгілер бір жерде пайда болғанда суға батырып топан су мен қирау апаты болады.
«Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп түзушілік істемейтін 9 кісі бар еді» (Нәміл-48)
Тоғыз түрлі бүліншілік белгісі болып жер жүзінде және сондай бүліншілік ұйымдастыратын тоғыз кісі үнемі шығып отырады деп ескертеді. Аятта: «Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды біледі, өтірікшілерді де біледі (3) Немесе жамандық істегендер, бізден қашып құтыламыз деп ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!». (Ғанкәбүт -4)
Ол үкім дінді мемлекеттен бөлу және ата-баба салған жолдан ажырау, дін істеріне тыйым салу. (Орамал, дінге байланысты киімдерге тыйым салу).
«Олай емес негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді». (49)
Енді мына аятқа мұқият зер салсақ: «Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында бұл Аллаға оңай» (19) Жаратылыстың да тербеліс жүйесі болады, яғни бір шегіне жетіп кейін қарай қайталанады, сол белгілер соңынан бастап қайталанады деп ескертеді. Сондықтан сол апаттарды кейін қарай есептеп шықсақ, ірі қирау белгілерін көруге анықтауға болады.
«Рас Нұхты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар: залым еді.» (Ғанкәбүт – 14) Алғашқы ескерту мен жойылу арасы 950 жылды құрайды.Сол уақытта әрбір 95 жыл сайын үлкен ескертулер болып отыруы керек. Және мезгілдік тербеліс жиілігімен қайталанып отырады. Әрбір 9 ай сайын апаттардың ерекшелік белгілерін көруге болады.
Соңғы апат суға батыру белгісі жер бетінде жүріп жатыр. Ол жәй ескерту ғана. Қалған ұсақ ескертулерге ғана тоқталсақ. Негізгі шоқыну жазасы, от апатымен ескертіліп Ибрайым пайғамбар белгісі болып есептеледі. Англия мемлекеті бір жынысты некеге рұқсат берді. Үш күннен кейін май қоймасына көктен пәле түсті. Түркия орамалға тыйым салды. Үш күннен кейін әуежайы өртенді. Ол Лұт пайғамбар белгісі. Ресей т.б. мемлекеттерінде жер сілкіну болып Шұғайып пайғамбар белгісі түсіп жатыр. Ащы дауыс, боран және су басу Америка құрылығы, Тайланд, Қытай т.б. мемлекеттер (Лұд, Салих) елшілер белгісі болып ескертіліп жатыр.
Алматы қаласының әуе жайы өртеніп, белгі түскен еді. Ол орталықтың ауысуымен Астанаға қарай кетті. Желтоқсан айында шырша құлап, қонақ үй өртенді. Сонан кейін 25 қабатты ғимарат жанды. Әрине оны кездейсоқ дей саламыз. Апат мерзімін есептеп көрейік 9 ай және 18 ай арасын құрап отырады. Жоғарғы лауазымды пенделер арсыздыққа қарсы заң шығарып шара көрсетпесе қайталана бермек. Кезекті ескерту 2007-нің ақпан айының келіп Астана мен Алматы арасындағы темір жолға келіп ескерту болды. Сол ескерту наурыз айына келіп одан кейін мемлекет болып қорытынды шығармаса үлкен ескерту болмақ. Тек адам шығыны болмаса деп тілейік. Себебі жылына екі келген ескерту келесі жылға адамдар өлімімен болары ақиқат. «Алла көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар. (44) Егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?» -деп сұрасақ әлбетте: Алла дейді. Сонда қайда лағып барады» (61) Осы аяттардан апаттар екі уақытқа бағынышты. Айға және күнге. Екі есеп уақыты бар ескертуге байланысты. Мұсылман күнтізбесі және күнге байланысты римдік санау жүйесімен. Құпия белгісі де бар. Мұнай таусылып қалады деп есептеп босқа әуреленгенше, осы қасіреттің болатын уақытынан сақтанайық, есептейік, шара қолданайық, ағайын! Қазақ халқында да шоқыну белгісі өз нәтижесін бере бастады. Мекемелер орамалға тыйым салып, дәрігерлерге дейін қайызғағы бұрқырап жалаңбас емдеп, әйелдеріміз жаман иісі бұрқырап тамақ дайындап, бүкіл еркектерді тамақпен улап белсіздер қауымына айналдырып жатыр. Жуық арада Англия «өркениетін» қуып та жетеміз. Тайландта тура 18 айдан кейін апат қайталанды. Тағы күнге байланысты да ескертулер түсіп жатыр. Әрбір ескертуден қорытынды шығармай қайталанған сайын апаттар да, жан құрбандығы да көбейе бермек. Үкімет басшылары мән бермесе қазақ жерінде де халық шығынымен апаттардың 9 ай, 11 ай және 12 айлық сынақтар ескертулер болып қайталанатыны сөзсіз. «Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді. (11) Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді. (12) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырады (13) Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы». (Фәжір-14).
Енді кімнен үлгі алуды, қай елдің қаншалықты шындықты тапқанын білгіңіз келсе құрметті оқушым, Алладан аман болсақ құрбан айында жер бетіне азап қамшысы жауады. Апаттар, соғыс, өрт, қирау бұзақылықтар болмақ. Оған дәлел; «Ағарған таңға (1) Құрбан айының алғашқы он кешіне (2) Әр жұп пен таққа (3) Өткен түнге серт. (4) Бұлар ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?» (Фәжір -5) Таң мезгілінен басталып, Құрбан айының алғашқы он күні үлкен қауіп болса, тағы әрі қарай жұп және тақ күндеріне сәйкес апаттар, түрлі уақиғалар түнге қарай ауысады. 2006 жылғы желтоқсан айының 21-нен 22-сіне қараған түннен бастап 31-ші желтоқсанға дейін үлкен апаттар белгісі жүрді жер бетінде. Оны алдын ала ескерткенмен құлақ салған пенде болған жоқ. Алматыда жәй ғана жер тербелісімен басталып, соңы 19-шы қаңтар айында европа еліндегі бүліншілікпен, әртүрлі қирау белгілерімен аяқталды. Қазақ елінде әзірше жәй ғана ескертулер түсіп жатыр. Ойлансын деген мүмкін жоғарыдағы лауазымды бауырларға ескерту болар. 2007 жылдың құрбан айының алғашқы он кеші 12 желтоқсанға келіп 22-ші желтоқсан арасында негізгі апат ескертулері болса жер жүзіне содан кейін тақ немесе жұп күндеріне ауысып құрбан айы біткенше сынақтар жылда міндетті түрде қайталана бермек. Одан басқа басты елшілер келген қазақ елі болып табылатынын ескерткен түрлі ғылымның да адам баласының да ақылы жетпейтін ауру түрлері, улану, жазылмайтын жаралар, жындану және әйел өлімі арта бермек. «Қаншалаған жан-жануарлар бар қорегін көтеріп жүрмейді. Алла (Т) оларды да, сендерді де қоректендіреді. Ол тым естуші, білуші». (Ғанкәбүт -60) Мұнай болсын, басқа байлық болсын, беретін де алатында тек Алла тағала екенін ескертеді Құранда.
Европадан батыстан озамыз деп бүкіл азғындық мәдениетін (өркениетін) қабылдап, солай өмір сүргісі келген бауырларға; «Алла (Т) көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты, өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді» (8)
«Көктер мен жерді жаратуы тілдеріңнің, түстеріңнің қарама-қарсылығы да, оның белгілерінен шексіз бұларда білгендер үшін белгілер бар». (Рұм-22). Әуелі өзіңді тану, дәстүр, тілді меңгеру парыз екендігін ескерткен және Алла алдында есеп береміз. Әуелі артыңа қарап өзіңді ойла, тек қазақ болып қана, салтыңды қадірлеп Алла тағала ризашылығына бөленуге болатынын ескертеді. Ендеше әйелдеріміз етегімізді жауып, ерлеріміз есімізді жинап ауылымызға қайтайық, ағайын! Әдебі жаман ауылға әйелін де апармаған аталарымыз.
«Көктерде және жерде қаншалаған дәлел бар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді». (Юсып-105)
«Бастарыңа келген бір ауыршылық қол екі істегендеріңнің салдарынан болады. Және Алла көбін кешіп жібереді». (Шура-30) Қанша бодан да болып, өзімізді де ұмыта бастасақ та, кешірімді, мейірімді Алла тағала қазақ халқына жол сілтеуге жетекші жіберуді ұйғарыпты. “Қашанда адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман кетірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары” (Кеһф-55) 1000 жыл айналып Ясауи жолы қайта көктей бастады. Тек енді сол қазынамызды ақылмен зерделеп, іс жүзіне айналдырсақ кешіреді Алла тағала әлі де қателіктерімізді, күнарапаларымызды және тура жолға салады. Ол үшін тағдыр атты сынақтар тұр қазақ халқы алдында. «Тағы біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып та кетті де: «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызды өздері де білмей қалды». (Ағраф-95)
Қазақ халқына келген жақсылық кездейсоқтық емес, жер де, қазына байлық та жаратушымыздан беріп жатқан сый және сынақ. Жақсы мен жаманды айырып, болашақ ұрпаққа отын мен азық және жаңа дәуір жандарын електен өткізу сол қуаттарды меңгеретін болашақ ұрпақты сыннан өткізіп жатыр. Сондықтан да тәубеге келмесеңдер кенеттен қолға аламын деп ескертеді. Қиыншылық сынақтан өте білген адам баласына берер рахмет жақсылығы бар, сол жақсылықтың алғашқы қадамы әр пенде өзін тани білу керек! Сондан кейін ата-анасын, тарихын білсе, тіліне, жеріне, халқына деген көзқарасы қалыптасып, өзіне-өзі есеп беруді үйренсе және өзі туралы күзетшісі қандай баға беріп, қайда бағдар бергенін ести біліп, сол ізді тапқан қазақ баласы, Алланың жіберген бір жібінен ұстап бақыттың есігін ашар.