Сыр ашу

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 99

Адам ба, періште ме, басқа ма? Әлде …

 Ақ боз ат мінген дене түсті жерге.

Сыр қылған түс аянын баяндайын

Адымдап уақыт та келді, міне.

«Алыстан келдім саған тыңда, бала

Адамзат баласынан таңдап дара!

Аманат арқалайсың тылсым жақтан

Алдыңа кілт тастадым, жетпес баға.

Бастайсың  Ата жолды қазағыңа

Тоғыз жыл алдан тосар сынағы да

Тазала жынды су мен арам астан

Халқыңды байлап алған құрсауына.

Айқасып пендешілік қаралықпен,

Жол баста биік шыңға даналықпен!

Дархан ел қолдай алар кезі болса

Еліңнің Бақ жұлдызы жанады, сен!

Алтай мен Атыраудың арасында,

Ұранда қазағыңның баласына!

Адамзат биігіне шығар жолды,

Айқындап, құя білгін санасына.

Ақиқат жеңе білсе, кең далаңда

Қазағың тұр биікте, ел аманда!

Тоғыз жыл сыр ғып ұста бұл аянды

Уақыт келген кезде, сен баянда!

Қолдасын сынақ жолда  Бабаларың

Пендені ниетінен танып алғын.

Ақиқат адамзатқа келді, міне

Майдан тұр ақ пен қара, жалын – алдың!

Берік бол қолындағы кілтке, ұрпақ.

Болашақ адамзаттың сында тұрмақ!

Биікке адалдықты көтере алсаң,

Заманға « Алтын ғасыр» жолы тұрмақ.

1997 -2006 сынақ жолда

Өтіпті содан бері тоғыз жыл да.

Жеңістің желбіреген туын ұстап,

Жетіпті қазағым да биік шыңға!

Мойындап уақытпен басқа халық,

Ата жол қадірімен бізді танып.

Үлгі алар кезеңдері алдан тосар,

Төкті Алла қазағына нұрын жарық!

Көтеріп Ата жүгін, Баба үмітін,

Халқымның аманатын, Ана сүтін,

Мақтаныш сезімдері, түртпектейді,

Қазақ боп тұрғаныма – Жаңа бүгін!

Қыдыралы Момбай ұлы Тарыбаев.     (Ақпан  2006)

Сол кілтпен бірге қазақ халқына Ғиса пайғамбардың көрсеткен кереметтері қоса сыйға берілді қазақтың ұл-қыздарына.

«Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз, ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі» Ісра –82. «Тағы біз әрқандай кентке елші жіберсек, олар жалбарынсын деп, ол жердің тұрғындарын таршылық, қиыншылыққа ұшыраттық (94) Сонан соң жаманшылықты жақсылыққа ауыстырдық. Тіпті артылып та кетеді. «Аталарымыздың басына да таршылық, кеңшілік келген екен» десті. Сондықтан оларды кенеттен қолға алғанымызда өздері де білмей қалды»(Ағраф -95)

       Үлкен сынақ келді қазақ жеріне! Баюға жанталас, баққа талас, бірақ бәрінің белгілі бір шегі, есебі бар. Ол кенеттен келеді әр пенденің, ұрпақтың, қауымның басына. Үкімет басында т.б. қаражат басында, мұнай қасында отырғандар мәз болып жүр. Ақылдылығымызбен байып өркендеп жатырмыз, бәрінен асамыз деп көкірек кере бастағандар табылып жатыр. Жоқ, негізіне ол иманға келіп басын иіп тура жолын тауып жатқан халыққа беріп жатқан Алланың несібесі! Ескертулер беріліп түсіп те жатыр.  Түсіндіру үшін 2 рет тоғыз айдан ескерту болса, 3 рет қиындық 4 –ші рет ескертпей үкім болып түседі.

Тура жолды таптық деп шариғат амалдарына мән бермей дүние қызығына түсіп кетіп жатқандар қаншама. Ол да сынақ. «Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығыда бар, егер Алла қаласа барлығыңды тура жолға салар еді».  Тура жол тек зияраттау мен сәжде жасау деп орта жолда жүргендеріміз де баршылық. «Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды кітапты адамдарға баян еткеннен кейін жасырғанда соларға Алла лағнет етеді, әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді» (159) «Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағнеті әрі періштелердің және бір тұтас адамдардың лағнеті болады» (Бақара -161) «Міне солардың жазалары: Шәксіз оларға Алланың періштелердің әрі біртұтас адамдардың қарғысы болады». (Әли Ғымыран — 87) Қазақта аруақтың назына қалма деп ескерткен және қатты күйінгенде «аруағым атсын» деген. Үлкен, тез орындалатын қарғыс болып есептеледі. Құран аяттарын есепсіз жүйелеп, сөз мағынасына мән бермей, тек арапша оқып барып керемет боласың деп дін ғұламалары надандыққа өздері де белшесінен батқанымен тұрмай халықты да соған үгіттеп жатыр.

   Тек көңілі соқыр ғана көрмейді түсінбейді бұл жоғарғыдағы  аяттардың мағынасын, тоңмойындықта болып мойындағысы келмейді. Болашақ басылымдарда есеп жүйесін көрсетіп ашалап түсіндіреміз. Енді сол бесінші жолдың белгісі Фатиха сүресінің 5-ші аяты құлшылық туралы болса, әр аяттың арасы 3 кезеңге бөлініп 33,3*3= 99,9 жыл болып, Ықылас сүресі құлшылық қағидасы болып осы жолдың негізгі есеп белгісі болып табылады. Жүйелесек;

           Бірінші аят: «(Мұхаммед . оларға) айт: Ол Алла, біреу-ақ». 100 жыл ішінде христиан атты халықтың үшеу деген ұғымы жойылады. Бірінші орыстар топ-тобымен ислам дініне кіретін уақыты басталады. Әрине сынақтарға түсіп тұқымы жоғала бастағасын амал жоқтан ислам дінін христиандар да қабылдайды.

           Екінші аят: «Алла мұңсыз (әр нәрсе оған мұқтаж)»Жалпы христиан халқы сәждеге бас қойып, жер бетіндегі халық түгелдей дін жолына түсе бастайды.

           Үшінші аят: «Ол тумады да туылмады». Үлкен апаттармен Алланың құдіреті жер бетінде дәлелдене бастайды. Алланың біреу екендігіне жер жүзі илана бастайды.

            Төртінші аят: «Әрі оған ешкім тең емес». Бұл аят 2500 жылдардың маңына келіп көк жақындайды, сонымен бірге таулар қозғалып жер бетінде өзгерістер пайда болады. Бұл бесінші жолдың соңғы ескерту болып әрі қарай жер бетіне тағы мүмкіндіктер беріп 6-шы жолдың үкімі түсе бастайды. Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар әскері жерге түседі. Ол фатиха сүресінің 6-шы аятымен басталып «Фәлақ»сүресінің 5 аятымен арасы 100 жылдан үкім жүреді. Келесі 7 -ші жол Фатиха сүресінің жетінші аятымен басталып «Нас» сүресінің жеті аятымен үкім жүреді.

      «(Мухаммед Ғ.С.) Өлең үйретпедік әрі оған ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (69) (Құранды өлең қылып жаттап алып, тақпақ қылып тек бір сарынмен айтудың дұрыс еместігін ескертіп, үгітін меңгеруді бұйырған). Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін» (70-Ясин) (Тірі пендеге сөз мағынасын ұғу шарт болса, ал мақаммен оқу өлілерге немесе көрінбейтін тылсымға байланысты болу керек. Әрине бұл жерде құран аят сөздерінің және арап сөзінің құпиялығына байланысты абай болуды ескерткен). «Олар егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірсе де (сенбейді). Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармайды ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға солар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Алла серттен таймайды». (Рағыд — 29) Құран үгітін меңгере алмаудың басты белгісі, қазақ діндар қауымның адасып жатқандығының басты себебі, арап тілін жете бағаламай, жаратушымыздың ескертуін құлаққа да ілмей, өзі түсінбесе де тек арап тілін жүргізіп оқыса болды құранды аударып оқимын деген мақтанның дәстүрге айналуынан деп біліңіз. Жалпы сөзге, қай тіл болмасын қастандық жасап жатырмыз. Оған алда толық есеп дәлелдер береміз.

     Көкірек көзімен көре білген, жаратылған нәрселерде бос кеңістіктің немесе жалпы тарихта себепсіз ештеменің болмайтынын, ата-анасын, елін, жерін қадірлеп, өзін кім екенін өзге ұлттан ажыратып түсіне білген, ұлттық намысы бар шын қазақ үшін өліктер сөйлейді, сөйлеп те жатыр ғылыми негіздеп жүйелеуге болады, тербелістік емдік қуаттық ерекшелігімен өтіріктен (түйсік батадан) ажыратуға да болады. Қарсы болатындар шала ғалым, шала діндар, шала тақуа, шала қожа немесе шала қазақтар. Рух тамырынан нәр, қорек ала алмау жалпы адамзат үшін жауап ол?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *