Ғайса пайғамбар аманаты

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 231

      «Жолдары бар аспанға серт! (7)  Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) шындықтан  бұрылған бұрылады. (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар  білімсіздік ішінде жаңылысуда». (Зарят11) Қай дін болмасын заманына сай ғылым біліммен жүйеленіп, басты анықтауышы сөз болып, ойға емес берілген дәлелдерге (уақи, аяндарға) жүгінбеушілік сол жолдардың апатына соқтырады.

«Егер олар Тәурат інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсіндірілгендерді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан әр аяқтарының астынан жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді» (Мәйда-66). Тәурат пен Інжіл кітап егелерінің адасып іштерінде тек орта топтың ғана қалатынын және олардың Раббылары тарапынан түскен (аяндар) нұсқауларды мойындамайтынын ескертеді. Сонымен бірге адасқан халықтар жердің бетінде де жоғарғы әлемге де өте алмайтынын ескерткен. Інжілді көшірі-көшіре христиан халқы да адасты. Тәураттан да сондай адасқан елдер бар. «Балтыр ашылады» деп ескерткен жаратушымыз. Ол діннен алшақтаған елдердің ішінде жаратушыдан келетін рахмет жан үлесінен айырылып, әйел заты ұрпақ өсіріп бала туу қасиетінің жоғалтатынын ескертеді.. Бар қасірет осы сөздің ғылыми негізінде жатыр, келесі кітапта қыр-сырын талқылаймыз. Енді Інжілден және киелі кітаптан христиандар уағызынан мағлұмат келтірсек; «Жуырда Құдай адамдарға өзінің ізгі  билігін жүргізе бастайды» (11:2; 19; 37 Елшілер істері 1:6 Библия) Жоханның хаты деген (киелі кітап) үндеуді оқысақ: «Сол кезде Жохан елші Түркиядағы батыс Андолудың теңіз жағалауындағы Ефес қаласының сенушілер қауымында қызмет етті. Алла тағаладан аян алып «ізгі хабар» деп болашақта болатын ерекше құбылысты хат қылып қалдырыпты».

      Осыдан кейін қарап қалсам, көкте ашылған есікті көрдім! Мен бұдан да бұрын естіген керней үніне ұқсайтын қатты дауыс маған: «Мұнда көтеріл, саған осыдан кейін не болуға тиіс екенін көрсетемін»-деді. Мен дереу Киелі Рухқа ерекше бөленіп, аян көрдім: көкте бір тақ тұрды, үстінде біреу отыр екен. Отырғанның сырт көрінісі яспис, карнеол іспетті асыл тастардай сәуле шашып, ал тақтың айналасын зубәржаттай жалтыраған кемпірқосақ қоршап тұрды. Тақты айналдыра жиырма төрт ақсақал отырады. Тақтың тұсынан найзағайдың жарқылы, гүрсілі және күркірі шықты. Ал тақтың алдында жеті шырағдан жалындап жанып тұрды, олар құдайдың жеті Рухының белгісі. Тақтың алды мөлдір кристалл іспетті шыны теңізге ұқсады. Тақты қоршай, оның ортаңғы баспалдағында денелерінің алды-артында көптеген көздері бар төрт нөкер бар еді. Алғашқысы арыстанға, екіншісі бұқаға, үшіншісінің беті адамның бетіне, ал төртіншісі ұшып бара жатқан бүркітке ұқсас екен. Әрбіреуінің алты қанаты болатын және тұла бойлары толған көздер еді. Олар күні-күні тоқтамастан «Бүкіл әлемнің иесі  әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта Құдай қасиетті, қастерлі, киелі!»- деп сиынумен болды. Төрт нөкер тақта отырған, мәңгілік өмір сүретін Құдайға даңқ-құрмет көрсетіп, шүкіршілік еткен сайын, жиырма төрт ақсақал оның алдына бас ұра жығылып, мәңгі тірі оған тағзым етіп, тәждерін тақтың алдына ұсынады да:  «Құдай иеміз! Сен ұлықсың, құрмет пен билікке лайықсың, Өйткені бүкіл әлемді жаратқан өзіңсің: Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді», -деп дауыстады. (Аян. 4:I-II Киелі кітап)

      Христиан дініндегілердің мойындап, уағыздап жүргені, осы Құранда ескертілген жеті жолдың және төрт кітаптың сипатының белгісі. Әрқайсысының алты қанаты бар періште, жанның соңғы шегі және алты мезгілге күнге тәуелділікті көрсетеді. Ал 24 ақсақал 24 мың немесе 24 пайғамбар  белгісі. Қияметтік мезгілдермен де байланысты болуы керек. Арыстан Тәурат белгісі, бұқа Забур белгісі, адам басы Інжіл белгісі болса, бүркіт Құран белгісі болады.

Енді Жоханның мына аянындағы ерекше көріністі оқысақ: «Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде отырған «Адал да Ақиқат» деп аталады. Оның көздері оттай жалындап, басына киген әлденеше патшалық тәждері болды. Киімінде өзінен басқа ешкім де мағынасын білмейтін бір Есім жазылған еді, ал жамылғысы қанға батқан еді. Оның бір атағы «Құдай сөзі», Ақ боз атқа мініп, кіршіксіз таза ақ бәтес жамылғы киген көктің әскерлері оның соңынан еріп жүрді. Алдынан шыққан халықтарды шауып тастайтын өткір семсері бар екен. «Ол халықтарға қатаңдықпен билік жүргізетін болады». Ол құдіретті шексіз Құдайдың қаһары ашуын оған бағынбағандардың үстеріне төккізеді…»  Енді Інжілден Лұқа жазған ізгі хабардың 17-ші тарауынан үзінді келтірсек: «Парызшылдар Құдай патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай жауап берді: «Адамдар Құдай патшалығының қашан орнайтынын алдын-ала білмейді (Матай 23:26 Жохан 18:36) Сондай-ақ оны «міне мұнда!» немесе анда!» деуге болмайды. Себебі Құдай патшалығы сендердің жан дүниелеріңде деді».

       Иса шәкірттеріне тағы былай деді: «Көктен келген Мені бір күн болса да көрсек деп аңсайтын уақыттарың келеді, бірақ сол кезде Мені көрмейсіңдер. Кісілер сендерге: «Міне, ол мұнда!», я «Әне, ол онда!» дейтін болады. Оларға бармаңдар, арттарынан ермеңдер де!. Өйткені найзағайдың жарқ етіп, аспанды о шетінен бұ шетіне дейін жарқыратып жіберетіндей, уақыты болғанда менің билеуші ретінде көктен қайтып келуім де ап-айқын болады. Бірақ алдымен қазіргі ұрпақ менен бас тартып, көп азап шегуге тиіспін. Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, менің билеуші ретінде көктен қайтіп келетін кезімде де солай болады». (Жаратылыс баст. 6:1 7:6=23) Нұх кемеге мінгенге дейін адамдар (Құдайға мойынсынбай) ішіп-жеп, тек ойын-сауық құрып, арсыздықтар істер жасап, дүние мастықта өмір сүруде еді. Ұзақ уақыт ескертулер келіп халық бәрібір үгітке мойын ұсынбады. Сол уақытта топан су баспастан бұрын әртүрлі ескертулер, апаттар болған еді.

       Лұттың заманында да солай болған: адамдар ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп, үй салып, молшылық өмір кешуде еді. Бірақ нәпсі қуып азғындық жолға түскен еді. Лұт Содам қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін қырып салды. Мен билеуші ретінде көктен келіп, ашық түрде көрінетін күні де солай болады! Сол күні төбесіндегі адамның заттары іште болса ол төмен түсіп үйге кіріп алып шықпай-ақ дереу қашып құтылсын!

Сондай-ақ кім далада болса, үйіне қайтып келмей-ақ, қашып кете берсін! Лұттың әйелімен болған жайтты естеріңе түсіріңдер! (Көктен пәле жауып қалаларды жер жұту) Өмірін өзі үшін сақтауға тырысқан әркім одан айырылады, ал өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгі аман сақтап қалады.

Сендерге шын айтамын: сол заманда түнде төсекте жатқан екеудің біреуін періштелер қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді. Бірге диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. (Түрлі ауру, індеттер пайда болып 2 есеге христиандар қысқарады, екі әйелдің бірі өліп отырады, адамдар жүректері тоқтап кенеттен қайтыс болады.) Шәкірттері:

Мырза, бұл қай жерде болады? –деп сұрағанда Иса астарлап жауап берді:  «Жемтік қайда болса, құзғындар сонда жиылар». Енді құрметті оқырман  өзімізге айналамызға ойлы көзімізді салып көрсек, бүкіл дүние жүзінің діні мен барлық әдетті, салты жиналған құзғындарға жем болып, тілінен де, дәстүрлі дінінен де айырылған қазақтан басқа мемлекет бар ма екен? Ақсақалдар айтып отыратын бала кезінде есімде қалыпты: Ақыр заман болады, жерден Мәді шығады,  аспаннан Иса түседі деп, сол заман келген сияқты, тек оны көкірегі соқырлар ұға қоймас. Ал Майқы би бабамыз 2000 жыл бұрын ұрпақтарға болжам жасап өсиет қалдырыпты:

Әлі заман өзгерер

Өзгергенін көз көрер,

Мінгенің арба болар,

Бар құс қарға болар,

Жансыз арба ат болар

Өз балаң өзіңе жат болар

Темірден құс болады

Ұрпағымның көргені сұс болады,

Адам басы ауырып дақ шытылар

(Миы ашып ақыл азар)

Базарында сұйылып сүт сатылар

Еркек билік тұл болар,

Сиыр пұл болар,

Еркек жасып и болар,

Қатын тұлданып би болар

Алғаның ғарабы болар

Құттың қорабы болар

(Әйел халқы азып, қасиеті жоғалып, сыртқы түрі ғана қалар)

Төсекке есеппен жатасың

Жыныс зарпын ақшаға сатасың

Иекке тиер аз болар,

Адам шаштан айырылып таз болар,

Он бесте азуыңда аршырсың

Тумысынан тамаққа тарышысың (қомағайлық)

Баққаның өсек, сөз болар

Тастан таяқ болар

Жұрт пақыр болар,

Осындай қилы заман болар,

Енді төрт мың жылда

Дүние тамам болар

 Тағы да былай өсиет қалдырыпты: «Өзімізді-өзіміз қыратын заман болады екен, шығыстан келер сары сақал өз тұқымымыз жұртымызға аз қорлық көрсетпейді екен. Талайдың қанын жүктейді екен. Елімізді мына мен өлген соң мың жеті жүз жыл кейін жүн бас шегір сарылар басқарар болар. Оларға жар күшіктелер де өз тұқымымыз болады, басқындар Бек тұқымын үш жүз жыл, жан, бал тұқымын екі жүз елу жыл, Ақ пен бол тұқымын жүз жылдан аса билейді. Билеушілер осыдан екі мың жыл өткеннен кейін іріп-шіри бастайды. Өздерін-өздері құртады, қаратқан елінің бірін ол шаян болып шаққан сияқты, түрі өзге бодан жұрттың һәммасі оларды жексұрын көретін болады. Бірақ еліміз олардың билік жүргізген кезінде қатты бұзылады» деп жоғарыдағы өсиетті қалдырыпты. Бодан елдер орысқа іргесін аулақ салып өз тілін дәстүрін бөлектеп алғаны қашшан, тек бауырмал қазақ бірге өлуге, шіруге айналғандықтан жаратушымыз қол ұшын созды, сол бақилық болған бабаларымызды қайта жіберді қазақтың намысын оятуға. Түртпектеп белгі беріп, түсімізде жетелеп сөйлесіп жатқанына 9 жылдан асыпты. Бала кезден қалыптасқан әдеттен арылу да оңай емес. «Оян қазақ ақиқат келді ауылыңа» деп әлемге жар салатын да уақыт жетті!

Ғайса   пайғамбар   жерге   түсті

      «(Мұхаммед пайғамбар) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасірет күнін ескерт (38). Расында біз жерге де, ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады»  (Мариям — 39)

«Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды де, Сөзсіз бекер нәрселер жойылады де» (Ісра-81) «Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығарушылар». (Мүминұн -74) Осы аяттардан ескерткендей негізсіз нәрселер жойылу үшін әуелі елші дайындалып, күтпеген жағдайлар, құлақ естіп көз көрмеген құбылыстар арқылы Алланың үкімі жүре бастайды жер бетінде. Ардақты пайғамбарымыз келер алдында Израил ғұламалары өздеріне келетініне нық сенімді болып пайғамбардың келуін күткен. Сол кезде Мекке және Мәдине маңының халқы азған Еврей халқымен араласып, әйелдері жалаңаш еркектерді арттарынан мәз болып қол шапалақтап, ысқырып намаз оқитын болған. Қыздарын тірідей көмген, өлтірген. Сондықтан ең төменгі азған ортаға пайғамбар жіберіп ислам дінін бекітті. Әуелі жаман ортаны түзесе, сосын одан жоғарғылар тез мойындайды, ол өмірдің де қарапайым заңдылығы. Ойлы көзбен зер салған пендеге мұсылман халқы ішінде діннен азып, шоқынудың 8 белгісі де қалыптасқан қазақ елі ғана. 5 белгісі жоғарғыда сөз қылған 5 қуат белгілері болып, жалаңаш жалпы жүріп әр түрлі иістермен (темекі, арақ, арам тамақ, зинақорлық істер) ықпал ету болса, қалған 3 белгі арсыздық жыныстық мінездің өзгерісінен туындайтын кіндік, балтыр, екі шап бездері мен жыныстық без болып иістеніп жыныстық және қоздырғыш аурулары болып табылады. Әйел халқында «тесік моншақтың» жарылуын сүт бездерінің тілініп ұрпақтың, халықтың тәндік, гендік азғындауын тудырады. Уызына жарымаған жарым ес ұрпақтардың  пайда болуы осы шоқыну белгілерінен туындайды. Қыз  балаларымызды жалаңаш, жалпы жүруге  үйретіп тірілей көміп, әйелдеріміздің жалаңаш тәніне ішімізден ысқырып мәз болып азғындаудың төте жолына түскенімізге де біраз уақыт болды. Сондықтан болар Ғайса пайғамбарды Раббымыз жерге түсіруді ұйғарыпты. Өз үмметтеріне христиан атты халыққа «Иса масих» құдай дегендерге бірінші кезекте апаттар және  ажал келді. Адасқан, жолдан шыққан қазақ бауырларымызға үлкен сынақ, тажал келді. Артынан ерген әскері өзіміздің өмірден өткен әулие бабаларымыз, аналарымыз, даналарымыз. Сеніңіз, мейлі сенбеңіз, еркіңіз өзіңізде, мылтықсыз майдан басталып кетті.

     Енді 16 жыл ішінде Құдай қаласа сенбегендер арғы бетке, иман ел көгер» деген қазаққа жаратушымыз сыйға жіберіпті, келтіргендер бергі бетте қазақтың дәстүрлі діні жеңіске жетіп дүние жүзіне әйгілі боламыз. Қарапайым түрде пенде баласына, мейлі дін танушы болсын тыныс тарылып сынақтар басталып, көнбегендер көзімен көруге ахиретке өтіп те жатыр. Осыдан тура 9 жыл бұрын сол ақиқаттың «киелі сөз» кілтін, «Батаменен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *