ЖАННЫҢ ЕСЕП БЕРУІ

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 98

          «Расында осыдан қаперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан көзің өткірлесті (22) Жанындағы міне мендегі дайын деді (23) « Бүкіл қарсы болған қиқарды тозаққа салыңдар  (24) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы (25) Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар! (26) Оның сыбайласы «Раббым оны мен аздырмадым. Дегенмен өзіде ұзақ адасуда еді» дейді (27) (Алла ) «Менің алдымда тартыспаңдар, сендерге алдын  ала уәдені білдірген едім» дейді (28)  «Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай — ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін» (Каф 29)         Жаратушы сипатын толық танымай, құлшылық істерін білім-ғылыммен меңгере алмай, үнемі күдіктеніп былай бассаң «шерік қостың» былай істесең «серік қостың» деп тәуап ету, ғибадат жасау сияқты салт-дәстүрлік істерге тыйым салған адасқан мұсылман жандары да «қиқарлық» деп есептеліп тозаққа түседі. Алла тағаланың тәңірлік сипатын танымау болып есептеледі. Сондықтан да әрбір жан өзіне тиісті берілген мерзім ішіндегі сөзге, ойға және қылыққа бөлек жауап береді. Жалпы дін танушылардың тек ораза ұстасаң «роял» деген жаннатқа топ ете қаласың немесе сәжде жасасаң болды Алланың нағыз құлы боласың, сол сияқты кейбір бір дұғаларды оқып тілегің қабыл болып кетеді деген сияқты уағыздар надандықты қалыптастырып, тозақта жауап беруге тура келеді. Дінді танып қана қоймай түсініп, бүкіл үкім еткен амалдарды үнемі орындап, берілген аманат дәлелдер аяндардың шешімін тауып, аманатқа қиянат жасамағанда ғана тозақ отынан жан құтылады.

Үкімнен кейін жан екіге айырылады, әр қайсысы бөлек тазарудан өтеді. Төменгі жанмен бірге сөз, қылық, нәпсі, ой, сезім жынға  айналып жан жануарлар, жәндіктер және өсімдіктер әлемінен сатылай тазартудан өтсе, мизанда болған міндетін толық орындай алмаған жан төменгі жер қабатының ыстық суы арқылы тазартудан өтеді. «Ал солшылдар нендей сұмырай, олар ыстық бу қайнар суда болады. (42) Қара түнен көлеңкеде болады. (43) Салқында емес, жайлы да емес (44) өйткені олар, бұдан бұрын тоңмойын әуесқорлар еді. (45) Әлбетте мәлім күнде белгілі орынға жиналады».(Уақиға – 50) Пенденің мал-жаны өмірінің іс нәтижесіне қарай оң және сол болып, әуелі жан су қабатынан өтеді. Жанның ауырлығына салмағына қарай қайтадан жәндіктер, жануарлар әлемінен өтіп барып көкке жолдама алады. Ал оң істі жандар бұлттар арасында өмір сүріп бірте-бірте көктер қабатымен артық қаралықтан тазарып жоғары көтеріле береді. Негізінен жандар 3 саты тазарудан өтіп барып ұжымаққа көтеріледі. Әрине әр бір саты белгілі бір қызмет, жұмыс алып орындау арқылы ғана тазару мерзімінен өтуге болады. Өмірден таза барлық рух жоспарын орындаған жандар да екіге бөлініп «Құлдар» болып тозақ қақпаларынан өтіп барып көкке көтеріліп бейішке өтеді. Екінші кеудеден шығатын жан бөлігі жер бөлігіндегі белгілі бір жерде өмір сүріп қызмет қылып тазарудан өтеді. Оны «Мәуа жаннаты» деп атайды. Яғни қызметшілік, күзетшілік, т.б. қызметін атқарады. Құлшылық орындарында жүреді. Сыртқы бейнесі алты бұрышты ішінде домалақ шар тәрізді айналып жүретін белгісі болса, оның ішінде пенделік суреттік бейнесі болып ауада еркін қозғалыста болады, әр түрлі бейнеге де айналып елестейді.

       «Расында алғашқы рет жаратқанымыздай бізге жалғыз келдіңдер. Сендерге берген нәрселерімізді арт жақтарыңа тастадыңдар, сондай-ақ қолдаушы болады деген серіктеріңді сендермен бірге көре алмаймын. Әрине араларыңдағы байланыс үзілді. Ол ойлаған нәрселерің сендерден жым-жылас болды». (Энғам 94) Белгілі тозақ қақпасынан өткен адам кісісі (жын) көру және есту қабілеті болып жаратушының алдына есеп беруге келеді. Қалған бүкіл сезім, ой, сөз, түйсік бәрі жер бетіне қалады. Ұжымақ 4 бөлікке бөлінеді. Есту,Көру екі қатар бақшалар болса екі бөлік жан мен тазарған нәпсіге (түтінсіз от) арналған бақшалар. Ұжымақта қайта жетіліп өседі де екінші рет қасиеттер қайта жерге елші болып тәнге енеді, әрі қарай дамиды. Ал  тәнде қалған (қабірде) зейнет белгісімен байланыс ажырамайды, ар арқылы тән мен жан және жын байланысы үнемі жүріп тұрады. Жанға берілген тапсырмаларды, жоспарды орындау нәтижесі арқылы ғана  Ар белгісі нұрға айналып  адам тағдырының зейнеті (Рухы) болып, жоғарғы  7 аспан биігінде арнаулы «ағраф» деген қалада байланысшы сарайы болады, тек сол арқылы ғана жоғарғы рухтан үлес алып ұрпақтарына шапағат ету ұлықсатына еге болады. Әрине ондай рухтың сарайына бірден (алғашқы өмірде) иелікке жету үшін тақуа, ғалым болып өмір сүрген жандар ғана аз уақыттың ішінде бейішке өтіп Алла нұрына қосылады. Рух сарайы адам баласының түсіну қабілеті орналасқан қасиет мекені. Тарық жұлдызы болып табылады. Сондықтан негізінен ұжымақтан қайта жер басып енді тәрбиеші ретінде екі зейнет ардан барып рухтық нұр  пайда болады. 3-ші ұзақ өмірлік тербеліске өтуге болады. Рухтық зейнет белгісі үш жарты айшық қосындысы болып таға түріндегі бейнені көрсетеді. Демек зейнеттің үш түрлі сипаты үш түрлі орындары бар. Қағба басты белгі болса, кіші сипаттары ерекше жаратылған қасиетті орындарда болады. Екінші Меккедегі мешіт болса, сол сияқты мұсылман мешіттерінді және шіркеулерде болмақ. Үшінші пайғамбарлар, қасиетті әулиелер, киелі адамдар жерленген жерлерде болады. Үш өмірдің жемісі ғана толық зейнетке айналар. Алда жәннат туралы ұғымда толық түсінік беріп кетеміз.  Рухтан толық белгі жинай алмағанда жан мен жындардың қосындысы болып, бір топ адамдар жаны біріктіріліп белгілі бір іс атқарушы, дамытушы болып жаратушының алдында өз орнын қызметін атқара алады. Соңғы нәтиже қиямет-қайымға дейін жалғаса бермек.  Үнемі тербелісте, өзгерісте, ауысымда жеке өзіндік белгі алғанша ұжмақ пен жер жүзін белгілі бір қиямет  мезгіліне дейін айналып жүреді. Тозақтық жандардың  да сол сияқты мезгілдік есеп күндері болып 3 сатыға бөлініп тербелістен тазарудан өтеді. Жанның, жарықтың кірлеу, қаралану шамасына қарай 1000 жыл тозақта айналып қайта пенде жаны болып жер басуы да мүмкін. Бәріне де белгілі мерзім және жеңілдіктер, мүмкіндіктер белгіленген жаратушымыздан. Негізінен артта қалған нәсілге, ұрпаққа тәуелді болып немесе уақытқа байланысты мерзімін толтырып өмірге қайта келеді. Сондықтан аятта; «Күдіксіз біз тірілтеміз де өлтіреміз, расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай- ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім». (Хыжыр 23,24)

«Алла есендік жұртына шақырады да, қалаған құлын тұп  тура жолға салады».(Юныс 25) Өмірде өз орнын тауып берілген мүмкіндікті пайдаланып қоғамда үлесін қалдырған жандар қайта тура жолдағы елге пенде болып сол арқылы қасиеттерді меңгеріп жоғарғы жаннат сатыларына өтеді. Ол үшін де әуелі құлшылық қызметтерін атқарады.

«Расында Раббыңның қасындағылар оған құлшылық қылуды менменсінбейді де оны дәріптеп, оған сәжде қылады». (Ағраф — 206) Сонан соң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі күйзелтуші азап бар». (Юныс 4)

       Кәпірлерді де иман келтіргенді де жерге сынаққа қайта жіберіп отырады. Бірін азапқа, екіншісін жанаттың жоғарғы сатыларына ауыстыру үшін. «Сендерден тозаққа келмейтін ешкім болмайды. Раббыңа тұжырымды міндетті үкім” (Мариям 71). Бірден бірлі-екілі амалдарды орындап немесе тек сәжде жасап жәннатқа өту мүмкін емес. Біздің жер бетіндегі өміріміз пәни жалған, яғни  сынақ өмір болып есептелінеді. Әуелі адамгершілік парыздар, қарыздарды өтеу шарт, ол үшін әр түрлі қиындықтарды жеңіп, ғылым-білім ізденіп, түрлі сындардан сабырмен шыға білу керек. Ол үшін жаннаттың сипаттарын яғни бүкіл жаратылыс тегін, бастауын білуіміз қажет. Әрбір ойланған, жоспарланған істің бір-ақ нәтижесі бар. Ол шабыт сезімі қуаныш  болып адам өзін бір сәтте бақытты сезінеді. Сосын ол да жалықтырып әрі қарай тағы да ізденеді. Нені іздейді әрине жәнәттік сезім бастауын іздейді, соны аңсайды. Себебі ол әр пендеге беріліп қойған кішкентай ғана белгі. Адамзатқа берілген жоспар да мақсат та сол бастауларға жету. Сондықтан да «Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар» (Энбия -35).

       «Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: «Раббым! Мені дүниеге қайтар! Мүмкін мен қалдырған дүниемде жақсы ғамал істермін». Әсте олай емес. Рас бұл оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені олардың артында, қайта тірелетін күнге дейін бөгет бар». (Мүминұн -100) «Олар терілеріне; Не үшін бізге куә болдыңдар?-дейді (терілері) Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлепті; сендерді алғаш рет жаратқан және сол жаққа қайтарыласыңдар деп жауап береді (21). Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер» (Фуссилат -22) Адам баласы тек өлер алдында біледі өмірден не алып бара жатқанын. Өлімнен соң бүкіл өмірін өз мүшелерінен көреді, оқиды. Көру, есту қасиеттері кісіге айналса ойлау және сөз теріден қуат болып бөлінеді де әртүрлі кейіпке енеді.

«Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін (8) Ал иман келтіріп ізгі іс істегендерді игілерге қосамыз» (Ғанкәбүт).

      Әрбір пенде қасиетіне қарай сол өз тобына қосылып белгілі бір бағытқа тапсырма беріп жіберіліп отырылады. «Бұл Алланың уәдесі Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (6) Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ақиреттен қаперсіз». (Рұм-7). Көңілін сезім мүшелерін қараңғылық басқан пенде ешқашан өлімді мойындамайлы және өлімнен кейін өмір бар екеніне сенбейлі. Анасының ішінде жатқанда сыртта жарық өмір барын нәресте қандай білмесе, біз де сондай ақылмен осы өмірден де жарық өмір бар екенін біле алмаймыз. Жәннат өмірі тозақ өмірінен күрделі де және түсінігі де қиын, сондықтан құранда тек астарлы атаулармен түсіндірілген, әрқайсысы 3 түрлі мағына беріп отырады. Сондықтан қарапайымнан бастап қайта-қайта сол тақырыпқа оралып салыстырып, ұғымын кеңейтіп отырамыз. Құран аяттарының да қайталанып отырғанмен әр аяттың сүреге сол сүре ішіндегі орнына және жалпы құран аяттар санына байланысты ұғымы, түсінігі өзгеріп отырады. Және таңбалары да бар. Жан негізі тегі су болса, судың да тегі күміс болып әрі қарай тектің де тегі болып жалғаса береді. Жындар негізгі тегі оттың жалыны. Бәрінің түп негізі от. Ол қуат Ғаршы-Күрсіден тарайды.Ал су негізі күміс болатын болса, күміс негізі Айда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *